Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Қазақтың Роббин Гуды сотталды: блогер Ілияс Сариевке сот үкімі шықты

Қазақтың Роббин Гуды сотталды: блогер Ілияс Сариевке сот үкімі шықты

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

АСТАНА, 4 желтоқсан - Sputnik. "Роббин Гуд" лақап есімімен танымал блогер Ілияс Сариевке сот үкімі шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Алматылық блогер Ілияс Сариев пен серіктесі Ақтоты Дүйсееваға қатысты сотқа нүкте қойылды. Екеуінен 20 адам Меккеге жолдама аламыз деп, 6 адам қайырымдылық көріп, баспаналы боламыз деп зардап шектік деп сотқа жүгінген. Екі сотталушы да қолды болған ақшаны кім алғанын айтып, сот процестерінде бірін-бірі кінәлаумен болған. Бұған дейінгі сот отырыстарында "Робин Гуд" лақап атымен танымал болған Ілияс Сариев кінәсінің жоғын айтумен болғантеді.

"Мен Сариев Ілияс Серікбайұлы Атырау қаласының тумасымын. Үйленгенмін, қазіргі таңда кәмелет жасына толмаған 5 балам бар. Алматы қаласына 2020 жылдың аяғында келдім. Содан бері ел алдында жүрмін. 2021 жылдан бастап блогерлікпен айналысамын. Осы уақытқа дейін қоғамға зиян тигіздім деп айта алмаймын. Халықтың алдында жүрмін, қанша істе халықпен бірге болдым. Өз ісімді блогерліктен бастаған болатынмын. Халықтың қолдауына ие болып, ел арасында танымалмын. Көптеген компанияны жарнамаладым", – деген болатын.

Ол өзіне арызданған 6 жәбірленушіге қатысты эпизодтарды мойындады. Айтуынша, жәбірленушілер одан көмек сұрап жүгінген. Алайда қамауға алынғандықтан көмектесіп үлгермедім дейді.

"MM Travel" туристік фирмасына қатысты тағылған айыпқа жауап берген Сариев компанияның 2023 жылы ашылғанын айтады. Сонымен қатар туристік фирмаға түскен ақшаға өзінің жауапты емес екенін, ол қаражаттың қайда кеткенін білмеймін деген. Ал компания Сариевтің серіктесі - Ақтоты Дүйсееваға тиесілі.

Сотталушылардың тарапынан кейбір жәбірленушінің кредиттері төленіп, аударымдар жасалған. Блогер мен серіктесіне алданған 20 адамның жалпы шығыны шамамен 35 млн теңге.

Бүгін Сариев пен Дүйсееваға сот үкімі шықты.

Ілияс Сариев 3 жыл 8 айға, Ақтоты Дүйсееваны 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Ақтоты Дүйсееваның кәмелет жасына толмаған баласының болуына байланысты жазасын өтеу уақыты кейінге шегерілді. Ол сот залынан босатылды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:201
embedДереккөз:https://sputnik.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Желтоқсан 2025 19:33
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see169

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see164

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see160

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see160

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see144

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see131

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see125

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see125

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see124

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see121

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see119

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see118

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see114

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see110

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see109

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see108

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see107

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see107

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see106

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары