Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

“Қазатомөнеркәсіптің“ миллиардтаған теңгелік сатып алулары депутаттың сұрағын тудырды

“Қазатомөнеркәсіптің“ миллиардтаған теңгелік сатып алулары депутаттың сұрағын тудырды

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясының кейбір сатып алуларына қатысты жария түрде күмән келтірді. Атап айтқанда, ол компания сатып алуларының басым бөлігін екі фирма ұтып алатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Не болды?

Депутат Мәжілістің экология және табиғат пайдалану мәселелері комитетінің отырысында бұл компаниялар тендерлерге үнемі екеулеп қатысатынын, бір конкурста біреуі жеңсе, келесінде екіншісі жеңімпаз атанатінін айтты.

Депутат ұлттық компания өкілдеріне қойған сұрағын "баланың сұрағындай" қарапайым деп атады.

"2025 жылға арналған жалпы сома шамамен 20 миллиард теңге, ал 2024 жылға 13 миллиард теңге болды. Сомалар қомақты. Бірақ неге олардың ұялы телефон нөмірлері бірдей? - деп сұраған Базарбек компания өкілдеріне мемлекеттік сатып алу порталынан алынған скриншоттарды көрсетті.

Ұлттық компания өкілдері не деп жауап берді?

"Қазатомөнеркәсіп" компаниясының өндіріс жөніндегі бас директоры Қуаныш Омарбеков компанияның екі жеткізушінің байланыс нөмірлері не себепті сәйкес келетіні туралы мәліметі жоқ екенін хабарлады.

"Сіз сұрақты баланың сұрағы дедіңіз, бірақ мен үлкендерше жауап бергім келеді. Бізде комплаенс қызметі жұмыс істейді, барлық компания дайын құжаттармен қатысады. Бәлкім, олар заңгерлер жалдаған болар, солардың телефондары көрсетілген шығар. Біз бұны білмейміз, мұндай фактілерден хабарсызбыз", - деді ол.

Сондай-ақ ол бұл конкурстар ұңғымаларды технологиялық жабдықтау бойынша арнайы жұмыстарға қатысты екенін түсіндірді.

"Ол жерде біздің өндірістік технологиялық процесімізге байланысты өте күрделі жұмыстар жүргізіледі. Тиісінше, бұл жұмыстарға үміткер мердігердің үлкен біліктілік базасы болуы тиіс. Бұл жұмысты кез келген компания атқара алмайды, бәрінде бірдей тиісті лицензиялар жоқ. Осыған байланысты азаматтарымызда осындай түсінік қалыптасады. Бірақ іс жүзінде біздегі процестердің мейлінше ашық екенін нық сеніммен айта аламын", - деген Омарбеков, тексеріс жүргізетіндерін айтты.

Бақытжан Базарбек бұл жерде өзара байланысы бар компаниялар туралы сөз болып отыр деген пікірін білдірді.

"Қараңызшы, бұл бірдей фирма. Егер оларды тексерсе - құрылтайшылары бір адамдар. Негізінде, сатып алу кезінде барынша көп әртүрлі компания қатысатындай жағдай жасау керек. Сіздер тіпті қарапайым нәрсені дәйектей алмай отырсыздар", - деді мәжілісмен.

"Қазатомөнеркәсіп" - Қазақстанның ұлттық атом компаниясы және әлемдегі ірі уран өндірушілердің бірі. Компания уран өндірумен, оны өңдеумен және уран өнімдерін сатумен айналысады, ядролық отын цикліне қатысады, шетелдік серіктестермен бірлескен жобаларды жүзеге асырады және Қазақстандағы бірқатар уран кен орнын басқарады.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:142
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Сәуір 2026 17:35
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары