Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Қазір қандай кітаптар өтімді? Нон фикшн әлде көркем проза?

Қазір қандай кітаптар өтімді? Нон фикшн әлде көркем проза?

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Бүгінгі қазақ қоғамының сұранысы мен интеллектуалды бағыты кітап сөрелеріндегі таңдаудан айқын аңғарылады. Көркем сөздің құдіретіне ғана иек артқан оқырман бүгінде прагматикалық мазмұнға – нақты ақпарат пен өмірлік тәжірибеге негізделген нон-фикшн әдебиетіне де айрықша көңіл бөле бастады. Осы екі бағыттың арасындағы бәсеке мен үндестік қандай? Egemen.kz тілшісі осы сауалдар төңірегінде баспагерлер мен қаламгерлердің пайымын саралап көрді.

Аударма мен авторлық ортаның сабақтастығы

Кітап индустриясындағы аударма мәселесі көп жағдайда «өзіміздің авторларды тұншықтырмай ма» деген күдік тудыратыны жасырын емес. Алайда «Мазмұндама» баспасының директоры, баспагер Шыңғыс Мұқанның айтуынша, сапалы аударма – отандық авторлардың әлеуетін оятатын басты католизатор.

«Аударма саласы өз авторларымыздың аяғын тұсау салмайды, керісінше, қамшылайды. Бірер мысал келтірейін. Осыдан алты жыл бұрын әлемге әйгілі Дэниел Сигелдің «Ақылды баласын» аударып шығарғанымызда бала тәрбиесіне қатысты қазақ авторлары жазған нон-фикшн кітаптар жоқтың қасы еді. Қазір балалардың тәрбиесі туралы жазатын авторлар баршылық. Елжас Ертайұлының өзі осы тақырып бойынша 10 кітап жазып тастаған шығар. Луиза Хейдің бірнеше кітабын аудардық. Қазір әйелдердің жан саулығын айтып жүрген қазақ психологтарының кітабы жетіп артылады. Біз нон-фикшн кітаптарды аударғандағы мақсатымыз белгілі бір саланың мамандарына «Осылай кітап жазса болады екен ғой» деп ой салу еді. Сол үдеден шықтық», деді ол. 

Алғашқы аудармашылардың бірі Халиолла Құнанбайұлы

Десе де, нарықтағы сұраныс пен оқырманның жылдам нәтижеге ұмытылысы нон-фикшн жанрының мерейін үстем етіп отырған жайы бар. Баспагер бұл құбылыстың астарында адамзатқа тән ортақ қасиет бар екенін алға тартады. 

«Тез жетістікке жету, жылдам нәтиже көру – қазақтың ғана емес, бүкіл адамзаттың табиғатына тән қасиет. Қандай сұраныс болса, сондай ұсыныс болады. Бұл секілді кітаптар дамыған делінетін батыс қоғамында өткен ғасырдың 30-жылдарында басталды, әлі де көп оқылады. Егер белгілі бар салада жетістікке жеткен, айтары бар авторлар жазса, бір саланы бүге-шігесіне дейін зерттеген, тіпті қалай бай болу туралы тақырып болсын, мамандар жазса, мұндай авторлардың еңбегін бағалаймын. Нон-фикшн жанрын осылай құнсыздандырып, анти-жарнама жасауға қарсымын. Әрбір кітаптың тағдыры оқырманның қолында», деді баспагер Шыңғыс Мұқан.

Нон-фикшн мен көркем проза арасында тепе-теңдік орнай ма?

Нон-фикшн ақпараттық қажеттілікті өтесе, көркем проза адам жанына эстетикалық ләззат сыйлайды. Жазушы Мирас Мұқаш көркем сөз бен деректі дүниенің арасындағы үндестікті қалыпты жағдай деп есептейді. 

«Кез келген қаламгер өзі жазып отырған шығармасын қалай түрлендіремін, ерекше бір тәсілдер қолдануға қақысы бар ғой. Әр әңгіме әртүрлі болуы мүмкін. Сол себепті нон-фикшн мен көркем проза арасында тепе-теңдік орнап жатса таң қалмау қажет. Мәселен деректі дүниелердің өзін көркем сөзбен кестелеп, ғажап жазатын замандастарымыз бар. Ал қазақ оқырманының талғамы жоғары. Көңіл-күйінің ауанына байланысты кітаптарға жүгінеді. Мәселен өзім жабырқап, жалғызсырағанда Ғабиттің «Ұлпанын» парақтап шыққанды жақсы көремін. Қазақы қалжыңды, ерекше кейіпкерлерді аңсағанда Тынымбайдың шығармаларын оқып, рахаттанамын», дейді жазушы. 

Осы орайда, заманауи әдебиеттегі жаңа толқынның бағыты да көңіл қуантады. Жазушының айтуынша, қазіргі қазақ әдебиеті қанатын кеңге сермеп, іргелі туындылармен толығып отыр. 

«Қазір біздің буын, жас жазушылар түрлі «эксперименттерге» барып жүр. Сондықтан оған таңырқай қоймаймын. Қазақ оқырманының көзі ашық, талғамы биік екенін ескерсе кез келген шығарманың айтар ойына яғни астарына терең үңіліп, өзіне керегін алады. Сол себепті дайын емес дей алмаймын. Қазір қазақ әдебиетіне керемет мүмкіндіктер жасалып, жастарға қолдау күшейіп жатыр. Сол себепті әр жанр жан-жақты дамиды дегенге иланамын. Детектив, зерттеу бағытындағы кітаптардың да саны артып келеді. Жастар үлкен тақырыптарды қамтитын, іргелі романдар жаза бастағанын өзіңіз де байқап жүрген шығарсыз», дейді Мирас Мұқаш. 

Жас қаламгерлер һәм сенім серпілісі

Мазмұн мен дизайнның бірлігі

Кітаптың ішкі салмағы оның сыртқы пішінемен үндес болуы – бүгінгі нарықтың басты талабы. «Фолиант» баспасының бас редакторы Тобашалова Фарида Рақымжанқызының пікірінше, қолжазбаны іріктеу кезінде баспаның өзіндік сүзгісі мен сапалық өлшемдері болуы шарт.

«Баспамызға қолжазба көп түседі, олардың арасында әлсіз дүниелер де, тың ойы, көркемдік деңгейі жоғары шығармалар да бар. Іріктеу кезінде ең алдымен мәтіннің сапасына, авторлық стильге, тақырыптың өзектілігіне мән береміз. Әрине, бүгінгі нарық жағдайында оқырман сұранысымен санаспау мүмкін емес. Дегенмен біз қазақ классиктерінің мұрасын, әлемдік классиканы, Нобель сыйлығы иегерлерінің еңбектерін жүйелі түрде шығарып келеміз. Сонымен қатар аса өтімді болмаса да, жас қаламгерлерді қолдау мақсатында «Бүгінгі проза» сериясымен де кітаптар шығарып жатырмыз», деді ол.

Бүгінгі ақпараттық тасқын мен визуалды мәдениет басымдыққа ие заманда кітап тек білім бұлағы ғана емес, сонымен қатар эстетикалық нысанға айналды. Оқырманның талғамы өзгерген сайын, баспа ісіндегі көркемдеу жұмыстарына қойылатын талап та күшейе түседі. Себебі, алғашқы көзқарас пен ішкі мазмұн арасындағы алтын көпір – бұл кітаптың дизайны. 

«Кітаптың сыртқы келбеті – оқырманмен алғашқы диалог. Сондықтан мұқабаға бейжай қарамаймыз. «Нашар қаптама» жақсы кітаптың жолын уақытша бөгегенімен, оның шынайы құнын жоя алмайды деп ойлаймын. Ал мазмұн мен дизайн үйлесім тапқанда ғана кітаптың ғұмыры ұзақ болады. Балалар әдебиетінде визуал шешім айрықша рөл атқарады. Қазіргі цифрлық ортада өскен баланы кітапқа қызықтыру оңай емес, сол себепті мазмұн мен безендіру өзара үйлесім табуы тиіс. Керісінше, дұрыс жазылған, сауатты дайындалған танымдық әдебиет баланың ой-өрісін кеңейтіп, дүниені тануға, сұрақ қоюға жетелейді. Ең бастысы – көркем проза мен нон-фикшн арасындағы тепе-теңдікті сақтау», деді Фарида Рақымжанқызы.

Шымкентте 12 жасар оқушы жеті жыл ішінде 650 кітап оқыған

Қорыта айтқанда, бүгінгі оқырманның талғамы екі бағытты да еркін игеруге бейімделген. Сондықтан «қайсысы өтімді?» деген сауалдың жауабы әркімнің жеке қажеттілігіне байланысты. Нарық заңы құбылғанымен, құнды шығарма жанрына қарамастан өз оқырманын табатыны анық. 

Соңғы жаңалықтар

Қызылордада масаң күйде көлік басқарғандар ұсталды

Аймақтар • Бүгін, 18:20

Рамзан Қадыровтың ұлы кезекті марапатқа ие болды

Әлем • Бүгін, 18:15

Аида Балаева медиа саласындағы жылдың негізгі қорытындыларын жариялады

Қоғам • Бүгін, 18:02

Қытай мамандары қол мен аяққа арналған сезімтал протездер жасап шығарды

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 18:00

Мектеп әкімшілігі мұғалімдерден мәжбүрлеп ақша жинағаны рас па?

Қоғам • Бүгін, 17:55

Ұлттық тауарлар каталогі: 2026 жылдан бастап тауар айналымы жаңа цифрлық тәртіпке көшеді

Қоғам • Бүгін, 17:50

Спортшыларымыз Олимпиада ойындарында 10 спорт түрінен бақ сынайды

Спорт • Бүгін, 17:47

Шығармашылық зертхана: Айтман не айтқысы келеді?

Әдебиет • Бүгін, 17:40

Қарағанды облысының жолдарында 160 полицей жұмыс істеп жатыр

Аймақтар • Бүгін, 17:35

Жаңа жылдық көңіл күй сыйлайтын үздік фильмдер

Мереке • Бүгін, 17:30

Қазір қандай кітаптар өтімді? Нон-фикшн әлде көркем проза?

Қоғам • Бүгін, 17:22

Қазақстандағы мыс жобасына ірі инвестиция тартылды

Экономика • Бүгін, 17:10

Жеке деректерді қорғау және архивтерді цифрландыру: Мемлекет басшысы архив ісі туралы заңға қол қойды

Заң • Бүгін, 16:50

«Қазақконцерт» көрерменге мерекелік концертін ұсынды

Мәдениет • Бүгін, 16:45

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Президент • Бүгін, 16:43

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:136
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Желтоқсан 2025 18:32
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары