Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Қостанай қаласындағы балалардың неше пайызы аралас мектептерде білім алып жатыр?

Қостанай қаласындағы балалардың неше пайызы аралас мектептерде білім алып жатыр?

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Қостанай қаласында жалпы білім беретін 40 шақты мектеп бар. Оның 10-ы мемлекеттік тілде, 22-сі орыс тілінде, 8-і аралас тілде білім береді.  Қала мектептерінде оқитын 20 мыңға жуық қарагөз жас өскіннің 36 пайызы ғана өз ана тілінде білім алады. Яғни, қазақ балаларының 64 пайызы өзге тілде оқып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақ сыныбын көбейтетін жол карта жұмыс істейді

Мектепті бала таңдамайды, әке-шешесі таңдайды. Ата-ананың құқы қашанда жоғары тұрады. Алайда ересектің қалауы осылай екен деп, келешектің жалауын жыртуға тағы болмайды. Бүгін мектеп есігін ашқан әр бала өз тілінде білім алғаны аса маңызды екені айтудай-ақ айтылып жатыр. Өкінішке қарай, оны елеп-ескеріп жатқан адам аз. Өйткені тіл насихаты байыпсыз, атүсті жүреді. Жоспарлы, жүйелі жұмыс жоқ. Жүйелі жұмыс болмаған жерде нәтиже де болмайды.

Мектептегі тіл теңсіздігі мәселесін реттеу, ең алдымен, мемлекеттің білім беру саясатын жүзеге асырып жатқан облыстық білім басқармасы мен қалалық білім бөлімі реттеу керек еді. Алайда аталған мекемелер ата-ананың қалауынан әрі аса алмай, дәрменсіздік танытып отыр.  

Мәселен, бүгінде Қостанай қаласында оқып жатқан 35 мыңнан астам оқушының 20-ақ пайызы мемлекеттік тілде білім алады. Ал қалалық білім бөлімі қазақ тілінде оқитын шәкірттердің саны 2025 жылы 20% (7141 оқушы) өскенін айтып отыр. Мұндай өсімге ауылдан немесе өзге өңірлерден көшіп келіп жатқан отбасылар сеп болғаны анық. Ал бұрыннан бері осы қалада тұрып жатқан шұбар тілді отбасылар тұңғышын қай мекте-пке берсе, қалған балаларын да сол мектепке апарып жатыр. 

Биыл қаңтар айында Қостанайда екі бірдей келешек мектебі ашылды. «Аэропорт» шағын ауданындағы мектепке 900 бала, «Береке» шағын ауданындағы мектепке 1 200 бала сияды. Заманауи мектептің екеуі де мемлекеттік тілде білім береді. Демек, қазақ тілінде білім алып жатқан оқушының үлесі 20 пайыз емес, 30 пайыз болуы керек еді ғой. Неге бұлай болып қалды десек, қалалық білім бөлімі жаңа мектепті толтыру үшін аралас мектептердегі қазақ сыныптарын жайлы мектепке көшіруді жөн деп тапқан. Нәтижесінде, түбінде мемлекеттік тілде оқытуға түбегейлі көшеді-ау деп отырған аралас мектептерде қазақ сыныптары азайып, орыс мектебіне айналудың аз-ақ алдында тұр.

Қалалық білім бөлімінің мамандарына қазақ отбасы баласын неге қазақ мектебіне бермейді  деген сауал қойып көрдік.

«Баласын қай мектепке бергісі келсе де, ата-ананың өз еркі. Өзі қалаған мектепке береді. Бұл енді оның өз құқығы, біз баланы қазақ мектебіне беріңіз деп мәжбүрлей алмаймыз. Сондықтан бізде орыс сыныптары көп. Ата-аналардың көбі тілден қиналады. Тіл білмегендіктен, баланың үй жұмысына көмектесе алмай, балам да, өзім де қиналып қаламын деп қорқады. Осыдан келіп көпшілігі баласын орыс мектебіне беріп жатады. Мемлекеттік тілдің толыққанды қызмет етуі мен дамуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік тілде білім алатын оқушылар контингентін ұлғайту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Осыған орай, 2025-2030 жылдарға арналған қазақ тілді балалар контингентін арттыру жөніндегі Жол картасы бекітілді. Жол картасы аясында аралас мектептердегі қазақ сыныптарының санын арттыру бойынша жұмыс жасалып жатыр. Мектептер бөбекжай-балабақшалармен тығыз байланыс орнатып, мұндағы бүлдіршіндердің болашақта қазақ мектебіне келуіне ықпал етіп жатыр. Қазақ сыныптарына қосымша ұзартылған күн сабақтарын енгіздік. Балалар сабақтан кейін мектепте қалып, мұғалімнің көмегімен үй жұмысын орындайды, түсінбеген тақырыптарды пысықтайды. Бұл ата-ана мен балаға да, мұғалімге де  ыңғайлы», дейді жалпы орта білімді дамыту және білім беру қызметінің сапасын бақылау секторының меңгерушісі Жұпар Батталова.

Қостанайда бұған дейін де қазақ сыныптарында бала санын көбейтудің 2021-2025 жылдарға арналған Жол картасы қабылданған. Нәтижесі, өздеріңіз көріп отырғандай, мардымсыз. Анығы сол, облыстық білім басқармасы батыл шешім, түбегейлі бетбұрыс жасамай, ештеңе өзгермейді. Ең алдымен, аралас мектептердегі  сынып санын теңестіру керек. Аралас мектеп, кем дегенде, 50 пайыз мемлекеттік тілде білім бергені жөн.

Абай мектебіне «абай» болайық

2021 жылы тұрғындарының дені қазақ «Юбилейный» шағын ауданында Абай атындағы мектеп ашылғанда, бөркімізді аспанға атып қуанып едік. Бүгінде 1639 бала білім алып жатқан білім ордасында 50 орыс сыныбы, 8 қазақ сыныбы бар. Яғни, орыс сыныбы қазақ сыныбынан 5,3 есе көп. Мемлекеттік тілде білім алып жатқан оқушылар (193 бала) орыс тілінде оқитын  оқушылардан (1433 бала) 7 жарым есе аз. 

№

сынып

тілі

бала саны

Бірінші сынып

1

1 А сынып

қазақ

23 оқушы

2

1 Ә сынып

қазақ

21 оқушы

3

1 Б сынып

орыс

31 оқушы

4

1 В сынып

орыс

31 оқушы

5

1 Г сынып

орыс

30 оқушы

Екінші сынып

6

2 А сынып

Қазақ

19 оқушы

7

2 Б сынып

орыс

29 оқушы

8

2 В сынып

орыс

34 оқушы

19

2 Г сынып

орыс

24 оқушы

10

2 Д сынып

орыс

22 оқушы

Үшінші сынып

11

3 А сынып

қазақ

29 оқушы

12

3 Б сынып

орыс

37 оқушы

13

3 В сынып

орыс

32 оқушы

14

3 Г сынып

орыс

35 оқушы

15

3 Д сынып

орыс

23 оқушы

Төртінші сынып

16

4 А сынып

қазақ

24 оқушы

17

4 Б сынып

орыс

34 оқушы

18

4 В сынып

орыс

29 оқушы

19

4 Г сынып

орыс

34 оқушы

20

4 Д сынып

орыс

32 оқушы

21

4 Е сынып

орыс

31 оқушы

22

4 Ж сынып

орыс

23 оқушы

Бесінші сынып

23

5 А сынып

қазақ

19 оқушы

24

5 Б сынып

орыс

33 оқушы

25

5 В сынып

орыс

34 оқушы

26

5 Г сынып

орыс

34 оқушы

27

5 Д сынып

орыс

33 оқушы

28

5 Е сынып

орыс

32 оқушы

29

5 Ж сынып

орыс

32 оқушы

30

5 З сынып

орыс

32 оқушы

Алтыншы сынып

31

6 А сынып

қазақ

22 оқушы

32

5 Б сынып

орыс

37 оқушы

33

6 В сынып

орыс

36 оқушы

34

6 Г сынып

орыс

33 оқушы

35

6 Д сынып

орыс

35 оқушы

36

6 Е сынып

орыс

18 оқушы

Жетінші сынып

37

7 А сынып

қазақ

21 оқушы

38

7 Б сынып

орыс

29 оқушы

39

7 В сынып

орыс

30 оқушы

40

7 Г сынып

орыс

31 оқушы

41

7 Д сынып

орыс

27 оқушы

42

7 Е сынып

орыс

30 оқушы

43

7 Ж сынып

орыс

23 оқушы

Сегізінші сынып

44

8 А сынып

қазақ

15 оқушы

45

8 Б сынып

орыс

30 оқушы

46

8 В сынып

орыс

30 оқушы

47

8 Г сынып

орыс

31 оқушы

48

8 Д сынып

орыс

26 оқушы

Тоғызыншы сынып

49

9 Б сынып

орыс

34 оқушы

50

9 В сынып

орыс

32 оқушы

51

9 Г сынып

орыс

36 оқушы

Оныншы сынып

52

10 А сынып

орыс

27 оқушы

53

10 Б сынып

орыс

26 оқушы

54

10 В сынып

орыс

27 оқушы

Он бірінші сынып

55

11 А сынып

орыс

20 оқушы

56

11 Б сынып

орыс

24 оқушы

57

11 В сынып

орыс

20 оқушы

Абай мектебінде әуелде 21 қазақ сыныбы болған. Алайда «Береке» шағын ауданында келешек мектебі ашылған соң, ата-ананың көбі балаларын сол мектепке ауыстырып алып отыр.

160-тан аса өзге ұлт өкілі қазақ тілінде білім алады

Қалалық білім бөлімінің мәліметінше, Қостанайда осыншама өзге ұлт баласы қазақ сыныптарында оқып жатыр. Мысалы, Артем Ложкин физика-математика лицейінің бірінші сыныбында оқиды.

«Артем – ынталы бала. Ойын қазақ тілінде жеткізуге тырысады. Түсінбегенін орысша сұрайды. Мен екі тілде түсіндіріп, қайталатамын. Қазір көбіне сөздік жұмысына мәін беріп жатырмыз. Жаңа сөздерді сыныпта айтып, көрсетіп, түсіндіріп, үйге жазып жіберемін, жаттап келеді. Қазір сабақтан тыс, анасымен бірге жеке репетитор жалдап тіл дамыту курсына барып жүр. Жалпы, тырысады, түсінеді, жазады, қатесіз оқиды, бірақ сөздік қоры әлі аздау. Жеке жұмыс істеп жатырмыз. Екі тоқсан ішінде әжептәуір тіл үйреніп қалды. Бірақ еркін сөйлеп кету үшін әлі уақыт керек», дейді 1 «А» сыныбының жетекшісі Айгүл Атымтаева.

Артемнің анасы Ольгаға хабарласып көріп едік.

«Былтыр сәуірде лицейге барып, баламды қазақ сыныбына қабылдауыңызды сұраймын деп өтініш жаздым. Сол жердегі қыздар сіз қателескен жоқсыз ба дейді. Жоқ, балам қазақ тілін үйренсін. Осы елдің, осы жердің тілін білуі керек деп жауап бердім. Көршілерім де балаңды да, өзіңді де қинайсың ғой, қорықпайсың ба деп жатыр. Негізі, мұндай шешім қабылдауымызға Күршімде әскери борышын өтеп жатқан інім түрткі болды. Қазақ тілді ортада өзінің тіл білмей қиналып жүргенін айтқан бауырым «Балаңды ойланбастан қазақ мектебіне бер. Болашақта өзіне жақсы болады» деді. Жалпы, баланы аямау керек. Осы елдің азаматы болған соң, оқысын, білсін», дейді Ольга.

Артем оқып жатқан лицей бертінге дейін тек орыс тілінде білім беріп келген. Мұндағы алғашқы қазақ сыныбы 2022 жылы ашылды.

«Алғашқы сыныпқа 19 бала қабылданды. Сонымен қатар, ата-аналардың өтініші бойынша ұзартылған күн енгізілді. Балалар сабақтан кейін 15:30-ға дейін мектепте қалып, өтілген тақырыптар бойынша қосымша сабаққа қатысады, үй жұмысымен айналысады. 2023 жылы тағы бір сынып ашылып, оған 23 бала қабылданды. 2024 жылы екі сынып ашылды. Бұл екі сыныпта 44 бала оқиды. Ал өткен жылы екі орыс, екі қазақ сыныбын қабылдадық. Қазақ сыныбында 50 оқушы білім алып жатыр», дейді лицей басшысы Светлана Белоусова.

 Қостанай облысы

Соңғы жаңалықтар

«Каспий» командасының бас бапкері ауысты

Футбол • Бүгін, 17:33

Түркістан облысында К-21 каналы 40 жыл тазаланбаған

Аймақтар • Бүгін, 17:28

Атырауда сот шешімін орындамаған 18 шетелдік елден шығарылды

Аймақтар • Бүгін, 17:18

Алматыда алаяқтыққа қатысы бар 17,6 мың интернет-ресурс бұғатталды

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 17:05

Бейбітшілік кеңесі БҰҰ-ға балама құрылымға айналуы мүмкін бе?

Саясат • Бүгін, 16:58

Промоутер Жәнібек Әлімханұлының допинг сынамасына қатысты пікір білдірді

Спорт • Бүгін, 16:42

Атырауда бір жылда жол апатынан 96 адам қайтыс болған

Аймақтар • Бүгін, 16:33

Қазақстан − Қытай шекарасында жер сілкінді: Зілзала алматылықтарға сезілді ме?

Оқиға • Бүгін, 16:25

Президент Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды

Президент • Бүгін, 16:18

Алматыда 350-ден астам сирек кітап көрмеге қойылды

Өнер • Бүгін, 16:03

Қарағандыда есірткі контрабандасымен айналысқан студент 15 жылға сотталды

Есірткі • Бүгін, 15:52

Президент Давостағы Конгресс орталығына барды

Президент • Бүгін, 15:43

Шымкенттегі жас қыздың өлімі: Іске немқұрайды қараған полицейлерге қылмыстық іс қозғалды

Оқиға • Бүгін, 15:38

Мүмкіндігі шектеулі адамдарға бос жұмыс орындарын қалай табуға болады?

Аймақтар • Бүгін, 15:21

Жамбыл облысында 22 жасөспірім ауруханаға түсті: Лагерьде санитарлық тексеріс басталды

Оқиға • Бүгін, 15:13

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:132
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Қаңтар 2026 18:41
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары