Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Қожадан Құрмашқа дейін: экранда бала болып қалған актерлердің тағдыры

Қожадан Құрмашқа дейін: экранда бала болып қалған актерлердің тағдыры

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Қазақ киносына келген актерлердің көбі өнер жолын есейген шақта, студент кезінен немесе кәсіби білім алғаннан кейін бастаған. Дегенмен экранға бала кезінен шығып, кейін актерлік жолын жалғастырғандар да аз емес. Бірақ олардың бәрі бірдей киноны өмірлік мамандығына айналдырған жоқ. Кейбірі бала күніндегі бір ғана жарқын рөлімен көрермен есінде қалып, кейін мүлде басқа саланы таңдады. Бүгінгі шолу дәл осындай — қазақ киносының тарихында бала бейнесімен ғана сақталып қалған актерлер туралы.

Қожа. Нұрлан Сегізбаев 1951 жылы Алматыда дүниеге келген. Ол 1963 жылы Абдолла Қарсақбаев түсірген «Менің атым Қожа» фильміндегі басты рөл арқылы бірден танылды. Қожа бейнесі оның өміріндегі ең белгілі рөлге айналды. Фильмнен кейін Нұрланға басқа киноларға түсуге ұсыныстар болғанымен, ол актерлік жолды тұрақты кәсіп ретінде таңдамады. Кейін Өскемен педагогикалық институтының филология факультетін тәмамдап, мектепте мұғалім болып жұмыс істеді. Одан соң Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтының сценарий факультетінде білім алды.

Кейін ол Нұрлан Санжар есімімен сценарист, кинодраматург, жазушы және педагог ретінде танылды. Философия ғылымдарының кандидаты атанып, жоғары оқу орнында дәріс оқыды, бірнеше кітап пен сценарий жазды. Киноға мүлде оралмады деу дұрыс емес: 2008 жылы «Қош бол, Гүлсары!» фильмінде Шора рөлін сомдаған. Дегенмен көрермен жадында оның аты бәрібір Қожамен байланысты қалды. Нұрлан Санжар 2025 жылғы 26 желтоқсанда өмірден өтті.

Сұлтан. «Менің атым Қожа» фильміндегі Сұлтан бейнесін Марат Көкенов сомдады. Ашық деректерде оның туған жылына қатысты ақпарат өте аз. Кейбір жарияланымдарда 1947 жылы туғаны жазылады. Сұлтан бейнесі Қожаның еркін, тентек, өз дегенімен жүретін досы ретінде фильмдегі ең есте қаларлық кейіпкерлердің біріне айналды.  Марат Көкенов кейін актерлік мансапты жалғастырмаған. Бірнеше деректе оның әскерден келгеннен кейін мемлекеттік қауіпсіздік органдарына жұмысқа тұрғаны айтылады. Кейбір материалдарда медицина институтында оқығаны және жас кезінде қайтыс болғаны жөнінде де мәлімет кездеседі.

Жанар рөлін сомдаған Гүлнар Қарабаева да «Менің атым Қожа» фильмі арқылы танылды. Фильм түсірілген кезде ол мектеп оқушысы болған. Киноға кездейсоқ келгенін, таныстары арқылы сынаққа шақырылғанын айтылады. Экрандағы Жанар Қожаның сыныптасы әрі оның көңілі ауған қыз ретінде фильмнің лирикалық желісін толықтырып тұрды.

Гүлнар Қарабаева кейін кәсіби актриса болған жоқ. Оған тағы да киноға түсу туралы ұсыныстар болғанымен, жоғары оқу орнында білім алып жүргендіктен актерлік жолды жалғастырмаған. Политехникалық институтты тәмамдап, инженер мамандығы бойынша еңбек еткен. Сондықтан оның шығармашылық өмірбаяны Жанар бейнесімен шектелген деуге болады. Қазақ киносының көрермені оны әлі күнге дейін ең алдымен Қожаның сыныптасы Жанар ретінде таниды.

Дәулет. «Менің атым Қожа» фильміндегі Дәулетті Юсуф Шамузов сомдаған. Түсірілім кезінде ол бес жаста болған екен. Дәулет фильмнің негізгі кейіпкері болмаса да, оның балалық бейнесі көрермен есінде қалды. Ол есейгеннен кейін киноны емес, медицинаны таңдады. Медициналық институтты тәмамдап,  спорт дәрігері болып жұмыс істейді. Бала кездегі экрандық тәжірибе оның кейінгі кәсіби бағытына айналмаған. 

Алпамыс. Ермек Төлепбаев «Алпамыс мектепке барады» фильміндегі Алпамыс бейнесімен кең танылды. Ол фильмге өте кішкентай кезінде түскен. Әрине, бала Ермек «өмірінде бір ғана фильмге түскен актер» деу дұрыс емес. «Алпамыс мектепке барады» картинасына дейін де, одан кейін де бірнеше кинотуындыға қатысқан. Соған қарамастан, көрермен жадында оның аты дәл Алпамыс бейнесімен сақталды. Есейген соң Ермек Төлепбаев кәсіби актерлік жолды жалғастырмаған. Ашық деректерде кейін кәсіпкерлікпен айналысқаны айтылады. Оның тағдырының ерекшелігі де осында. Бала кезінде бірнеше фильмге түссе де, сол кезең оның тұрақты мамандығына айналмады. Ал «Алпамыс мектепке барады» фильмі теледидардан қайта көрсетілген сайын көрермен оны қайтадан сол бала қалпында көреді.

Қалихан. «Алпамыс мектепке барады» фильміндегі Қалихан рөлін Ұлан Сарбасов ойнады. Ол киноға арнайы актерлік ортадан келген жоқ. Абдолла Қарсақбаев оны балалардың арасынан байқап, фильмге шақырғаны туралы деректер бар. Қалиханның еркін қимылы, табиғи сөйлеуі мен шынайы мінезі фильмдегі балалар әлемін сенімді етіп көрсетуге көмектесті.Ұлан Сарбасовтың кейінгі өмірі ұзақ болмады.  Жас кезінде өмірден өткен.

Құрмаш. Қамбар Уәлиев 1962 жылы Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Үңгіртас өңірінде дүниеге келген. Ол киноға «Көксерекке» дейін келген: жеті жас шамасында «Шоқ пен шер» фильмінде Ғалымжан рөлін ойнаған. Кейін «Көксерек» фильміндегі Құрмаш бейнесі оның өміріндегі ең үлкен танымалдықты әкелді. 1974 жылы Бакуде өткен Бүкілодақтық кинофестивальде Қамбар Уәлиевтің бала актер ретіндегі жұмысы арнайы марапатпен атап өтілді. Кейін ол «Ән пәнінен төрт», «Алмазная тропа», «Шаңырақ» және басқа да фильмдерге түскен. Сондықтан оны бір ғана фильмге түскен актер деуге болмайды, бірақ оның өзге рөлдерінің ешқайсысы Құрмаш деңгейінде халықтық танымалдыққа жеткен жоқ.

Кейін Қамбар Уәлиевтің өмірі кино әлемінен алыстай түсті. Ашық деректерде оның көлік жөндеу орталығында еңбек еткені, ұзақ жылдар жалдамалы пәтерде тұрғаны айтылады. Ол киноға түскенімен, тұрақты актерлік мансап құрып, кәсіби сахна мен экран ортасында қалған жоқ. Қамбар Уәлиев 2012 жылғы 4 маусымда өмірден өтті. Оның тағдыры экрандағы танымалдық пен күнделікті өмірдегі жағдайдың әрдайым бірдей бола бермейтінін көрсететін мысалдардың бірі болып қалды.

Назар аударыңыз: Бұл мақала авторлық құқықпен қорғалған. Мәтіннің толық нұсқасын көшіру, тарату немесе басқа басылымдарға жариялағанда авторы көрсетіп, Аikyn.kz сайтына  белсенді гиперсілтеме беру міндетті. Мақаланың жекелеген бөліктерін пайдаланғанда да осы талап сақталуы тиіс.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:101
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Қыркүйек 2026 10:40
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары