Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Өкінеміз және жеңілдік сұраймыз : Эльмира Төлегенова соңғы сөзін айтты

Петропавлда тұрғын үй өртінен 100 ден астам адам эвакуацияланды

Оралда жалған қорытынды шығарған сот медицина сарапшысы сотталды

50 жаста зейнетке шығу. Қазақстанда төлемдерді ерте алу құралы қалай жұмыс істейді?

СҚО дағы Сергеев су қоймасында су деңгейі қайта көтеріліп жатыр

Көлсайдағы оқыс оқиға: Туристік микроавтобус беткейден құлап кетті

Тоқаев Болашақ ойындары 2026 халықаралық турниріне дейінгі кері санақты іске қосты

Ақылы жолдар табысы 120 млрд теңгеге дейін өседі

Жапония Ормуз бұғазына қатысты жағдайға байланысты мұнай қорын пайдаланбақ

Қостанай облысында әйелі мен баласын өлтірген ер адам өмір бойына сотталды

Атырау облысында масамен күрес біркелкі емес: Жылыой мен Мақатта ғана қаржы бөлінген

Жаңабыловтың жұбайы соңғы сәтте прокурормен мәмілеге келуді сұрады

Балалар турнирге бара жатып қаза тапты Түркістан облысындағы сұмдық апат

Экология мәселесін ешқандай ел жалғыз шеше алмайды: Президент жастарға тарихи миссия жүктеді

Иран әскерилері Ормуз бұғазында екі кемені қолға түсірді

Атыраулық құтқарушылар өртенген үйден 40 адамды сыртқа аман шығарды

Еліміздің атынан әлем кубогына кімдердің шығатыны белгілі болды

Көкшетауда колледж қызметкері кредитін төлеу үшін бюджет қаражатын ұрлаған

Польшада қонжықтарын қорғаған аю 58 жастағы әйелді талап өлтірді

Транзит табыс кілті

Құрсақ ананың қызметі қанша тұрады

Құрсақ ананың қызметі қанша тұрады

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Жылына 130 бала осы әдіспен дүниеге келеді

Бұл үрдіс қоғамда түрлі көзқарас тудырғанымен, көптеген отбасы үшін – ата-ана болудың жалғыз мүмкіндігі. Қазақстанда суррогат аналардың көмегіне жүгінген отбасылардың нақты саны белгісіз, ол құпия ақпарат саналады. Дегенмен сұраныстың жоғары екенін салалық қауымдастықтың статистикасы көрсетіп отыр.

Қазақстандағы репродуктивті медицина қауымдастығының дерегінше, бүгінде елімізде суррогат ана қызметін ұсынатын шамамен 30 клиника бар. Олар жылына орта есеппен 330 бағдарлама жүргізеді. Оның орташа тиімділігі шамамен 40 пайызды құрайды. Нәтижесінде жыл сайын 130 бала суррогат ананың көмегімен дүниеге келеді.

Алайда қызметтің қомақты ақысы бар. Себебі Қазақстанда суррогат анаға мемлекеттік квота қарастырылмаған. Экстракорпоралды ұрықтандыру бағдарламасы ғана мемлекет тарапынан қаржыландырылады. Сондықтан құрсақ ананың көмегіне жүгінуге бел буған жұптар шығынға дайын болуы қажет.

Мұндай қадамға кімдер барады?

Деректерге сүйенсек, суррогат ана болуға көбіне қаржылық қиындыққа тап болған әйелдер жүгінеді. Олардың арасында жоғары білімді қыз-келіншектер де кездеседі.

Көбісі тұрғын үй мәселесімен бетпе-бет келген. Олар қарызын, несиесін жабу немесе баспанаға бастапқы жарна жинау мақсатында осы жолды таңдайды. Сондықтан бұл – мәжбүрлі шешім, – дейді «Болашақ» суррогат ана орталығының басшысы Дамира Бекбергенова.

Фото: Дамира Бекбергенованың жеке мұрағатынан Құрсақ анаға қойылар талап қандай?

Суррогат ана болу тәртібі «Неке және отбасы туралы» Кодекстің тоғызыншы тарауында көрсетілген. Экомед клиникасының дәрігер-репродуктологы Ислам Ерғалиевтің айтуынша, сол заңға сәйкес, суррогат ана 20-дан 35 жасқа дейінгі әйел болуы керек және кемінде бір баласы болуы шарт.

– Суррогат аналар алдымен агенттік деңгейінде іріктеуден өтеді. Олар IQ-тест тапсырады, барлық инфекциялар бойынша тексеріледі. Кейін клиникада ультрадыбыстық зерттеу жүргізіледі. Барлық көрсеткіштері қалыпты болған жағдайда ғана құрсақ ана ретінде қабылданады, – дейді дәрігер.

Репродуктолог атап өткендей, суррогат ананың көмегіне тек нақты медициналық көрсеткіші бар жұптар ғана жүгіне алады.

– Әйелдерде жатырдың болмауы, ауыр туа біткен немесе жүре пайда болған патологиялар, жатырды алып тастау жағдайлары кездесіп жатады. Кейбір жағдайларда, әсіресе ЭКҰ-ның бірнеше рет сәтсіз аяқталуынан немесе үйреншікті түсіктен кейін суррогат анаға жүгіну генетикалық тұрғыдан балаға қол жеткізудің жалғыз жолы, – дейді репродуктолог.

Фото: дәрігер-репродуктолог Ислам Ерғалиевтің жеке мұрағатынан

Ерекше атап өтетін жайт, баланың суррогат анамен ешқандай генетикалық байланысы жоқ.

– Бұл – биологиялық ата-ананың баласы. Процесс барысында ерлі-зайыптының жыныс жасушалары алынады. Кей жағдайда жасушалардың бірі донорлық болуы мүмкін, бірақ екіншісі міндетті түрде ата-ананың біріне тиесілі болуы тиіс немесе әйелдің, не ер адамның жасушасы алынады. Одан кейін құтыда ұрықтандыру бағдарламасы жүргізіледі, осылайша эмбрион дайын болады.

Суррогат ананың жатыры баланы қабылдауға алдын ала дайындалатынын айту керек. Кейін эмбрион суррогат ананың жатырына көшіріледі және жүктілік анықталады, –деп түсіндірді Ислам Ерғалиев.

Жеке тәжірибеден агенттікке дейін

Манара Байғожина үш жыл бұрын медициналық көрсеткіштерге байланысты суррогат ана қызметін пайдаланған. Алғашқы баласынан кейін ұзақ уақыт бойы жүкті бола алмаған. Бірнеше рет ЭКҰ жасатқанмен, нәтиже болмағанын алға тартады. 3 жыл бұрын суррогат ананың қызметі арқылы оның отбасында Арлан мен Тайыр есімді егіз ұл дүниеге келген.

Фото: freepik.com

Өз тәжірибесінен кейін Манара Байғожина суррогат ана агенттігін ашқан. Оның айтуынша, ай сайын мекемеге шамамен 10 жұп жүгінеді.

– 2021 жылы суррогат ананы өзіміз тауып, нотариус арқылы келісімшарт жасадық. ЭКҰ бағдарламасынан өттік. Бұл – толықтай биологиялық балалар. Эмбрион әйел мен ер адамның биоматериалынан құралады. Балаларыма қарасам, өз ата-анамның бейнесін көремін. Бұл – медицина көмегімен ата-ана болудың мүмкіндігі, – дейді Манара Байғожина.

Манара Байғожинаның айтуынша, агенттікке шетел азаматтары жүгінеді.

– Қазақстандықтардың жолы болған. Себебі бізде бұл қызметке заңда рұқсат етілген. Кейбір елдерде бұған мүлде тыйым салынған. Сондықтан Қазақстан – шетелдіктер үшін де мүмкіндік елі, – дейді ол.

Жүктілік кезеңіндегі қамқорлық пен міндеттер

«Болашақ» суррогат ана орталығының басшысы Дамира Бекбергенова суррогат аналарға жүктілік кезінде қандай жағдай жасалатынын түсіндірді.

– Әрбір отбасы мен әйелдің талаптары әртүрлі. Суррогат анаға қандай жағдай жасалатыны бағдарлама басталар алдында, тапсырыс берушілер – яғни баланың биологиялық ата-анасы мен әйелдің арасындағы келісімшартта жазылады және нотариус арқылы расталады, – дейді ол.

Маман сондай-ақ өзінің тәжірибесінде бірде-бір суррогат ананың баламен эмоционалды байланыс сезімі туындамағанын айтты.

– Мұндай жағдай бірде-бір рет болмаған. Олар босанғаннан кейін баланы ата-анасына береді. Кейбірі тіпті бала туған соң оны тамақтандырып та қоя алады. Бірақ олардың балаға ешқандай құқығы жоқ. Сондықтан олар бұл процеске жұмыс ретінде қарайды, – деп түсіндірді маман.

Фото: freepik.com

Шартта барлық жағдай, соның ішінде форс-мажорлық жайттар да нақты көрсетіледі. Мысалы, егер түсік болса, суррогат ана келісімшартта жазылған аз мөлшердегі өтемақыны алады.

Дегенмен, бұл ірі сомалардың артында үлкен физикалық жүктеме, әлеуметтік қысым мен эмоционалдық күйзеліс бар.

– Қазақстанда суррогат аналардың қызметіне ең төмен баға белгіленген. Бұдан арзаны тек Малайзия, Филиппин және Африка елдерінде ғана бар. Менің ойымша, суррогат ана болу – өте ауыр жұмыс және ақы соған сай төлену керек, – дейді Дамира Бекбергенова.

Баға, тыйым және таңдау

Суррогат ана қызметінің құны жыл сайын өзгеріп отырады және оның бірнеше факторға байланысты қалыптасатынын білдік. «Болашақ» суррогат ана орталығының басшысы Дамира Бекбергенованың айтуынша, егер тапсырыс берушілер Қазақстан азаматтары болса, тәжірибесі жоқ суррогат ананың қызметі кемінде 5 миллион теңгеден басталады. Ал бұрын суррогат ана болған әйелдің қызметі 7 миллион теңгеге дейін жетеді.

– Биологиялық ата-аналар жүктілік кезінде суррогат ананы тұрғын үймен қамтамасыз етпесе, оған ай сайын шамамен 300 мың теңге төленеді. Алайда көп жағдайда құрсақ анаға баспана берілетіндіктен, бұл сома төмендеуі мүмкін. Сонымен қатар босанғаннан кейін денсаулығын қалпына келтіру үшін анаға 400-500 мың теңге көлемінде өтемақы қарастырылады. Кесарь тілігімен босанған жағдайда бұл сома 1 миллион теңгеден басталады. Ал егіздер дүниеге келгенде төленетін өтемақы 1,5 миллион теңгеден асады, – дейді ол.

Ranking.kz сарапшыларының деректеріне сәйкес, Қазақстанда суррогат ана қызметінің толық құны 9,8 миллионнан 15,5 миллион теңгеге дейін жетеді. Бұл шамамен 21,8-34,4 мың АҚШ долларына тең. Ал Еуропа елдерінде бұл қызмет әлдеқайда қымбат. Чехияда – 65-85 мың доллар, Бельгияда – 54-65 мың доллар, Данияда – 50-60 мың доллар. Ресейде суррогат ана қызметінің құны 60 мың АҚШ долларына дейін барады.

Сонымен қатар бұл тәжірибеге әлем елдерінің көзқарасы әртүрлі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы суррогат ана қызметін қосымша репродуктивті тәсіл ретінде мойындағанмен, көптеген дамыған елдерде оған заң жүзінде тыйым салынған. Атап айтқанда, Франция, Германия, Австрия, Норвегия, Қытай және Швецияда суррогат ана қызметіне рұқсат жоқ.

Үндістанда бұл қызмет енді ғана еніп жатыр. Алайда елдегі құрсақ аналар заңмен тыйым салынған мемлекеттердің азаматтарына қызмет көрсетпейді. Қазақстанда да құрсақ ана қызметі діни тұрғыда құпталмайды.

– Біріншіден, ер кісі мен құрсақ ана арасында неке жоқ. Екіншіден, әйел жатыры сауда-саттыққа жататын мүбах зат емес. Бұл тәсілде жасушалар бірдей ерлі-зайыптыға тиесілі болмауы мүмкін, ал тіпті тиесілі болған күннің өзінде жатыр бөтен адамдікі. Сондықтан ислам мұны құп көрмейді, – дейді Нұрлан қажы Асанов.

Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

Дегенмен Қазақстан зайырлы мемлекет болғандықтан, бұл үдеріс шариғат қағидаларымен емес, Конституция мен заң талаптарына сәйкес реттеліп отыр. Қалай болғанда да адамдар суррогат ананың көмегіне немесе бұл қызметті атқаруға жеңіл келісе салмайды. Таңдаудың артында көбіне әлеуметтік немесе медициналық күрделі себептер жатқаны түсінікті...

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:122
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Қаңтар 2026 08:16
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Өкінеміз және жеңілдік сұраймыз : Эльмира Төлегенова соңғы сөзін айтты

24 Сәуір 2026 11:58see110

Петропавлда тұрғын үй өртінен 100 ден астам адам эвакуацияланды

24 Сәуір 2026 23:52see109

Оралда жалған қорытынды шығарған сот медицина сарапшысы сотталды

24 Сәуір 2026 13:31see108

50 жаста зейнетке шығу. Қазақстанда төлемдерді ерте алу құралы қалай жұмыс істейді?

24 Сәуір 2026 11:57see108

СҚО дағы Сергеев су қоймасында су деңгейі қайта көтеріліп жатыр

24 Сәуір 2026 13:26see108

Көлсайдағы оқыс оқиға: Туристік микроавтобус беткейден құлап кетті

25 Сәуір 2026 18:04see108

Тоқаев Болашақ ойындары 2026 халықаралық турниріне дейінгі кері санақты іске қосты

24 Сәуір 2026 15:48see107

Ақылы жолдар табысы 120 млрд теңгеге дейін өседі

24 Сәуір 2026 13:17see107

Жапония Ормуз бұғазына қатысты жағдайға байланысты мұнай қорын пайдаланбақ

24 Сәуір 2026 22:52see107

Қостанай облысында әйелі мен баласын өлтірген ер адам өмір бойына сотталды

24 Сәуір 2026 04:24see107

Атырау облысында масамен күрес біркелкі емес: Жылыой мен Мақатта ғана қаржы бөлінген

24 Сәуір 2026 19:50see106

Жаңабыловтың жұбайы соңғы сәтте прокурормен мәмілеге келуді сұрады

24 Сәуір 2026 11:58see106

Балалар турнирге бара жатып қаза тапты Түркістан облысындағы сұмдық апат

24 Сәуір 2026 19:54see106

Экология мәселесін ешқандай ел жалғыз шеше алмайды: Президент жастарға тарихи миссия жүктеді

25 Сәуір 2026 14:44see106

Иран әскерилері Ормуз бұғазында екі кемені қолға түсірді

25 Сәуір 2026 12:08see105

Атыраулық құтқарушылар өртенген үйден 40 адамды сыртқа аман шығарды

24 Сәуір 2026 05:23see104

Еліміздің атынан әлем кубогына кімдердің шығатыны белгілі болды

25 Сәуір 2026 15:47see104

Көкшетауда колледж қызметкері кредитін төлеу үшін бюджет қаражатын ұрлаған

24 Сәуір 2026 15:48see104

Польшада қонжықтарын қорғаған аю 58 жастағы әйелді талап өлтірді

24 Сәуір 2026 04:05see104

Транзит табыс кілті

25 Сәуір 2026 04:50see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары