Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінде жеңіске жетті

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

Қазақстанның алғашқы Құрылтайының үш вице спикері аталды

​Атырауда үздік оқушылар, ұстаздар және мектептер анықталды

​Алматы облысында 21 жастағы қыздың денесі табылды: іс “өзін өзі өлтіруге жеткізу” бабы бойынша тергелуде

Атыраудағы бекіре зауытын жаңғырту қарқынын арттыру тапсырылды

​Қазақстанда студенттердің шәкіртақысын екі есеге көбейтпекші

Түркиядағы Эгей теңізінде жер сілкінді

Алматыда 500 мың теңгеге бала сатылды деген ақпарат тексерілді

Теңге мен бюджетке соққы: ОПЕК+ әлсіреуінің салдары

Алматыда электросамокат мінген 44 жастағы ер адам қаза тапты

Құрылтайдың Қызылордада өтуінде қандай мән бар

Құрылтайдың Қызылордада өтуінде қандай мән бар

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Тарих сабақтастығы: Ұлытаудан Қызылордаға дейін

Көшпенділер құрылтайы – ғұн дәуірінен бастау алып, түркі кезеңінде қалыптасқан қоғамдық-саяси жүйе. Дала философиясына негізделген басқару үлгісі әртүрлі тайпаны бір ортаға жиып, елдік мәселелерді бірге талқылауға жол ашқан. Осы дәстүр бүгінгі Ұлттық құрылтайдың терең тарихи тамыры барын көрсетеді.

Тізбектесек, сабақтастықты жалғаған алғашқы Ұлттық құрылтай қасиетті Ұлытауда өтті. Екінші жиын түркі дүниесінің рухани орталығы – Түркістанда ұйымдастырылды. Үшінші басқосу Жайық жағасында, Атырау өңірінде өтті. Ал төртінші құрылтай табиғаты мен тарихы үйлескен Бурабайда жалғасын тапты. Ал биыл, 20 қаңтар күні Ұлттық құрылтай мүшелері Сыр өңірінде, Қызылорда қаласында бас қоспақ.

Фото: Қызылорда қаласы әкімдігі

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің доценті, тарих ғылымдарының докторы Дастан Сәтбайдың айтуынша, басқосудың Қызылордада өтуінің астарында стратегиялық мән жатыр.

– Сақ заманынан бастап Сыр бойы Қазақстан аумағында мекендеген халықтардың панасы болған, әрі стратегиялық тұрғыдан аса қолайлы аймақ саналған. Қазақ хандығы мен жоңғар шапқыншылығы кезеңінде де Сыр өңірі әскери-саяси маңызы зор плацдарм қызметін атқарды. Тарихқа көз жүгіртсек, Қазақ хандығы құрылтайларының басым бөлігі Түркістан мен Сығанақ қалаларында өткен. Осы тұрғыдан алғанда, кезекті Ұлттық құрылтайдың Қызылордада өтуі – тарихи сабақтастықтың заңды жалғасы, – дейді ғалым.

Фото: Дастан Сәтбайдың жеке мұрағатынан

Тарихшы Қызылорданың Қазақстан тарихындағы ерекше мәртебесіне де назар аударады. Оның бір кезеңде ел астанасы болғаны бүгінгі құрылтайдың мән-маңызын ашып тұр.

– Ел тарихында айрықша із қалдырған Алаш қайраткерлерінің өмірі мен қызметі Қызылордамен тығыз байланысты. 1925-1929 жылдары ел астанасы болған кезеңде мемлекет дамуы мен ұлттық өркениет жаңа сатыға көтерілді. 1925 жылы 15 сәуірде Ақмешіт қаласында Қырғыз (Қазақ) АКСР Кеңестерінің V съезі өтіп, сол жиында халқымыздың тарихи атауы – «қазақ» атауы қайтарылды. Сонымен қатар Ақмешіт қаласын Қызылорда деп атау жөнінде қаулы қабылданды. Бесінші бүкілқазақ съезінде қабылданған осы тарихи құжаттың көшірмесі бүгінде музейде сақтаулы, – дейді Дастан Сәтбай.

Фото: Kazinform\ 02.06.1953 жыл

Ғалым Алаш қайраткерлерінің Қызылордадағы қызметіне арнайы тоқталды.

– Алаш зиялылары Ақмешітке келіп, бес жылға жетпейтін уақыт ішінде ел дамуына өлшеусіз үлес қосты. Қызылордада қазақ елінің Үкімет үйі салынды, тұңғыш газет-журналдар жарық көрді, алғашқы театр ашылды. Бір сөзбен айтқанда, Алаш қайраткерлері өздеріне жүктелген тарихи міндетті абыроймен атқарып шықты. Сол кезеңде Серәлі Лапин, Смағұл Сәдуақасов сынды тұлғалардың басты мақсаты – қазақ халқы тығыз қоныстанған өңірді ел астанасы ету болатын. Ұлттық құрылтайдың дәл осы тарихи маңызы зор аймақта өтуі көңіл қуантады, – дейді тарихшы.

Фото: Kazinform Құрылтайда не айтылады?

Мәжіліс депутаты, Ұлттық құрылтайдың мүшесі Самат Нұртаза да кезекті басқосудың Қызылордада өтуін символдық мәні бар оқиға деп бағалайды. Оның айтуынша, тарихи қала бүгінде жаңарып, заманауи келбетке ие болған. Осындай серпінді ортада мемлекет дамуына қатысты жан-жақты идеялар мен өзекті бастамалар кеңінен сөз болмақ.

– Бұл – жай ғана жиналып, белгілі бір мәселелерді айтып, тарқасатын жиын емес. Ұлттық құрылтай біртіндеп қоғамдағы өзекті мәселелер ашық көтерілетін, салмақты пікір алмасу жүретін алаңға айналып келеді. Бұл жолы да қоғам белсенділері мен құрылтай мүшелері елді алаңдатқан түйткілдерді батыл көтеріп, ортақ ой қалыптастыруға мүмкіндік алады. Өткен жылы Қызылорда қаласының Қазақстан астанасы болғанына 100 жыл толды. Сондықтан тарихи өңірде маңызды шешімдер қабылданады деген сенім зор, – дейді құрылтай мүшесі.

Фото: Самат Нұртазаның жеке мұрағатынан

Депутаттың пікірінше, алдағы жиында басты назар саяси және парламенттік реформаға аударылуы мүмкін. Ол ХХІ ғасыр талаптарына сай өмір сүретін мемлекеттің жаңа ережелері осы мінберде кеңінен таныстырылады деп есептейді.

– Президент мінберде саяси реформаларға қатысты маңызды мәселелерді қозғауы ықтимал. Сонымен қатар әлеуметтік түйткілдер де назардан тыс қалмайды. Құрылтай мүшелері – әр саланың білікті мамандары. Сондықтан білім беру саласындағы түйткілдер, әскердегі мәселелер, су тапшылығына байланысты қоғамда қордаланған проблемалардың көтерілуі заңды, – дейді Самат Нұртаза.

Айта кету керек, Ұлттық құрылтай бастамасымен бүгінге дейін бірқатар маңызды заңдар қабылданған. Олардың қатарында әйелдердің құқығы мен бала қауіпсіздігін күшейту туралы, вейп саудасына тыйым салу, мемлекеттік наградалар мен ономастикаға қатысты заңдар бар. Сондай-ақ вандализмге қарсы және ойын бизнесін шектеуге бағытталған құжаттар қабылданып, есірткі өндіру мен сатуды ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейтуге арналған түзетулер енгізілгені де есте.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:173
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Қаңтар 2026 16:03
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

29 Тамыз 2026 07:58see164

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

29 Тамыз 2026 04:47see161

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

29 Тамыз 2026 09:03see161

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

29 Тамыз 2026 10:48see159

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

29 Тамыз 2026 10:48see156

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

29 Тамыз 2026 17:53see154

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

29 Тамыз 2026 14:16see150

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

29 Тамыз 2026 12:10see149

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінде жеңіске жетті

29 Тамыз 2026 23:22see147

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

29 Тамыз 2026 11:04see145

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

29 Тамыз 2026 19:10see144

Қазақстанның алғашқы Құрылтайының үш вице спикері аталды

29 Тамыз 2026 21:13see143

​Атырауда үздік оқушылар, ұстаздар және мектептер анықталды

29 Тамыз 2026 21:14see140

​Алматы облысында 21 жастағы қыздың денесі табылды: іс “өзін өзі өлтіруге жеткізу” бабы бойынша тергелуде

29 Тамыз 2026 21:13see138

Атыраудағы бекіре зауытын жаңғырту қарқынын арттыру тапсырылды

29 Тамыз 2026 21:13see133

​Қазақстанда студенттердің шәкіртақысын екі есеге көбейтпекші

29 Тамыз 2026 21:14see130

Түркиядағы Эгей теңізінде жер сілкінді

30 Тамыз 2026 11:40see128

Алматыда 500 мың теңгеге бала сатылды деген ақпарат тексерілді

29 Тамыз 2026 21:27see125

Теңге мен бюджетке соққы: ОПЕК+ әлсіреуінің салдары

29 Тамыз 2026 21:14see124

Алматыда электросамокат мінген 44 жастағы ер адам қаза тапты

30 Тамыз 2026 17:24see121
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары