Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Заң алдында бәрі тең

Токиода электр қуатының өшуінен 673 мың пойыз жолаушысы зардап шекті

Әуе компаниясының бұрынғы басшысының жұбайы Air Astana төңірегіндегі жанжалға пікір білдірді

Салық реформасы түсіндірілді: бизнеске жаңа кодекстің талаптары таныстырылды

Бес минуттың әсері

Онлайн алаяқтықпен күрес: 6 мыңнан аса іс ашылды

Зейнетақы қорынан берілетін төлем өсті

Рухани тәрбие мектебі

Ақтөбеде еріктілер ыстық шай таратты

Манчестер Юнайтед Манчестер Ситиді жеңді, Реал Мадрид Левантеден басым түсті

Шымкентте 250 ден астам борышкер әкімшілік қамаққа алынды

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың ұлы Адам Қадыров жол апатынан кейін жансақтау бөліміне түсті БАҚ

Көкшетауда аязды күні жолда қалып кеткен Тәжікстан азаматтары құтқарылды

Теңіз кен орнында өрт шықты БАҚ

Автобустағы жанжал: студент қызды жұрттың көзінше ұрып соқты

Өкініштісі, Нұрай жоқ әлемде өмір сүріп жүрмін : 21 жасында қаза тапқан қыздың ағасы әділдік талап етті

Қазақстанда бүйрегін сатпақ болған Ресей азаматшасы сотталды

Үкімет білім беру мен денсаулық сақтау салаларындағы қаржыландыру тетігін қайта қарастырады

Робот ассистент көмегімен операция жасалды

О. Бектенов ӘМСҚ ны Қаржы министрлігінің басқаруына беруді тапсырды

Құрылтайға мүше болудағы басты мақсатым үкіметтің ғылымға деген назарын арттыру Дурвудхан Сұраған

Құрылтайға мүше болудағы басты мақсатым үкіметтің ғылымға деген назарын арттыру Дурвудхан Сұраған

Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Оның айтуынша, қоғам мен билік арасындағы ашық диалог алаңдары бір емес, бірнешеу болуы керек. Солардың бірі — Ұлттық құрылтай.

— Бұл жерде көпір, мектеп салу сияқты тез арада шешілетін әлеуметтік-экономикалық мәселелер көзделмеген. Ондай мақсаттарға арналған басқа алаңдар да бар. Ұлттық құрылтай — жалпы ұлттық құндылықтар аясындағы қоғамдағы ұзақ мерзімді мәселелерді талқылайтын алаң, — дейді Дурвудхан Сұраған.

Ғалым мысал ретінде білім мен ғылым саласын келтірді. Оның пайымдауынша, білім саласында белгілі бір іс атқарып, бірден «білімді ұлтқа» айналу немесе ғылымда бір ғана қадам жасап, «үлкен жаңалық ашу» мүмкін емес. Білім алу процесі мен білім жүйесі — үздіксіз үрдіс. Бұл — үздіксіз талқылауды, шыңдауды, сынауды қажет ететін сала. Сондықтан осы тұрғыдан алғанда, Ұлттық құрылтай өте тиімді.

— Бұл — қоғам мен билік арасындағы өте тиімді, ашық диалог алаңы. Себебі бұл жерде еркіндік бар. Жақында осы Ұлттық құрылтайдың ресми емес сессияларына қатыстым. «Білім және ғылым» сессиясына екі министр де қатысты. Еркін, бейресми түрде мәселелерді айтып, талқылауға мүмкіндік болды. Мен бірнеше мәселені көтердім, әріптестерім де көтерді, — дейді Ұлттық құрылтайдың мүшесі.

Назарбаев Университетінің оқытушысы ретінде Дурвудхан Сұраған белсенді, танымал жас ғалымдардың мүддесін қолдайды. Оның айтуынша, ғылымның дамуындағы мәселелер, күнделікті жетістіктер мен кемшіліктер Ұлттық ғылым академиясындағы «Жас ғалымдар кеңесінде» талқыланады.

— Солардың ойларын тыңдап, әріптестеріммен ақылдаса отырып, нақты сұрақ, нақты ұсыныс ретінде дайындап жеткіземін. Жоғары оқу орындарында дәріс оқитын мыңдаған мұғалімдер мен ғалымдардың билікке ұсынысын тікелей айтатын, пікірін еркін жеткізетін тиімді диалог алаңы деп есептеймін, — деді ғалым.

Дурвудхан Сұраған Ұлттық құрылтайда айтылған пікірлер мен ұсыныстардың мемлекеттік шешімдер мен заңнамаларға ықпалы айтарлықтай екенін атап өтті. Мысал ретінде ғалым соңғы жылдары «Ғылым туралы» заңға енгізілген өзгерістерді, сондай-ақ Ұлттық ғылым академиясының қайта жандануын келтірді. Оның айтуынша, қазір ол заң бойынша ғылымдағы ең жоғарғы органдардың бірі ретінде көрсетіліп, мемлекетте ғылымды дамытудағы негізгі жауапты мекемесіне айналып жатыр. Дүрвудхан Сұраған бұның бәрі бұрын Ұлттық құрылтайларда талқыланып, нақты заңнамаларға әсер еткенінің бір дәлелі екенін баса айтты.

— Қайталап айтып кетейін, Ұлттық құрылтайда тек ғалымдар ғана емес, біздің «Білім және ғылым» сессиясында экономистер, сарапшылар, депутаттар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері де отыр. Бұл — тек камера алдындағыресми диалогтан тыс, бейресми пікір алмасуға, мәселелердіжеткізуге берілген үлкен мүмкіндік. Сол жерде депутаттарды жолықтырып, мәселелерді көтереміз. Сондықтан Ұлттық құрылтай мемлекеттің шешім қабылдау үрдісіне жәнезаңнамаларға сөзсіз әсер етіп жатыр деп санаймын, — деді ғалым.

Дурвудхан Сұраған Ұлттық құрылтайдың кезекті отырысына ғылым және жоғары білім саласын жетілдіруге қатысты нақтыұсыныстарын әзірлеп жатыр.

— Жалпы, менің осы құрылтайға мүше болудағы ең басты мақсатым — үкіметтің ғылымға, жоғары білімнің дамуынадеген назарын арттыру. Күнделікті қоғамдағы мақсатымның, қағидамның бірі — ғылымды насихаттау. Осы бағытта арықарай жұмыс жасай беремін. Ал осы жолы өзімнің нақтыұсыныстарым бар. Оның бірі — шетелден ғалымдарды, мұғалімдерді елімізге тарту жүйесін, механизмін жетілдіру, — дейді ол.

Елімізге шетелден саудагерлер, кәсіпкерлер, туристердің келуіқалыпты жағдай, экономикамызға да тиімді үрдіс. ДурвудханСұрағанның түсіндіруінше, жақсы ғалымдардың елімізге келіпғылыммен айналысуы, жақсы мұғалімдердің келіп еңбек етуіжәне өмір сүруі де қалыпты үрдіске айналуы керек. Ол бұл үшін мемлекеттік деңгейде ұзақ мерзімді саясат пен нақтымеханизм қалыптастыру қажеттігін баса айтты.

— Елімізде шетелдік ғалымдар келіп жұмыс істеп жатса, жақсыемес пе? Жасанды интеллект дамыған кезеңде, ешкімғылымды жеке өзі жалғыз жасай алмайды. Ғылым әлемдікдеңгейде бірігіп, бірлесіп, ынтымақтаса отырып жасалады, білім де солай дамиды. Сондықтан осы тұрғыдан жоғарыбілім саласындағы мәселелерді қарапайым ұсыныс ретіндекөтере беремін, — дейді ғалым.

Қазақстанда ғылымның дамуы туралы

Дүрвудхан Сұраған ғылымдағы басты міндет — толыққанды ғылыми экожүйе құру екенін атап өтті. Оның пайымдауынша, ғылым саласындағы оң өзгерістермен қатар, әлі де шешімінтаппаған мәселелер аз емес.

— Біз дамушы қоғам болғандықтан, ғылымда әлі тұрақты әріжайлы «экосистема» толық қалыптаспаған. Ғылымның дамуыүшін үзіліссіздік керек, біз соны жасауға тырысып жатырмыз.Бүкіл экосистеманы қалыптастыру үшін тек менің емес, көптеген адамның, ұйымдардың, тұтас қоғамның жұмыла жұмыс істеуі керек. Әртүрлі алаңдар мен механизмдер арқылыісімізді шыңдай түсуі қажет. Осы бағытта әрі қарай да тоқтамай жұмыс істей беретін береміз, — деді ол.

Оның пікірінше, ғылыммен айналысқысы келетін жас ғалымдар үшін болашақтың болжамды болуы — басты фактор.Жас ғалым алдағы бес-он жылда өмірі қандай болатынын, қоғамда қандай орын алатынын нақты көріп тұруы керек. Ол үшін заңнама тұрғысынан да, әлеуметтік тұрғыдан да қолайлыжағдайлар жасау қажет.

— Сондықтан бұл бағытта жұмыс істей береміз. Алда көптегеннақты қадам жасауымыз керек. Бұл ретте Ұлттық ғылым академиясы министрлікпен тығыз жұмыс істеп жатыр.Әсіресе, қуантарлық жағдай, қазір ғалымдардың үй мәселесі шешіліп жатыр. Көптеген талантты жас ғалым мемлекет тарапынан үй алып жатыр. Менің ойымша, бұл — ауызтолтырып айтатын үлкен қадамдардың бірі, әлдеқашанжасалуы тиіс қадамдардың бірі, — деп қорытты Дүрвудхан Сұраған.

Ғылымды дамытудағы үлесі

Дүрвудхан Сұраған 2018 жылдан бастап үш жыл бойы Ғылым қорында тәуелсіз директор міндетін атқарып, ғылыми жобаларды коммерцияландыру мәселесімен айналысты. Оныңайтуынша, ол кезде әлі де жетілдірілмеген еді, сондықтанүлкен жұмыстар жасалып, ретке келтірілді. Одан кейінҚазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Жоғарығылыми-техникалық комиссияның (ЖҒТК) құрамында болды.

Оның айтуынша, бұрын ғалымдардың ғылыми жобаларынақатысты қандай да бір қате шешім қабылданса, апелляцияғаберу мүмкіндігі болмаған еді. Соңғы бірнеше жылдаапелляция жасау, қаржыландыруға қатысты шешімдерді қайтақарату мүмкіндігі пайда болды. Ғылым министрлігініңжанынан арнайы Апелляциялық комиссия құрылып, Дүрвудхан Сұраған соның құрамына енді.

Сонымен қатар, ол Ұлттық ғылым академиясының мүшесі, мұнда мемлекеттік стипендиялар мен сыйлықтардыэкспертизадан өткізеді. Биылдың өзінде 800-ден астам ұсыныстүсті, соның ішінен ең лайықтылары таңдалуы керек. Ғалымның айтуынша, бұл — өте қиын, ұзақ әрі маңызды жұмыс. Мемлекеттік қаржыландыру, ғылыми жобаларға қолдау көрсету мәселелерінің бәрі академияның сараптамасынан өтеді. Оның айтуынша, бұл жұмыстардыңбәрі ерікті түрде іске асырылады.

Дүрвудхан Сұраған Назарбаев Университетінде еліміздің ең талантты жастарына математикадан дәріс оқиды. Оныңның жетістіктерінің бірі — Назарбаев Университетінде математикадан докторантура бағдарламасын ашу болды. Ол бағдарламаны нөлден бастап әзірлеп, бес-алты жыл бойы бағдарламаның директоры болды. Өткен жылдары докторантураның алғашқы түлектері докторлық жұмыстарын сәтті қорғап шықты. Олар әлемдік деңгейде өте жоғарынәтижелер алды. Ғалым мұны ұжымдық жұмыстың жәнемемлекеттің дұрыс саясатының нәтижесі деп санайды. Соныңарқасында еліміздің тарихында алғаш рет Назарбаев Университеті ресми түрде әлемнің алдыңғы қатарлы 500 жоғары оқу орнының қатарына енді.

Сонымен қоса, математик ғалым шәкірт тәрбиелеуге үлкен көңіл бөледі. Ғылымда «академиялық отбасы» деген болады. Дурвудхан Сұраған өзі жас болса да, оның шәкірті өзінің докторлық шәкіртін дайындап шығарды. «Ғылыми „немере“ көріп жатырмын», дейді ол.

Математик-ғалым ретінде Дурвудхан Сұрағанның теориялықеңбегі кітап болып басылып шығып, Еуропада үлкен сыйлықалды. 2018 жылы ол «Hardy inequalities on homogeneous groups (100 years of Hardy inequalities)» атты ең үздік монографиясыүшін халықаралық The Ferran Sunyer i Balaguer Prize сыйлығының иегері атанды. Бұл — жылына бір-ақ ретберілетін, математикадағы ең жоғары сыйлықтардың бірі.

2025 жылы Дурвудхан Сұрағанның ұйымдастыруымен Орталық Азияда бұрын-соңды болмаған деңгейдегі және көлемдегі үлкен ғылыми шара өтті. Ол — ISAAC деп аталатын математикадағы ең үлкен конгрестердің бірі. Оған тек математиктер ғана емес, жасанды интеллект және қаржы саласының да мамандары, әлемнің ең үздік зерттеуорталықтарынан ғалымдар келді. Олардың арасында «Нобель» сыйлығына пара-пар «Филдс» сыйлығының иегерлері деболды.

— Біз осы конгресті ұйымдастыру құқығын бес жыл бұрынжеңіп алған болатынбыз. Мұндай мүмкіндік кез келген елгеберіле салмайды, олар ғылымның деңгейіне қарайды. Демек, Қазақстан әлемдік ғылыми картаға ендік деп санаймын.Конгресс аясында жастарға пайдалы қадамдар жасадық: 100 жас ғалымға (математика, компьютерлік ғылымдар, жасандыинтеллект салалары бойынша) гранттар берілді. Олар бір аптабойы әлемдік эксперттерден дәріс алып, ғылыми байланысорнатты, — деп қорытты ғалым.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-ЖомартТоқаевтың қатысуымен Ұлттық құрылтай 20 қаңтарда Қызылорда қаласында өтеді. Ұлттық құрылтай 2022 жылдың жазында құрылған. Оның құрамына депутаттар, бизнес-қоғамдастық өкілдері, үкіметтік емес сектор, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, ғалымдар, саясаттанушылар, экономистер мен жазушылар кіреді.

https://kaz.inform.kz/news/kuriltaydin-kizilordada-otunde-kanday-man-bar-ff0cde/

Камшат Әбдірайым

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:43
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Қаңтар 2026 14:36
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Заң алдында бәрі тең

16 Қаңтар 2026 20:30see117

Токиода электр қуатының өшуінен 673 мың пойыз жолаушысы зардап шекті

16 Қаңтар 2026 23:01see114

Әуе компаниясының бұрынғы басшысының жұбайы Air Astana төңірегіндегі жанжалға пікір білдірді

16 Қаңтар 2026 19:33see113

Салық реформасы түсіндірілді: бизнеске жаңа кодекстің талаптары таныстырылды

16 Қаңтар 2026 17:33see112

Бес минуттың әсері

17 Қаңтар 2026 09:36see112

Онлайн алаяқтықпен күрес: 6 мыңнан аса іс ашылды

16 Қаңтар 2026 16:20see111

Зейнетақы қорынан берілетін төлем өсті

16 Қаңтар 2026 17:08see110

Рухани тәрбие мектебі

17 Қаңтар 2026 10:33see109

Ақтөбеде еріктілер ыстық шай таратты

16 Қаңтар 2026 21:13see108

Манчестер Юнайтед Манчестер Ситиді жеңді, Реал Мадрид Левантеден басым түсті

17 Қаңтар 2026 21:57see108

Шымкентте 250 ден астам борышкер әкімшілік қамаққа алынды

17 Қаңтар 2026 03:31see107

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың ұлы Адам Қадыров жол апатынан кейін жансақтау бөліміне түсті БАҚ

17 Қаңтар 2026 10:56see107

Көкшетауда аязды күні жолда қалып кеткен Тәжікстан азаматтары құтқарылды

17 Қаңтар 2026 11:06see106

Теңіз кен орнында өрт шықты БАҚ

18 Қаңтар 2026 14:14see104

Автобустағы жанжал: студент қызды жұрттың көзінше ұрып соқты

17 Қаңтар 2026 17:29see103

Өкініштісі, Нұрай жоқ әлемде өмір сүріп жүрмін : 21 жасында қаза тапқан қыздың ағасы әділдік талап етті

18 Қаңтар 2026 14:01see102

Қазақстанда бүйрегін сатпақ болған Ресей азаматшасы сотталды

16 Қаңтар 2026 17:03see102

Үкімет білім беру мен денсаулық сақтау салаларындағы қаржыландыру тетігін қайта қарастырады

17 Қаңтар 2026 16:29see101

Робот ассистент көмегімен операция жасалды

16 Қаңтар 2026 21:04see101

О. Бектенов ӘМСҚ ны Қаржы министрлігінің басқаруына беруді тапсырды

16 Қаңтар 2026 21:04see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары