Құтқарушылар тауда адасқан ерлі зайыптыларды SOS хабары арқылы іздеп тапты
Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
GPS координаттары бойынша автокөліктің таулы жерде орналасқан орны анықталғанымен, ТЖМ мамандары хабар жолдағандармен байланыс орната алмаған.
Іздестіру жұмыстарына бірден ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының «Барыс» тобы аттанған.
«Оқиға орнына жеткен құтқарушылар берілген координаттарды бағытқа алып жаяу жолға шықты. Іздестіру жұмыстары барысында таулы, өтуі қиын жерден Toyota Camrу маркалы автокөлік табылды. Көліктің ішінде ер адам мен жүкті әйелден құралған жұп болған», деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.
Құтқарушылар зардап шеккендерді тау бөктеріндегі қиын жететін жерден эвакуациялап, оларды автожолға дейін жеткізді. Сол жерде оларды жедел медициналық жәрдем бригадасы күтіп алып, жүктіліктің соңғы кезеңіндегі әйелді Талғар қаласындағы ауруханаға жеткізді.
Еске сала кетсек, Қостанайда ТЖМ құтқарушылары газдан уланған 2 адамды жертөледен алып шыққанын жазғанбыз.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:72
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қазан 2025 06:56 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















