Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Қымыз, шұбат, ет, айран: қазақтың ұлттық тағамы шетелде сұранысқа ие болып жатыр

Қымыз, шұбат, ет, айран: қазақтың ұлттық тағамы шетелде сұранысқа ие болып жатыр

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Бүгінде бұл гастрономиялық мәдениет біртіндеп ел шекарасынан асып, Қазақстанның экспорттық әлеуетінің маңызды бағыттарының біріне айналып келеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

QazTrade сарапшыларының бағалауынша, жүйелі қолдау көрсетілген жағдайда 2028 жылға қарай қазақстандық ұлттық тағамдардың экспорты 50-80 миллион АҚШ долларына дейін жетуі мүмкін.

Негізгі нарықтар – Ресей мен Қытай

Қазақстанның ұлттық өнімдері үшін негізгі сыртқы нарықтардың бірі – Ресей мен Қытай. Бұл елдерде 2 миллионнан астам қазақ диаспорасының өкілдері тұрады. Осы фактор дәстүрлі тағамдарға тұрақты сұраныс қалыптастырып отыр.

Ресей нарығында әсіресе құрт пен қымыз кеңінен танымал.

Ал Қытайда, әсіресе Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында, 10 миллионнан астам мұсылман тұрады. Бұл өңірде халал өнімдерге тұрақты сұраныс бар. Мұнда ет деликатестеріне деген қызығушылық та артып келеді. QazTrade дерегіне сәйкес, бүгінде әлемдік халал ет пен деликатестер нарығының көлемі шамамен 2,1 триллион долларды құрайды және жыл сайын шамамен 7 пайызға өсіп келеді.

Дәстүрлі сүт өнімдерінің экспорты өсіп келеді

Қазақстанның дәстүрлі сүт өнімдерінің экспорты соңғы жылдары тұрақты түрде артып отыр.

Мәселен, қымыз, шұбат және айран кіретін өнімдердің экспорты 2024 жылы – 13,4 миллион доллар, ал 2025 жылы – 17,3 миллион доллар болды. Яғни өсім 29,4 пайызды құрады.

Қымызды экспорттаудағы негізгі қиындық – оның сақтау мерзімінің қысқалығы. Табиғи салқындатылған қымыз небәрі 3-5 күн ғана сақталады, сондықтан оны алыс нарықтарға жеткізу оңай емес. Өнім басқа елге жеткенше өз қасиетін жоғалтып алуы мүмкін.

Сондықтан қазіргі таңда өндірушілер мен технологтар бұл мәселенің түрлі шешімдерін іздестіріп жатыр. Соның бірі – 30 күнге дейін сақталатын пастерленген қымыз, сондай-ақ лиофилизацияланған қымыз ұнтағы, яғни құрғақ саумал. Мұндай өнімдер қазірдің өзінде Қытайға экспортталып жатыр, алайда көлемі әзірге көп емес.

«Көшпелі гастрономия» – жаңа экспорттық бренд

Соңғы уақытта «көшпелі гастрономия» деп аталатын бағыт жиі айтылып жүр. Бұл – табиғи ет және сүт өнімдеріне негізделген дала мәдениетінің асханасы.

Осы бағыттың аясында Қазақстанның дәстүрлі тағамдары шетелдік нарықтарда біртіндеп өз орнын таба бастады. Қазақ халқы үшін күнделікті өмірдің бір бөлігі саналатын бұл тағамдар шетелдік тұтынушылар үшін жаңа гастрономиялық жаңалыққа айналуда.

«Әлемде функционалды тағамдар мен суперфудтарға сұраныс артып келеді. Ал қазақтың дәстүрлі рационы бұл қажеттілікті толық қанағаттандыра алады. Мәселен, құрт – пайдалы микроэлементтердің көзі, ал тары мен талқан сауда миссиялары мен халықаралық көрмелер кезінде шетелдік тұтынушылар арасында барған сайын танылып келеді.

Дәстүрлі дала тағамдары шетелдегі қазақ мейрамханалары мен кофеханалар желісі арқылы да жақсы сатылуда. Мысалы, тары қосылған капучино – бір жағынан «ұнтақталған дала кофесі» іспетті сусын – бүгінде АҚШ-та да пайда бола бастады. Бұл – қарапайым, қолжетімді әрі пайдалы өнім», – дейді QazTrade бас директоры Айтмұхамед Алдажаров.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:184
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Наурыз 2026 13:34
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see169

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see164

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see160

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see160

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see144

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see131

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see125

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see125

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see124

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see121

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see119

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see118

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see114

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see110

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see109

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see108

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see107

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see107

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see106

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары