Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Қысқы туризмге қызығушылық артып келеді

Қысқы туризмге қызығушылық артып келеді

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Қысқы туризмнің тамырына қан жүгірту арқылы да қомақты қаржы көзін табуға болады. Алты ай қардың құрсауында қалатын еліміздің таулы өлкелерінде осы бағытты өрістетуге мүмкіндік орасан.

Суреттерді түсірген – Ерлан ОМАР, «ЕQ»

Алатаудың тепсеңіндегі «Shymbulak» тау шаңғы кешені ішкі туристер мен сырттан келер қонақты қабылдауда қарбаласқа түседі. Өйткені жылдан жылға Алматының інжу-маржанына ат байлап сейіл құрушылардың қатары қалыңдап келеді. Бұл – қуанарлық үрдіс. Сырттан келген әр туристің қаражаты қазынаға құйылады.

Қазір қысқы маусымның дер шағы. Бұл уақытта тау шаңғы курорттарында демалуға деген қызығушылық арта түседі. Бүгінде өңірлерде туристерге шаңғы, сноубордпен сырғанауға, өзге де белсенді демалыс түрлеріне арналған 13 орын жұмыс істейді.

«Shymbulak» – еліміздегі ең танымал тау шаңғы курорттары­ның бірі. Мұнда жалпы ұзын­ды­ғы 20 шақырымға жететін әртүр­лі деңгейдегі трассалар, аспа­лы жол, шаңғы мен сноубордты жалға беру пункттері бар. 2023 жылы бұл кешен әлемдегі ең биік түнгі тау шаңғы трассасы ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді. Мұнда келген қонақтар зип­лайн, атпен серуендеу, парапланмен ұшу, коньки теуіп те серги алады. Биыл бұл кешенде түрлі себеппен баға айтарлықтай қымбаттады. Дегенмен жеңілдік­тер де қарастырылған. Мәселен, зейнет жасына жеткен қарт кі­сілердің жұмыс күндері аспалы жолға Медеуден мініп, Шым­бұлаққа көтерілуі тегін. Тек елі­міздің зейнеткерлеріне ғана ­осындай жеңілдік қарастырыл­ған. Мүгедектігін растайтын құжатын көрсеткен азаматтар да бұл қызмет түріне қаражатын шығындамай, аспалы жолмен алаңсыз өрлейді.

Сонымен қатар көпбалалы отбасылар, ардагерлер, еңбек өтілімен зейнетке шыққан, өзге де әлеуметтік осал топ өкілдеріне жұмыс күндері билеттер мен ски-пасстар жеңілдікпен сатылады. Бес жасқа дейінгі балалардың курортқа кіруі жыл он екі ай тегін. Ал қыс мезгілінде сырғанаймын десе, тек ски-пасс картасын сатып­ алып, оған нөлдік абонемент жүктеу жеткілікті.

«Regular Season» кезінде жеңілдік бағдарламаларының қайта жандануы тау шаңғы ке­шенінде баға саясаты орнықты екенін аңғартады. Жыл сайын біздің кешен әлеуметтік осал топқа жататын 190 мыңға жуық қонақты қабылдайды», дейді тау шаңғы кешенінің қонақтарға қамқорлық көрсету қызметінің басшысы Темірлан Жүсіп.

Жолыңыз түсіп, еліміздің жауһары саналатын тау шаңғы кешеніне тынығуға бара қалса­ңыз, баға тарифтерін зерттеп­ алғаныңыз жөн. Мәселен, таңғы, түстен кейінгі сондай-ақ түнгі сырғанау уақытының бағалары күндізгі сырғанауға берілетін ски-пасстан арзандау. Ал шаңғы мен сноубордты аяғына жаңадан іліп, енді-енді «қаз басып» жүр­гендерге «Shymbulak»-тың арнайы «Бастаушы» тарифі бар. Осы тарифпен ски-пасс сатып алса­ңыз, ересектер мен балалардың үйренуіне арналған жайдақтау алаңда сырғанайсыз.

Былтыр жыл соңында «Shym­bulak» тау шаңғы кешені ақ­жол­тай ақпарат жарияла­ды. 2025–­2026 жылғы қысқы мау­сым­дық ски-пасс сатып ал­ған­­­­дар Қазақстан, Өзбекстан, Әзер­байжан, Ресей­дің ең ірі тау курорттарында еркін сырға­­най алады. «Shymbulak» тау ­курорты Еуразиялық тау курорттары альянсының (ЕТКА) мүше ­курорттармен бірлесіп, биыл «Ше­ка­расыз тау шаң­ғы­сы маусымы» ак­ция­сы­ның басталғанын хабарлады. Енді елі­міз­дегі «Shymbulak» немесе «Oi-Qaragai», Өзбекстан­дағы «Amirsoy», Әзербайжандағы «Shahdag», Ресейдегі «Роза Хутор» тау шаңғы курорттарынан мау­сымдық ски-пасс сатып алушы­лар осы мемлекеттердегі серіктес курорттардың әрқайсы­сын­да бес күнге дейін тегін ски-пас­спен сырғанауына мүм­кін­дігі бар. Акцияға қатысу шарты біреу-ақ – серіктес курорттың қонақ­үйлерінде немесе ұсынылған орналастыру орындарында аялдау.

«Шекарасыз тау шаңғысы маусымы» акциясы – Еуразия кеңістігін кернеп жатқан тауларда ортақ туристік аймақ құруды көздейтін жоба. Бұл бастама мемлекетаралық тау туризмін дамытуға әрі біртұтас маршрут қалыптастыруға жол ашады.

«Бізге курорттар арасындағы келісімдер тек жоспар жүзінде ғана қалмай, нақты іспен дәлел­­ден­гені маңызды. Акция қонақ­­тарымызға да орасан мүм­кін­діктер ашады. Сондай-ақ Еуразия­лық альянсқа мүше курорттар арасындағы тұрақты байланыс­ты нығайтады. Бұл жобаның ТМД-дағы «Тау туризмі жылы» деп жариялан­ған 2025 жылы басталуының да маңызы зор», дейді «Shymbulak» курортының бас директоры Ринат Әбдірахманов.

Еуразиялық тау курорттары альянсы 2023 жылы аймақтағы ең танымал курорттар еліміз­дің «Shymbulak», Өзбекстанның «Amirsoy», Ресейдің «Роза Хутор» кешендерінің бастамасымен құрылды. «Бүгінде Альянс тау курорттарына өзара тәжіри­бе бөлісуге, туризмді бірлесіп да­мы­туға сондай-ақ өз брендтерін Еуразия нарығында бірге таныту­ға мүмкіндік беретін ортақ алаң­ға айналып келеді.

Туризм және спорт министр­лігі қысқы маусымда демалуға қолайлы орындардың тізімін ұсынды. Алматы облысында Іле Алатауының сан салалы сілем­дерінде бірнеше тау-шаңғы ке­шендері бар. Оның ішіндегі шоқтықтысы «Oi-Qaragai» – төрт маусымдық отбасылық тау ку­рор­ты. Мұнда жалпы ұзындығы ­­28 ша­қырымдық 15 бағыттағы ­трасса бар. Аумағында мейрамха­на­лар, қонақүйлер мен ойын-сауық алаңдары жұмыс істейді.

Сырғанаудан бөлек, арқанды парк, ат спорты орталығы, садақ ату, пейнтбол сынды ойын тү­рімен қоса экскурсия да ұйым­дастырылады. Облыстың туризм саласын жандандыруға биік таулы ай­мақта орналасқан, әртүрлі да­йындық дең­гейіне арналған трассалар мен фрирайд бағытта­рын ұсынатын «Ақбұлақ» ке­шені­нің үлесі зор. Мұндағы сыр­ға­нау трас­саларының ұзындығы ­2 500 метрге дейін жетеді. Бұдан бөлек, Талғар ауда­нына қарасты Бесқайнар ауылдық окру­гіндегі «Pioneer» отбасылық тау курорты да бой сергітіп, ми тынықтыруға таптыр­мас мекен. Теңіз деңгейінен 2000 метр­ден жоғары биіктікте орналасқан ке­шен­дегі жолдардың жалпы ұзындығы – 3 000 метр. Әуесқойларға да, тәжірибелі спорт­шыларға да қолайлы. Ку­рорт жыл бойы жұмыс істейді. Мұн­да табиғи маршруттар, от­ба­сылық бағдарламалар, құрал-жабдық­тарды жалға алу қызметі де көрсетіледі.

Астаналықтар мен елорда ма­­ңындағы тұрғындарға қысқы ­маусымда Ақмола облысындағы дем­алыс кешендерінде тыны­ғу­дың тиімділігі мол. Щучье-Бура­бай курортты өңіріндегі «Orman Ski Resort» кешенінде жал­пы ұзындығы 800 метрге жете­тін әр­түрлі күрделі трасса­лар, көтер­гіштер, кешкі жарық­тан­дыру, жалға беру пункті мен нұс­қау­шы­лар мектебі бар. Мұн­да шаңғы, сноуборд, тюбинг, қар­да жүретін көліктер, шанамен сыр­ға­нау, қа­рағайлы орманда серуен­деуге бо­лады. Ал облыстың Зе­рен­ді ауда­нындағы «Elikti Park» ке­шеніне табан тіреген демалушы­лар тау шаң­ғысы, сноуборд, тюбинг, коньки теуіп, таза ауада се­руендейді.

Қысқы туризм оның ішінде тау-шаңғы кешенін дамытуға қо­лайлы, сұранып тұрған өңірдің бірі – Шығыс Қазақстан облысы. Өңірде бір емес төрт бірдей тау шаңғы кешені жұмыс істейді. Оның ішінде Өскемен қаласы­­нан 24 шақырым жерде орнық­қан «Алтай Альпісі» курортының ор­ны өзгеше. Мұнда ұзындығы 4 500 метрге дейін жететін 12 еңіс бар. Маусым қарашадан сәуірге дейін жалғасады. Шаңғы мен сноу­бордты үйретуге нұс­қаушылар қызметі ұсынылады. Сонымен қатар жабдықтарды жалға алу, пантамен емдеу, монша, балық аулау, атпен серуендеу қызметі бар. «Алтай Альпісі» тау шаңғы курортына былтырғы қысқы мау­сымда 50 мың демалушы келген.

«Тау шаңғы курортының ішкі есеп деректеріне сәйкес туристік ағынның жыл сайынғы өсімі 8–11%-ға жетті. Басқа өңірлерден келетін туристер қатарының да тұрақты өсу динамикасы бай­қалады. Мәселен, былтыр Астана қаласынан келушілер саны 2024 жылмен салыстырғанда 32%-ға­ артты. Тау шаңғы клас­теріне дема­лыс, мереке күнде­рі жүк­теме артады. Кешенді дамы­ту мақсатында 300-ден астам ин­фрақұрылымдық нысанды қам­титын эскиздік жоба әзірленді. Мұнда қолданыстағы инженер­лік желілерді жаңғырту, жаңа­дан салу, сондай-ақ мәдени-сауықтыру инфрақұрылымын қалыптастыру көзделген. Атап айтқанда, тағы да аспалы жолдар, жабдықтарды жалға беру пункттері, орналастыру нысандары, қоғамдық тамақтану орындары, санаторий-сауықтыру ке­шені, марал шаруашылығын ке­ңейту жоспарланып отыр», дейді «Центр-С» ЖШС бас­шысы Александр Гончаренко.

Риддер қаласының маңындағы «Stardust Camp» кешені Жоғары-Хайрузовка ауылында орналасқан. Ұзындығы 1 000 метрлік бугельді көтергіш, тюбинг, қонақүй мен глэмпинг жұмыс істейді.

Ұлттық статистика бюросы­ның ресми деректеріне сәйкес 2024–2025 жылдарғы қысқы мау­сымның қорытындысында өңір­ге 163 мың­нан астам турист кел­ген. Оның ішінде 7 мыңнан астамы – шетел азаматтары. Көрсетіл­ген ту­ристік қызметтер көлемі 3,2 млрд теңгеге жетіп, алдыңғы мау­­сыммен салыстырғанда табыс 38%-ға артты. Биылғы қысқы мау­­сымда туристер саны 180 мың адам­ға де­йін өседі деп болжанып отыр.

«Шығыс Қазақстан облысында туризмді дамытудың негізгі бағыттарының бірі – тау шаңғы туризмі. Қазір өңірде Риддер қаласында, Глубокое ауданында орналасқан төрт тау шаңғы ке­шені жұмыс істейді, олардың трас­саларының жалпы ұзын­ды­ғы – 40 шақырым. Қолданыстағы ­нысандарды жаңғырту, жаңа база­ларды салу, сондай-ақ қонақүй мен сервистік инфрақұрылым­ды дамыту жұмыстары жүргізі­ліп жатыр. Риддер тау класте­рін қалыптастыру мен перспективалы туристік локацияларды да­мыту жөнінде халықаралық серік­тестермен бірлескен жоба­лар іске асырылады», дейді облыстық туризм басқармасы басшысының орынбасары Ирина Смит.

Қысқы маусымда туризмді өріс­тетуге өзге де облыстардың әле­уеті жетеді. Тек қаржыдан қа­ға­жу етпей, заманауи үлгіде кешен са­лынса, келешекте қайыры­мы мол болмақ.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:189
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Қаңтар 2026 09:06
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see167

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see163

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see159

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see143

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see140

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see130

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see124

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see123

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see120

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see118

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see117

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see108

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see107

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see105

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see104

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see104

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see104

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары