Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

Бюджетке түскен батпан

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

Аида Балаева: Кітап оқуға қызығушылық тұрақты түрде артып келеді

Аида Балаева: Кітап оқуға қызығушылық тұрақты түрде артып келеді

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева оқырман қауымды Ұлттық кітап күнімен және Кітапханашылар күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бүгін Қазақстанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен бекітілген Ұлттық кітап күнімен қатар Кітапханашылар күні де аталып өтуде. Президент кітаптың қоғам дамуындағы айрықша орнын үнемі айтып келеді. Мемлекет басшысы: «Кітап оқыған ұрпақ озық ойлы болады. Сапалы ұлт осындай құндылықтар арқылы қалыптасады», деген болатын. Бүгінде елімізде 12 мыңға жуық кітапхана бар. Бұл салада 20 мыңға тарта маман еңбек етіп жүр. Мемлекет басшысы жуырда атап өткендей, кітап әлі де білім мен тұлғалық дамудың маңызды қайнар көзі болып қала береді. Осыған орай қазіргі уақытта кітапхана ісін жаңғыртуға ерекше мән беріліп отыр. Кітапханалар автоматтандырылған жүйелерге көшіп, жасанды интеллект технологияларын енгізіп, электрондық ресурстарын дамытып келеді. Соның нәтижесінде азаматтарға кітап қорына қашықтан қол жеткізу мүмкіндігі кеңейе түсті», деп жазды А.Балаева.

Министрдің айтуынша, мемлекеттік онлайн платформаларда да тұрақты өсім байқалады. Электрондық кітапхана ресурстарын пайдаланушылар саны 30 пайызға артып, 718 мың адамға жеткен.

Жалпы, кейінгі бес жылда онлайн оқырмандар саны 4 миллионнан, электрондық форматта қаралған кітаптар саны 9 миллионнан асып отыр.

«Ең бастысы, ел ішінде кітап оқуға деген қызығушылықтың тұрақты түрде артып келе жатқаны анық байқалады. Әсіресе балалар әдебиетіне сұраныс едәуір көбейді. Тек соңғы бір жылдың өзінде балалар кітаптарына сұраныс 75 пайызға артса, қазақ тіліне аударылған классикалық қазақ әдебиеті мен әлем классикасына деген қызығушылық 50 пайызға өсті. Бұл Қазақстандағы оқырман қауымның ауқымы кеңейіп, талғамы тереңдеп, санасы сергек бола түскенін аңғартады. Президенттің «Кітап оқитын ұлт» тұжырымдамасы аясында елімізде кітапханалар салу және оларды жаңғырту бағытында ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Астана, Алматы және Қызылорда қалаларында жаңа Президент кітапханалары салынатын болды», делінген жазбада.

Осы ретте министр қазірдің өзінде 36 қалалық және ауылдық кітапхана жаңғыртылғанын жазған. Ал, 2026 жылы тағы 30 кітапхананы жаңарту жоспарланып отыр.

«Бүгінде Ұлттық кітап күні жаңа мазмұнда, кең көлемде аталып өтіп жатқанын да ерекше атап өткен жөн. Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық кітап күніне орай бүкіл ел көлемінде онкүндік ұйымдастырды. Оған білім және мәдениет ұйымдары, кітапханалар, колледждер, жоғары оқу орындары мен қоғамдық бірлестіктер қатысып жатыр. Түрлі ақпараттық алаңдарда кітапқа, кітап оқуға, кітапханалардың рөліне және оқу мәдениетін дәріптеуге арналған 10 мыңға жуық материал жарияланды», деп жазды Аида Балаева.

Оның айтуынша, жалпы ел бойынша кітап оқу мәдениетін дамытуға және қоғамның зияткерлік әлеуетін нығайтуға бағытталған 100 мыңға жуық іс-шара өтіп жатыр. Олардың қатарында кітап фестивальдері, жәрмеңкелер, авторлармен кездесулер, түрлі акциялар, әдеби кештер, балалар мен жастарға арналған ағартушылық іс-шаралар бар.

«Қаламгерлер мен баспа ісін мемлекеттік қолдау жүйесі де тұрақты түрде дамып келеді. Елордада өтіп жатқан IX халықаралық Astana Eurasian Book Fair кітап көрме-жәрмеңкесінде бүгін «Ұлттық кітап» байқауы қорытындыланды. Тоғыз аталым бойынша жеңімпаздар анықталып, «Жыл кітабы» да жарияланады. Сонымен қатар жас жазушыларға арналған Президенттік арнаулы әдеби сыйлық, «Қазақстанның халық жазушысы» құрметті атағы және «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығы тағайындалған. Қазақстан Жазушылар одағымен стратегиялық әріптестік аясында да бірқатар ірі жобалар жүзеге асырылып келеді. Олардың қатарында «Жаңа Қазақстанның әдеби-танымдық панорамасы» және «Жазушылардың әдеби шеберлік мектебі» жобалары бар. Биыл Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан және Өзбекстан арасындағы мәдени-әдеби байланысты нығайтуға, шығармашылық ықпалдастықты дамытуға бағытталған «Түркі әлемінің әдебиеті» атты жаңа жобаны іске асыру жоспарланып отыр», делінген жазбада.

Сонымен бірге министрлік көркем шығарма арқылы қарапайым еңбек адамдарының өз ісіне адалдығын насихаттауды мақсат еткен «Ерлік пен еңбек дастаны» республикалық байқауын ұйымдастырды. Кейінгі он жыл ішінде мемлекеттік қолдау аясында 2 мыңнан астам кітап жарық көріп, олардың жалпы таралымы 6 миллион данадан асты.

«Құрметті достар! Қазіргі қоғамда кітапты білім мен парасаттың, мәдениет пен руханияттың асыл арнасы ретінде бағалай білудің маңызы айрықша. Кітап оқуды қолдау – бұл білімге жасалған инвестиция ғана емес, ойлы, жауапты, зерделі ұлт қалыптастыруға қосылған үлес. Барша кітапханашыларды, жазушыларды, баспагерлерді, сала мамандарын және оқырман қауымды Ұлттық кітап күнімен және Кітапханашылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!», деп жазды А.Балаева.

Соңғы жаңалықтар

Маңғыстауда жаппай мал қырылып жатыр: фермерлер өтемақы талап етті

Оқиға • Кеше

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды

Қылмыс • Кеше

СҚО-да кәріз станциясын жөндеу кезінде екі жұмысшы қаза тапты

Оқиға • Кеше

Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті

Теннис • Кеше

Ақмола облысында жасөспірімдер спорт нысандарын бүлдіріп, жабдықтарды ұрлаған

Оқиға • Кеше

26 наурыз – Арал теңізі, Әмудария және Сырдарияның халықаралық күні болып бекітілді

Экология • Кеше

Астанада жазушы-этнограф Төрехан Майбастың кітабы таныстырылды

Оқиға • Кеше

Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет

Президент • Кеше

Президент су саласына қатысты халықаралық конвенция қабылдауды ұсынды

Президент • Кеше

Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық

Президент • Кеше

Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті

Президент • Кеше

Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді

Мәдениет • Кеше

Қарағанды облысында қуаты 500 МВт болатын жел электр станциясы салынады

Аймақтар • Кеше

Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады

Қоғам • Кеше

Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді

Президент • Кеше

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:111
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Сәуір 2026 08:51
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

07 Қыркүйек 2026 22:03see145

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

08 Қыркүйек 2026 13:48see144

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

07 Қыркүйек 2026 21:43see142

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

08 Қыркүйек 2026 16:49see141

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

08 Қыркүйек 2026 07:22see140

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

08 Қыркүйек 2026 17:04see140

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

08 Қыркүйек 2026 20:43see139

Бюджетке түскен батпан

08 Қыркүйек 2026 04:59see139

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

08 Қыркүйек 2026 09:33see139

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

08 Қыркүйек 2026 13:07see138

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

08 Қыркүйек 2026 16:49see137

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

08 Қыркүйек 2026 10:15see135

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

07 Қыркүйек 2026 20:34see134

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

09 Қыркүйек 2026 01:12see132

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

08 Қыркүйек 2026 21:40see127

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

08 Қыркүйек 2026 19:15see123

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

08 Қыркүйек 2026 20:05see121

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

08 Қыркүйек 2026 23:41see119

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

09 Қыркүйек 2026 09:33see119

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

09 Қыркүйек 2026 08:07see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары