Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Архив саласы қызметкерлерінің еңбегі лайықты бағаланып келеді Аида Балаева

Архив саласы қызметкерлерінің еңбегі лайықты бағаланып келеді Аида Балаева

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева архив қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, архив ісінің мемлекет үшін маңызы зор екенін жеткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында жазды. 

– Архив ісі кез келген мемлекет үшін стратегиялық тұрғыдан өте маңызды. Ақпараттық технологиялар қарқынды дамып жатқан қазіргі уақытта архив дереккөздері ұлттық ресурстардың маңызды бөлігіне айналып, ұлттық бірегейлікті қалыптастыруда, патриоттық құндылықтарды орнықтыруда, еңбекке құрмет пен ұрпақтар сабақтастығын нығайтуда шешуші рөл атқарып отыр.

Қазақстанның қалыптасу және серпінді даму жолы, Тәуелсіздік жылдарындағы экономика, ғылым, мәдениет, спорт және өзге де салалардағы жетістіктер мемлекеттік архивтер қорында кеңінен көрініс тапқан, – деді Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева.

Оның айтуынша, бүгінде елімізде 236 мемлекеттік архив жұмыс істейді. Сонымен қатар онда жалпы көлемі 27,8 миллион сақтау бірлігін құрайтын 74 725 архив қоры сақтаулы. 3 миллионнан астам іс электронды форматқа көшіріліп, азаматтардың архив материалдарына қолжетімділігі  едәуір артқан.

– Тарихи-мәдени мұра саналатын бұл құжаттар Қазақстанда ғана емес, шетелдік ғылыми қауымдастық арасында да үлкен сұранысқа ие. Архив саласы жан-жақты дамып келеді. Биыл Мемлекет басшысының IV Ұлттық құрылтайда берген тапсырмасын орындау мақсатында Мәдениет және ақпарат министрлігі архив, музей және кітапханалардың құжаттық материалдарын біріктіруді көздейтін «Ұлттық цифрлық архив» порталын іске қосу жөніндегі Жол картасын бекітті, – деді Балаева.

Қазақстанның Ұлттық архив қоры бірегей дереккөздермен жүйелі түрде толығып келеді. «Архив — 2025» жобасы аясында Германия, Польша, Франция, Түркия, Үндістан, Иран, Египет және Орталық Азия мемлекеттерін қоса алғанда, 14 елдің архивінде, кітапханаларында және ғылыми мекемелерінде зерттеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, Қазақстан тарихына қатысты 7 мыңнан астам құнды құжат жиналып, олар кезең-кезеңімен ғылыми айналымға енгізіліп жатыр.

– Қазіргі архив қызметкері – жоғары зияткерлік әлеуетке ие, құжаттанушы-сарапшы, зерттеуші, IT маман, реставратор және аналитик құзыреттерін үйлестірген әмбебап кәсіби маман. Архив саласы қызметкерлерінің еңбегі лайықты бағаланып келеді. 2025 жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен үш архив қызметкері «Құрмет» орденімен, екеуі «Еңбек ардагері» медалімен, біреуі «Қазақстан Республикасы Конституциясына 30 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды. Сондай-ақ сала бойынша 197 қызметкер мен ардагер ведомстволық наградалар алды, оның ішінде 64 адам «Архив саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Мемлекет тарапынан архив қызметкерлерін қолдауға бағытталған жүйелі шаралар қабылданып жатыр. Биыл 265 маман біліктілігін арттыру курсынан өтіп, архив саласы қызметкерлерінің орташа жалақысы 29 пайыз өсті. Архив ісін дамытуға, архив қорын толықтыруға және құнды мұраны ғылыми айналымға енгізуге қосқан өлшеусіз үлестеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық және ел игілігі жолындағы қызметтеріңізге толайым табыс тілеймін. Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын, – деді Аида Балаева.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:128
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Желтоқсан 2025 10:32
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see141

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see138

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see136

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see135

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see135

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see134

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see133

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see133

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see131

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see131

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see131

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see131

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see131

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see130

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see129

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see129

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see129

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see128

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see128

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see128
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары