Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Зейнетақы жинақтарын тұрақты түрде қалыптастыратын қазақстандықтардың саны артып келеді

Зейнетақы жинақтарын тұрақты түрде қалыптастыратын қазақстандықтардың саны артып келеді

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Бұл үрдіс басқа елдерде әлдеқашан қалыптасқан тәжірибе. Зейнетақы жинақтарын өзінің қартайған кездегі әл-ауқат деңгейіне тікелей әсер ететін ұзақ мерзімді қаржылық капиталы ретінде қабылдайтын азаматтар саны көбеюде,  – деп хабарлайды Aikyn.kz. Бұған зейнетақы жинақтары көлемінің серпінді өсуі, халықты жинақтаушы зейнетақы жүйесімен (ЖЗЖ) қамту ауқымының кеңеюі, зейнетақы жарналарын тұрақты төлейтін азаматтар санының артуы дәлел.

Зейнетақы шоттары мен ондағы жинақтардың өсуі

2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша қазақстандықтардың БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтары 28,09 трлн теңгеге жетіп, бір жыл ішінде 4,08 трлн теңгеге немесе 17,0%-ға өсті.

ЖЗЖ дамуының негізгі көрсеткіштерінің бірі – зейнетақы шоттары санының тұрақты өсуі. 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-да 18,78 млн зейнетақы шоты ашылған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,11 млн немесе 6,3%-ға көп. Олардың ішінде салымшылардың (алушылардың) 12,80 млн жеке зейнетақы шоты бар. Оның ішінде 11,36 млн шот – міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), 786,27 мың шот – міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), 462,40 мың шот – ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша ашылған. Бұдан бөлек, БЖЗҚ-да жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) бойынша келіп түскен мәліметтер есепке алынатын 5,97 млн шартты зейнетақы шоты ашылған.

Шоттар мен жинақтар туралы барлық ақпарат ашық әрі азаматтарға тәулік бойы, аптасына 7 күн қолжетімді. Оны БЖЗҚ-ның сайтындағы немесе мобильді қосымшасындағы жеке үзінді көшірмеден, сондай-ақ БЖЗҚ-ның өңірлік бөлімшелерінен алуға болады.

Халықтың зейнетақы жарналарын төлеу белсенділігін қалай бағалаған жөн?

Азаматтардың зейнетақы жарналарын төлеу белсенділігін бағалау кезінде бірқатар маңызды жайттарды ескеру қажет. МЗЖ есепке алынатын шоттардың жалпы санына (11,36 млн) объективті себептерге байланысты жарналар түспейтін шоттар да кіреді. Оларға азаматтардың мынадай санаттары жатады:

- зейнет жасына жетіп, зейнетақы төлемдерін алып жүрген және еңбек қызметін әрі қарай жалғастырып, табысы болған жағдайда да зейнетақы жарналарын төлеуден босатылған зейнеткерлер;

- мерзімсіз уақытқа бірінші және екінші топтағы мүгедектігі белгіленген адамдар;

- 2016 жылдан бастап толық мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандыруға көшірілген әскери қызметшілер;

- елден тыс жерлерге тұрақты тұруға көшіп кеткен, бірақ зейнетақы жинақтарын алуға жүгінбеген салымшылар;

- қайтыс болған, ал мұрагерлері зейнетақы жинақтарына мұрагерлік рәсімін әлі ресімдемеген салымшылар;

- Қазақстан заңнамасына сәйкес шоттарына зейнетақы жарналары түспеуі тиіс салымшылардың (алушылардың) басқа да санаттары.

Сонымен қатар, әр адамның өмірінде зейнетақы жарналары төленуі тиіс табысы болмайтын объективті жағдайлар кездеседі. Оларға мыналар жатады:

• оқу орындарында білім алу;

• әскери қызмет өткеру;

• балаға және туыстарына күтім жасау;

• жұмыс іздеу және жұмыс ауыстыру кезеңдері;

• шетелде жұмыс істеу;

• жұмыстың маусымдық сипатына байланысты үзілістер;

• күнтізбелік жыл ішінде табысы тұрақты түрде түспейтін жұмысты атқару;

• ұзақ уақыт емделуге және оңалтуға байланысты кезеңдер.

Сондықтан халықаралық тәжірибеде халықтың жинақтаушы зейнетақы жүйесіне тартылуын бағалаудың жалпыға бірдей қабылданған әрі неғұрлым объективті көрсеткіштері ретінде табыс алатын азаматтардың саны және сәйкесінше жыл ішінде кемінде бір жарна түскен белсенді жеке зейнетақы шоттарының саны қарастырылады.

Тек 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында мұндай шоттардың саны 7,20 млн-нан 7,34 млн-ға дейін, яғни 150,3 мың шотқа артты. Сәйкесінше, бұл шоттардағы зейнетақы жинақтарының көлемі де өсті. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында олардың көлемі 20,95 трлн теңгеден 22,24 трлн теңгеге дейін, яғни шамамен 1,29 трлн теңгеге немесе 6,2%-ға ұлғайды.

Белсенді шоттардың негізгі бөлігі тұрақты еңбек қызметін жүзеге асыратын және МЗЖ-ны жүйелі түрде төлейтін азаматтарға тиесілі. Олардың саны алты ай ішінде 6,77 млн-нан 6,93 млн-ға дейін өсті, ал осы шоттардағы жинақтар 20,10 трлн теңгеден 21,07 трлн теңгеге дейін ұлғайды.

Зейнетақы жарналарын төлеудің тұрақтылығы мен толықтығы

ЖЗЖ-ға қатысу ұзақтығынан бөлек, жеткілікті зейнетақы жинақтарын қалыптастырудың маңызды факторларының бірі – жарналарды тұрақты әрі толық көлемде төлеу.

Қазақстанда бір жыл ішіндегі МЗЖ төлеудің орташа тұрақтылық көрсеткіші біртіндеп өсіп келеді:

- жалдамалы қызметкерлер арасында бұл көрсеткіш 2024 жылғы 8,95 жарнадан 2025 жылы 8,98 жарнаға дейін өсті;

- өзін-өзі жұмыспен қамтығандар арасында 7,36-дан 7,53 жарнаға дейін артты.

Бұл ретте 2025 жылы жалдамалы қызметкерлердің 80%-ыжәне өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың 64%-ы зейнетақы жарналарын жылына 6-дан 12 ретке дейін аударған.

2025 жылы жарналардың орташа мөлшері жалдамалы қызметкерлер арасында 43 661 теңгені құрады. Бұл республика бойынша орташа жалақы деңгейіндегі табыстан төленетін жарна мөлшерімен үйлеседі. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарарасында бұл көрсеткіш 23 225 теңге болды, бұл ең төменгі жалақыдан жоғары, алайда медиандық жалақыдан төмен табыстан төленетін жарнаны көрсетеді.

Ұзақ мерзімді динамика да халықты ЖЗЖ-мен қамту деңгейінің және МЗЖ төлеу тәртібінің біртіндеп жақсарып келе жатқанын көрсетеді. Егер 2015 жылы МЗЖ есепке алынатын белсенді шоттардың саны 6,07 млн болса, 2025 жылы олардың саны 7,20 млн-нан асты. Жарналарды жылына 6-дан 12 ретке дейін төлейтін азаматтардың үлесі 2015 жылғы 71%-дан 2025 жылы 78%-ға дейін өсті. Тиісінше, жарналарды жүйелі түрдеемес, яғни жылына 1-ден 5 ретке дейін аударатын азаматтардың үлесі 29%-дан 22%-ға дейін төмендеді.

Зейнетақы жарналарының салымшылар табысының деңгейіне тәуелділігі

Салымшылардың табыс деңгейіне қарай МЗЖ есепке алынатын белсенді жеке шоттардың құрылымында да оң өзгерістер байқалады.

2025 жылдың қорытындысы бойынша (2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай) ең төменгі жалақыдан (ЕТЖ) төмен табыстан жарна төленетін шоттардың үлесі 12%-дан 9%-ға дейін қысқарды. Мұндай шоттардың саны 838,3 мыңнан 652,4 мыңға дейін, яғни 22,2%-ға азайды. Олардың қатарына жұмыс күнітолық емес немесе ауысымдық жұмыспен қамтылған салымшылар жатады.

Сонымен бірге жоғары мөлшердегі табыстан жарна түсетін шоттардың да саны артты. 2025 жылдың қорытындысы бойынша медиандық жалақыдан орташа айлық жалақыға дейінгі аралықтағы табысы бар белсенді шоттардың үлесі 44%-дан (2025 жылғы 1 қаңтардағы) 45%-ға (2026 жылғы 1 қаңтарда) дейін өсті. Ал мұндай белсенді шоттардың саны 3,17 млн-нан 3,28 млн-ға дейін артты.

Бұл динамика ресми жұмыспен қамту және табыстың өсуін ғана емес, азаматтардың өз табыстарынан жарналарды ашық әрі толық көлемде төлеу арқылы қалыптастыруға ұмтылысын да көрсетеді.

2025 жылдың қорытындысы бойынша жалдамалы қызметкерлердің жүйемен қамтылу деңгейі 91%-ға жетті. Бұл олардың толық дерлік қамтылғанын және зейнетақы жинақтарын қалыптастырудағы белсенділіктерін көрсетеді.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар арасында қамту деңгейі төменірек. Осыған байланысты халықаралық оң тәжірибені ескере отырып, оларды зейнетақы жүйесіне тарту бойынша кешенді шараларды іске асыру қажет. Бұл аса маңызды, өйткені базалық зейнетақы мөлшері де еңбек өтіліне байланысты. Ал еңбек өтілі БЖЗҚ-ға МЗЖ-ның ай сайын түсуі негізінде айқындалады.

Осылайша, қазіргі жағдайда зейнетақы жинақтарын қалыптастыру зейнеткерлікке шыққаннан кейінгі табысты қамтамасыз ету тетігі ғана емес, сонымен қатар қоғамның қаржылық мәдениеті мен азаматтардың қаржылық дербестігінің маңызды элементіне айналып келеді.

Азаматтар өз шоттарының жай-күйін үнемі бақылап, БЖЗҚ-ның электрондық сервистерін пайдаланады, инвестициялық кірісті қадағалап, зейнетақы активтерін басқару мүмкіндіктерін зерделейді. Азаматтардың өз жинақтарын қалыптастыруға қатысуы, жарналарды тұрақты түрде төлеуі және жинақтарды басқаруға қызығушылық танытуы Қазақстанда ұзақ мерзімді қаржылық жоспарлау мәдениетінің біртіндеп қалыптасып келе жатқанын көрсетеді. Бұл ретте болашақтағы әл-ауқат үшін жауапкершілік мемлекет, жұмыс берушілер және азаматтардың өздері үшін ортақ міндетке айналуда.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:126
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Тамыз 2026 08:58
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see131

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see129

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see126

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see126

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see125

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see125

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see124

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see123

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see122

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see122

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see122

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see122

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see122

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see121

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see120

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see120

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see119

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see119

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see119

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see118
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары