Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Қытайдың он бесінші бесжылдық жоспары: Жоғары сапалы даму, инновациялар мен ішкі сұранысты кеңейту

Қытайдың он бесінші бесжылдық жоспары: Жоғары сапалы даму, инновациялар мен ішкі сұранысты кеңейту

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

«Ұсыныстар» – елдің 2026–2030 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының жалпы бағытын айқындайды.

Құжат үш бөліктен, жалпы 15 тараудан тұрады. Онда Қытайдың он төртінші бесжылдық кезеңіндегі даму тәжірибесі жүйелі түрде қорытындыланып, әлеуметтік-экономикалық дамудың алдағы межесі сараланып, келесі бес жылға арналған стратегиялық міндеттер мен басты шаралар белгіленген. Құжатта атап көрсетілуінше, он бесінші бесжылдық – Қытайдың социалистік жаңғыртуды негізінен жүзеге асыру үдерісіндегі өткенді түйіндеп, болашаққа жол ашатын мәнді, шешуші кезең болмақ. Осы жылдары Қытай елдің бұған дейін қол жеткен табыстары мен басымдықтарын нығайта отырып, құрылымдық кедергілерді жоюға және кемшіліктердің орнын толықтыруға ден қоюы, сөйтіп, 2035 жылға қарай социалистік жаңғыртуды негізінен іске асыруға берік іргетас қалауы қажет.

Құжатта айтылуынша, алдағы бес жылда Қытайдың даму ортасы күрделене түспек. Халықаралық ахуал терең өзгеріске ұшырап, ғылыми-технологиялық революция мен өнеркәсіптік трансформация үдерісі жедел қарқын алмақ. Сонымен қатар халықаралық қатынастардағы белгісіздік факторлары айтарлықтай арта түспек. Соған қарамастан, Қытай экономикасы ұзақ мерзімді әрі тұрақты даму әлеуетін сақтап қалады. Алайда, «Ұсыныстарда» атап көрсетілгендей, тиімді сұраныстың жеткіліксіздігі, өнеркәсіптік трансформацияның қысымы, жұмыспен қамту мен халықтың табысын арттырудың баяулауы, демографиялық құрылымдағы өзгерістер сияқты бірқатар қиындықтар экономиканың қарқынды өсуіне кедергі болуы ықтимал.

Әлеуметтік-экономикалық дамудың жалпы мақсаты туралы айтар болсақ, құжатта алдағы бес жылда Қытай экономикасының қалыпты өсім қарқынын сақтай отырып, жоғары сапалы даму үдерісінде айтарлықтай нәтижеге қол жеткізу, жиынтық факторлық өнімділікті тұрақты түрде арттырып, тұрғындардың тұтыну деңгейін айтарлықтай көтеріп, ішкі сұранысты экономикалық өсімнің басты драйверіне айналдыру қажеттігі атап көрсетілген. Құжатқа сәйкес, 2035 жылға қарай Қытайда жан басына шаққандағы ЖІӨ үлесі орташа дамыған елдердің деңгейіне жетіп, елдің жиынтық қуаты, ғылыми-технологиялық әлеуеті және халықаралық ықпалы айтарлықтай артады.

Фото: Синьхуа

«Ұсыныстарда» басты міндеттер қатарында он екі бағыт бойынша стратегиялық шаралар айқындалған. Өнеркәсіптік даму саласында заманауи индустриялық жүйе орнату, экономиканың нақты секторларының негізін нығайту, өндіріс, сапа, аэроғарыш, көлік және интернет салалары бойынша қуатты держава құруды ілгерілету керектігі атап көрсетілген. Сонымен қатар, алдағы бес жылда жаңа энергия, жаңа материалдар, төмен биіктіктегі экономика, кванттық технология, биотехнологиялық өндіріс және алтыншы буын ұялы байланыс жүйесі сияқты жаңа және болашаққа бағытталған стратегиялық салаларды дамытудың жаңа тетіктері қалыптастырылмақ.

Құжатта ғылыми-технологиялық инициатива дамудың негізгі қозғаушы күші ретінде қарастырылған. Келесі бес жылда Қытай жоғары технология саласындағы тәуелсіздік пен дербестікті нығайтып, іргелі зерттеулер мен бастапқы, төлтума инновацияны күшейтпек. Құжатқа сәйкес, елдің Ұлттық ғылыми-технологиялық жүйесі айтарлықтай жетілдіріліп, маңызды, шешуші салалардағы технологияларды игеруге айрықша күш салынады. Құжатта сондай-ақ «ЖИ+» бағдарламасын жүзеге асырып, жасанды интеллект технологиясын әлеуметтік-экономикалық өмірдің түрлі салаларымен терең ықпалдастыру, ЖИ бойынша басқару тетіктері мен этикалық нормаларды жетілдіру қажеттігі де атап өтілген.

Макроэкономикалық саясат бағытында, «Ұсыныстарда» антициклдік реттеу тетіктерін нығайту, белсенді қаржы саясаты мен байсалды ақша-несие саясатын жүргізу, макроэкономикалық басқару тиімділігін арттыру көзделген. Жоспарға сәйкес, мемлекеттік және жеке кәсіпорындардың дамуына бірдей мән беріледі, «Жеке секторды қолдау туралы Заңның» талаптары шынайы орындалып, меншік құқығы мен әділ бәсекелестікті қорғау күшейтіледі. Сонымен бірге құжатта «қаржы державасын» құруды жеделдету, тікелей қаржыландыруды кеңейту, қаржылық реттеу мен тәуекелдердің алдын алу шараларын күшейту міндеттері де атап көрсетілді.

Құжатта ішкі сұранысты кеңейту болашақ өсімнің басты тетігі ретінде айқындалған. Айтылуынша, елде бірыңғай ұлттық нарық қалыптастырылып, өңірлік протекционизм мен нарықтық кедергілерді жоюға, тұтыну мен инвестицияның өзара тиімді ықпалдастығын арттыруға күш салынбақ. Құжатта тұтынуды ынталандыруға бағытталған арнайы бағдарламаны іске асыру, азаматтардың тұтыну қабілетін арттыру, ақылы демалыс және тұрғын үй мен автокөлік саласындағы тұтыну саясатын жетілдіру, тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейту міндеттері белгіленген.

Фото: Синьхуа

Ашықтық саясаты туралы айтар болсақ, құжатқа сәйкес, Қытай жоғары стандартты сауда-экономикалық ережелерін басшылыққа ала отырып, қызмет көрсету секторы бойынша нарыққа қолжетімділікті кеңейтеді, еркін сауда аймақтарының желісін жетілдіреді, «Бір белдеу, бір жол» бастамасының жоғары сапалы дамуын жалғастырып, серіктес елдермен инфрақұрылым, цифрлық экономика және жасыл даму салаларындағы ынтымақтастықты күшейтеді. Инфрақұрылым саласындағы «қатты байланыстар» нығайтылумен қатар ережелер мен стандарттар бойынша «жұмсақ байланыстарды» тереңдетуге де баса мән беріліп, көпдеңгейлі өзара көлік және логистикалық байланыс желісі жетілдіріледі. Символдық мәндегі ірі жобалар мен халық тұрмысын жақсартуға бағытталған «шағын және тиімді» жобалар бірыңғай жоспарланып, бірге ілгерілетіледі. «Қытай – Еуропа (Азия)» теміржол бағытының даму деңгейі көтеріліп, Батыс Қытай құрлық-теңіз жаңа дәлізінің құрылысы жеделдетіледі.

Халық тұрмысы жайлы айтар болсақ, алдағы бес жылда Қытай әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін одан әрі жетілдіріп, зейнеткерлік, медициналық, жұмыссыздық және өндірістік жазатайым оқиғалар бойынша сақтандыруды кеңейтуге ниетті. Құжатқа сәйкес, жылжымайтын мүлік саласында жаңа даму моделін кезең-кезеңімен қалыптастыру, қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуді оңтайландыру, демографиялық саясатты жетілдіру, жастарды неке құрау мен бала табуға ынталандыру, жалпыға бірдей бала күтімі мен балабақша қызметін дамыту, халықтың қартаюына белсенді түрде бейімделу өзекті міндет болмақ.

Қауіпсіз даму бағытында құжатта ұлттық қауіпсіздік жүйесін нығайтудың қажеттігі айрықша атап өтілген. Азық-түлік, энергетика, өндірістік тізбек пен қаржы қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету, жылжымайтын мүлік және жергілікті қарыз саласындағы тәуекелдердің алдын алу және салдарын жою шараларын үйлестіру жоспарланған. Киберқауіпсіздік, ЖИ қауіпсіздігі, биологиялық және экологиялық қауіпсіздік сияқты жаңа бағыттарда ұлттық қорғаныс қабілетін арттырып, елдің стратегиялық қауіпсіздігін қорғау көзделген.

Фото: Синьхуа

Құжатта сондай-ақ ұлттық қорғаныс пен әскерді жаңғыртуды жеделдету, стратегиялық тежеу күшін нығайту, жаңа салалы және жаңа сапалы жауынгерлік күштерді ауқымды және жүйелі түрде соғысқа бейімдей отырып дамытуға басымдық беру, ұшқышсыз интеллектуалды жауынгерлік күштерді жедел дамыту, дәстүрлі жауынгерлік күштерді жаңғырту мен түрлендіру атап көрсетілген. Сондай-ақ ҚКП ОК-нің бірыңғай басшылығын күшейту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті тереңдету және таза және ашық саяси орта қалыптастыру да басты міндеттердің бірі ретінде көрсетілген.

Қорыта айтқанда, он бесінші бесжылдық кезеңінде, Қытай өткен бесжылдықтың жетістіктері негізінде, жоғары сапалы даму, ғылыми-технологиялық инициатива, өзіндік дербестік және ішкі сұранысқа бағдарлану бағыттарына көбірек назар аударады. Келесі 5 жылда Қытай қауіпсіздік пен ашықтықтың, өсім мен табыстың үйлесімін сақтауға, күрделі де алмағайып геосаяси жағдай мен халықаралық ортада стратегиялық табандылық танытуға, қытайлық модернизацияны жаңа деңгейге көтеріп, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын сақтап қалуға ден қояды. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:126
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қазан 2025 16:52
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see154

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see146

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see144

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see143

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see142

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see142

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see140

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see136

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see133

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see133

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see130

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see126

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see126

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see120

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see118

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see118

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see117

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see117

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see116

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары