Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Қыз Жібек Астана Балет сахнасында

Қыз Жібек Астана Балет сахнасында

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Өткен жыл «Астана Балет» театрының шығармашылық бағыты айқындалып, ұжымның ұлттық әрі халықаралық сахнадағы беделі нығая түскенін көрсетті. Театр классикалық дәстүр мен заманауи ізденісті сәтті ұштастырып, көрерменге балет өнерінің кең тынысын, эстетикалық тереңдігін ұсынды. Осы табысты жол биыл да жалғасын тауып, жаңа премьера, ауқымды гастрольдік сапарлар һәм жарқын мәдени жобалармен толыға түспек.

Ұжым ұсынған мә­ліметтерге сүйен­сек, алдағы маусымда теа­тр репертуары классикалық мұра мен қазіргі хореография арасындағы шығармашылық диалогқа негізделеді. Бұл ба­ғыт­тағы назар аударарлық премьералардың бірі – Морис Равельдің музыкасына қойылған заманауи бір актілі «Bolero X» балеті. ХХ ғасырдың музыкалық жауһары саналатын Boléro оркестрлік вариациялары негізінде жасалған қойылым бидің табиғатын, оның уақыт пен кеңістіктегі эволюциясын философиялық тұрғыда зерделейді. Ырғақ пен пластика, музыка мен қимыл біртұтас көркем әлемге айналып, көрерменді заманауи хореографияның жаңа қырларымен таныстырады.

Сонымен қатар 2026 жылғы репертуарда театрдың бас балетмейстері Мұкарам Ава­хридің қойылымындағы «Қыз Жібек» балеті айрықша орын алады. Қазақтың мәңгілік махаббат дастанын арқау еткен спектакль дәстүрлі бейнелерді заманауи сахналық шешімдермен үйлестіре отырып, ұлттық клас­сиканың мазмұнын те­рең ашады. Бұл қойылым арқылы театр мәдени мұраға деген құрметті, оны бүгінгі көрерменге жаңаша ұсыну мүмкіндігін айқын көрсетеді.

Маусымның ең ірі оқиға­ларының бірі – әлемдік балет өнерінің інжу-маржаны саналатын «Баядерка» балетінің ауқымды премьерасы болмақ. Айтулы туындыны сахналау арқылы «Астана Балет» театры академиялық дәстүрге адалдығын дәлелдеп, отандық көрерменге әлемдік балет ре­пертуарының үздік үлгілерін жоғары кәсіби деңгейде ұсынуға дайын екенін айқындайды.

Шығармашылық ұжым, сондай-ақ осы жылы театрдың репертуары классикалық балеттермен қатар заманауи хореографиялық жобаларға, ұлттық бағдарламалар мен концерттік қойылымдарға да толы болады деп уәде етіп отыр. Симфониялық оркестр қатысатын спектакльдер мен концерттер, хор, үздік солис­тер, шақырылған дирижерлер өнер көрсететін жобалар театрдың музыкалық бағытын тереңдете түседі. Оркестр жеке көркем ұжым ретінде дамып, концерттік қызметін де жүйелі түрде жалғастырады.

Бұған қоса биыл «Астана Балет» театры гастрольдік са­парларға шығып, еліміздің түкпір-түкпірін аралауды әрі шетелдік сахналарда өнер көрсетуді жоспарлап отыр. Бұл сапарлар әртістер үшін жаңа мәдени тәжірибе жинақтап қана қоймай, театрдың халықаралық деңгейдегі беделін арттыруға ықпал етеді. Сонымен қатар білім беру және әлеуметтік жобаларға ерекше мән беріліп, Қазақ ұлттық хореография академиясымен ынтымақтастықты кеңейту, жас хореографтар мен әртістерді қолдау, халықаралық шығармашылық бастамаларды іске асыру басты назарда болады.

Осылайша, 2026 жыл «Астана Балет» театры үшін көркем ізденіс пен шығармашылық серпіліс кезеңіне айналмақ. Жаңа премьералар, ұлттық және әлемдік классиканың үйлесімі, гастрольдік сапарлар мен білім беру жобалары театрдың мәдени кеңістіктегі маңызын арттырып, көрерменге балет өнерінің терең де сан қырлы әлемін әйгілейді.

Соңғы жаңалықтар

Астанадағы бұқаралық шаңғы жарысына қалай қатысуға болады?

Елорда • Бүгін, 10:44

Түндегі тілсіз жау: СҚО-дағы бір ауданда екі адам өрттен қаза тапты

Төтенше жағдай • Бүгін, 10:42

Кофе неге қымбаттап барады?

Баға • Бүгін, 10:35

Теміртаудың тең жартысы жылусыз қалды

Аймақтар • Бүгін, 10:23

Жапониядағы кезектен тыс сайлау: Премьер-министр парламентті тарату туралы шешім қабылдады

Саясат • Бүгін, 10:17

Полиция дерегі: Алаяқтардың арбауына көбінде кімдер ілінеді?

Аймақтар • Бүгін, 10:04

Әлімханұлына қатысты допинг дауы: Қайта тыңдау тағайындалды

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:00

Хромтауда газ жарылды: 5 адамды күйік шалды, бір адам жансақтау бөлімінде жатыр

Төтенше жағдай • Бүгін, 09:50

Болгария президенті қызметінен кететінін мәлімдеді

Саясат • Бүгін, 09:43

Жаңа салық режимі: Кәсіпкерлер нені ескеруі тиіс?

Бизнес • Бүгін, 09:34

«Манчестер Ситиде» ұзақ жылдар бойы топ деңгейдегі қорғаушы болады: Гвардиола өзбек футболшысы туралы

Футбол • Бүгін, 09:24

Термо шам

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:18

Қар жауып, бұрқасын соғады: 20 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Ауа райы • Бүгін, 09:17

Face ID қалай пайда болды?

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:15

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 09:12

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:208
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Қаңтар 2026 11:39
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары