Қызылордада 10 жыл бойы бюджет қаражатын жымқырған бухгалтерге қатысты үкім шықты
Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Сот материалдарына сәйкес, ауылдық клубтың бухгалтері мен мекеме директоры қызметтік өкілеттігін пайдаланып, шамамен 10 жыл бойы бюджет қаражатын заңсыз иемденген.
Қылмыстық әрекет қызметкерлерге жалақыны артық аудару арқылы жүзеге асырылған, кейін түрлі себептермен (қате есептеу, шоттың бұғатталуы және т.б.) қаражат кері қайтарылған. Көптеген қызметкер бұл заңсыз әрекеттерден хабарсыз болған.
Жымқырылған қаражат көлемі 36 миллион теңгені құрады. Сот оларды 7 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.
Бухгалтерге қатысты Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы 2025 жылғы 23 маусымдағы Заңның 3-бабы 3-тармағы 1-тармақшасы қолданылып, жазасы 1/3 бөлігіне қысқартыла отырып, 4 жыл 8 айға азайтылды.
Алайда сот актілерінің заңдылығын тексеру барысында рақымшылық заңының дұрыс қолданылмағаны анықталды. Бұл санаттағы істерде Заңның 3-бабы 5-тармағының арнайы нормасы ғана қолданылуы тиіс.
Бас прокуратураның шағымы бойынша Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сот апелляциялық инстанцияның шешімін өзгертіп, бухгалтердің жаза мерзімін 5 жыл 7 айға ұлғайтты.
Бұған дейін Жамбыл облысында 108 млн теңге бюджет қаражатын жымқыру дерегі анықталғанын жазған едік.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:49
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Сәуір 2026 12:12 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















