Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Реанимацияда 40 күн жатты : Бағым Мұхитденованың неден қайтыс болғаны белгілі болды

Реанимацияда 40 күн жатты : Бағым Мұхитденованың неден қайтыс болғаны белгілі болды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Белгілі әнші әрі продюсер Бағым Мұхитденованың жолдасы Әділжан Юсуповтың неден қайтыс болғаны белгілі болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Өнер иесі бұл туралы тележүргізуші Тимур Балымбетовке берген сұхбатында айтып берді.

Әділжан Юсупов өкпе қабынуының салдарынан өмірден өтті. Оның денсаулығы коронавируспен ауырғаннан кейін күрт нашарлап, сол сырқаты асқынып кеткен.

“Оның өкпесіне қабыну түсті. Оның денсаулығы 2020 жылы коронавируспен ауырғаннан кейін нашарлай бастады. Негізі коронавируспен екеуіміз де ауырдық, үйде жатып емделдік. Маған бәрі жақсы болып көрінген, бірақ бір күні ол өзін жайсыз сезініп тұрғанын айтты. Мен бірден ауруханаға жатып, дәрігерлердің бақылауында болуды ұсындым. Ол жаңа жыл қарсаңы еді. Мені 31 желтоқсанда үйге жіберді, ал оны реанимацияға ауыстырды. Ол онда 40 күн жатты. Ауру оның өкпесіне қатты әсер етті, кейін қант диабеті, қан қысымының жоғарылауы және басқа да сырқаттар пайда болды. Қысқасы, ковидтен кейін оның денсаулығына өте қатты әсер етті”, – деді өнер иесі. 

Бағым Мұхитденованың айтуынша, жолдасы әрдайым мықты, ауру дегенді білмейтін, ауырып тұрса да мән бермей, жүре беретін адам болған. Продюсер марқұм күйеуінің сырқаты қаншалық ауыр екенін білгендіктен, үнемі қорқынышпен жүрдім дейді.

“Мен күн сайын “Құдай үшін дәрі ішші, ұмытпашы, әйтпесе қан қысымың көтеріліп кетеді” деп ескертіп жүретінмін. Кейде “Өзіңді күтпейсің, мені жесір қалдыңғың келе ме? Ұлымызды жалғыз өізм үйлендіргенімді қалайсың ба?” деп айтатынмын. Осындай ой мені үнемі мазалайтын”, – дейді ол.

Әділжан Юсупов коронавируспен ауырғаннан кейін бірнеше жыл бойы қалыпты өмір сүрген. Алайда 2025 жылғы жаңа жыл қарсаңында ауруы қайта қозып, 2 қаңтар күні ауруханаға түседі. Өнер иесінің жары сол ауыр күндерді тебірене еске алды.

“Жаңа жыл алдында екеуміз тағы да ауырып қалдық. Мен оны жай ғана тұмау шығар деп ойлап, антибиотик ішсе, жазылып кетеді деп сендім. Бірақ оның жағдайы күн сайын нашарлай берді. Мен “Бүгін 31 желтоқсан, ауруханалар әлі жұмыс істеп тұр, дәрігерге көрінші” деп жалындым. Бірақ ол мерекеден кейін баратынын айтты. Ақыры 2 қаңтарда жағдайы тым ауырлап кеткен соң жедел жәрдем шақырдық, оны ауруханаға жатқызды. Ертеңінде маған хабарласып, "жағдайы өте ауыр, желдеткіш аппаратқа қосылады" деді. Бұл сөздер маған үкім сияқты естілді. Оны 3 қаңтарға қараған түні өкпені жасанды желдету аппаратына қосты, өйткені өкпесі өздігінен жұмыс істемеді. Бірақ ИВЛ-ге қосылғанның өзінде тынысы дұрысталмады, сатурация төмен болды. Дәрігерлер ЭКМО аппаратына қосуды ұсынды. Соның арқасында ол тағы 33 күн өмір сүрді, бірақ сол уақыттың көбінде ес-түссіз жатты”, – деді ол.

Продюсер күйеуінің қайтыс боларынан бірер күн бұрын іштей бір жамандықты сезгенін жасырмады. Оның сөзінше, жүрегі бір жайсыздықты алдын ала сезгенімен, соған сенгісі келмей, өз-өзін жұбатып жүрген.

“Ол көз жұмған күні үйге әпкем келді. Мен ұйықтап жатқан едім. Оянсам, төсегімнің жанында жылап тұр. Не болғанын түсінбей, аң-таңмын. "Күйеуіне бір жағдай болды ма?" деп ойладым. Шындықты сезсем де, сенгім келмеді. Бір сәттен кейін бәрін ұқтым... Дүние төңкеріліп кеткендей күйде қалдым. Сенгім келмеді, қабылдай алмадым. Алғашқы күндер өте ауыр өтті. Мен 33 күн бойы үмітпен өмір сүрдім, бәрі жақсы болады деп сендім. Ал ол кеткен соң – бәрі бекер екенін түсіндім”, – деді әнші.

Әділжан Юсупов – отандық музыка индустриясында өз орнын қалдырған танымал продюсер. Ол дарынды әнші, продюсер Бағым Мұхитденованың күйеуі. Ерлі-зайыптылар 1997 жылы танысып, 2001 жылы отбасын құрған. Бүгінде бір ұлы бар. 

Әділжан Юсупов қазақстандық шоу-бизнестегі түрлі өнер қайраткерлерімен бірге жұмыс істеген.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:157
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қараша 2025 14:30
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see169

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see164

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see160

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see160

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see144

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see131

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see125

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see125

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see124

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see121

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see119

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see118

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see114

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see110

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see109

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see108

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see107

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see107

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see106

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары