Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Реформалар энергиясы: Екібастұзда жаңа Конституция еңбек адамын қалай қорғайтыны талқыланды

Реформалар энергиясы: Екібастұзда жаңа Конституция еңбек адамын қалай қорғайтыны талқыланды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері Павлодар облысы Екібастұз қаласында еңбек ұжымдарымен, білім беру, мәдениет салаларының өкілдерімен және қоғам белсенділерімен бірқатар кездесу өткізді. Жиындардың негізгі тақырыбы – адам мен оның әл-ауқатын мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде бекітетін жаңа Конституция жобасы, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Кездесулер барысында энергетиктер, кеншілер, педагогтер мен мәдениет қызметкерлері Ата Заң жобасындағы басты өзгерістерді талқылап, жаңа конституциялық нормалардың өнеркәсіп, білім беру және денсаулық сақтау салаларында еңбек ететін азаматтардың құқығын ең жоғары заңнамалық деңгейде қалай қорғайтыны туралы пікір алмасты.

Кездесулер өңірдегі энергетика және тау-кен саласының ірі кәсіпорындарын қамтыды. «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» және мыңдаған маман еңбек ететін «Богатырь Көмір» ЖШС-да жұмысшылардың әлеуметтік қорғалуы мәселесіне ерекше назар аударылды. Бұған дейін еңбек қауіпсіздігі мен жалақыға қатысты көптеген кепілдіктер ұжымдық шарттар арқылы реттеліп келсе, енді күрделі әрі қауіпті жағдайда еңбек ететін азаматтардың құқығы Конституция деңгейінде бекітілетіні атап өтілді.

Кеншілер мен энергетиктер еркін пікір алмасуға белсенді қатысып, өндірістік мәселелермен қатар экологиялық тақырыптарды да көтерді. Атап айтқанда, жаңа Конституция әрбір азаматтың қолайлы қоршаған орта мен таза ауаға құқығын бекітеді. Бұл өз кезегінде өнеркәсіпті экологиялық жаңғырту мен заманауи «жасыл» технологияларды енгізуді одан әрі дамытуға негіз болады.

Кездесуге қатысушылар жаңа Ата Заң еңбек құқығы мен әлеуметтік әділеттілікке қатысты конституциялық кепілдіктерді күшейтіп, декларативті қағидаттардан нақты құқықтық тетіктерге көшуді қамтамасыз ететінін атап өтті.

«Бүгінде еңбек адамы мемлекеттік саясаттың басты басымдығы ретінде ресми түрде танылып отыр. Бұл – жай ғана сөз емес, қауіпсіз еңбек жағдайын және кемсітусіз әділ еңбекақыны қамтамасыз ететін қатаң конституциялық кепілдіктер. Біз үшін «Богатырь Көмір» ЖШС-дағы самосвал жүргізушісінен бастап «ГРЭС-1» ЖШС инженеріне дейін әрбір азамат мемлекетті өз құқығы мен қадір-қасиетінің сенімді кепілі ретінде сезінуі маңызды», – деді коалиция мүшесі Нұржан Әшімбетов.

Кездесулерде гуманитарлық салаға да қатысты талқылаулар орын алды. Диалог «Самғау» балалар шығармашылығы және «Атамұра» мәдениет орталықтарының алаңдарында өтті. Қатысушылар жаңа Конституция аясында білім мен мәдениет тек әлеуметтік қызмет емес, ел дамуының стратегиялық ресурстары ретінде қарастырылатынын атап өтті.

Шамамен 9 мың баланы қамтитын және инклюзияға толық бейімделген «Самғау» орталығы тең мүмкіндіктер мен педагог мәртебесін қолдаудың жаңа моделі ретінде нақты үлгіге айналды. Ал «Атамұра» мәдениет орталығының қызметкерлері сала мамандарының әлеуметтік кепілдіктерін білім беру саласы қызметкерлерінің құқығымен теңестірудің маңызын атап өтті.

Кездесуге қатысушылардың пікірінше, жаңа Конституцияның басты лейтмотиві – адамға бағытталған даму жүйесін қалыптастыру. Мұнда білімге, мәдениетке және адам капиталына салынған инвестициялар ел болашағының берік іргетасы ретінде қарастырылады.

«Жаңа Конституция жүйені жеке адамның қажеттіліктеріне сай қайта құруда.  Заңның өзегінде адам, оның сапалы білім алуға, заманауи медицинаға және мәдени өзіндік болмысын қалыптастыруға деген құқығы тұр. Білім беру орталықтарына инвестиция салу арқылы біз жаңа буын креаторларын қалыптастыруға үлес қосамыз. Ал олардың дамуға деген құқығы елдің Ата Заңымен қорғалады», – деді коалиция мүшесі Серік Ақылбай.

Кездесулер қорытындысы бойынша, қатысушылар конституциялық реформалар мемлекет, бизнес және қоғам әрбір қазақстандықтың әл-ауқаты, тұрақтылығы мен өркендеуі үшін ортақ жауапкершілік алатын орнықты даму моделін қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:107
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Наурыз 2026 11:18
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары