Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ұлттық банк шешімінен кейін кредиттер, ипотека және депозиттер не болады: экономистер түсіндіреді

Еуроодақтың ең ұзын өзені қарқынды түрде тартылып жатыр

Зейнетақы жинақтарын толығымен аударуға болады Тимур Сүлейменов тәуекелдер туралы айтты

Respublica: Қарағандыдағы фермерлердің шығыны азайып, жұмысы жеңілдеді

Алматы әуежайындағы тәртіпсіздік: екі ер адам рейстен түсіріліп, жазаланды

Астанадағы нөсерден кейін әлеуметтік желілер табылған заттар бюросына айналды

Бюджет қаражатын жымқыруды ұйымдастырған күдікті Вьетнамнан жеткізілді

Көлік нөмірін картоннан жасап алған павлодарлық жүргізуші ұсталды

Қарттыққа жиналған қаржының қадірі кетпей ме?

Ғалымдар адам өмірінің биологиялық шегін анықтады

Алматыда түнде жантүршігерлік жол апаты болды: Мотоцикл жүргізушісі қаза тапты

Балалар лагерI бақылаусыз қалды

Байрақ түркілік мемлекеттік рәміз

Алматыда құны 5 млн теңгеден асатын контрафактілі монтаж желімі тәркіленді

Сүлейменов базалық мөлшерлемені одан әрі төмендету шартын атады

Қызанақ, қияр, сәбіз және жұмыртқа арзандады

Қазақстандағы мешіттер ЮНЕСКО ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді

Мемлекет басшысы Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты реттеу мәселесіне қатысты өз ұстанымын жеткізді

Ресей Президенті Ресей мен Қазақстан серіктестігін ілгерілетуге өңірлердің қосқан үлесін жоғары бағалады

Қазақстан Ресей: Аймақаралық ынтымақтастық нығайып келеді

Сафари жанрдың саңлағы

Сафари жанрдың саңлағы

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Түркі жұртының алтын бесігі – Алтайда туған қаламгерлерге Алла Тағала «егер ата қонысыңды жазар болсаң, шыңы мен шыңырауынан шиырлап, шыңылтыр аязына дейін әдіптеп суретте, қала берді қойнау-қолаттарына дейін қопарып жаз» деген алабөтен жауапкершілік жүктеп қойған тәрізді. Сол құтты мекенде өмірге келген үркердің шоғырындай қазақтың соқталы қаламгерлерінің шығармалары арқылы бүкіл Алаш жұрты Алтайды жете таныды, көркемдік әлемі арқылы оның ықпыл-жықпылын аралап көрді, тауы мен тасына бауыр басты, ақырында алыста жатып сол әзіз топырақты бәрі сағынатын болды. Сөздің құдіреті деген, міне осы!

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Айтса-айтқандай, мұзарт шыңдары мың­жылдықтарда мұқалмай, жүз­жылдықтардың жүрек лүпілін үзбей тыңдап келе жатқан Өр Алтай талай-талай тарланды дүниеге әкелді. Сондықтан Алтайдың тұлғасы қаншалықты асқақ болса, құрсағы да соншалықты құтты.

Арғысын айтпағанның өзінде күні кеше қазақ әдебиетіне Балемер Сахариев, Қалихан Ысқақ, Оралхан Бөкей, Дидахмет Әшімхандай қарымды қаламгерлерді берген асқаралы Алтай еді. Сол Алтай қазақ халқына еш тарылмастан Әлібек Асқаровтай қанына сия тамған тамаша сөз шеберін тарту етті. Мұндай құбылысқа қуанасың да, марқаясың да.

Әлібек Асқаров – әдебиетіміздің көрнекті өкі­лі, сырбаз да сыршыл жазушы. Ол шығар­ма­шылығының шыңында тыныстап, тұма­­ның тұнығындай кәусар туындыларымен оқыр­манның рухани шөлін қандырып келе жат­қан дарынды қаламгерлердің сойынан. Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауда­нын­дағы Екіаша қыстағында дүниеге келді. Маң­дайына жазылғандықтан, бала кезден шығар­ма­шылықты шиырлап жүрді. Мек­теп бітірген соң ауылда киномеханик болды. Күн­дердің күнінде Алтайын Алатаумен қауыш­тырсам деген ізгі иниетпен ару Алматыға тартты.

Алматыдағы көркемсурет училищесін, ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірді. Сөйтіп, бояу мен сөзді үндестіре білген қазақ­тың нағыз суреткеріне айналды.

Дарынды жазушының әр жылдары қаламы­нан туған «Құтмекен», «Тайга толғауы», «Жасыл әлемге саяхат», «Ерте түскен бозқырау», «Өр Алтай, мен қайтейін биігіңді», «Мұнар тауды, мұзарт шыңды аңсаймын», «Социализм әңгімелері», «Социализм хикаяты», «Кешегі күннің хикаясы», «Алтай – алтын бесік, ата жұрт», «Көңілдің көк дөнені», «Батқан күннің бояуы», «Алтайда алтын күз еді», «Әдебиет әлемінің әзілдері», «Қойға шапқан қара аю», «Көккөл», «Шанағаты», «Аспантау», «Шабанбай», «Мұзтау», «Қазығұрт», «Қайы­рымды Үміт мүйісі немесе Жер шетіне саяхат», «Қиғаш хикаясы» сияқты кітаптары қазақ әдебиетінің қазынасын қалыңдатқан бірегей маржан туындылар.

Осыдан елу жылдай бұрын «Құтмекенді» құлшына жазып, шығармашылық жолын жаңа бастаған қалам иесі бүгінгі Өр Алтайдай өз биігін сомдайтынын сол кезде сезбеген де шығар деп ойлайсың. Осы күнгі тұтастай «Әлібектің әлемін» жасау жолында ол қаншама тер төкті, аянбай еңбек етті десеңізші! Сол еңбегі оған төл әдебиетімізге соны тәсіл, тың өрнек әкелдірді, өзіне ғана тән қайталанбас жазу стилін орнықтырды.

Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақ­стан­­ның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат», «Барыс» ордендерінің иегері Әлібек Асқаров­тың шығармашылығы туралы қазақтың не бір аузы дуалы игі жақсылары мен жайсаңдары пікір білдірді. Олардың ішінде көркем тілдің абыздары, ақын-жазушылар Қадыр Мырза-Әлі, Шерхан Мұртаза, Герольд Бельгер, Мұзафар Әлімбаев, әдебиет зеттеушілері – академиктер мен ғылым докторлары Серік Қирабаев, Шериаздан Елеукенов, Сауытбек Абдрахманов, академик-философтар Әбдімәлік Нысанбаев пен Ғарифолла Есім, тарихшы Бүркіт Аяған сынды соқталы тұлға­лар бар. Бәрі де көлемді мақалалар жазыпты, монографиялық зерттеулеріне арқау етіпті. Жазушы шығармалары жөнінде тұщымды ой, жақсы пікір білдіріпті. Жазушы еңбектері­нің көркемдік әрі мазмұндық құндылықта­рына бәрі де жоғары баға беріп, ортақ пайым жасапты.

Мұндай зор бағаға ие болу – қолына қалам ұстаған әрбір қаламгердің арманы, маңдайына бұйырған сирек бақыт дер едік.

Мәселен, Әлібек Асқаровтың «Өр Алтай, мен қайтейін биігіңді...» романы жайын­да заңғар жазушыларымыздың бірі Шерхан Мұртаза «Лев Толстойдың Қажымұратын­дағы соқа жы­рып кеткен түйежапырақтың ­тамырындай ауыл­дың жаны сірі, тамыры тереңде. Осы көрі­ністі көркем әдебиеттен көрем деген кісі осы кітапты оқысын», деп оқырманға бағыт сілтейді. Қазақтың біртуар ақыны Қадыр Мырза Әлі: «Әлібек өзінің туған Алтайын жырлаудайын-ақ жырлап баққан. Елітіп оқисың. Әйгілі Алтайдың айтып жеткізе алмайтын, жырлап тауыса алмайтын сұлу­лығы мен соны жанын салып суреттеген ­Әлібек інімнің талантына мен дән риза болдым» ­деп ағынан жарылады. Академик Серік Қирабаев «Бұл – бір ғажайып лирикалық хикая, жұп-жұмсақ, мөп-мөлдір, адамның сезімін, ойын тереңнен қозғап, құйылып тұрған сыр» екенін бүкпесіз жеткізеді. Айтулы ғалым, қазақтың нағыз зиялысы Шериаздан Елеукенов: «Өр Алтай, мен қайтейін биігіңді...» – тәуелсіздік кезеңі әдебиетінің шұғылалы шығармасы», – деген салиқалы ой тастайды. Филология ғылымдарының докторы, профессор Сауытбек Абдрахманов: «Әлібек Асқаровтың маңда­йына қазақ сөз өнерінде сафари жанры­ның ізашары болу жауапкершілігі жазылыпты, осы бақыт қаламгердің тағдырына бұйы­­рып­ты. Э.Хэмингуэй, Х.Маккой, Дж.Адамсон, т.б. қаламгерлердің тұнып тұрған таза да тұмса табиғаттың қойнау-қолатында тікелей өзі барып, бәрін өз көзімен көріп, өз таным-түйсігімен ақ қағаздың бетіне төгілдіріп түсір­ген тамаша жаз­баларынан кейін осы жаңа жанрға қалам тарт­қан Әлібек Асқаровтың осы тақырып­тағы шығармалары жыл өткен сайын табиғат-ана­мыздан алыстатып, жанымызды жүдетіп бара жат­қан мына жаһандану дәуірінде айрықша аяулы»­ деп зерделі ойын айшықтайды.

Әлібек Асқаров қабырғалы қаламгер ғана емес, қажырлы қайраткер.

Бәрін тізіп көрсетпей-ақ, бір-ақ мысал кел­тірейін. Тәуелсіздік жылдарында ұлт рухания­ты мен мәдени мұрамызға қатысты 350 мың таралыммен шығарылған 160 том кітап ­Әлібек Асылбайұлының тікелей үйлестіруімен жа­рыққа шықты.

Әлібек ағамен, Президент Әкімшілігінде, Мәдениет және ақпарат министрлігінде ол кісі – басшы, мен қосшы, ол кісі – ұстаз, мен шәкірт дәрежесінде біраз жыл қоян-қолтық бірге қызмет атқардық. Кейде ресми құттық­тау мәтіндерінде көп қолданылатын «білімді, білікті, тәжірибелі, қажырлы» сықылды сын есімдер құдды бір Әлекеңе арнап айтылған ба деп ойлайсың. Құрғақ мақтау емес, қу сөзден қуырдақ қуыру да емес. Расында да көп біледі, білгенін ешкімнен аяп қалмайды. Төр­ағамын деп төбеңнен оймайды, бастықпын деп басынбайды. Тапсырманы майдан қыл суырғандай етіп шуақты пейілмен береді. Салиқалықпен жүктелген мұндай міндетті енді сапалы орындамай көр. Ұрысып істеткен­нен гөрі, ұялтып істеткеннің жауапкершілігі әлдеқайда зор болатынын әрі нәтижесі мол болатынын сол кісіден үйрендім. Бір сөзбен айтқанда, дегбірсіздікті жаны қаламай­тын дегдар жан. Маңайына шарапатын төгіп жүретін мамыражайлығымен қоса, қасын­дағы әріптестерін қорғауда – діңі берік. Бірде еліміздегі үлкен саяси науқан алдында өңір-өңірге таратылатын үгіт-насихаттық плакаттың мәтініндегі сөзге байланысты дау шықты. Оны бекітіп таратуға пәрмен бергендердің ішінде Әлібек Асқаровпен бірге қазір елеулі лауазымдар атқарып жүрген белгілі тұлғалар бар. Аппараттық тәртіп қатаң. Қалайда жа­уапты адамдардың біреуіне жаза қолданы­лып, қызметтен кетуге тиіс. Осы жерде Әлекең ашығын айтты. Жігіттер, мен біраз жылдардан бері үлкенді-кішілі қызметтер атқарып келемін. Ал сендер енді өсіп келе жатырсың­дар. Шығар биіктерің әлі алда. Мен сендер­дің орта жолда қанаттарыңның қырқылып қалғанын қаламаймын. Сондықтан бәрін өз мойныма аламын. Сендерден сұрайтын болса, бірден маған сілтей беріңдер» деп байлам жасағаны әлі күнге дейін есімізде.

Мұзтаудың мұнарлы шыңдарындай бүгінде жетпіс бестің жоталы биігіне көтерілген осындай қаламгер һәм қайраткер ағамыздың ғибратты ғұмыры ұзақ та ұлағатты даңғылмен жалғаса берсін деп тілейміз.

Қуат БОРАШ 

Соңғы жаңалықтар

Оқушыларға барлық жағдай жасалған

Білім • Бүгін, 07:40

Тағы бір қазақ мектебі ашылды

Білім • Бүгін, 07:30

Он үшінші білім ошағы

Білім • Бүгін, 07:20

Тағы бір колледж халықаралық ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне шықты

Қазақстан • Кеше

Әлем және Азия рекорды: Қазақстан мергендері жалпыкомандалық есепте көш бастады

Спорт • Кеше

Бейбітшілік кеңесі туралы тағы бір мәлімет: Ақорда түсініктеме берді

Қазақстан • Кеше

Богданович мұздығында қар көшкіні қаупі жоғары

Оқиға • Кеше

Олимпиада-2026: Фристайл-акробатикадан ел намысын кімдер қорғайды?

Спорт • Кеше

Екі облыс аумағындағы автожол жабылды

Қоғам • Кеше

23 қаңтарда Астанада бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды

Елорда • Кеше

«Тәуелсіздік ұрпақтары» – 2025 грантының жеңімпаздары марапатталды

Марапат • Кеше

Қазалыда теміржол үстінен өтетін аспалы көпір ашылды

Аймақтар • Кеше

Отаншыл маман даярлауды басты мақсат санаймыз

Пікір • Кеше

Мемлекет басшысы Давоста бірқатар кездесу өткізді

Президент • Кеше

Мемлекет үніңізге құлақ ассын: eOtinish-ке қанша хат келіп түседі?

Қоғам • Кеше

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:91
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Қаңтар 2026 08:42
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ұлттық банк шешімінен кейін кредиттер, ипотека және депозиттер не болады: экономистер түсіндіреді

24 Шілде 2026 18:32see166

Еуроодақтың ең ұзын өзені қарқынды түрде тартылып жатыр

24 Шілде 2026 21:05see160

Зейнетақы жинақтарын толығымен аударуға болады Тимур Сүлейменов тәуекелдер туралы айтты

24 Шілде 2026 18:31see159

Respublica: Қарағандыдағы фермерлердің шығыны азайып, жұмысы жеңілдеді

24 Шілде 2026 18:54see156

Алматы әуежайындағы тәртіпсіздік: екі ер адам рейстен түсіріліп, жазаланды

24 Шілде 2026 19:58see150

Астанадағы нөсерден кейін әлеуметтік желілер табылған заттар бюросына айналды

24 Шілде 2026 19:24see149

Бюджет қаражатын жымқыруды ұйымдастырған күдікті Вьетнамнан жеткізілді

24 Шілде 2026 19:47see148

Көлік нөмірін картоннан жасап алған павлодарлық жүргізуші ұсталды

25 Шілде 2026 13:01see142

Қарттыққа жиналған қаржының қадірі кетпей ме?

25 Шілде 2026 08:50see142

Ғалымдар адам өмірінің биологиялық шегін анықтады

25 Шілде 2026 15:22see137

Алматыда түнде жантүршігерлік жол апаты болды: Мотоцикл жүргізушісі қаза тапты

25 Шілде 2026 11:57see136

Балалар лагерI бақылаусыз қалды

25 Шілде 2026 05:24see136

Байрақ түркілік мемлекеттік рәміз

25 Шілде 2026 09:21see135

Алматыда құны 5 млн теңгеден асатын контрафактілі монтаж желімі тәркіленді

25 Шілде 2026 15:05see134

Сүлейменов базалық мөлшерлемені одан әрі төмендету шартын атады

24 Шілде 2026 18:28see133

Қызанақ, қияр, сәбіз және жұмыртқа арзандады

24 Шілде 2026 18:49see132

Қазақстандағы мешіттер ЮНЕСКО ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді

25 Шілде 2026 14:33see132

Мемлекет басшысы Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты реттеу мәселесіне қатысты өз ұстанымын жеткізді

25 Шілде 2026 21:11see129

Ресей Президенті Ресей мен Қазақстан серіктестігін ілгерілетуге өңірлердің қосқан үлесін жоғары бағалады

25 Шілде 2026 22:16see127

Қазақстан Ресей: Аймақаралық ынтымақтастық нығайып келеді

25 Шілде 2026 08:21see127
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары