Салмақтары 500 грамнан аз: Алматы облысында үшем шетінеп кетті
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
АСТАНА, 21 шілде – Sputnik. Алматы облысында мерзімінен бұрын дүниеге келген үшем шетінеп кетті.
Қарасай аудандық ауруханасында жүкті әйел дер кезінде кезінде бақылауға алынғанын хабарлады. Осы жүктілік кезінде ол тұрғылықты жерінде бірнеше рет демеуші терапия алған.
"2026 жылдың 18 шілдесінде түнгі сағат 3:00-де ол екі сағат бойы қағанақ суының кетуі деген шағыммен жедел жәрдем көлігімен жеткізілді. Үшем екенін, тұрақты босану процесі жүріп жатқанын және қағанақ суының кеткенін ескере отырып, басқа клиникаға ауыстыру мүмкін болмады. Себебі бұл жағдай әйел үшін де, нәрестелер үшін де жоғары қауіп төндіреді", - деп жазылған хабарламада.
Мамандардың айтуынша, жүктіліктің 25 апта мерзімінде салмақтары 500 грамнан аз үшем дүниеге келген. Бұл уақытта өмірлік маңызы бар органдар, әсіресе өкпе және орталық жүйке жүйесі әлі толық қалыптаспаған.
Қазір көрсетілген медициналық көмек сапасына ішкі аудит жүргізіліп жатыр.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:48
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Шілде 2026 17:55 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















