Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Самат Байыров: Көрерменнің қошеметі бар ауыртпалықты ұмыттырады

Самат Байыров: Көрерменнің қошеметі бар ауыртпалықты ұмыттырады

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

– Әркімнің театрға келу жолы әртүрлі. Қара шаңырақ – Қалибек Қуанышбаев театрының табалдырығын алғаш аттаған күнмен бүгінгі Самат Байыровтың арасында қандай айырмашылық бар?

– Театрға Алматыдағы Т. Жүргенов атындағы Өнер академиясын бітіргеннен кейін, 2001 жылы Әзірбайжан Мәмбетов ағамыздың шақыртуымен келдім. Ол кезде әлі түк білмейтін, сарыауыз балапан едік. «Мә-ә, біз мұндай дүниені істей аламыз ба, қолымыздан келмесе ше» деген қорқыныш болатын. Сахнаға шығып ойнаудың өзі біз үшін үлкен үрей еді. Бәрі уақыт еншісінде екен. Осы қара шаңырақта көп нәрсе үйрендім. Рөлдерді сомдай жүріп, көрерменге жеткізе білуді, сахнаның этикасы мен эстетикасын меңгере алдық. Алдағы буын аға-апаларымызбен етене жұмыс істеп, адамды сыйлаудың мәнін ұқтым. Арада 25 жыл өтті, актер ретінде төселіп, қиындыққа моймауды үйрендік. «Білгенімізден, білмегеніміз көп» дегендей, әлі де үйренеріміз бар.

– Театр – тірі ағза. Сәбіт Оразбаев, Асанәлі Әшімов сынды театр абыздары өз сұхбаттарында «сахнаға әр шыққан сайын алғаш шыққандай толқимын» деген, сізде де солай ма? Толқынысыңызды қалай жеңесіз?

– Әрине, кез келген актер сахнаға шығар алдындағы қобалжып, толқиды. Дайындық кезінде білінбегенімен, кешке спектакль басталып, көрермен жиналған сәтте кеуде тұсың дүрс-дүрс соғып, демің тарылып, қобалжып кетесің. Алайда қалай сахнаға қадам басып кіресің, кейіпкер әлеміне еніп, бәрі ұмытылып кетеді.

– Жалпы, сіз сомдаған рөлдердің ішінде өзіңізге, мінезіңізге, болмысыңызға ең жақыны қай бейне? Шынайы болмысыңызға мүлдем қарама-қайшы келетін кейіпкердің рөлін сомдап көрдіңіз бе?

– Маған ең жақын әрі ерекше ыстық кейіпкер – Әзірбайжан Мәмбетов қойған «Ғасырдан да ұзақ күн» спектакліндегі Мәңгүрттің бейнесі. Ол кезде біз жас едік, жан-жақтан келген кезіміз. Сол қойылымда Мәңгүрттің мінезін, оның трагедиясын бойыма сіңіріп, алғаш рет көзіме жас алып ойнаған едім. Сонысымен рөл маған жақын, мәңгі жүрегімде қалды.

– Кейде актерлер «рөлден шыға алмай қалдым» деп жатады. Ауыр психологиялық рөлдерден кейін немесе кейіпкер болмысына қатты берілшген соң өзіңізге келу қаншалықты қиын?

– Қойылым кезінде образға кіріп, жұтылып кетесің. Бірақ спектакль бітіп, елдің қошеметін алуға шыққанда бүкіл ауыртпалықты ұмытасың, масаттанасың. Себебі актер үшін халықтың соққан шапалағы мен ыстық қошеметінен үлкен бақыт жоқ. Бірде Кен Кизидің «7+1» спектакліне дайындық барысында кейіпкерді шынайы шығару керек болды. Сонда 2 сағатқа созылатын қойылымды сахнадан ешқайда шықпай ойнағанымыз бар.

– Егер әлемдік классикадан немесе қазақ драматургиясынан өзіңіз қалаған кез келген бір рөлді таңдап ойнау мүмкіндік берілсе, қандай кейіпкерді таңдар едіңіз?

– Жастығымда «Еңлік – Кебектегі» Кебекті ойнауды армандадым. Уақыт өте есейесіз, жастық шақтағы шыдамсыздық сабырлылыққа ұласады, әр шешімге байыппен келу керегін түсіне бастайсыз. Сондықтан ондай ұсынысқа дәл қазір нақты қай рөлді таңдарымды айта алмаймын. Себебі, «жүрегіме жақын тартатын кейіпкер осы» деп кешіп-пісіп, біреуді айту қиын.

– Қойылымды сахнаға шығарарда қанша дайындаласыз?

– Қандайда да бір белгіленген, бекітілген уақыт жоқ. Дегенмен әр қойылымның ауқымына қарай әртүрлі өтеді. Мысалы, «Қан мен Тердің» мәтінін талқылаудың өзіне,  үстел үстіндегі оқылымға бір айдан астам уақыт кетті. Онда 30 адам ойнасақ, бәріміз мәтінді бірге оқимыз. Басында жазылған мәтінді режиссер сахнаға лайықтап, орын-орнына қойып, өзгертеді. Сол кезде мәтін төңірегінде біраз пікірталас туындайды. Осындай дайындықтың өзі кемінде 1-2 аптаға созылады. Содан кейін қай жерде қалай сөйлеу керек, қай мәтінді қалай жеткізу қажет екені талқыланған соң сахнаға алып шығамыз. Кейбір қойылым қаражатына немесе күрделілігіне байланысты 3 айдан 6 айға дейін дайындалады. Ал енді бірін бір жарым айда дайындап шығамыз.

Оның үстіне, дайындық кезеңінде сол қойылымға  байланысты шығарманы оқуға, оның авторымен танысуды басты назарға ұстаймыз.

– Сахнада сөзіңізді ұмытып немесе реквизит табылмаған кездер болды ма? Мәселен, көрермен алдында сценарийсіз, импровизациямен алып шыққан оқиғаңызды айтып берсеңіз.

– Өзім барынша мәтінді ұмытпауға тырысамын, бірақ ойнап жатқанда күтпеген жағдайлар болмады емес, болады. Негізі сахнаға шыққанда залдағы көрерменге тікелей қарамаймыз. Өйткені алдыңа прожектор шағылысып, көрермен залы анық көріне бермейді. Сондай сәттің бірінде  көзім көрерменнің біріне түсіп кетіп, мәтін ойымнан мүлдем ұшып кеткені бар. Сол кезде серіктесімнің көмегі тиді. Өзімнің кібіртіктеп, сахнада арлы-берлі жүріп, сасқанымды сезген әріптесім келесі мәтінге көшіп кеткен. Осыдан кейін не айтылу керегі бірден еске сап ете қалды. Сахна сыртына шыққанда «ұмытып қалдым, жолым болмады-ау» деп алып, артынан «әй, ештеңе етпес, ештеңе етпес» деп күліп аламыз. Әрине, көңілің түсіп өзіңе ашуланасың, бірақ әрі қарай ойынды бұзбай, рөліңді алып шығуға тырысасыз. Сондықтан қазір қойылымның алдында мәтінді міндетті түрде мұқият қарап, қателікті қайталамауға тырысамын.

– Сіз үшін кино мен театрдың басты айырмашылығы неде?

– Бірде Атырауда газ атылған үлкен скважина – «35-ші авария» туралы тарихи туындыға түстім. Бұл – менің үлкен кинодағы алғашқы қадамым. Сонда маған киноның табиғаты, ондағы еркіндік қатты ұнады. Режиссер мәтінге сай бағыт-бағдар береді. Ал әрі қарай рөлді өз деңгейіңде дамытып, ойнап шығасың. Өнердегі жолымды театрдан бастап, сахнада қалыптастым. Сондықтан көбіне театр сахнасында көрінуге тырысамын. Әрине, киноға шақырту алып, өнер көрсету, танылу – кез келген актердің арманы. Қазіргі заманда актер үшін танымалдылық өте маңызды. Десе де, маған театр сахнасында сомдаған әр бір рөлім аса қымбат. Егер киноға лайықты ұсыныстар болса, ойнауға әрқашан дайынмын.

– Көрерменнің көңілінен шығу – актер үшін ең үлкен марапат деп білеміз. Бірақ бүгінгі көрерменнің талғамына көңіліңіз тола ма? Соңғы 10 жылдықта халықтың театрға қызығушылыға артты ма?

– Иә, көрермен талғамы өсті. Жас кезімізде, ескі театрда жүргенде, халық көп келе бермейтін. 2001-2002 жылдары зал толтыру қиындау болды. Ол кезде көрерменді оқушылармен толтыратын, ал оларың қойылым үстінде тыныштық сақтай бермейтін. Ал қазір елдің театрға деген қызығушылығы артқан, залымыз қашан көрсеңіз де көрерменге лық толы. Жасы үлкен аға-апаларымыз  бен орта буын ғана емес, жастарымыз да  спектакльдерден қалмауға тырысады. Сондықтан ел ішінде халықтың театрға деген белсенділігі арта түскен.

– Өнер адамы ретінде сізді қазіргі қоғамда қандай мәселелер мазалайды немесе шабыттандырады?

– Мені мазалайтын да, ойландыратын да басты нәрсе – алдағы жаңа қойылымдағы рөлімді жоғары деңгейде шығару. «Қан мен тер» спектаклінің премьерасы өткелі жатыр. Соған дейінгі уақыт мені қатты толқытып жүр: «Қалай болады?», «Мәтіннің көлемі үлкен, 40-50 бет, ұмытпай, нақышына келтіріп, айтып шықсам екен, халық қалай қабылдайды?» деген ой мазалайды. Осы рөлмен ізденіп, сәтті ойнап шыққым келеді. Премьераға дейінгі осы күндер менің қазіргі ең үлкен уайымым да, жауапкершілігім де болып тұр.

– Өнер жолына енді қадам басып келіп жатқан жас буынға, біз секілді студенттерге айтар кеңесіңіз қандай?

– Адам өмірінде екі нәрседен қателеспеуі керек: жар таңдау және мамандық таңдау. Өмір болған соң «әттеген-ай» дейтін сәттер болып жатады. Дегенмен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, жастарға мұң-қайғы жараспайды. Өмірде еңсере алмайтын қиындық жоқ, сондықтан жастар оптимист болуы керек. Бастысы – өмір жолында төзімділік пен сабырлықты ұмытпаса, діттеген мақсатына қол жеткізе алатынына сенемін.Олар қандай жол таңдаса да, сол өмірлік жолында тек сәттілік тілеймін.

Ақбота Мамырбек

ЕҰУ журналистика мамандығының 3-курс студенті

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:112
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Қыркүйек 2026 15:44
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары