Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Сәтбаев университеті Астана қаласында жаңа инженерлік кампус ашты

Сәтбаев университеті Астана қаласында жаңа инженерлік кампус ашты

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Жаңа кампус академиялық дайындықты, ғылыми-зерттеулер мен индустрияны біріктіретін инженерлік білімнің, ғылым мен инновациялардың орталығына айналмақ.  

90 жылдықтан астам тарихы бар Сәтбаев университеті сол уақыт аралығында 160 мыңнан астам инженерлерді даярлап шығарды. Олар Қазақстанның индустриялануына, энергетика, геология және машина жасау салаларының дамуына зор үлес қосып келеді. Қазақстанның тұңғыш Ұлттық техникалық зерттеу университетінің Астанада ашылған инженерлік кампусы еліміздің солтүстік аймақтарында өнеркәсіптік секторлардың қарқынды түрде дамуына қажетті инженерлердің жаңа буынын даярлауға бағытталған.

Сәтбаев университетінің жаңа инженерлік кампусы өнімді ғылыми-білім беру ортасын қалыптастыру мақсатында заманауи аддитивті технологиялардың, робототехника, энергетика және машина жасау ісінің зертханаларымен, коуоркингтермен және ыңғайлы зерттеу кеңістіктерімен жабдықталған. Оқу процесі Сәтбаев университетінің академиялық стандарттарына сәйкес, индустриялық серіктестер мен жұмыс берушілердің қажеттіліктерін ескере отырып құрастырылған.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, білім экономикасына көшу жағдайында біздің елімізге бәсекеге қабілетті, кәсіби деңгейі жоғары инженерлер өте қажет.

«Біздің мамандарымыз жаһандық бәсекелестікке төтеп бере алатындай білімді әрі білікті болулары тиіс», – деген болатын Мемлекет басшысы.

Сәтбаев университеті инженерлер даярлау жөніндегі білім бағдарламаларын үнемі жаңартып, студенттерді тек жоғары технологияларды қолдануға ғана емес, сонымен қатар оларды жасауға да үйретуді көздейді.

Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова кампустың ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде былай деп атап өтті: «Астанада Сәтбаев университетінің жаңа кампусының ашылуы – жоғары білім беру жүйесі кеңеюінің, оның уақыт талабына жауап беруге және Қазақстанның орталық өңірі экономикасына қажетті кадрларды даярлауға ұмтылуының тағы бір нышаны болып отыр». 

Сәтбаев университетінің білім беру кеңістігін кеңейту елімізде қарқынды дамып келе жатқан өнеркәсіптік орталықтары мен университеттің өзара байланысын нығайтуға мүмкіндік береді.

«Біздің мақсатымыз – білім мен ғылымды және индустрияны біріктіріп, инженер болуға ұмтылған әрбір адам үшін техникалық білімді қолжетімді ету», – деп атап өтті Сәтбаев университетінің ректоры Мейрам Бегентаев.

Қазақстан инженерлік мектебінің дәстүрлері академик Қаныш Сәтбаевтың есімімен тығыз байланысты. Оның бастамасымен және тікелей қолдауымен құрылған Қазақ политехникалық институты, қазіргі Сәтбаев университеті, еліміздің өнеркәсіптік аймақтарында көптеген техникалық жоғары оқу орындарының ашылуына негіз болды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:205
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Қараша 2025 16:56
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see167

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see163

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see159

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see143

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see140

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see130

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see124

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see123

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see120

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see118

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see117

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see108

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see107

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see105

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see104

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see104

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see104

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары