Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Бразилиялық шабуылшы Рикардиньо Қайраттан кетті

Көкшетаудағы жол апаты: куәлігі жоқ кісіге көлік берген ер адам да жауапқа тартылады

Қатар Премьер министрі Иранға үндеу жасады

BINOM мектебінің жаттықтырушысы олимпиадаға дайындалудың құпиясымен бөлісті

Астанадағы LRT желісінде 19 пойыз жүреді

Көкшетаудағы адам өліміне әкелген жол апаты: көлік иесіне қандай жаза қаупі бар

eGov пен e Otinish қазақстандықтарға тіпті теңгерім нөлге тең болғанда да қолжетімді болады

Катар мен Түркия Ормуз бұғазына қатысты Иранға үндеу жасады

Атырауда масаға қарсы дезинсекция дронмен жүргізілуде

Алматыда интернет дүкен арқылы есірткі тарату арнасы тоқтатылды

Тиімді басқару мен көшбасшылықты дамыту: AMANAT партиясының оқу семинары Сыр елінде жалғасты

30 минуттық қуат : BYD көліктерінің иелері неге дабыл қақты?

Bloomberg: Қазақстан КҚК жүйесі арқылы мұнай жеткізуді азайтады

Еңбекке жарамсыздық кезінде жұмыстан шығару заңсыз: Депутат Еңбек кодексіндегі жаңашылдықтарды түсіндірді

Қырғызстанда кондиционерді аз қолдану үшін қызметкерлердің киім үлгісі өзгертілді

Атыраудағы жұмбақ өлім: марқұмдардың қызына қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды

Қазақстан құрамасы семсерлесуден Шанхайдағы Гран при турниріне қатысады

Қасым Жомарт Тоқаев: Қожа Ахмет Ясауи күллі түркінің рухани темірқазығы

Балалардың жазғы лагерьдегі қауіпсіздік талаптарын сақтамаса, оның иелері жауап беру керек Темір Қырықбаев

Бишімбаевтың туысына қатысты үкім өзгеріссіз қалды

Саясаттанушы: Қазақстан Орталық Азиядағы тұрақтылық пен реформалардың үлгісі

Саясаттанушы: Қазақстан Орталық Азиядағы тұрақтылық пен реформалардың үлгісі

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Соңғы жылдары халықаралық сарапшылар Қазақстанды «орта держава» деп атай бастады. Бұл мәртебе елдің саяси тұрақтылығын, экономикалық әлеуетін және көпвекторлы сыртқы саясатының тиімділігін көрсетеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Саясаттанушы Шарип Ишмұхамедов Қазақстанның бұл деңгейге қалай жеткенін және еліміздің аймақтағы орны мен болашағы туралы өз көзқарасын бөлісті. 

- Сіздің ойыңызша, Қазақстанға «орта держава» мәртебесін беруге қандай алғышарттар себеп болды?

- Бұл мәртебе нақты ғылыми негізге сүйеніп берілді. Неміс зерттеу орталығында анықталған арнаулы параметрлер бар, соған сәйкес Қазақстан орта державалар қатарына енді.

Ең басты фактор – тұрақтылық. Бұл тұрақтылық көршілес елдермен салыстырғанда да, әлемдік деңгейдегі елдермен салыстырғанда да жоғары.

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде Қазақстан түрлі дағдарыстарды бастан кешірді: 2008 және 2014 жылдардағы экономикалық қиындықтар, пандемия, билік ауысуы, Конституцияның және елорда атауының өзгеруі. Бірақ осының бәрі елдің бейімделуге, жаңаруға және модернизацияға дайын екенін көрсетті. Даму кейде баяу, кейде тезірек жүреді, бірақ ең бастысы – бағыты үзілмейді. 90-жылдармен салыстырғанда 2025 жылы Қазақстанның саяси және экономикалық жетістіктері айқын көрінеді.

Көршілес елдермен салыстырғанда Қазақстанның даму қарқыны жоғары. Кейбір бағыттарда біз көршілерден қалып қоюымыз мүмкін, бірақ жалпы алғанда, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, мұнай мен газ экспортындағы табыс, цифрландыру мен банк жүйесінің тұрақтылығына келгенде әлдеқайда алдамыз.  

Кейбір елдерде осындай ресурстар бола тұра, халық кедей өмір сүреді. Ал бізде экономикалық жағдай, жалақы деңгейі, Ұлттық қор және цифрлық жүйелер аймақтағы ең озық үлгілердің бірі.

Сонымен қатар, демократиялық даму, ашық БАҚ, белсенді азаматтық қоғам және этносаралық келісім – Қазақстанның басты артықшылығы.

- Қазақстанның жетістіктері мен реформалары оның халықаралық рейтингтердегі жоғары бағасына қалай әсер етті деп ойлайсыз?

- Қазақстанда соңғы жылдары түрлі бағыттағы реформалар жүргізіліп жатыр. Саяси салада жаңа Конституция қабылданды, Президент билігі шектеліп, Парламенттің ықпалы артты. Конституциялық сот қайта құрылды, соттардың тәуелсіздігі нығайтылды, сөз бостандығы мен оппозиция қызметіне жағдай жасалды. Тарихымызда алғаш рет Парламентте нақты оппозициялық партия өкілдері жұмыс істеп отыр. БАҚ еркіндігі мен үкіметтік емес ұйымдардың белсенділігі артты. Экономикада Ұлттық қор, тұрақты валюта, экспорттың импорттан артуы, бюджет кірісінің өсуі байқалады.

Иә, кейбір мәселелер бар: салық жүйесін, бюджеттік саясатты жетілдіру қажет, бірақ бұл шешілетін міндеттер. Алайда ағылшын сарапшылары үшін ең маңыздысы – жалпы тұрақтылық. Саяси, экономикалық және қоғамдық. Менің ойымша, біздің ең басты жетістігіміз – этносаралық және конфессияаралық келісім. Бұл салада Қазақстанның тәжірибесі әлемге үлгі бола алады. 30 жыл ішінде біз түрлі қиындықтарға қарамастан, қоғамдағы бейбіт өмір мен өзара сыйластықты сақтап келеміз.

Мұндай рейтингтер көбіне ғылыми және сараптамалық ортада талқыланады. Әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында жиі айтылмаса да, бұл бағалау елдің нақты табыстарының мойындалуы екені анық. Дегенмен Қазақстанды алға жылжытатын – рейтингтер емес, нақты экономикалық, әлеуметтік және саяси нәтижелер.

- Неліктен дәл Қазақстан Орталық Азиядағы орта держава ретінде қарастырылады?

- Қазақстанның тұрақтылығын қамтамасыз етіп тұрған негізгі факторлар – қаржылық жүйе, цифрландыру, инвестициялық климат және Ұлттық қор.

Біздің валютамыз еркін айналымда, банк жүйесі тұрақты, мемлекеттік қызметтер цифрлық форматқа көшкен, ал инвестициялар ағыны әлі де жоғары деңгейде.

Әрине, кейде бюрократия мен баяулық бар, бірақ ең бастысы инвесторлар қызығушылығын жоғалтқан жоқ. Қазақстанның жетістігі – оның дамуы бір адамның еркіне тәуелді емес екенінде. Бұл – институционалды тұрақтылықтың көрінісі.

Мысалы, Өзбекстандағы реформалар көбіне президенттің жеке бастамаларына байланысты. Ал Қазақстанда мемлекеттік аппарат жүйелі түрде жұмыс істейді, билік ауысса да, жүйе бұзылмайды.

- Қазақстанның көпвекторлы сыртқы саясатының мәні неде?

- Қазақстан теңізге тікелей шыға алмайтын ел болғандықтан, көршілермен достық және өзара тиімді қатынас орнату – стратегиялық міндет. Сондықтан көпвекторлы саясат – бұл біздің табиғи әрі дұрыс таңдауымыз.

Еліміз көршілес мемлекеттермен қақтығыстарға жол бермей, кез келген мәселені дипломатиялық жолмен шешуге тырысады. Сонымен қатар, әлемдік державалармен тең қарым-қатынас орнатуға ұмтылады.

Біздің серіктестеріміздің қатарында Ресей, Қытай, АҚШ, Еуроодақ, Түркия және Ислам ынтымақтастығы ұйымы елдері бар.

Қазақстан үшін әрбір мемлекет – болашақ экономикалық серіктес. Сондықтан біз ешбір елмен ара қатынасты үзуге жол бермейміз.

- Қазақстан қандай халықаралық алаңдарды өзінің ықпалын арттыру үшін пайдаланып отыр?

- Қазақстан үшін барлық халықаралық ұйымдар маңызды. Бірінші кезекте – Еуропалық одақ, себебі олар біздің мұнай мен металдың ең ірі сатып алушылары. Сонымен қатар, Ресей және ТМД елдерімен, БҰҰ, ЕҚЫҰ, ШЫҰ, Түркі мемлекеттері ұйымымен, Ислам ынтымақтастығы ұйымымен ынтымақтастық белсенді дамып келеді. Біздің ел тіпті НАТО және ОПЕК сияқты құрылымдармен де әріптестік байланыстар орнатқан.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ мен ЕҚЫҰ жүйесіндегі мол тәжірибесі еліміздің сыртқы саясаттағы салмағын едәуір арттырып отыр.

Қазіргі халықаралық жағдайларда әскери әлеуеттің маңызы зор. Қазақстан НАТО, Түркия, АҚШ, Ұлыбритания және Қытаймен бірлескен оқу-жаттығулар өткізеді. Әскер жаңа технологияларды меңгеріп, заманауи қару-жарақ жүйелерін игеруде. БҰҰ-ның бейбітшілік миссияларына қатысуы – Қазақстанның жаһандық қауіпсіздікке қосқан үлесінің нақты көрінісі.

Әскерилер үшін мұндай миссиялар – тәжірибе мен кәсіби шеберлікті арттыру мүмкіндігі. Бұл Қазақстанның орта держава ретінде жауапкершілік деңгейін көрсетеді.

- Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформаларының мәні неде және олар елдің тұрақтылығын қалай нығайтты?

- Президент Тоқаев бастаған реформалар – қоғамның сұранысына берілген жауап. Конституциялық өзгерістер, жергілікті өзін-өзі басқару тетіктерінің енгізілуі, билік тармақтарының теңгерімі – бәрі саяси жүйені жаңартуға бағытталған. Әрине, бұл бастамалар жалғасуы керек. Реформалар нақты есеппен, дұрыс уақытта және нақты мақсатпен жүзеге асырылғанда ғана тиімді болады. Сондықтан бұл процестерге сарапшылар мен қоғам өкілдері кеңінен қатысуы қажет.

- Неліктен институционалды тұрақтылық елдің халықаралық имиджі үшін маңызды?

- Өйткені тұрақты институттар – мемлекеттің тірегі. Ел бір адамның шешіміне тәуелді болмауы тиіс. Мықты парламент, тәуелсіз сот, кәсіби мемлекеттік қызмет – мемлекеттің сенімділігін және тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік аппарат жүйе ретінде жұмыс істеуі керек: қоғам мен бизнес сұраныстарына жедел әрі тиімді жауап беретін механизмге айналуы қажет. Бұл – шын мәніндегі институционалды сенімділік.

Одан өзге, Қазақстан ішкі және сыртқы саясатта прагматикалық әрі икемді бағыт ұстанып отыр. Ұлттық қордың құрылымы, алтын-валюта қоры, экспорттық әртараптандыру, Афганстан, Түркия, Израиль және Еуропа елдерімен әріптестік – осының бәрі елдің дербес және салмақты саясатын көрсетеді.

Қазақстан – ұлы держава емес, бірақ орта держава ретінде аймақтық тұрақтылықты қалыптастырып отырған ел. Біздің саясат ұлттық мүдде мен тиімділікке негізделген, сондықтан сыртқы күштердің ықпалында емес, өз бағыты бар.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:87
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Қараша 2025 14:50
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Бразилиялық шабуылшы Рикардиньо Қайраттан кетті

12 Мамыр 2026 22:12see116

Көкшетаудағы жол апаты: куәлігі жоқ кісіге көлік берген ер адам да жауапқа тартылады

13 Мамыр 2026 00:23see115

Қатар Премьер министрі Иранға үндеу жасады

13 Мамыр 2026 11:18see114

BINOM мектебінің жаттықтырушысы олимпиадаға дайындалудың құпиясымен бөлісті

13 Мамыр 2026 12:17see113

Астанадағы LRT желісінде 19 пойыз жүреді

13 Мамыр 2026 00:23see111

Көкшетаудағы адам өліміне әкелген жол апаты: көлік иесіне қандай жаза қаупі бар

13 Мамыр 2026 15:05see111

eGov пен e Otinish қазақстандықтарға тіпті теңгерім нөлге тең болғанда да қолжетімді болады

13 Мамыр 2026 14:25see111

Катар мен Түркия Ормуз бұғазына қатысты Иранға үндеу жасады

13 Мамыр 2026 11:14see111

Атырауда масаға қарсы дезинсекция дронмен жүргізілуде

13 Мамыр 2026 11:55see110

Алматыда интернет дүкен арқылы есірткі тарату арнасы тоқтатылды

13 Мамыр 2026 11:21see109

Тиімді басқару мен көшбасшылықты дамыту: AMANAT партиясының оқу семинары Сыр елінде жалғасты

13 Мамыр 2026 22:27see108

30 минуттық қуат : BYD көліктерінің иелері неге дабыл қақты?

14 Мамыр 2026 11:18see107

Bloomberg: Қазақстан КҚК жүйесі арқылы мұнай жеткізуді азайтады

14 Мамыр 2026 11:18see106

Еңбекке жарамсыздық кезінде жұмыстан шығару заңсыз: Депутат Еңбек кодексіндегі жаңашылдықтарды түсіндірді

14 Мамыр 2026 15:10see105

Қырғызстанда кондиционерді аз қолдану үшін қызметкерлердің киім үлгісі өзгертілді

14 Мамыр 2026 13:48see104

Атыраудағы жұмбақ өлім: марқұмдардың қызына қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды

13 Мамыр 2026 11:33see104

Қазақстан құрамасы семсерлесуден Шанхайдағы Гран при турниріне қатысады

12 Мамыр 2026 20:01see104

Қасым Жомарт Тоқаев: Қожа Ахмет Ясауи күллі түркінің рухани темірқазығы

14 Мамыр 2026 15:29see104

Балалардың жазғы лагерьдегі қауіпсіздік талаптарын сақтамаса, оның иелері жауап беру керек Темір Қырықбаев

13 Мамыр 2026 22:27see103

Бишімбаевтың туысына қатысты үкім өзгеріссіз қалды

14 Мамыр 2026 12:48see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары