Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Сейсмологтар Қазақстандағы жойқын жер сілкінісі туралы қауесетке жауап берді

Сейсмологтар Қазақстандағы жойқын жер сілкінісі туралы қауесетке жауап берді

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Кейінгі күндері әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Алматыда жақын арада жойқын жер сілкінісі болады-мыс деген ақпарат белсенді тарап жатыр. Алайда мамандар мұндай болжамдарға ешқандай негіз жоқ екенін баса айтады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жер сілкінісі бола ма?

Әкімдік мәліметінше, Қазақстан тұрғындары әлеуметтік желілерде жақын арада жойқын жер сілкінісі болуы мүмкін деген ақпаратты қызу талқылап, таратып жатыр. Бірақ мамандар мұндай ықтималдықты жоққа шығарады.

"Алматыда күшті жер сілкінісінің жақындап қалғанын білдіретін сейсмикалық режимнің аномальді өзгерістері тіркелген жоқ", - деп мәлімдеді ТЖМ "Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығы".

Сондай-ақ, мамандар қазіргі ғылым жер асты дүмпулері болатын күнін, уақытын, орны мен күшін дәл анықтауға мүмкіндік бермейтінін еске салды.

Фото: Tengrinews.kz

Жаңа сейсмостанциялар

Осы талқылаулар аясында Алматы қалалық Мобилизациялық дайындық, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы халықты жойқын жер сілкіністері туралы ерте құлақтандырудың автоматтандырылған жүйесін құру жұмыстарының барысы туралы айтып берді.

"Бүгінде орналастырылатын барлық 40 нүктенің координаттары анықталып, 35 сейсмикалық станция салынды. Орнату орындары геологиялық, геофизикалық және сейсмикалық жағдайларды ескере отырып белгіленді. Сонымен қатар, нысандарды орналастыру үшін тұрақты жер пайдалану құқығымен жер учаскелерін ресімдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады басқармадағылар.

Жаңа станцияларды қолданыстағы сейсмикалық бақылау желісімен біріктіру жоспарланған. Бұл мониторинг ауқымын кеңейтуге және жойқын жер сілкіністері туралы деректерді алу жеделдігін арттыруға мүмкіндік береді.

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

Жарты ғасырдан кейін миллиондаған тыңдалым: танымал “Ақ сәулем“ әнінің авторы қазір қалай өмір сүріп жатыр?

Бүгін 10:06 1

ІІМ егде жастағы жүргізушілер үшін маңызды мәлімдеме жасады

Бүгін 09:22 1

Басқарма мәліметінше, 2025 жылдан бастап жер сілкінісін ерте анықтайтын 70 автоматтандырылған станция орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр:

"Бүгінде Алматы маңындағы Алматы облысының аумағында 65 станция салынды. Қалған бес станцияның құрылысын жыл аяғына дейін аяқтау жоспарланған. Содан кейін барлық жаңа станциялар ерте құлақтандыру автоматтандырылған жүйесінің қолданыстағы 28 станциясымен біріктіріледі".

Халықты шұғыл ақпараттандыру үшін Mass Alert жүйесін іске асыру да жалғасып жатыр.

"Сонымен қатар қалада Алматы агломерациясының сейсмогеодинамикалық жағдайын зерттеу бойынша үш жылдық жоба жүзеге асырылып жатыр. Оның аясында тектоникалық жарықтардың цифрлық картасы, сейсмикалық модель және геодинамикалық белсенділік аймақтарының картасы әзірленіп жатыр, сондай-ақ жер бетінің ығысуы мен деформациясына баға беріледі", - деп хабарлады ведомство.

Басқарма мәліметінше, қазіргі уақытта 2023–2024 жылдары жүргізілген ғимараттарды паспорттау қорытындысы бойынша дайындалған Алматы қаласының тұрғын үйлері мен әлеуметтік нысандарының сейсмикалық төзімділігін арттыру жөніндегі 2026–2035 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары бекітілді.

ЖИ кескіні

Жер сілкінісіне дейін, дүмпу кезінде және одан кейін не істеу керек: жадынама

Сейсмологтар жойқын жер сілкінісінің жақындауына қатысты белгілердің жоқтығына қарамастан, тұрғындар үшін ықтимал төтенше жағдайларға дайын болу маңызды екенін еске салды.

Мамандар алдын ала "дабыл чемоданын" жинап, үйдегі қауіпсіз жерлерді анықтауды және жақындарымен жер сілкінісі кезіндегі іс-қимыл тәртібін талқылауды ұсынады.

"Дабыл чемоданы" - ішіне не салу керек?

Құжаттар көшірмелері, ақша. Алғашқы медициналық көмек қобдишасы. Су (қыс мезгілінде бір адамға 3-4 литр, жазда 5-6 литр есебімен). Консервілер, жоғары калориялы тағамдар. Гигиеналық құралдар. Қосымша киім, аяқ киім, көрпе. Радио, батареялар, телефон қуаттауға арналған портативті аккумулятор (Powerbank), ысқырық, қолшам.

Жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылдар

Егер үй ішінде болсаңыз, тез арада қауіпсіз жерге тұрыңыз; Ішкі есік орнына немесе бөлме бұрышына паналаңыз; Балконға жүгіріп шықпаңыз, терезелер мен ауыр заттардан алыс тұрыңыз; Ғимараттан жүгіріп шықпаңыз, дүмпулердің аяқталуын күтіңіз, содан кейін ғана бөлмеден шығыңыз; Лифтті пайдаланбаңыз. Шығар алдында суды, газды, электр жарығын өшіріңіз; Өзіңізбен бірге ішінде қолшам, алғашқы көмек қобдишасы және құжаттар бар дабыл чемоданын алыңыз; Егер көшеде болсаңыз, ғимараттар мен электр желілерінен алыс ашық алаң табыңыз.

Пәтерден шығу мүмкін болмаған жағдайда не істеу керек?

Жойқын жер сілкінісі кезінде адамға үлкен нысанның қасына барып жату керек.

Фотоны ЖИ генерациялады

Анықтама: Маңызды! Әкімшілік ғимараттардан түрлі-түсті қолшатыр бейнеленген жерлерді табыңыз. Осы орындарды есте сақтаңыз. Бұл суреттер жер сілкінісі кезінде жасырынуға болатын ең қауіпсіз жерлерді білдіреді

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:127
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Шілде 2026 18:31
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see116

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see112

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары