Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Цифрлық дәуірдегі дала

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

Сенат бүгін қандай заңдарды қарайды

Сенат бүгін қандай заңдарды қарайды

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Сонымен отырыстың күн тәртібіне мына мәселелер шығарылады:

- «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жөнінде (бірінші оқылым).

- «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, білім беру, отбасы және мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жөнінде (бірінші оқылым).

Фото: Мәжіліс

Айта кетейік, бұл екі заңды да бұған дейін Мәжіліс қабылдаған болатын. Сол кезде Сенаттың қарауына шығарылып отырған бірінші заң бойынша төменгі палатаның жалпы отырысында баяндама жасаған депутат Нұрсұлтан Байтілесов құжат үш кодекске - Азаматтық, Кәсіпкерлік және Кедендік реттеу кодекстеріне, сонымен қатар авторлық құқық, патент, сауда белгілері және зияткерлік меншіктің басқа да нысандары туралы заңдарды қоса алғанда, алты салалық заңға түзетулер енгізуді көздейтіндігін айтқан еді

- Жұмыс тобының отырыстарында «Авторлық құқық туралы» заңға енгізілген түзетулерге ерекше назар аударылды. Бұл түзетулер ұжымдық басқару саласын цифрландыруға, ұжымдық құқықтарды басқару ұйымдарының қызметін ашық етуге және авторларға сыйақыны әділ бөлуге бағытталған. Қазіргі таңда ұжымдық басқару жүйесіндегі басты мәселе – авторлар мен авторлық құқық иелеріне сыйақы төлеудегі ашықтықтың жеткіліксіздігі және толық төленбеуі. Мысалы, 2024 жылы ұжымдық құқықтарды басқару ұйымдары 1,7 млрд теңге жинағанымен, оның тек 53 пайызы ғана авторларға төленген. Ал заң бойынша бұл көрсеткіш кемінде 70 пайыз болуы тиіс. Көптеген танымал авторлар мен орындаушылар аз мөлшерде сыйақы алады. Бұл жүйені реформалау қажеттілігін айқын көрсетеді, - деді Мәжіліс депутаты.

Оның айтуынша, аталған мәселелерді шешу үшін заң жобасында Бірыңғай цифрлық платформа құру қарастырылған. Бұл платформа авторлар, пайдаланушылар және ұжымдық басқару ұйымдары арасындағы шарттарды электрондық форматта рәсімдеуге, барлық қатысушылардың есебін нақты жүргізуге және жалған мәліметтердің алдын алуға мүмкіндік береді.

- Өз кезегінде, платформа келісімшартқа қол қоюдан бастап сыйақыны төлеуге дейінгі барлық процесті автоматтандырады, авторлар, орындаушылар және пайдаланушылардың өзекті тізілімдерін қалыптастырады. Сонымен қатар, 2029 жылдың 1 қаңтарынан бастап ұжымдық құқықтарды басқару ұйымдарының шығындарын 30 пайыздан 20 пайызға дейін төмендету көзделген. Бұл шара авторлар мен авторлық құқық иелеріне төлемдерді арттыруға мүмкіндік береді, - деді Нұрсұлтан Байтілесов.

Фото: ҚР Парламентінің Мәжілісі

Ал екінші заң бойыннша баяндама жасаған депутат Ринат Зайытовтың айтуынша, заң жобасы мәдениет және білім саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіруге бағытталған.

Заң жобасының мәдениет және ономастика саласындағы негізгі ережелері мынадай:

— отандық әдебиетті дамыту, кітап қорының сақталуы мен кеңейтілуі; 
— мемлекеттік кітапханаларға мәдени-ағартушылық іс-шараларды ұйымдастыру құқығын беру;
— мәдени-бұқаралық іс-шараларда кезінде дауыстық (вокалдық) фонограммаларды қолдануға байланысты талаптарды қатаңдату;
— сондай-ақ жеке білім беру ұйымдарына атау беруді ономастикалық комиссиямен келісу рәсімін енгізу.
білім беру саласында:
— халықаралық ғылыми жобалар конкурстарының жеңімпаздары мен оларды дайындаған педагогтарға біржолғы төлемдер төлеу;
— баласы мүгедек, І топтағы мүгедекке күтім жасаған жағдайда мемлекеттік грант түлектерін міндетті өтеуден босату;
— шетелдік резидентура, магистратура, аспирантура, докторантурада оқығандарға өтелім мерзімін кейінге қалдыру;
— мектепке дейінгі ұйымдарға арналған жер телімдерін жекешелендіруге тыйым салу;
— жоғары оқу орындары мен колледждерді рейтингтік көрсеткіштер бойынша саралау, мемлекеттік тапсырысты жаңа тәртіппен орналастыру.
отбасы заңнамасында:
— баланы асырап алу мен қамқоршылықты белгілеуде туыстарына басымдық беру;
— қамқоршы бола алатын тұлғалардың тізбесін кеңейту;
— қамқоршылардың заң талаптарына сәйкестігін тексеру міндетін бекіту.

Фото: Сенат

- Сондай-ақ балаларға арналған ұйымдарды санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласында және балалардың құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік бақылаудың ерекше тәртібі реттеледі. Сонымен қатар мемлекеттік аттестаттауды жаңа тәртіппен өткізу нормалары қарастырылған, — деді Ринат Зайытов.

Айта кетейік, өткен аптадағы Сенат депутаттары «Қазақстан Республикасы мен Марокко Корольдігі арасындағы ұстап беру туралы келісімді ратификациялау туралы», «Қазақстан Республикасы мен Марокко Корольдігі арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімді ратификациялау туралы» және «Қазақстан Республикасы мен Марокко Корольдігі арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді ратификациялау туралы» заңдарды мақұлдаған болатын.

Отырыс соңында сенаторлар өзекті мәселелерді көтеріп, депутаттық сауалдарын жолдады.

Фото: Gov.kz

Мәселен, Ернұр Әйткенов аграрлық саладағы кадр даярлауға және жас мамандарды әлеуметтік қолдауға қатысты проблемаларға назар аударып, бұл бағытта «Дипломмен ауылға» бағдарламасын жетілдіру қажет екенін атап өтті. Ольга Булавкина ауаның ластану проблемаларына және экологиялық сипаттағы нормативтік-құқықтық базаның негізгі олқылықтарына тоқталды. Нақты айтқанда, депутат азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін өнеркәсіп орындарының қызметіндегі бұзушылықтарды жедел анықтап, тіркейтін мүмкіндік жоқ екенін тілге тиек етті.

Ләззат Рысбекова экспортқа және импортты алмастыруға бағдарлануының төмендігі, сондай-ақ, қолдау көрсетілген жобалардың салалық және өңірлік құрылымындағы диспропорциясы үшін Қазақстан Даму Банкінің акционері – «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның қызметін сынға алды.

Сенатордың айтуынша, жобаларды ел экономикасы үшін стратегиялық маңызы бар басым секторларды назарға ала отырып, іріктеу қажет.

Амангелді Нұғманов бұрын мемлекеттік бюджет кірісінің үштен бірін қамтамасыз еткен Кеден қызметін жеке құрылым ретінде қалпына келтіру мәселесін көтеріп, оның тиімді тұстарын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:184
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қараша 2025 09:06
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see159

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see149

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see149

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see148

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see147

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see145

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see141

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see140

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see137

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see135

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see131

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see130

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see126

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see125

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see122

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see122

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see121

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see120

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see116

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

20 Қыркүйек 2026 22:23see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары