Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Серік Сәпиев басқармадағы жанжал туралы: Ротациялық комиссияда мүдделер қақтығысы бар

Серік Сәпиев басқармадағы жанжал туралы: Ротациялық комиссияда мүдделер қақтығысы бар

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев саладағы кадрлық ротацияға жауапты комиссияның құрамы туралы шешім өз ведомствосының қатысуынсыз қабылданғанын мәлімдеді. Аталған комиссияға облыс әкімінің орынбасары Әлібек Әлденей төрағалық етеді.

Серік Сәпиев комиссия құрамында мүдделер қақтығысы айқын байқалатын тұлғалар енгізілген деп отыр. 

– Әңгіме жеке адамдар туралы емес, басқару ісінде құқық қисынын сақтау туралы болып отыр. Спорт басқармасы – бейінді мемлекеттік орган. Салаға қатысты кез келген шешім осы басқарманың қатысуымен қабылдануға тиіс. Әйтпесе басқару вертикалі қағидаты бұзылып, жұмыстың жүйелілігіне нұқсан келеді, - деп түсіндірді ол Kazinform тілшісіне.

Ол атышулы жанжал алдында өз орынбасары Дәурен Есімхановтан ротацияға қатысты құжаттарды сұратқан. Алайда орынбасар сұратқан құжаттарды бермеген. Әлеуметтік желіде жүрген видеода осы сәттен туындаған қақтығыс көрініс тапқан.

Серік Сәпиев орынбасары Дәурен Есімхановтың үстінен құқық қорғау органдарына арызбен жүгінгенін, дауды тек құқықтық алаңда шешуге ниетті екенін атап өтті. 

– Барлық даулы мәселе тек заң аясында қаралу керек. Мен болған жағдайға принципті түрде эмоциямен немесе күшпен жауап қатқан жоқпын. Болған оқиғаға тергеу мен сот баға береді, - дейді ол.

Серік Сәпиев қызметке кедергі келтіру фактілері бар екенін айтып отыр. Оның сөзінше, кадр бөліміндегі қызметкердің әрекетінен ротация жөніндегі комиссия отырысы мерзімінде өтпей, басқарушы құрамды жаңартуға кедергі келтірілген. Басқарма басшысының орынбасары лауазымына Дәурен Есімхановтың келуін де осы әрекеттермен байланыстырып отыр.

Фото: Азамат Қарлығашевтің жеке мұрағатынан

«Қазақстан спортшылар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің басшысы, заңгер Азамат Қарлығашевтың айтуынша, мұндай әрекет заң тілінде саботаж ретінде саралануы мүмкін. 

– Бұл жағдай саботаж деп аталады. Мемлекет басшысы спортта билік вертикалін құруды тапсырды, спорт туралы заң бар, нақты регламенттелген рәсімдер бар. Қарағанды облысында бейінді орган басшысының қатысуынсыз кадрлық ротация жүргізуге әрекет жасалды. Бұл – нонсенс, - дейді заңгер.

Сарапшы жергілікті деңгейде реформаларға қарсылық көрсету спорттағы негізгі мәселенің бірі екенін айтады.

– Көп өңірде ештеңені өзгерткісі келмейтіндер бар. Адамдар ондаған жыл бойы бір лауазымда отыра береді. Сол Қарағанды облысының өзінде балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектептерін 20-25 жыл бойы бір адам басқарып отырған жайттар бар екені туралы фаткілер қолымызда тұр. Бұл – жүйелік проблема. Басқару тәсілдерін жаңартпай, спорттың дамуы туралы айту мүмкін емес, - дейді бірлестік басшысы.

Фото: Сергей Цырульниковтің жеке мұрағатынан

Әлеуметтік желі арқылы жұртқа танылған спортшы Сергей Цырульников Серік Сәпиевті жүйелі өзгерістердің жақтаушысы ретінде білетінін айтады. 

– Серік Сәпиев – қақтығыстан алшақ жүретін адам. Қазір болып жатқан жағдайға түпкілікті баға беру қиын, бірақ жағдайдың өзі жағымсыз. Бұл спорт саласында өзгерістердің пісіп-жетілгенін көрсетеді. Спорттағы мәселелерді тек адал, ашық және құқықтық алаңда жұмыс істейтін басшылар ғана шеше алады. Онсыз даму туралы айту мүмкін емес, - деп түйіндеді ол.

Kazinform тілшісі аталған жанжал туралы ресми мәлімет алу үшін Қарағанды облысының әкімдігіне жүгінді.

– Спорт басқармасы басшылығына қатысты болған оқиға жөніндегі тараған ақпаратқа байланысты басқарма штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын хабарлаймыз. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, тергеу жүргізілуде. Қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады, - делінген жауапта.

Бұған дейін Қарағандыда Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевке қатысты жанжал бойынша тергеу жүріп жатқанын жазған едік. 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:189
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қаңтар 2026 21:24
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see138

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see137

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see136

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see135

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see135

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see134

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see133

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see133

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see132

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see129

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see126

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see126

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see119

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see118

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see116

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see116

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see115

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see115

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары