Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

Бюджетке түскен батпан

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

Беларусь БАҚ тары Рыбакинаның US Open дегі жетістігіне алаңдаулы

Сержан Сейтбаев, Әскери теңіз күштері бас қолбасшысының орынбасары: Отансүйгіштік заңды құрметтеу

Сержан Сейтбаев, Әскери теңіз күштері бас қолбасшысының орынбасары: Отансүйгіштік заңды құрметтеу

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Әскерге келген жас жауынгерлермен тікелей жұмыс істейтін, оларды тәрбиелейтін офицерлердің Қарулы күштердегі рөлі зор. Бүгінде тәрбиеші-офицерлер әскердің барлық түрлерінде қызмет етеді. Біз Қазақстан Қарулы күштері Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының орынбасары, полковник Сержан Сейтбаевпен сұхбаттасып, армиядағы тәртіп пен тәрбие жайлы сұраған едік.

– Қазір Әскери-теңіз күштерінде шамамен қандай тәрбиеші-офицер қызмет етіп жүр? Бір­неше жыл бұрын тұтас Қарулы күштерде мың­нан атам тәрбиеші жұмыс істейтіні жөні­нде ақпарат шыққан еді. 

– Әскери-теңіз күштеріне келер болсақ, бұл саладағы жағдай анағұрлым нақты. Қазір Әскери-теңіз күштерінде кемелерде және қамтамасыз ету бөлімдерінде шамамен 30-ға жуық тәрбиеші офицер қызмет атқа­рып жүр. Олар жеке құрамның моральдық-психологиялық ахуалына жауап беріп қана қоймай, әскери тәртіпті нығайту, әскери қызметшілер мен олардың отбасыларымен байланыс орнату, әскери-патриоттық іс-шараларды ұйымдастыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізілуде.

– Тәрбие құрылымдары офицерлеріне нақ­ты қандай біліктілік талабы қойылады? 

– Тәрбие құрылымдары офицерлеріне қойылатын біліктілік талаптары – бұл жай ғана формалды тізім емес, әскери ұжымның моральдық-психологиялық ахуалын ай­қын­дайтын маңызды өлшемдер жиынтығы. Өйткені мұндай офицер – тәртіп сақшысы ғана емес, жеке құрам үшін үлгі, бағыт-бағдар беруші әрі сенім артылатын тұлға.

Ең алдымен, тәрбие офицері жоғары әскери немесе әскери-гуманитарлық білімге ие болуға тиіс. Қызмет ерекшелігіне байланысты педагогика, психология, әлеуметтану, құқық негіздері салаларынан жүйелі білімі болғаны маңызды. Бұл оған әскери қызметшілердің мінез-құлқын, көңіл күйін, ішкі мәселелерін терең түсінуге мүмкіндік береді.

Екінші маңызды талап – кәсіби және өмірлік тәжірибе. Тәрбие жұмысын жүргізе­тін офицер әскери қызметтің барлық қыр-­сырын, жарғы талаптарын, бөлім ішіндегі тәртіп пен иерархияны жетік білуі қажет. Әдетте, бұл лауазымға белгілі бір уақыт қызмет атқарған, командирлік тә­жіри­бесі бар, беделі қалыптасқан офицерлер тағайындалады.

Үшіншіден, жоғары моральдық-адам­гер­шілік қасиеттер басты орын алады. Әділ­дік, жауапкершілік, сабырлылық, при­нципшілдік пен адами жанашырлық – тәрбие офицерінің күнделікті қызметінде қатар жүруге тиіс қасиеттер. Ол жеке құ­рам­мен сөйлесе білетін, сенімге кіре алатын, қажет кезде қатаң, қажет кезде түсіне білетін тұлға болуы шарт.

Сонымен қатар коммуникациялық және ұйымдастырушылық қабілетке ерекше та­лап қойылады. Тәрбие офицері әскери қызметшілермен ғана емес, олардың ата-аналарымен, азаматтық қоғам өкілдерімен, білім беру және қоғамдық ұйымдармен өзара тиімді байланыс орната білуге тиіс. Әскери-патриоттық, мәдени, тәрбиелік іс-шараларды жоспарлау мен өткізу де оның кәсіби шеберлігін талап етеді.

Ақпараттық сауаттылық та бүгінде маңызды критерийге айналып отыр. Медиа кеңіс­тікте әскери тақырыптағы ақпарат­тармен жұмыс істеу, жалған мәліметтерге қарсы түсіндіру жұмыстарын жүргізу, жас­тардың санасына дұрыс құндылықтарды сіңіру – қазіргі тәрбие офицерінің міндеті-нің бірі.

– Бұл мамандардың жеке құрамының моральдық-психологиялық жағдайын қамтамасыз етудегі негізгі рөлі қандай?

– Қазақстан Республикасы Қарулы күштеріндегі тәрбиелік құрылым офицерлері әскери ұжымдағы әскери қызметшілердің рухани-патриоттық ахуалын сақтауда әрі ны­ғайтуда басты рөл атқарады. Олар өске­лең ұрпақты дүниетанымға тәрбиелеп, әскери қызметтің талаптарына бейімдеп, психологиялық тұрғыдан тұрақты, жауапкер­шілігі мол, елі мен Отанына адал азаматтар ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Тәрбие құралымдары офицерлерінің жұмысы – әскери қызметшілердің рухани сенімін күшейту, моральдық-психо­логиялық климатты дұрыс ұйым­дастыру, қиын жағдайда моральдық тұрақтылықты сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбие офицерлері әскери ұжымда Отан­ға адал­дық, әскери әдептілік, бауыр­лас­тық сезім, ұжымдық рух сияқты бай дәс­түр­лерді қалыптастырып, ұстануға жеткізеді. Олар Тәуелсіз Қазақ­стан­ның патриоттық салт-дәс­түрін, ерлікке құрмет пен абыройды дәріптеп, әс­кери қызмет мә­де­ниетін мін­детті түрде сақтауға және ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуге күш салады. Соны­мен қатар тәрбие жұмыстары арқылы әскери халық­аралық тәжірибені дұрыс қа­былдауға, ұлттық ерекшеліктер мен заманауи талап­тарды үйлестіруге мүмкіндік береді.

Тәрбие құралымдарының офицерлері әскери тәртіп пен әскери қызметтің қағи­даларын түсіндіруде үздіксіз жұмыс атқарады. Олар әскери жарғылар мен тәртіп ереже­лерінің мән-мағыналарын нақ­ты мысал­дармен түсіндіріп, қызмет­шілердің өз ісіне жауапкершілікпен қарауына жағдай жасай­ды. Сонымен қатар офицерлер отансүйгіштік тәрбиесіне бағытталған әскери-патриоттық іс-шаралар, ерлік пен батырлық туралы әңгімелер, әскери тарихты оқу сияқты бағдарламаларды жүзеге асырады. Бұл жұмыстар әскери қызметші­лердің Отанға деген сүйіспеншілігін, борыш пен парызын түсінуін тереңдете түседі.

– «Отансүйгіштік тәрбиесіне бағытталған әскери-партиоттық іс-шаралар, ерлік пен батырлықты насихаттау» деген мазмұнда пікір айттыңыз. Бұл өзі қазір тым пафос емес пе?

– «Отансүйгіштік тәрбиесіне бағыт­талған әскери-патриоттық іс-шаралар, ерлік пен батырлықты насихаттау» деген тіркес шынында да кей жағдайда пафосқа толы, жаттанды ұран сияқты естілуі мүмкін. Алайда мәселе сөздің өзінде емес, оның мазмұны мен іске асу тәсілінде.

Егер патриоттық тәрбие тек салтанатты жиындармен, мінберден айтылатын жалынды сөздермен, шынайы өмірмен байланысы жоқ ұрандармен шектелсе, ол, әрине, бүгінгі жас ұрпақ үшін әсерсіз әрі жасанды көрінеді. Қазіргі қоғам ақпаратқа қанық, сыни ойлайтын, жалған­дықты тез аңғаратын ортаға айналды. Сон­дықтан құр айқай мен бос пафос ешкімді сендірмейді.

Ал осы ұғымдардың ішкі мәніне үңілсек, олардың маңызы әлі де өзекті. Отансүйгіш­тік – тек соғысқа дайындық немесе қару ұстау емес. Ол – өз еліне жауапкершілікпен қарау, қоғамның дамуына адал еңбек ету, заңды құрметтеу, туған жердің тағдырына бейжай қарамау. Ерлік пен батырлық та тек майдан даласындағы қаһармандықпен өлшенбейді. Бүгінгі батыр – білім арқылы елге қызмет етіп жүрген ғалым, адам өмірін сақтап жүр­ген дәрігер, әділдік үшін күрескен азамат, өз ісіне адал мұғалім.

Сондықтан әскери-патриоттық іс-шаралар пафостан арылып, шынайы өмірмен, нақты адам тағдырларымен, қазіргі заманның талаптарымен ұштасқанда ғана мәнді болмақ. Тарихтағы ерлікті дәріптеу – өткенді мадақтау үшін емес, одан сабақ алып, бүгінгі ұрпаққа адам­гершілік, жауапкершілік, елге қызмет ету сияқты құндылықтарды түсіндіру үшін қажет.

– Тәрбие құралымы офицерлері тәрбиелік жұмыста қандай заманауи әдістер мен нысандарды қолданады?

– Қазіргі заманның талаптарына сай тәрбие құралымдары офицерлері тәрбиелік жұмыста инновациялық әдістерді пайда­ланады: интерактивті сабақтар, тренингтер, командалық психологиялық жаттығулар, әлеуметтік-психологиялық диагностикалық әдістер, бейнематериалдар мен ақпараттық құралдарды қолдана отырып өткізілетін семинарлар, дөңгелек үстелдер. Сондай-ақ офицерлер әскери-тарихи мұражайлармен байланыс, еркін пікірталас алаңдары, он­лайн-платформалар арқылы ақпараттық-тәрбиелік жұмыстарды кеңейтіп, жастардың қызығушылығына сай әдістерді енгізеді.

Тәрбие құралымының офицерлері әскери ұжымның рухани және моральдық негізін қалыптастыратын мамандар ретінде ерекше маңызға ие. Олар әскери қызмет­шілердің бірлігін, өзара құрмет пен ұжымдық сенімді нығайтуға бағытталған жүйелі тәрбие жұмыстары арқылы әскери ұжымның тұтастығын қамтамасыз етеді. Жауынгерлік міндетті орындау кезіндегі табандылық пен рухани тұрақтылық, әскери моральдық-адамгершілік қағидаларды ұстану – осы офицерлердің жұмысының нәтижесі. Сон­дықтан тәрбиелік офицерлердің кәсіби жұ­мысы еліміздің қорғаныс қабілетін арт­тыруда әрі жеке құрамның ішкі үйлес­імділігі мен жауынгерлік рухын сақтауда шешуші рөл атқарады.

– Тәрбие дегеннен шығады, Қазақстан Қарулы күштерінің беделіне кері әсер етіп жатқан бірден-бір фактор ретінде адами қарым-қатынастарды айтар едім. Өйткені медиа кеңістікке армия мен өзге әскери құры­лымдардағы өлім-жітім мәселесі жөнін­дегі ақпарат жиі шығады. Бұл жағдай тәрбиеге жауапты офицерлердің де беделіне нұсқан келтірмей ме?

– Шынында да, адами қарым-қатынас­тар­дың әлсіздігі, яғни әскери ортадағы психологиялық ахуал, өзара сыйластықтың жетіспеуі, қызметтестер арасындағы қаты­гез­дік немесе немқұрайлылық – армия беделіне кері әсер етіп отырған негізгі факторлардың бірі. Медиа кеңістікте әс­кери бөлімдердегі қаза болу, әлімжеттік, қызмет барысында орын алған төтенше жағдайлар туралы ақпараттың жиі жариялануы қоғамда үрей мен сенімсіздік тудыратыны сөзсіз. Бұл жағдай «әскер – тәртіп пен қауіпсіздіктің символы» деген ұғымға күмән келтіреді.

Әрине, мұндай ақпарат ең алдымен тәрбие жұмысына жауапты офицерлердің кәсіби беделіне нұқсан келтіреді. Себебі әскери тәрбие тек саптық дайындықпен не­месе жарғы талаптарын орындатумен шектелмейді. Оның өзегі – жеке құрамның моральдық-психологиялық жағдайын бақылау, әскери қызметшінің ішкі мәселесіне бейжай қарамау, сенімге негізделген адами қарым-қатынас орнату. Егер осы тетіктер дұрыс жұмыс істемесе, кез келген тәртіпбұзу­шылық немесе қайғылы оқиға «тәрбие жүйесінің олқылығы» ретінде қабылданады.

Сонымен қатар қоғамда «бәріне офицер кінәлі» деген біржақты түсінік қалыптастыру да әділетті емес. Дегенмен дәл осы ортада тәрбиеге жауапты офицерлердің рөлі ерекше. Олар тек бақылаушы емес, әскери қызметші үшін моральдық тірек, делдал әрі жауапты тұлға болуы тиіс.

– Әскердегі тәртіп пен тәрбие жайлы сөз ет­кен екенбіз, атқарылған жұмыстар есе­бін де айту керек шығар. Былтыр Қарулы күштерде нақты қанша іс-шара әскери тәрбиеге қатысты болды? Не істедіңіздер? 

– Былтыр Қазақстан Қарулы күштерінде, соның ішінде Әскери-теңіз күштерінде әскери тәрбие мен патриоттық бағыттағы іс-шаралар жүйелі түрде және жоспарлы негізде жүргізілді. Бұл жұмыстар тек қағаз жүзіндегі есеп үшін емес, жеке құрамның моральдық-психологиялық ахуалын ны­ғайтуға, әскер мен қоғам арасындағы бай­ланысты күшейтуге бағытталды.

Маңызды жаңалықтың бірі – Әскери-теңіз күштерінде алғаш рет запастағы офи­церлермен жұмылдыру жиындарының өткізілуі. Бұл шара тек кәсіби даярлықты арттырып қана қоймай, запастағы кадр­лардың әскери жүйемен байланысын жандандыруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар әскери-пат­риоттық «Айбын» жиынында «Жас теңіз­шілер» әскери-патриоттық клубының жоғары нәтиже көрсетуі өскелең ұрпақпен жүргізіліп жатқан тәрбиелік жұмыстың тиімділігін айқын көрсетті.

Әскери қызметшілердің ата-аналарымен байланыс орнатуы да басты бағыттардың бірі болды. Матростардың ата-аналары үшін, сондай-ақ жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу мақсатында әр тоқсан сайын, кей жағдайда ай сайын ашық есік күндері ұйымдастырылып, бұл тәжірибе бүгінде өз жалғасын тауып келеді. Мұндай шаралар әскердің жабық құрылым емес, қоғамға ашық институт екенін көрсетуге ықпал етті.

Әскери теңізшілердің балаларына ерекше көңіл бөлініп, Балаларды қорғау күніне орай кемеде мерекелік іс-шара өткізілуі – әскери қызметтің тек қатаң тәртіптен ғана тұрмайтынын, адами құн­ды­лықтардың да назардан тыс қалмайтынын көрсететін маңызды қадам болды.

Халықаралық әскери ынтымақтастық аясында Әзербайжан Республикасымен бірлескен «Каспий самалы» оқу-жаттығуы Ақтау қаласында өткізіліп, теңіз қауіпсіздігі мен өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған тәжірибе алмасу жүзеге асты.

Тәрбие жұмысының рухани-идеоло­гия­лық бағыты да жүйелі түрде жүргізілді. Қазақтың даңқты батырлары – Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Сағадат Нұрмағамбетовтің ерлік жолдарын жас ұрпаққа насихаттау мақсатында оқу орын­дар­ында тұрақты түрде ерлік сабақтары өт­кізілді. Бұл кездесулер жас буынның тарихи санасын қалыптастыруға, елге қыз­мет ету ұғымын терең түсінуге ықпал етті.

Ал былтырғы жылдың ең басты әрі сим­волдық мәні зор іс-шарасы – Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадтың өтуі болды. Бұл парад тек сал­танатты рәсім емес, ұрпақтар сабақтас­тығын, тарихи жады мен Отан алдындағы жауапкершілікті айқындайтын маңызды оқиға ретінде ел жадында қалды.

– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан Ардақ СҰЛТАН

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:158
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Қаңтар 2026 06:17
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

07 Қыркүйек 2026 22:03see146

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

08 Қыркүйек 2026 13:48see145

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

07 Қыркүйек 2026 21:43see143

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

08 Қыркүйек 2026 16:49see142

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

08 Қыркүйек 2026 07:22see141

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

08 Қыркүйек 2026 17:04see141

Бюджетке түскен батпан

08 Қыркүйек 2026 04:59see140

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

08 Қыркүйек 2026 09:33see140

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

08 Қыркүйек 2026 20:43see140

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

08 Қыркүйек 2026 13:07see139

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

08 Қыркүйек 2026 16:49see139

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

08 Қыркүйек 2026 10:15see136

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

09 Қыркүйек 2026 01:12see133

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

08 Қыркүйек 2026 21:40see128

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

08 Қыркүйек 2026 19:15see124

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

08 Қыркүйек 2026 20:05see122

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

08 Қыркүйек 2026 23:41see120

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

09 Қыркүйек 2026 09:33see120

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

09 Қыркүйек 2026 08:07see113

Беларусь БАҚ тары Рыбакинаның US Open дегі жетістігіне алаңдаулы

09 Қыркүйек 2026 10:31see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары