Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Шағын мектептердің мүмкіндігі қандай?

Шағын мектептердің мүмкіндігі қандай?

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Жаңа оқу жылына дейін мектептер тех­ни­ка­лық жаб­дық­талып, жоғары жыл­дам­дық­­ты интернетпен қамтылуға тиіс. Мұнымен қоса мектептерде ЖИ қолдану стандарты, білім кон­тентін генерациялау ережесі, нәти­желерді бағалау жүйесі бекі­тілуге тиіс. Ұлттық білім беру дерек­қорының жаңғыртылуы нәти­жесінде LMS жүйелері, яғни элек­трондық күнделіктер мен жур­нал­дар бірыңғай деректер қой­масына біріктіріліп, «QazTech» мем­ле­кеттік бұлтты платформа­сына шоғыр­ла­натын болады. Қазіргі таңда елі­мізде 160 мыңнан астам педагог практикалық ЖИ дағдыларын мең­герген. Жасанды интеллектіні білім саласына енгіз­генде оқыту фор­маты мен ресурстарын әзірлеу, қашық­тан және офлайн оқытудың үйле­сімі ескеріліп, қазақ тіліндегі ЖИ оқу­лығы мен оқу-әдістемелік құ­рал­дарды да­йындау көзделіп отыр.

Сарапшылардың пікірінше, Президенттің «Қазақстан Респуб­ли­касының орта білім жүйе­сіне жасанды интеллектіні ен­діру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қоюы орта білім жүйесінде инновациялық ше­шімдерді ілгерілетуге ықпал етеді. Жасанды интеллект және цифр­лық шешімдер шалғай ауыл­дар мектебінде қолданылуы оқу­шылардың да, мұғалімдердің де цифрлық құзыретінің артуы­на, әдістемелік материалдар мен онлайн ресурстардың қол­же­тім­ді­лігіне ықпал етеді. Бі­лім үрдісін жаңа бағытқа бұрып, сыни ойлау, ақпаратты талдауға кең мүмкіндік туғызады.

Әлеуметтік желінің әлеуетін тиімді пайдаланып, оқушыларына пәнді жаңаша түсіндіріп жүр­ген Тараз қаласындағы НЗМ физика мұғалімі Мирлан Жусам­баевтың айтуынша, заманауи алгоритмдерді оқу үрдісінде қол­дану жаңа білім кеңістігіне жол ашады. Нақты ақпарат қажет болған жағдайда ЖИ көмегімен жылдам жауап алуға болады. Ол оқушының жеке жәрдемшісі бола алады. Оқу үдерісінде есеп шығару деңгейін ескере отырып көмектеседі.

«Тиктоктағы» білім каналыма үлгілік және зертханалық жұ­мыстарды түсіріп, жүктеп отырамын. Қызықты әрі түсінікті етуге тырысамын. Жүктелген материалдар негізінде оқушылар таныстырылымын әзірлейді. Жаңа білім дағдыларын үйренеді. Осыған қарап оларға интернеттің өңірлерде қолжетімді екенін әрі оқушылар қызығушылығының жоғары екенін байқауға болады. Оны желі пайдаланушылар контенті, кері байланыс нәтижесіне қарап білуге болады», дейді М.Жусам­баев.

Оның айтуынша, оқушы­лардың ЖИ алгоритмін тиімді қолдану ережесін, этикасын үйрету – мұ­ғалім үшін басты мәселе. Өйткені, оның бірқатар тәуе­­келі бар. ЖИ көмегімен орындал­ған үй тапсырмасындағы айырмашы­лықты мұғалім бірден байқап қоя­­ды. Әсіресе алгоритмнің қолданыл­ғаны есептерді шешкенде анық көзге түседі. Мұғалім бір ғана формула қолданса, ЖИ есептің шешімін ұзақ жолмен қарастырады. Қорытындысына оқушы өздігінен құрылымдай алмайтындай шешу жолы түзілуі мүмкін. Сыныпта белсенділік танытпайтын оқушының үй тапсырмасын орындағанда ЖИ көмегіне жүгінгенін түсіну қиын емес және оның жауабы да әрдайым дұрыс бола бермейді. Есеп шығарғанда ол тілдік модель болғандықтан, бірден көзге түседі. Нақты емес ақпарат беруі мүмкін. Сондықтан мұғалім нақты мысалдармен түсіндіруі қажет.

«Qazaq Expert Club» білім са­ласындағы сарапшысы Бахытжан Дүйсенованың айтуынша, жобаны қанатқақты режімде іске асыруда Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарындағы шағын жинақты мектептері кездейсоқ таңдалған жоқ. Рес­ми деректер бойынша осы өңірлерде ауыл мектептерінің, шағын жинақты мектептердің үлесі жоғары. Сондықтан тірек мектеп пен ша­ғын мектептің желілік байланысы, цифрлық контент және қашықтан қолдау көрсету бұл аймақтар үшін басым модель саналады. ЭЫДҰ деректері еліміз өңірлері арасында цифрлық инфрақұрылым мен педагогтердің технологиялық даярлығы бойынша айырма­шылықтар бар екенін көрсетеді. 2023 жылы Ұлттық баян­дамада мектептердің 99,7 пайызы интернетке қосылғаны көрсетілген. Бірақ сапа біркелкі емес. «Интернет бар» деген көрсеткіш әзірге ЖИ сервистерін тұрақты пайдалануға жеткілікті емес. Оған қоса, ел бойынша бір компьютерге орта есеппен 4 оқушыдан келеді. Елімізде қала мен ауыл мектептері арасындағы интернет сапасы, құрылғылармен қамтамасыз етілуі және ІТ-кадрлар бойынша айырмашылықтар әлі күнге сақталып отыр.

«Бұл айырмашылықты шағын жинақты мектептердің құ­рылымы айқын көрсетеді. Қазіргі кезде елімізде 2 500-ден астам шағын жинақты мектеп бар, бірақ онда тек барлық оқушының 5 па­йызға жуығы ғана білім алады. Мемлекеттік мектептердің 70 пайыздан астамы ауылдық жерде орналасқан. Осы ретте Солтүстік Қазақстан облысында ауыл мектептерінің үлесі 88 пайы­з болса, Қостанай облысында 80 пайыз­ды құрап, дәл осы өңірлерде шағын жинақты мектептердің көрсеткішінің жоғары екенін көрсетіп отыр. Демек, «Qazaq Digital Mektebi» сияқты шешімдер үшін негізгі нысана – осы аймақтар. Сондықтан жобаны іске асыруда өңірлік ерекшеліктер басты назарда болуы қажет», дейді Б.Дүйсенова.

ЖИ құралдары білімге қолже­тім­ділікті кеңейтіп, ерекше білім қажеттілігі бар балаларды қолдауда тиімді механизм ре­­тін­де қарастырылып отыр. Оған қоса «UNESCO және ЭЫДҰ зерттеулеріне сәйкес ЖИ білім үрдісінде оқушылардың оқу жетіс­­­тіктерін талдап, мұғалімнің уақы­тын да үнемдейді. Ака­де­мия­лық адалдықтың бұзылуы, оқушылардың дайын жауаптарға тәуелділігі, жалған ақпараттың таралуы, дербес мәліметтердің қауіпсіздігі негізгі тәуекелдер қатарында. Жобаны іске асыру барысында өңірлер арасындағы цифрлық теңсіздікті ескеру ма­ңызды.

Ресми мәлімет бойынша «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында 2027 жылдың соңына дейін халықтың 100 пайызын интернетпен қамтып, ауыл­дық елді мекендерді 90 па­йыз оптикалық байланыс­пен қам­­ту жоспарланған. Осы орай­­­­да сарапшы, біріншіден педагог­­­тер­дің цифрлық және ЖИ құзыреттілігін арттыру бо­йынша ұлттық деңгейде тұрақты оқыту бағдарламаларын енгізу қажет­­­тігін атап өтті. Екіншіден, білім саласында ЖИ қолданудың эти­калық стандарттары мен дерек­тер қауіпсіздігіне қатысты нор­­­ма­­­­­­тив­тік база әзірленуге тиіс. Үшіншіден, ауыл және қала мек­теп­­­­­тері арасындағы цифрлық алшақ­тықты азайтуда интернет пен техникаға қолжетімділікті теңес­­­­­тіру. Сонымен қатар қазақ тіліндегі сапалы цифрлық контент­ті дамытып, ұлттық білім платфор­ма­сы­ның бірыңғай экожүйесін қа­лып­тастыру стратегия­лық маңызға ие.

«Практикалық шешім – «алдымен офлайн, кейін синхрондау» қағидаты. Яғни контент пен тапсырма мектеп құрылғысына алдын ала жүктеліп, жергілікті сервер не кэш арқылы сабақ кезін­де интернетсіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуі маңызды. Ал байланыс пайда бол­­ғанда дерек синхрон­далуы керек», дейді сарапшы.

Ал мұн­дай модельге PDF/видеоның жеңіл нұсқасы, жүктелетін сабақ пакеттері, мұғалімге арналған офлайн әдістемелік модульдер, SMS/мессенджер арқылы қысқа кері байланыс кіреді. Бұл тәсіл халық­аралық тәжірибеге де сәйкес келеді. UNESCO-ның 2020 жылғы дағдарыс контексіндегі қашықтан оқыту жобаларының 70 пайызында радио, теледидар, ұялы телефон пайдаланылған, ал пандемия кезінде онлайн платформалардың әлем оқушы­ларының шамамен төрттен біріне ғана жеткенін көрсетті. Демек, шалғай ауыл үшін «онлайн ғана емес», көпарналы аралас архитектура да қажет. Жоба мақсатына сай іске ассын десек, аймақтардағы мектептер интернет желісімен ғана емес, жаңа технологиялық мүмкіндіктермен де толыққанды қамтылғаны абзал.

АЛМАТЫ

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:162
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Маусым 2026 09:36
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see116

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see112

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары