Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Шалғай ауылдардағы жарқын жобалар

Шалғай ауылдардағы жарқын жобалар

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Жетісу облысында туризмді дамыту бағытындағы ауқымды жұ­мыс   атқарылып жатыр. Әсіре-се Балқаш пен Алакөл көлінің жағалаулары толықтай жаңарып келеді. Ең ғажабы оған жақын орналасқан ­ауылдар заманға сай түрленіп, демалушылардың көңілінен шығып отыр. Мәселен, Балқаш жаға­лауына бет алған саяхатшылар үшін Лепсі – өңірдің басты қақпаларының бірі. Сондықтан мұнда салынып жатқан жа­ңа теміржол вокза­лының маңызы ерекше. Тамыз айында пайдалануға берілуі жоспар­ланған нысан өңірдің көлік инфрақұрылымын жақ­сартып қана қоймай, жолау­шыларға көрсетілетін қызмет сапасын жаңа деңгейге көтермек. Бүгінде құрылыстың 45 па­йызы аяқталған. Мердігер ұйым директорының бірінші орынбасары Медет Омархановтың айтуынша, іргетастың монолитті-бетон жұмыстары толық аяқталып, ғимарат қабырғалары қаланып жатыр.

«Құрылыс нысанының жалпы аумағы – 617 шаршы метр. Вокзал ғимараты барлық заманауи талаптарға сай . Жобада күту залы, сауда алаңы, балалы жолаушыларға арналған бөлме, демалыс аймағы, санитарлық тораптар мен әкімшілік-техникалық бөлмелер қарастырылған», дейді М.Омарханов.

Суретті түсірген – Жұмабай Мұсабек

Жаңа вокзалдың іске қосылуы Балқашқа келетін туристер легін арттыруға да оң ықпал етеді. Өйткені сапалы көлік инфрақұрылымы – туризмнің дамуына тікелей әсер ететін негізгі факторлардың бірі. Турист үшін алғашқы әсер көбіне вокзалдан немесе жолдан басталады. Сондықтан Лепсіде бой көтеріп жатқан бұл нысан өңірдің туристік әлеуетін арттыруға қызмет етпек.

Туризмнің табысты дамуы қауіпсіздік мәселесімен де тығыз байланысты. Осы мақсатта ауылдағы полиция пунктінің ғимараты толық жаңғыртылып, заман талабына сай келтірілген. Мұнда қызметкерлер үшін асхана мен демалыс бөлмесі ашылып, екінші қабатта жатақхана бөлмелері жабдықталған. Бүгінде пункт­те бес қызметкер жұмыс істесе, туристік маусым кезінде олардың саны 25 адамға дейін артады. Сонымен қатар Балқаш көліндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тәулік бойы қызмет атқаратын құтқару бөлімшесінің 12 маманы жұмыс істейді. Бұл шаралар өңірге келетін қонақтардың қауіпсіз демалуына мүмкіндік береді.

Лепсі ауылындағы тағы бір маңызды нысан – 30 орынды ауылдық аурухана. Биыл сәуір айында басталған күрделі жөндеу жұмыстарының 30 пайызы орындалған. Жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады. Сарқан аудандық орталық аурухананың директоры Алтай Шұлғаубаевтың айтуынша, аурухана соңғы рет 2010 жылы жөнделген.

«Ғимаратты заманауи талаптарға сай жаңарту қажеттілігі бұрыннан туындаған болатын. Бұл медициналық қызмет сапасын арттыру үшін өте маңызды. Әсіресе туристік маусым кезінде Лепсіге келетін қонақтар саны артады. Өткен жылдың өзінде ғана бізге 800 адам медициналық көмекке жүгінді. Сондықтан аудандық ауруханадан қосымша мамандар тартылып отырады, жақын уақытта тағы үш дәрігер келеді», дейді А.Шұлғаубаев.

Қазіргі уақытта науқастарды жергілікті емхана қабылдап жатыр. Лепсі ауылына арнайы іссапармен барған облыс әкімі Бейбіт Исабаев келесі жылы емхана ғимаратына да жөндеу жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Бұл ауыл тұрғындары мен туристер үшін медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін одан әрі арттыра түспек.

«Балқаш жағалауының туристік әлеуеті өте жоғары. Сондықтан біз тек демалыс орындарын көбейтіп қана қоймай, турис­тер мен жергілікті тұрғындарға қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға басымдық беріп отырмыз. Лепсі ауылында жүзеге асырылып жатқан бұл жобалар өңір туризмінің дамуына тың серпін береді деп сенемін», деді Б.Исабаев.

Жалпы, шалғай ауылдарда жүзеге асқан жарқын жобалар туризмді дамытудың кешенді үлгісін көрсетеді. Туристерді тарту үшін тек табиғи байлық жеткіліксіз. Оларға қолайлы жол, сапалы көлік қатынасы, қауіпсіз орта және уақтылы медициналық көмек қажет. Бүгінде Лепсіде қолға алынған жұмыстар осы талаптардың барлығын қамтып отыр.

Жетісу облысында  туризм  экономиканың маңызды драйверлерінің біріне айналып келеді. Сондықтан өңірде жүзеге асырылып жатқан әрбір инфрақұрылымдық жоба тек ауылдың емес, тұтас аймақтың дамуына қызмет етеді. Ал Лепсіде салынып жатқан жаңа вокзал, жаңғыртылған полиция пункті мен жаңарған аурухана – Балқаш жағалауын туристер үшін тартымды бастама. Көлді жайлы демалыс орнына айналдыру жолындағы маңызды қадамдардың бірі болмақ.    

Жетісу облысы 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:100
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Шілде 2026 09:02
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары