Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Шекті межеден асқан қаржы неге шектеле береді?

Шекті межеден асқан қаржы неге шектеле береді?

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Алайда жуырда БЖЗҚ-дағы қаражатты емдеу мақсатына пайдалану тоқтатылды. «Отбасы банкінің» басқарма төрайымы Л.Ибрагимова бұл шектеудің 6 айға созылатынын мәлімдеді. Осы уақыт аралығында медициналық көмекке бағытталған зейнетақы жинақтары жан-жақты зерттеліп, сарапталмақ. Азаматтарға шекті мөлшерден асқан қаражатын шешіп алудың басқаша мүмкіндіктері ұсыныла ма? 

Негізі, бұл – басы ашық сұ­рақ. Өйткені зейнетақы жи­нақтары осыған дейін кейбір ауру­ларды емдеу мақсаттарына бе­рілді және тиімсіздігін көрсетті деп айтсақ, қателеспейтін шы­ғар­мыз. Зейнетақы жинағында шекті мөл­шерден асқан соманы халық ор­фандық ауруларларға, рекон­струк­тивті және қалпына келтіру (пластикалық) операцияларға, ра­дионуклидтік және ра­диойод­терапия, радиохирургиялық ем­деу­ге, протон терапиясына, оф­­та­льмологиялық жән сто­ма­­то­логиялық қызметтерге пай­да­ла­нып келген еді. 

Біз бұл жерде әрбір дертке, ем­деу әдістеріне жеке-жеке тоқ­та­лып отыруды мақсат етпейміз. Көз аурулары мен тіс ауруларынан басқа аурулардың кейбірі сирек кезд­есетін, ал басқалары қатерлі ау­рулар екені анық. Яғни, қисын­ды түрде айтатын болсақ, шекті мөл­шерден асқан зейнетақы қа­ра­жатын пайдалану үшін бірінші ке­зекте сирек кездесетін әрі қа­тер­лі аурулармен ауыратын аза­мат­тарға басымдық беріліп кел­ген. Бұл жерде тағы да «бірақ» де­ген мә­селе шығады. 

Мысалы, медициналық кө­мек алу бағытының тоқтап қал­уы­­на әсер еткен нәрсе – ра­дио­­хирур­гия бойынша өті­нім­дер­дің кө­бейіп кетуі. Бұрын ол бойынша өті­нім бір айда 10 шақты ғана бол­­са, қаңтарда өтінімдер саны 7 мыңға жеткен. Елімізде протон терапиясы мен радиохирургиялық ем­деу көбіне лайықты жабдық­тал­­ған, білікті дәрігерлер шо­ғыр­ланған «Нейрохиурургия ұлттық ор­талығы» АҚ, Ұлттық ғылыми он­кология орталығы және Ядро­лық медицина және онкология орталығында жүзеге асатынын ес­керсек, Отбасы банкінің елі­міз­дің басқа да аймақтарындағы клиникалардан түскен өтінім­дер­ден с­ақтануы – қалыпты нәрсе. Сон­дай-ақ Отбасы банк 7 мың­ның артында мыңдаған заң­сыз­дық­тың жасырынып жатқанын да білмей отырған жоқ. Себебі былтырғы жылдың қыркүйегінде сто­матологиялық бағыт бойыша қа­ражат алуды тоқтатып қойған еді, енді жел радиохирургия жақ­тан соқты. Ауырмаса да ауырған адам­ның кебін кигендер радио­хи­рургиялық емді жағалай бас­та­ды. Ал қатерлі ісіктер мемлекет есе­бінен тегін емделетіні басқа әңгіме...

Жалпы, стоматология бойын­ша шектеу 2024 жыл­дың шілдесінде басталды. Ал­дымен Отбасы банк протездеу жә­не имплантаттау бойынша қым­бат тұратын стоматологиялық қыз­меттерге қаржы беруді тоқ­тат­ты. Біржолғы зейнетақы тө­лем­дері жөніндегі уәкілетті опе­ратор Отбасы банк мұны қыз­­­меттік тексерулер барысында жалған құ­жаттарды пайдалану, сондай-ақ нақ­ты медициналық қызметтерді көр­сетпеу фактілерімен түсін­ді­ріп, 2024 жылғы 10 тамыз бен 2025 жылғы 1 ақпан аралығында қа­­­ражат беруді тоқтатуды жос­пар­лаған. Сол қызметтік тексе­ру­дің соңы 2025 жылдың 15 қыр­күйе­гінен бастап 2026 жылдың 15 сәуіріне дейін enpf-otbasy.kz плат­формасында тіс емдеуге өтініш қа­былдаудың уақытша тоқта­тылуы­на ұласты. Банктің мәліме­тін­ше, 2021 жыл мен 2025 жыл­дың аралығында Отбасы банкінің enpf-otbasy.kz платформасы ар­қылы тек «Стоматологиялық қыз­­­­­меттер» бағыты бойынша 757 млрд теңге аударылған. Соның 222,61 млрд теңгесі 20 сто­ма­то­ло­гиялық клиникаға түскен. Бұл кли­никалардың жартысының Аты­рауда, ал қалғандарының Ал­маты мен Астанада орналасуы да зейнетақы жинақтарын пай­да­лану­да заңсыздыққа жол берілге­нін көрсетіп тұр.

Сонымен, шекті мөлшер­ден асқан зейнетақы жи­на­ғын ем алу мақсатында пайда­лану тоқтап тұр. Кез келген ҚР аза­маты өзінің шекті мөлшерден ас­қан жинағын пайдаланғысы ке­летіні жасырын емес. Бірақ От­б­асы банк еліміздегі жұмыс іс­тейтін (шекті мөлшерден асқан жи­нақ жұмыс істейтін адамдарда бар) барлық адамның сирек ке­з­десетін және қатерлі аурулармен ауырмайтынын, көп мөлшердегі сомаға тіс емдетпейтінін ескере ме? Әлде шекті мөлшерден асқан қара­жатты алу біржола тоқтай ма? Ал бұл мәселеге қатысты сарап­шылар қандай пікірде?

Айбар ОЛЖАЙ,

экономист, сарапшы:

– Мен әу баста шекті мөлшерден асқан қаражатты алу туралы идеяға қарсы болдым. Ол базалық зейнетақыға қосымша қаржы ретінде қарастырылған, зейнетке шыққан кезде берілуге тиіс қаражат екені белгілі және 40 жылдан кейін өз жемісін беру керек еді. Біз оған жеткізбей парша-паршасын шығардық. Тек 1,3 трлн теңге тұрғын үйге кетіп қалды. Шекті мөлшерден асқан қаражатты алудың түрлі жолы ұсынылған соң түрлі қитұрқылық болатыны даусыз. 

Бір бағытта көп өтініш түскеннен кейін оны тоқтата тұру – бейнелеп айтқанда, өртті сөндіру жұмыстарына ұқсайды. 

Бұл жүйені қайта қарау керек деп есептеймін. Меніңше, зейнетақы қорының функциясын әу бастағы қалпына келтіру керек. Иә, заңды бұзғандар жазаға тартылар, өтініш бергендер тиісті қаржысын алар. Бірақ шекті мөлшерден асқан қаражатты мұндай жолмен сыртқа шығарғаннан гөрі активтерді ірі компанияларға басқартып, адам қолы ала алмайтындай ғып жасау керек шығар деп ойлаймын. Жалпы, бұл мәселені 2027 жылдан кеш қалдырмай шешу керек.  

Раушан ТАСШОИНОВА,

қаржыгер, сертификатталған салық кеңесшісі, 

ACCA халықаралық ұйымының мүшесі:

– Бұл мәселе бойынша халықаралық тәжірибеге назар аударсақ, бел­гілі бір заңдылықты көруге болады. Мәселен, Сингапурда зей­не­т­-а­қы жүйесінде медициналық және зейнетақылық қаражаттар бө­лек есеп­теледі, ал медициналық шығындар қатаң шектеулер мен нақ­ты тарифтер арқылы ғана жүзеге асады. Жалпы алғанда, дамыған ел­дер­дің басым бөлігінде зейнетақы қаражаты медициналық қыз­меттер на­рығына еркін жіберілмейді: кей елдерде мұндай мүмкіндік мүлде жоқ, ал кейбірінде ол қатаң қаржылық және институционалдық шек­­­теулермен ғана іске асады. 

Барлық модельдің ортақ қағидасы бір: жүйе техникалық тұр­ғыда заңбұзушылыққа жол бермейді немесе мұндай бұзушылықтың ба­ғасы тым қымбат болады.

Қазақстандық модельде дәл осы элементтер жетіспеді. Бақылау кө­біне декларативті сипатта қалып, жауапкершілік нақты ай­қын­далмады. Сондықтан төлемдерді уақытша тоқтату шарасы амал­сыз­дан қабылданған шешім болды. Алайда осы үзілістен кейін ере­же­лер­ді жай ғана «реттеп», терең өзгеріссіз қайта іске қосса, бұрынғы схе­малардың қайта қайталану қаупі жойылмайды.

Енді негізгі сұраққа келсек, алдағы уақытта БЖЗҚ мен Отбасы опе­раторы емдік мақсаттағы қаражатты бағыттау барысында нені ес­керуі керек? 

Менің ойымша, ең алдымен, барлық салымшыны бірдей шектеу әді­летті ме деген сұраққа жауап беру қажет. Шекті мөлшерден асқан қара­жаты бар азаматтардың бәрі бірдей сирек немесе қатерлі аурумен ауыр­майтыны рас. Сол сияқты олардың барлығы қымбат сто­ма­то­логиялық қызметке жүгінбейді. Демек, жүйе «бәріне ортақ тыйым» қа­ғи­датынан бас тартып, тәуекелге негізделген, сараланған басқару моделіне көшуі қажет. 

Бұл медициналық және қаржылық шешімдерді қатаң ажырататын, ме­дициналық ұйымдардың нақты жауапкершілігін белгілейтін, та­рифтердің ашықтығын қамтамасыз ететін және ең бастысы – заң­бұзушылық схемалар экономикалық тұрғыдан тиімсіз болатын ба­қылау моделін құруды талап етеді.

Зейнетақы – бүгінгі шығын емес, ертеңгі қауіпсіздік. Демек, зей­нетақы қаражаты қысқамерзімді шешімдердің емес, ұзақмерзімді қар­жылық тұрақтылықтың құралы ретінде қарастырылуға тиіс. 

Айгүл СЕЙІЛ

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:141
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қаңтар 2026 10:39
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары