Шерзат ісінде кінәсі бар дейтін куәгерлер соттала ма?
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
"Ата-анасының көзінше өлтірілді" делінген 16 жастағы жасөспірім Шерзаттың өліміне қатысты істе бірінші сатыдағы сот куәгерлердің әрекеттеріне прокурордың назарын аудару туралы жеке қаулы шығарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Бүгінде апелляциялық сот жеке қаулыны өзгеріссіз қалдырып, үкім заңды күшіне енген.
Айта кетейік, сотта куә болған Д.Жақсыгелді, Э.Нұрбекова, А.Казакенов және Ю.Рузбакиевтерге іс қозғалуы мүмкін екені бұған дейін де жария болған еді.
Алматы облысының прокуратурасы сот қаулысына байланысты қандай жұмыс атқарылғанын мәлім етті.
– Д.Жақсыгелді, Э.Нұрбекова, А.Казакенов және Ю.Рузбакиевтің әрекеттеріне қатысты сот шығарған жеке қаулы бойынша, облыс прокуратурасы оны ақпараттарды есепке алу кітабына тіркеп, процестік шешім қабылдау үшін құжаттар Алматы облысының полиция департаментіне жолданды, – дейді Алматы облысы прокурорының орынбасары Абылайхан Оңдасын.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:54
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Қазан 2025 05:33 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















