Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Шомылу маусымы: Су айдындарындағы қауіпсіздік деңгейі қандай?

Шомылу маусымы: Су айдындарындағы қауіпсіздік деңгейі қандай?

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Фото: ҚР ТЖМ

Батыс Қазақстан облысында кеше кешкі уақытта болған қайғылы оқиға елді есеңгіретті. Бір уақытта үш жасөспірім суға батып, көз жұмды. Балалардың денесі жергілікті тұрғындардың күшімен судан шығарылған. Бұл аумақта суға түсуге тыйым салынғаны туралы ескерту белгісі орнатылған.

«Қазір оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. ТЖМ арнайы жабдықталмаған және шомылуға арналмаған жерлерде суға түсу адам өмірі мен денсаулығына үлкен қауіп төндіретінін еске салады. Су айдындарында тек ресми түрде рұқсат етілген орындарды таңдау қажет. Қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтап, балаларды қараусыз қалдырмау маңызды», деп хабарлады облыстық ТЖД.

Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің басқарма бастығы Талғат Жамбауовтың айтуынша, суға бату деректерінің 95 пайызы тыйым салынған жерде тіркеледі. Жалпы суға түсуге рұқсат етілмеген жерге шомылған азамат пен сол аумақты ұйымдастырған адамдар да жауапкершілікке тартылады.

«Рұқсат етілмеген жерде шомылған азаматтарға Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 412-бабы бойынша 7 айлық есептік көрсеткіш (27 524 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады. Ал жабдықталмаған орында шомылу ұйымдастырған су айдынының иесінің үстінен қылмыстық іс қозғалады», деді Талғат Жамбауов.

Бұған дейін Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Көкпекті ауылында су айдынында қайғылы оқиға болып, кәмелетке толмаған қыз бала көз жұмды. Ол ересектердің қарауынсыз өзен жағасына барып, тыйым салынғанына қарамастан суға түскен. Құтқарушылар шамамен 4 метр тереңдікте, жағадан 20 метр қашықтықта қыз баланың денесін тапты.

Сонымен қатар Түркістан облысы Келес ауданындағы Ошақты каналында ағалы-інілі екі бала суға кетіп, қаза тапты. Құтқарушылар 8 жастағы Юсуфахмет пен 13 жастағы Диасты тәулікке жуық уақыт іздеген.

Сондай-ақ 3 маусым күні Қосшы қаласында Нұра-Есіл каналына досымен бірге шомылуға барған 10 жастағы бала суға батып кетті.

Мамандардың айтуынша, аумақта суға түсуге тыйым салынған белгілер орнатылған.

«Астана қаласы ТЖД жедел-құтқару жасағының күшімен баланың денесі табылып, судан шығарылды», деді Ақмола облысы ТЖД ресми өкілі Ерсайын Қойшыбаев.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, еліміздің су айдындарында профилактикалық жұмыстар күшейген. Өңірлерде жазатайым оқиғалардың алдын алу және демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында рейдтер, патрульдеу шаралары, оқыту акциялары мен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Астанада судағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Астана қаласында шомылу маусымы басталғалы судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстары күшейтілген тәртіпте жүргізіліп жатыр. 1 маусымнан бері полиция қызметкерлері мен еріктілердің қатысуымен 2 рейдтік іс-шара өткізілді. Сонымен қатар Есіл өзенінде құтқарушылардың күнделікті кезекшілігі ұйымдастырылып, сағат 07:00-ден 21:00-ге дейін үздіксіз бақылау жүргізіліп отыр.

«Елордада шомылуға рұқсат етілген 5 орын бар. Олар коммуналдық жағажай, Орталық саябақтағы Орталық қалалық жағажай, «Армина», «Три пескаря» және «Столичный двор» демалыс аймақтары. Қала аумағындағы өзге барлық су айдындарында шомылуға тыйым салынған», дейді қалалық ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасының бас маманы Айбек Тапаш.

Алматы облысында ТЖД қызметкерлері өңірдегі барлық су айдынында күндізгі және түнгі уақытта күн сайын профилактикалық рейдтер жүргізіп жатыр. Ерекше назар Қапшағай су қоймасы мен Көлсай көлдерін қоса алғанда, жаппай демалыс орындарына аударылып отыр. Бақылау тиімділігін арттыру мақсатында квадроциклдер, ұшқышсыз ұшу аппараттары және кинологиялық есептоптар пайдаланылады. Шомылу маусымы 1 маусымда басталғанына қарамастан, Алматы облысында су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бұзғаны үшін 43 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ көліктік бақылау инспекциясымен бірлесіп, қажетті рұқсат құжаттары мен тіркеу нөмірлерінсіз пайдаланылған бес шағын көлемді кеме арнайы тұраққа қойылды.

Ал Шымкент қаласында «Рахат-Бадам» демалыс аймағында қауіпсіздік мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Мұнда жергілікті атқарушы органдар, полиция қызметкерлері мен еріктілердің қатысуымен ауқымды профилактикалық акция өткізілді.

Батыс Қазақстан облысында үш жасөспірім суға батып кетті

Қызылорда облысында биыл 7 жағажай белгіленген. Олар Арал ауданындағы «Аққұмшық», Қармақшы ауданындағы «Мұратбаев», Сырдария ауданындағы «Қалғандария», Шиелі ауданындағы «Бәйгеқұм», Қызылорда қаласындағы «Сыр толқыны», «Эдельвис» және Жалағаш ауданындағы «Асар» жағажайлары.

«Аймақта суға шомылуға тыйым салынған қауіпті 63 аумаққа 398 ескерту тақтайшасы орнатылды. Оған қоса, қауіпті аймақтарда қолдануға ыңғайлы әрі өзіндік құны төмен инновациялық тыйым салу белгілері орналастырылып, 63 қауіпті аумақта 20 мобильді пост орнатылды», дейді Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы Жандос Досымов.

Сондай-ақ тәулік бойы жауапты мамандардың қатысуымен рейдтік жұмыстар жүргізіліп отыр. Оған полиция департаментінің қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар және 180 ерікті тартылған. 

Аймақта жыл басынан бері Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 412-бабы бойынша (су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бұзу немесе орындамау) 11 әкімшілік хаттама толтырылып, 166 512,5 теңге айыппұл салынды.

Жамбыл облысындағы «Зербұлақ» демалыс аймағында жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мен Апаттар медицинасы орталығының мамандары алғашқы көмек көрсету және суға батып бара жатқан адамды құтқару бойынша тәжірибелік сабақтар ұйымдастырып, төтенше жағдай туындаған кездегі іс-қимыл алгоритмін көрсетті.

Қарағанды облысында қыз бала суға батып кетті

Шығыс Қазақстан облысында Новостройка ауылы маңындағы Бұқтырма су қоймасының Самар жағалауында маусымдық құтқару бекеті өз жұмысын бастады. Жазғы кезең бойы мұнда жедел-құтқару жасағының қызметкерлері, өрт сөндіру бөлімшелерінің мамандары және Қасым Қайсенов атындағы № 68303 әскери бөлімінің екінші құтқару батальонының әскери қызметшілері кезекшілік атқарады. Бекет оқиғаларға жедел әрекет ету үшін қажетті техникамен және жүзу құралдарымен жабдықталған. Патрульдеу катер мен гидроциклдің көмегімен жүзеге асырылады, сондай-ақ ұзындығы шамамен 110 шақырымды құрайтын жағалау бойында өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуына мониторинг жүргізіледі.

Қосшыда 10 жастағы бала суға батып кетті

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:151
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Маусым 2026 15:12
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары