Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Сотқа сталкинг бойынша 51 іс жолданды ІІМ

Сотқа сталкинг бойынша 51 іс жолданды ІІМ

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Сталкинг — адамның еркінен тыс байланыс орнатуға тырысу немесе оны заңсыз қудалау. Қазақстанда мұндай әрекет үшін жауапкершілік көзделген (Қылмыстық кодекстің 115-1-бабы).

Сталкинг — адамның психологиялық жағдайына елеулі зиян келтіреді: өмірі мен денсаулығына алаңдаушылық тудырып, қорқыныш, күйзеліс, стресс пен депрессияға әкелуі мүмкін. Қудалау барысында қорқыту, балағаттау, жала жабу, интернет арқылы аңду, жеке хат-хабарды оқуға әрекет жасау, бейнекамералар мен GPS-трекерлер арқылы бақылау секілді әрекеттер болуы ықтимал. Мұндай әрекеттер уақыт өте келе зорлық-зомбылық, денсаулыққа зиян келтіру немесе мүлікке залал келтіру сияқты ауыр қылмыстарға ұласуы ықтимал. Қудалаушының негізгі мақсаты — жәбірленушіні бақылауда ұстап, оған үрей мен алаңдаушылық тудыру.

Мұндай қудалаудың құрбаны кез келген адам болуы мүмкін. Қылмыстық кодекстің 115-1-бабына сәйкес жаза ретінде 200 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл, 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 50 тәулікке дейін қамауға алу қарастырылған.

— Ішкі істер министрлігі тарапынан ауқымды дайындық жұмыстары жүргізілді. Құқық бұзушылықтарды тіркеу және тергеп-тексеру тәртібі бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірленіп, қызметкерлерге арнайы оқыту шаралары өткізілді, — деді Ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің бастығы Самат Аисов. 

Бұл заң адамдарды қудалаудың бастапқы кезеңінде қорғауға, психологиялық әрі физикалық зиянның алдын алуға және қоғамдағы қауіпсіздік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Самат Аисовтың сөзінше, сталкинг қылмыс ретінде енгізілген күннен бастап сотқа 51 ісжолданған. Оның ішінде 36 іс бойынша күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған санаттағы істерді тергеп-тексеру ІІМ-нің бақылауында.

Осындай оқиғалардың бірі Батыс Қазақстан облысында тіркелді. Бұрынғы жұбайы әйелді жүйелі түрде қудалап келген: оған қайта-қайта қоңырау шалып, хабарламалар жазған, жаңа байланыс нөмірлерін тауып алған, тұрғылықты жеріне келіп, күш қолданамын деп қорқытқан. Әйел телефон нөмірін ауыстырып, оны бұғаттағаннан кейін де ер адам түрлі аккаунттар мен нөмірлер арқылы жазуды жалғастырып, оның еркінен тыс байланыс орнатуға тырысқан. Бөкейорда аудандық соты ер адамды кінәлі деп танып, 100 сағат қоғамдық жұмыс жазасын тағайындады.

Астанада тағы бір ер адам сталкинг жасағаны үшін сот шешімімен кінәлі деп танылды. Қала тұрғыны жарты жыл бойы әйелді қудалап келген. Әйел қарым-қатынасты жалғастырудан бас тартып, мессенджерлерде бұғаттағанына және оған қатысты қорғау нұсқамасы шығарылғанына қарамастан, ер адам оны мазалауын тоқтатпаған. Ол жәбірленушінің жұмыс орнына және тұрғылықты жеріне барып, сондай-ақ оның келісімінсіз бейнежазбаға түсірген. Сот оған 100 сағат қоғамдық жұмыс жазасын тағайындап, моральдық зиянды өтеуді міндеттеді. Бұдан бөлек, бұрын тағайындалған бас бостандығын шектеу жазасының талаптарын бұзғаны үшін жазаның өтелмеген бөлігі нақты бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.

Семейде де осыған ұқсас дерек тіркелді. 31 жастағы ер адам некеде бола тұра ұзақ уақыт бойы басқа бір қызды аңдып жүргені үшін жауапкершілікке тартылды.

— Осы орайда азаматтарымызға үндеу жасағымыз келеді. Егер сіз, жақындарыңыз немесе таныстарыңыз заңсыз қудалауға тап болса, оны еш жағдайда елеусіз қалдырмаңыздар. Қылмыстық әрекеттердің жолын кесу және кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту үшін дереу полицияға хабарлаңыздар, — деп толықтырды, — Ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің бастығы Самат Аисов.

Ішкі істер министрлігі заңсыз әрі мазасыз сипаттағы қудалаудың кез келген түріне құқықтық баға берілетінін атап өтеді. Азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігі заңмен қорғалады.

Сталкинг – сезім емес, жүйелі қудалау, аңду және психологиялық қысымның қылмыстық көрінісі. Kazinform тілшісі қауіпті құбылыстың себеп-салдарын сарапшылармен бірге талдаған еді. Толығырақ мына сілтемеден оқыңыз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:157
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Наурыз 2026 10:31
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see169

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see164

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see160

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see160

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see144

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see131

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see125

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see125

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see124

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see121

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see119

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see118

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see114

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see110

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see109

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see108

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see107

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see107

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see106

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары