Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

СҚО ға Қытайдан дәнді дақылдардың 30 дан астам сұрыпы жеткізілді

СҚО ға Қытайдан дәнді дақылдардың 30 дан астам сұрыпы жеткізілді

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Былтыр Kozybayev University Қытай Халық Республикасының Хэнань ауыл шаруашылығы инвестициялық тобымен бірлесіп, Қызылжар ауданында Қазақстан-Қытай агротехнологиялар және экспортты дамыту технопаркін құру жобасын бастады.

Kozybayev University баспасөз қызметінің мәліметінше, осы жоба аясында қытайлық серіктес корпорацияның делегациясы келді. Компания өкілдері облыс басшылығымен кездесіп, университетке барып, атқарылған жұмысты қорытындылады және алдағы жоспарларды айқындады. Сонымен қатар, сорттарды зерттеу және селекциялау бойынша ғылыми жұмыстардың жоспары нақтыланып, болашақ демонстрациялық парктің құрылымдық жобасы әзірленіп, тіркеу рәсімдері жүргізіліп жатыр. Шетелдік мамандар өздерімен Қытайдан бидай, жүгері және сояның 32 сортын, жалпы салмағы 177 кг дәнді дақылдарды әкелді. 

Фото: Kozybayev University

- СҚО әкімдігінің қолдауының арқасында университетпен бірлескен жұмыс жүйелі түрде жолға қойылған. Қытай тарапынан Хэнань провинциясындағы жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарымен келісімдер жасалып, Қазақстанға бидайдың 12, жүгерінің 18 және сояның 2 сорты жеткізілген. Алдағы кезеңде демонстрациялық паркке арналған жер телімін зерделеп, жергілікті мамандармен бірлескен жұмыс жоспарын нақтылау көзделіп отыр, - дейді Henan Nongtou International Investment Co., Ltd бас директоры Тянь Цзяньвэй.

Болашақ демонстрациялық парк жалпы құрылыс аумағы шамамен 35 мың шаршы метрді алатын заманауи аграрлық-ғылыми кешен ретінде жоспарланған. Оның құрамына зертханалар, жылыжай кешендері, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу нысандары, қойма және логистикалық инфрақұрылым, әкімшілік ғимараттар мен жатақханалар кіреді.

Хэнань ауыл шаруашылығы инвестициялық тобы «егістіктен дастарханға дейін» қағидаты бойынша жұмыс істейтін толық циклді мемлекеттік компания. Ол астық сатып алу, сүт және ет өнімдерін өңдеу, логистикалық тізбектерді дамыту, сапаны бақылау, заманауи агротехнологияларды енгізу, сондай-ақ экспорт-импорт операцияларын атқарады.

Фото: Kozybayev University

Қазақстандағы технопарк жобасына 10 млн АҚШ доллары шамасында инвестиция құймақ. 
Жобаның өңір үшін стратегиялық маңызы зор. Ол тікелей шетелдік инвестиция тартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және өндірістік кластерлер қалыптастыруға мүмкіндік бермек. Әсіресе тұқым шаруашылығын дамытуға, заманауи агротехнологияларды енгізуге, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге және жылыжай шаруашылығын кеңейтуге жағдай жасамақ. Сонымен қатар, Қытай нарығына тұрақты экспорттық арнаның қалыптасуы солтүстікқазақстандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.

Университет өкілдерінің айтуынша, экономикалық тиімділіктен бөлек, бұл жоба университеттің ғылыми-білім беру әлеуетін күшейтіп, фермерлер, студенттер мен агроөнеркәсіп саласының мамандары үшін заманауи тәжірибелік алаң қалыптаспақ. Болашақта технопарк өңірдегі ауыл шаруашылығының дамуына серпін беретін жетекші күштің біріне айналып, халықаралық агротехнологиялық ынтымақтастықты нығайтуға жол ашады. 

Бұған дейін Қазақстан мен Түркия ғалымдары ауыл шаруашылығы саласында бірлесіп зерттеу жүргізіп жатқанын жазған едік. 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:132
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Сәуір 2026 15:57
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see140

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see140

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see138

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see138

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see137

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see136

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see136

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see135

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see135

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see131

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see129

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see129

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see128

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see121

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see121

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see118

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see118

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see117

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see117

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары