Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Су тапшылығы мен климат қысымы: агросектор қалай төтеп береді

Су тапшылығы мен климат қысымы: агросектор қалай төтеп береді

Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Жаһандық жылыну – басты қатер

Елімізде орташа температура біртіндеп өсіп келеді. Соның әсерінен егінге қажетті ылғалдың азаюы байқалады. Әсіресе, оңтүстік өңірлерде құрғақшылық тәуекелі жоғары. Солтүстікте жағдай біршама тұрақты болғанымен, климаттағы өзгерістер мұнда да әсер етіп жатыр.

Инженер-эколог, «Байтақ» Жасылдар партиясының атқарушы хатшысы Бекберген Керейдің айтуынша, ол Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін.

– Жаһандық жылыну – ауыл шаруашылығына әсер ететін негізгі фактор. Қазақстан мен Орталық Азияда температураның көтерілуі мен жауын-шашынның тұрақсыздығы байқалып отыр. Бұл жағдай, әсіресе, шөл және шөлейт аймақтарда айқынырақ сезіледі. Оңтүстік пен батыс өңірлерде құрғақшылық қаупі жоғары. Мұның бәрі азық-түлік қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін, – дейді эколог.

Фото: carececo.org

Сарапшының пікірінше, Қазақстан өзгерістерге бейімделу бағытында  жұмыс жүргізіп келеді.

– Құрғақшылыққа төзімді сорттарды енгізу тәуекелді азайтуға мүмкіндік береді. Бұл тәсіл елімізде қолданылып жүр, – дейді спикер.

Егіс алқаптарын әртараптандыру қалай жүріп жатыр?

Проблемаға байланысты салада бейімделу шаралары кезең-кезеңімен күшейтілуде. Жауапты ведомство – Ауыл шаруашылығы министрлігі егіс алқаптарын әртараптандыруға ерекше көңіл бөліп отыр.

Инфографика: Kazinform

– Биыл егіс алаңы шамамен 23,8 млн гектарды құрайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 180 мың гектарға көп. Бидай монодақылын кезең-кезеңімен 12,1 млн гектарға дейін қысқарту, ал майлы және азықтық дақылдарды ұлғайту қарастырылған. Майлы дақылдар алқабын 4 млн гектардан асыру, азықтық дақылдарды 3,3 млн гектарға жеткізу жоспарлануда, – делінген министрлік жауабында.

Сарапшылардың айтуынша, мұндай өзгерістер егіншіліктің тұрақтылығын арттырып, нарыққа бейімделуді жеңілдетеді. Әсіресе, бір дақылға тәуелділікті азайту климаттық тәуекелдерді төмендетудің тиімді жолдарының бірі саналады.

Оңтүстік өңірлерде су көп қажет ететін дақылдарға да назар аударылып келеді. Мұнда су көлемі есепке алынып, егіс жұмыстары соған қарай оңтайландырылуда.

– Су пайдаланудың нақты шектеріне сәйкес, күріш алқабы 20 мың гектарға қысқартылып, жалпы 80 мың гектарға жетті. Оның ішінде Қызылорда облысы – 70 мың га, Алматы облысы – 5,8 мың га, Түркістан облысы – 3,5 мың га, Жетісу – 1 мың га. Мақта алқабы 162,4 мың гектар, оның 29,8 мың гектары тамшылатып суару әдісімен, ал 12 мың гектары дәстүрлі суару арқылы егіледі, – делінген ақпаратта.

Фото: Kazinform\ жасанды интеллект

Егіс алқаптарын бейімдеу тек көлеммен шектелмейді. Қандай дақыл өсірілсе де, оның жергілікті климатқа төзімді болуы – басты талап.

– Жыл сайын егіс алқаптарының 70-80%-ы аудандастырылады, жергілікті жағдайға сай сорттар себіледі. Елдегі егістіктің 93%-ы тәуекелді аймақта орналасқандықтан, селекция барысында құрғақшылыққа төзімді сорттарға ерекше көңіл бөлінеді, – делінген министрлік жауабында.

Қазіргі таңда республикада құрғақшылыққа бейімделген негізгі дақылдар кеңінен өсіріліп жатыр. Олардың қатарында жаздық бидайдың қатты және жұмсақ сорттары, арпа, тары, құмай, сондай-ақ ылғал тапшылығына төзімді дәнді бұршақтар бар. Бұл бағыттағы ғылыми жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Селекциялау және жаңа сорттарды өндіріске енгізу «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ-ның құрылымдары арқылы іске асып жатыр. Соңғы екі жылда 21 жаңа құрғақшылыққа төзімді сорт ұсынылған. Оның ішінде бидайдың 12 сорты, арпаның 3 сорты, сұлының 1 сорты, зығырдың 1 сорты және күнбағыстың 3 сорты бар.

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің профессоры Айман Рысбекова бұл бағыттағы ілгерілеуді ғылымдағы нақты нәтижелермен байланыстырады.

– Дәстүрлі әдістермен қатар маркерлік селекция, биотехнологиялық әдістер және геномдық технологиялар селекция процесін жеделдетуге мүмкіндік береді. Құрғақшылыққа төзімді гендерді өсімдіктің толық пісіп-жетілуін күтпей-ақ молекулалық деңгейде анықтауға болады. Отандық ғалымдар бұл бағытта нақты нәтижелерге қол жеткізіп отыр.

Сонымен қатар жылдам селекция (speed breeding) әдісі де қарқынды дамып келеді. Бұған ғылымға бөлінетін қаржылай қолдаудың артуы оң әсерін тигізуде. Алдыңғы онжылдықпен салыстырғанда қолдау деңгейі айтарлықтай жоғары, – дейді Айман Рысбекова.

Фото: Айман Рысбекованың жеке мұрағатынан Жаңа сорттарды зерттеу жалғасуда

Егіс құрылымын әртараптандыру мен жаңа агротехнологияларды енгізу – климаттық тәуекелдерге берілетін жедел жауап болса, бұл бағыттағы ұзақмерзімді шешім ғылыммен тығыз байланысты.

Осы тұрғыда Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы отандық селекцияның жетекші базаларының бірі ретінде жұмыс жүргізіп келеді. Мұнда өнімділігі жоғары, зиянкестерге төзімді жаңа үлгілер жан-жақты зерттеліп жатыр.

– Өткен жылдан бері жаздық жұмсақ бидайдың конкурстық сорт сынау тәлімбағында 36 үлгі, алдын ала сорт сынауда 61 үлгі, бақылау тәлімбағында 202 үлгі зерттелуде. Солардың ішінен ең таңдаулы үлгілер Мемлекеттік сорт сынауына жіберіледі, – дейді орталық мамандары.

Фото: Ақорда

Ғылыми ізденістің нақты нәтижесі бар. Соңғы жылдары орталық ғалымдары селекция арқылы жаздық жұмсақ бидайдың «Таймас» атты жаңа сортын шығарып, өндіріске енгізген.

– «Таймас» – орташа пісетін, қысқа сабақты, жоғары өнімді, экологиялық бейімді сорт. Молекулалық талдау нәтижесінде қоңыр татқа төзімді Lr19 және Lr37 гендері анықталған. Дәні ірі, 1000 дәннің массасы 40 г дейін жетеді. Астық сапасы бойынша күшті бидайлар тобына жатады. Сорттың ең жоғары орташа өнімділігі 42 ц/га болды, – дейді мамандар.

Мұндай нәтиже кездейсоқ емес. Құрғақшылыққа төзімді сорттарды әзірлеу бірнеше ғылыми әдісті ұштастыру арқылы жүзеге асады. Фенотиптік іріктеу, танаптық бағалау, молекулалық-маркерлік және генетикалық талдау тәсілдері қатар қолданылады.

– Орталық әзірлеген астық сорттары негізінен Қазақстанның солтүстік және орталық өңірлерінде өсіріледі. Бұл шара фермерлердің жұмысын жүйелеуге және егіннің тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Мұндай сорттар ылғал тапшылығы жағдайында да қалыпты өсіп, тұрақты өнім береді. Ал шетелдік сорттар құрғақ жылдары өнімділігін жоғалтады, – дейді орталық мамандары.

Сырдағы күріш өндірісінің трансформациясы

Климатқа бейімделу бағытындағы ғылыми ізденістер жалғасып жатыр. Су тапшылығы айқын сезілетін өңірлерде, әсіресе Қызылорда облысында бұл мәселе тіпті өткір. Сондықтан күріш шаруашылығында жаңа тәсілдер мен үнемдеу технологияларын енгізу күн тәртібінен түскен емес.

Осы бағытта Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты құрғақшылыққа бейімделген жаңа сорттарды шығару мен су ресурстарын тиімді пайдалану бойынша бірқатар бастаманы қолға алған.

– Мәжбүрлеп тозаңдандыру әдісімен будандастыру жүргізілді. Осы жолмен КазЕр-6, КазНИИР-5, Салима, Сыр Сұлуы, Айсара, Айсәуле сорттары шығарылды. Химиялық және радиациялық мутагенез әдісімен Маржан, Ару және Айзере, дәстүрлі әдіспен Түгіскен-1, Байқоңыр, Дарын, Айкерім сорттары әзірленді, – дейді институт төрағасының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Жанұзақ Байманов.

Фото: Жанұзақ Баймановтың жеке мұрағатынан

Ғалымның айтуынша, жаңа сорттардың басты ерекшелігі – вегетациялық кезеңнің қысқалығы мен су үнемдеуге бейімділігі. Бұл – су тапшылығы жағдайында өнімді сақтаудың негізгі тетіктерінің бірі.

– Сыр Сұлуы және Айсара сияқты сорттар фермерлер арасында сұранысқа ие. Мысалы, Сыр Сұлуы сортының егіс аумағы 3 мың гектарға жетті. Су тапшылығы жағдайында бұл сорттар тиімді, – деп атап өтті Жанұзақ Байманов.

Сыр өңірі үшін су мәселесі жыл сайын күрделене түсуде. Жаһандық климат өзгерісі мен трансшекаралық су ағынының тұрақсыздығы өңірдегі күріш шаруашылығына тікелей әсер етіп отыр.

– Қоғамда кейде күріш дақылынан бас тартып, үнемделген суды Арал теңізіне жіберу керек деген ұсыныстар айтылады. Алайда күріш егуді толық тоқтату дұрыс емес. Бұл сала еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтиды. Сонымен қатар күріш алқаптары арқылы тұзданған жерлер шайылып, топырақтың жағдайы жақсарады, – дейді спикер.

Су үнемдеудің кешенді шаралары қажет

Шаруашылықтардың техникалық және қаржылық тәуелділігі де ескеру қажет маңызды фактор.

Инфографика: Kazinform

– Судың жетіспеушілігі күріш шаруашылықтарына қиындық туғызады. Фермерлердің комбайндарды кредитке немесе лизингке алуына байланысты басқа дақылдарға көшуі бірден мүмкін бола бермейді. Сондықтан су үнемдеудің кешенді шараларын енгізу қажет. Оған лазерлік тегістеу, суға бастыру режимін сақтау, су бөлуді автоматтандыру, ауыспалы егісте күріштің үлесін азайту кіреді. Біз Қызылорда облысының үш аймағында күріштің үлесін оңтүстік-орталықта 25-37,5%, ал орталық және солтүстік аймақтарда 50%-ға дейін қысқартуды ұсындық, – дейді ол.

Ғылыми ізденістер тек селекциямен шектелмейді. Топырақтағы ылғалды тиімді сақтау бағытында да тәжірибелік жұмыстар жүргізіліп жатыр. Спикер артвагель, гранула сияқты препараттар енгізіліп, жаңа технологиялар сыналып жатқанын алға тартты.

– 2024 жылдан бастап Венгрияның Loter retrainer препараты зерттелуде. Ол гектарына 10 литр мөлшерінде, 170 литр топыраққа араластырып беріледі. Препарат өсімдіктің тамыр жүйесіне әсер етеді. Қазір оны тәжірибеде тексеріп жатырмыз, – дейді спикер.

Сарапшылардың пікірінше, салада тек бір бағытқа сүйену жеткіліксіз.

– Тамшылатып суару, орман белдеулерін көбейту және экожүйелік тәсілдерді қолдану ауыл шаруашылығының тұрақтылығын арттыруға көмектеседі, – дейді эколог Бекберген Керей.

Қорытындылай айтқанда, климаттың өзгеруі агросекторды жаңа шешімдер іздеуге мәжбүрлеп отыр. Ғылым мен тәжірибенің үйлесуі, су ресурстарын ұқыпты пайдалану мен жергілікті жағдайға бейімделген тәсілдерді енгізу арқылы ғана ауыл шаруашылығы тұрақты дамуын сақтай алады.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:138
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Наурыз 2026 13:15
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see122

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары