Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Көктайғақ, тұман, боран: Астана мен 13 өңірде күн райына байланысты ескерту жарияланды

Жезқазғанда театр ғимараты өртенді

Биыл жазда егіс алқаптарындағы су тапшылығы 1 млрд текше метрге жетуі мүмкін

Pantone 2026 жылдың негізгі түсін атады фото

Құдағиымның сыйлығына рақмет : Жұлдыз Әбдікәрімованың анасы өзінің алғысын жеткізді (ФОТО)

Қазақстан КТК арқылы мұнай экспортының жартысына жуығын жоғалтты

БҚО да сальмонеллезбен ауырғандар саны екі еседен астамға өсті

Жапон иені құлдырады

Тараз футбол клубы Премьер лигаға оралатын болды

Ресейлік комментатор қазақстандық жас хоккейшілерді дөрекі түрде балағаттады

Темірлан Анарбековтің бұрынғы командаласы оның болашағы туралы айтты

Дохадағы турнир: қазақстандық тениисшілердің алғашқы қарсыластары белгілі болды

Сұлтанның әпкесі Сирияға барып келген : Атыраудағы трагедияға күдіктінің әкесі ел естімеген жайтты айтты (ВИДЕО)

Асылхан Асан фристайл акробатикадан әлем кубогы кезеңінде үздік ондыққа енді

СҚО да қатты аязға байланысты жедел штаб жұмыс істеп жатыр

KASE: доллар бағамы сәл қымбаттады

Түркістан облысында мал ұрлығымен айналысқан 19 қылмыстық топ ұсталды

Ақтауда XXI ғасыр көшбасшысы cайысының аймақтық кезеңі қорытындыланды

Шаруаларды алаңдатқан ахуал

Тоқаев қорғаныс министрін қабылдады

Ирандағы наразылықтар: АҚШ қысымы мен үлкен соғыс қаупі

Ирандағы наразылықтар: АҚШ қысымы мен үлкен соғыс қаупі

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

АҚШ факторы: қақтығыс қаупі мен келіссөздер

10 қаңтарда АҚШ президенті Дональд Трамп әлеуметтік желісінде еркіндікке ұмтылған Иранға қолдау көрсетуге дайын екенін жариялады. The New York Times дерегінше, АҚШ әскери басшылығы Трампқа Иранға ықтимал соққы жасаудың бірнеше нұсқасын ұсынған.

Ал 11 қаңтарда президент өз ұшағында жасаған мәлімдемесінде Иран басшылығы келіссөз жүргізуге ниетті екенін айтты, әрі мұндай кездесуге мүмкіндік барын атап өтті. Дегенмен, АҚШ «кездесуден бұрын әрекет етуі мүмкін» екенін де ескертті. Бұл сөздер нақты қай мағынада айтылғаны әлі түсініксіз, бірақ оны ықтимал соққы немесе Иран билігіне қысым көрсету тұрғысынан қарастыруға болады.

Иранның қуатты әскери инфрақұрылымы бар, бұл аймақтағы ірі соғыс қаупін күшейтеді. АҚШ араласса, Иран өңірдегі АҚШ нысандарына және Израильге қарымта соққы беруі мүмкін. Бұл туралы 11 қаңтарда Иран парламентінің спикері, Ислам революциясы сақшылары корпусының өкілі Мұхаммад Галибаф мәлімдеді.

АҚШ базалары Кувейт, Бахрейн, Қатар, БАӘ, Оман және Сауд Арабиясы секілді Парсы шығанағының бірнеше елінде орналасқан. Иран соққы берсе, бұл елдер жауап қайтаруға мәжбүр болады. Сарапшылар Парсы шығанағында толыққанды соғыс болмаса да, аймақ шиеленіс ошағына айналу қаупі жоғары екенін ескертеді.

Фото: reddit.com/r/geography Тегеранның әскери мүмкіндіктері

Иран билігі ел ішінде ауқымды наразылық толастамай тұрған кезде АҚШ-ты араластырмау үшін мәлімдемелер жасап, өз әскери қуатын көрсетуге тырысып жатыр.

Иран армиясы мен Ислам революциясы сақшылары корпусының (ИРСК) қару-жарағы, әсіресе зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттары айтарлықтай әлеуетке ие. Алайда 2025 жылғы маусымда Израильмен болған 12 күндік соғыс Тегеран үшін елеулі сынақ болды. Сол кезде Израиль авиациясы әуеде толық үстемдік орнатты. Олар америкалық F-35 5-буын жойғыштарымен қаруланған еді. Иранның әуе қорғаныс жүйесі бұл ұшақтарға қарсы тиімді әрекет жасай алмады. АҚШ-пен тікелей қақтығыс болса, Иран америкалық авиацияның өзімен бетпе-бет келуі мүмкін.

Сонымен қатар, Иран құрлық әскерін де толық көлемде пайдалана алмайды. Ирактағы америкалық базаларға жету үшін көршілес елдің аумағына кіру қажет болады. Бұл оңайға соқпасы анық. Ондағы үш базаның екеуі Ирак Күрдістанында, ал үшіншісі Анбар провинциясында орналасқан. Анбарда жергілікті қауіпсіздік күштері дайындықтан өтеді, ал америкалықтар бұл аймақта тұрақтандырушы рөл атқарып отыр. Иран әскерлерінің Ирак аумағы арқылы еркін өтуі іс жүзінде мүмкін емес.

Келесі стратегиялық нысан — Кувейт. Бұл елде шамамен 13 мың америкалық сарбаз бар және әскери техника сақтайтын ірі база орналасқан. Алайда Иран әскерлері Кувейтке тікелей жете алмайды, ол үшін тағы да Ирак аумағындағы Басра қаласын басып өту қажеттілігі туындайды.

Еске сала кетсек, 2000–2020 жылдары АҚШ пен Иран арасындағы ықтимал қақтығыс сценарийлерін талқылауда америкалық әскердің Ауғанстанда орналасуы маңызды фактор болған еді. Ол кезеңде Иран стратегиялық тұрғыдан қоршауда қалса, америкалық күштер де осал жағдайда болды. Өйткені Ауғанстанның батысындағы америкалық сарбаздарға Иран құрлық әскері оңай жете алатын. Алайда 2021 жылдан бері АҚШ әскерлері Ауғанстанда жоқ. Соған қарамастан, Вашингтон аймақтағы әскери мүмкіндіктерін сақтап отыр.

Парсы шығанағы мен Ормуз бұғазы: мұнайға соққы – соңғы шара

Құрлық әскерін пайдалану мүмкін болмағандықтан, ықтимал соғыс тек әуе арқылы – зымырандар, дрондар мен авиация арқылы өтеді.

Иран теңіз күштері Парсы шығанағында кеме қатынасын бұзып, Ормуз бұғазы арқылы мұнай тасымалын тоқтата алады. Бұл үшін Иран миналау әдісін және негізінен ИРСК құрамындағы жеңіл флотты қолдануы мүмкін.

Фото: daily.hse.ru

Дегенмен, бұл жағдайда Иран тек АҚШ флотына ғана емес, Парсы шығанағындағы араб елдерінің әскери күштеріне де қарсы төтеп беруге мәжбүр болады. 1980-жылдары осы өңірде танкер соғысы өткен. Сол кезде АҚШ флоты мұнай тасымалдайтын кемелерді қорғап, Иранның теңіз әлеуетін айтарлықтай әлсіреткені есте. Алайда бұл ұзаққа созыла алмайды.

Ұзаққа созылған қақтығыс Иранның өзіне тиімсіз, ел мұнайдан түсетін табысқа тәуелді. Тіпті қазіргідей заңсыз экспорт болса да. Онсыз Иран кіріссіз қалуы мүмкін. Қазіргі жағдайда бұл ел үшін үлкен сынақ болары анық.

Қақтығыс кезінде ресурстар мәселесі басты орынға шығады. АҚШ әуеде үстемдікке ие болатын жағдайда Иран зымырандар мен дрондарды қолдана алады, бірақ бұл шексіз болмайтыны түсінікті. Иранның шабуылы Израильге қарсы бағытталса, бұл елдің әуе қорғаныс жүйесі мықты, мұндай соққылар Израильді америкалық операцияға қосылуға итермелеуі мүмкін. Ал өңірдегі АҚШ базаларына шабуыл жасалса, араб елдері де қарымта қайтаруы ықтимал. Мысалы, Қатардың әуе күштері Дохадағы Әл-Удейд базасында орналасқан, онда америкалық ұшақтар да тұр.

Араб елдері Израильмен бір жақта соғысса, нағыз парадокс жағдайы туындауы ықтимал. Бұрын мұндайды елестету де қиын болатын. 1991 жылғы шығанақтағы соғыс кезінде Ирак Израильге оқ жаудырған. Бұл жердегі Ирак президентінің көздегені Израиль қарымта қайтарады, сол кезде мұсылман әлемі қолдау білдіреді деп үміт артқан. Алайда америкалықтар Израильді жауап бермеуге көндірді.

Араб елдері мен Израиль: жаңа аймақтық тепе-теңдік

Бүгінде жағдай түбегейлі өзгерді. Араб елдері бұрынғыдай Иран мен оның қолдауындағы ұйымдардан қатты қорықпайды. Соңғы екі жылдағы оқиғалар нәтижесінде Иранның «қарсылық осі» айтарлықтай әлсіреді.

Бұл әсіресе Сириядағы жағдайдың өзгеруі мен Ливандағы «Хезболлах» ұйымының әлсіреуінен көрінеді. Иранның ең ірі прокси топтары Иракта – «Қатаиб Хезболлах» және бірнеше басқа шиіт ұйымдары. Дегенмен, ел билігі мен негізгі саяси күштер Иракты ықтимал соғысқа араластыруға қарсы. Олар Иранның прокси топтарының белсенділігін шектеуге қажетті амалдар табуы мүмкін.

АҚШ араласатын болса, жағдай барлық қатысушылар үшін күрделене түседі. Себебі шиеленіске бірден бірнеше ел тартылуы ықтимал. Бұл Парсы шығанағы елдеріне ұнамайтыны түсінікті. Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасына қауіп төнеді, ал аймақтағы америкалық нысандар Ираннан келетін ықтимал зымыран соққыларына ұшырауы мүмкін.

АҚШ Иран мәселесіне не үшін араласуы мүмкін?

Қазіргі таңда Вашингтонда соңғы 20 жылдағы ең батыл, айтқанынан қайтпайтын президент отыр. Бұл фактор Ирандағы жағдайға тікелей әсер етуі мүмкін.

Парсы шығанағы елдері мен АҚШ ұзақ жылдар бойы Иранмен кез келген әскери қақтығыстың сценарийлерін алдын ала жоспарлаған. Әсіресе, Иранның аймақтағы шиит топтарын қолдауы Сауд Арабиясы мен Бахрейн сияқты елдерге ешқашан ұнамаған.

Коллаж: Kazinform / Freepik / Midjourney

Сауд Арабиясында шииттер Шығыс провинциясында тұрады, онда мұнайдың негізгі бөлігі өндіріледі. Бахрейнде шииттер халықтың басым бөлігін құрайды. Ливан мен Ирактағы шииттер, Сириядағы алауиттер, Йемендегі зейдиттер – бәрі Иранның қолдауына сүйенеді.

1991 жылы АҚШ Иракпен соғыс үшін Парсы шығанағына әскерін жеткізуге үш ай уақыт кетірген болса, қазір мұндай ұзақ дайындық қажет емес. Қолда бар инфрақұрылым жеткілікті, ал Трамп батыл мәлімдемелер мен әрекеттен тайынбайды. Сонымен қатар, 12 күндік соғыстың нәтижесінде Иранның аймақтағы ықпалы әлсірегенін де ескеру керек.

Ирандағы наразылық: билік ішкі қолдауын жоғалтты

Иран билігі үшін ең басты сынақ – ел ішінде бұрынғыдай қолдау жоқ. Жаппай наразылықтар мемлекетті күрделі кезеңге әкеп тіреді. Егер қоғам 1979 жылғы революциядан кейінгі алғашқы онжылдықтағыдай ынта танытса, экономикалық қиындықтар соншалықты ауыр болмас еді.

1980–1988 жылдары Иран-Ирак соғысы кезінде халықтың қолдауы биліктің негізгі тірегі болды. Қару-жарақ тапшылығын Тегеран еріктілерді көптеп майданға жіберу арқылы өтеп отырды, ал адам шығыны ауқымды болды. Сол кезде Иран 1 миллионға дейін адамынан айырылды, ал Ирактың шығыны – 500 мың адам. Қазіргі кезде халық бұрынғыдай ынта танытпайды, ал наразылықтарға билік үшін маңызды әлеуметтік топ саналатын ұсақ саудагерлер қосылды. 1979 жылы базар революцияның жеңісіне ықпал еткен негізгі күштердің бірі болғаны есте.

9 қаңтарда елдің рухани жетекшісі Әли Хаменеи халыққа үндеу жасап, «бүлікшілер - бөтен елдің президентін қуанту үшін өз көшесін қиратып жатқан вандалдар» деп атады. Оның сөзінше, Иран «диверсанттарға» төтеп бере алады. Рахбардың үндеуінен соң, елде интернет өшіріліп, билік наразылықтарды қатаң түрде басып-жаныштауға көшті. Өлім-жітім көп: құқық қорғаушылар жүздеген, тіпті мыңдаған адам қаза тапты деп отыр, оның ішінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері де бар.

Билік Трамптың наразылыққа шыққан халықты қолдаймыз деген мәлімдемесінен кейін оларға қарсы шараларды қатайтты деп жорамалдауға негіз бар. АҚШ араласса, бұл Иранның ішкі қақтығысын халықаралық дәрежеге шығаратыны түсінікті жайт болатын. Тегеран белсенді қарсылықты басып, Вашингтонмен кездесулер немесе әскери қимылдарға дейін ел ішіндегі өз позициясын нығайтуға тырысуда.

Ал 28 желтоқсанда басталған алғашқы наразылықтарға назар аударсақ, билік бастапқыда экономикалық себептерді алға тартқан. Ал 2019 және 2022 жылғы наразылықтар әрқайсысы бір жылға жуық уақытқа созылып, билік қатаң шаралар қабылдағанымен, халықтың өз наразылығын білдіруіне аздап мүмкіндік берген. Биыл жағдай өзгеріп, 10 күн өтер-өтпестен Тегеран ең қатал сценарийге көшті. Бұл Иран үшін жағдайдың қаншалықты күрделі екенін көрсетеді.

Соққының орнына санкциялар

12 қаңтарда Иран сыртқы істер министрі Аббас Аракчи наразылық акциялары шетелдік күштердің ықпалымен өрбіп жатқанын айтты, бірақ «Тегеран жағдайды толық бақылауда ұстап отыр» деді ол. Дәл сол күні Дональд Трамп Иранмен сауда жасайтын кез келген елге 25% кедендік баж салығын енгізді. Бір жағынан, бұл Қытай, Үндістан, БАӘ, Ирак және Орталық Азия елдерін қиын жағдайға қояды. Екінші жағынан, бұл әскери араласу туралы сөз қозғауға әлі ерте екенін көрсетеді. АҚШ әлі де қысым әдісін қолдануда, кей жерде қарқынды консультациялар жүріп жатыр.

Фото: images.report.az

Наразылықтар қаншалықты ауқымды көрінсе де, Иранда күштік құрылымдар – Ислам революциясы сақшылары корпусы мен Басидж – өте мықты. Олар елдің барлық аймақтарында таралған. Бұйрық берілген жағдайда күш құрылымдары қатаң әрекет етуге дайын. Сонымен қатар, олардың идеологиялық мотивациясы бар, бұл оларды басқа елдердегі күштік құрылымдардан ерекшелейді.

Сондықтан Иран жағдайды ел ішінде бақылауда ұстай алады. Алайда бұл биліктің беделі мен экономикаға ауыр тиюі мүмкін. Біріншіден, Тегеран қоғамды бақылау үшін полиция әдістеріне жүгінуге мәжбүр болады, бұл 1979 жылғы революциядан шыққан мемлекет үшін ауыр сынақ. Екіншіден, санкциялар салдарынан экономикалық жағдай нашарлай бермек. Сонымен қатар, су тапшылығы сияқты объективті қиындықтар да бар, олар Иран үшін үлкен проблема болып отыр.

Егер АҚШ тікелей араласпаса да экономикалық қысым арқылы әсер етуді жалғастырады. Бұл екі нұсқа да аймақтағы елдер үшін тиімсіз, шиеленіс сақталады, бұл ерте ме, кеш пе, жаңа дағдарысқа әкелуі мүмкін. Ал егер АҚШ араласып кетсе, онда өңірде салдары болжауға келмейтін ірі қақтығыс басталуы мүмкін.

Ирандағы дағдарыс Қазақстанға қалай әсер етуі мүмкін?

Қазіргі жағдай өте құбылмалы. Трамптың Иранмен сауда жасайтын елдерге жаңа баж салығын енгізгені Қазақстанға аса ауыр соққы болмайды. Себебі президенттің жарлығына сәйкес, АҚШ-қа экспорттың 92%-ы бұл салықтан босатылатын ерекше маңызды тауарлар санатына жатады.

Дегенмен, сауда соғыстарының шиеленісуі еліміз үшін тиімді емес. Бұл Қытай, Үндістан және Парсы шығанағы елдері сияқты серіктестерімізге соққы боп тиюі мүмкін.

Қазақстан түрлі сауда дәліздеріне сенім артады. Егер Иранды оқшаулап, бірақ АҚШ тікелей араласпайтын болса, кей жобаларды дамыту қиынға соғады. Сондай-ақ, дағдарыс нәтижесінде Ираннан көші-қон көбеюі ықтимал.

Қорыта айтқанда, Қазақстан үшін әрқашан алдын ала болжам жасау мүмкіндігі маңызды. Кез келген қақтығыс аймақтағы жағдайды тұрақсыздандырып, еліміздің мүддесіне, дамуына кері әсерін тигізуі мүмкін.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:22
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қаңтар 2026 16:41
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Көктайғақ, тұман, боран: Астана мен 13 өңірде күн райына байланысты ескерту жарияланды

13 Қаңтар 2026 22:38see111

Жезқазғанда театр ғимараты өртенді

14 Қаңтар 2026 00:03see111

Биыл жазда егіс алқаптарындағы су тапшылығы 1 млрд текше метрге жетуі мүмкін

13 Қаңтар 2026 12:00see110

Pantone 2026 жылдың негізгі түсін атады фото

13 Қаңтар 2026 19:31see108

Құдағиымның сыйлығына рақмет : Жұлдыз Әбдікәрімованың анасы өзінің алғысын жеткізді (ФОТО)

13 Қаңтар 2026 17:26see106

Қазақстан КТК арқылы мұнай экспортының жартысына жуығын жоғалтты

13 Қаңтар 2026 12:45see105

БҚО да сальмонеллезбен ауырғандар саны екі еседен астамға өсті

13 Қаңтар 2026 14:38see104

Жапон иені құлдырады

13 Қаңтар 2026 21:11see104

Тараз футбол клубы Премьер лигаға оралатын болды

13 Қаңтар 2026 10:10see104

Ресейлік комментатор қазақстандық жас хоккейшілерді дөрекі түрде балағаттады

13 Қаңтар 2026 15:50see103

Темірлан Анарбековтің бұрынғы командаласы оның болашағы туралы айтты

13 Қаңтар 2026 22:23see103

Дохадағы турнир: қазақстандық тениисшілердің алғашқы қарсыластары белгілі болды

13 Қаңтар 2026 14:38see103

Сұлтанның әпкесі Сирияға барып келген : Атыраудағы трагедияға күдіктінің әкесі ел естімеген жайтты айтты (ВИДЕО)

14 Қаңтар 2026 10:03see103

Асылхан Асан фристайл акробатикадан әлем кубогы кезеңінде үздік ондыққа енді

13 Қаңтар 2026 12:00see103

СҚО да қатты аязға байланысты жедел штаб жұмыс істеп жатыр

14 Қаңтар 2026 16:02see102

KASE: доллар бағамы сәл қымбаттады

14 Қаңтар 2026 16:02see102

Түркістан облысында мал ұрлығымен айналысқан 19 қылмыстық топ ұсталды

13 Қаңтар 2026 05:53see102

Ақтауда XXI ғасыр көшбасшысы cайысының аймақтық кезеңі қорытындыланды

13 Қаңтар 2026 14:25see102

Шаруаларды алаңдатқан ахуал

14 Қаңтар 2026 09:18see102

Тоқаев қорғаныс министрін қабылдады

13 Қаңтар 2026 16:38see101
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары