Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Сұранысқа ие инфрақұрылым құрылысының қарқыны

Сұранысқа ие инфрақұрылым құрылысының қарқыны

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Қазіргі уақытта Қаражал қаласында жабық хок­кей корты мен көпфунк­ционалды орталықтың құрылысы жүріп жатыр. Жабық хоккей кортының құны – 758,2 млн теңге. 2025 жылы жергілікті бюджеттен 533,996 млн теңге бөлініп, толық игерілді. Нысанда іргетас құю, қа­бырғаларды тұрғызу, жабын фермаларын монтаждау, көрермендер трибуналарын орнату, блокты-модульді қазандықты құрастыру жұмыстары аяқталған. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының 70 пайызы орындалған. 2026 жылы құрылысты толық аяқтауға 200 млн теңге қажет болса, оның 32,249 млн теңгесі жергілікті бюджеттен қарастырылған.

Құрылыс жұмыстарын мер­дігер ұйым – «Астана премиум құ­рылыс» ЖШС атқаруда. Техни­калық қадағалаушы – «ҚазАрт-Құрылыс» ЖШС, ал авторлық қадағалауды «Cosmos Art» ЖШС инвестициялық консалтингтік тобы жүзеге асырады. Ғимаратты биыл қыркүйек айында пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Былтыр Қаражал қаласында көпфункционалды орталықтың құрылысы басталды. Жоба бел­гіленген кестеге сәйкес жүргізіліп келеді. Екі қабатты заманауи ғи­маратта 200 орындық мәжіліс за­лы, өнер мектебі (музыка, бейне­леу, хореография бағыттары), бала­лар шығармашылығы және ро­бот­­техника үйірмелері қа­рас­ты­рыл­­ған. Сонымен қатар кітап­хана мен Ардагерлер кеңесінің кеңсесі сияқ­ты әлеуметтік маңызы бар ұйым­дар да осы ғимаратта орналасады.

Жобаның шарттық құны – 1 560,8 млн теңге. Құрылыс жұ­мыс­тарын «Астана премиум құ­рылыс» ЖШС жүргізіп жатыр. Авторлық қадағалаушы – «Су­ҚұрылысПроект» ЖШС. Өткен жылы жергілікті бюджеттен бөлін­ген 380 млн теңге толық игерілді. Биыл құрылысты аяқтауға облыс­тық бюджеттен 803,835 млн теңге, жер­гілікті бюджеттен 419,105 млн теңге қарастырылған. Қазір қабырғалар мен еден плиталарын қалау жұмысы жүргізіліп жатыр. Нысанды жыл соңына дейін пайда­лануға беру жоспарланған.

Ұлытау ауданының Ұлытау ауы­лында мердігер «СК New Сity» ЖШС жабық жүзу бассейнінің құрылысын жүргізіп жатыр. Жобаның сметалық құны – 1 156,5 млн теңге. 2024 жылы аудан­дық бюджеттен бөлінген 53,4 млн тең­ге толық игерілген. Өткен жылы «Ауыл – ел бесігі» бағдарлама­сы ая­сында республикалық бюд­жеттен 835,996 млн теңге бөлін­ген. Биыл жергілікті бюджеттен құрылысты аяқтауға 300 млн теңге қарастырылып отыр.

Құрылыс жұмыстары жүр­гі­зіліп жатыр. Іргетас құйылып, ғи­мараттың металл қаңқасы орна­тылған, сэндвич панельдер­мен сыртқы қабырғалары қапталған, терезе мен есік блоктары орна­тыл­ған. Сыртқы инженерлік желі­лер – электр, су құбыры жүйе­лері тартылған. Ал ішкі әрлеу, қабыр­ғаларды қалау, шатыр жабу, вит­раж орнату және блокты-модуль­ді қазандықты монтаждау жұмыс­тары аяқталу сатысында. Нысан биыл үшінші тоқсанда пайда­лануға беріледі деп жоспарланып отыр.

Ұлытау ауданы орталығындағы Тайжан көшесі, 33А мекенжа­йын­да салынып жатқан бес блокты тип­тік үлгідегі аурухананың құ­ры­лысы толық аяқталмаған. 100 келу­шіні қабылдайтын емхана мен 20 төсектік орын стационары бар бұл нысанның ашылуын жергілікті тұрғындар асыға күтіп жүр.

Мердігер ұйым – «Нұр Астана Құрылыс» ЖШС, техникалық қадағалаушы – «Нұрай-Сервис» ЖШС. Жобаның шарттық құны – 3 552,9 млн теңге. Соның 1 483,9 млн теңгесі игерілген. Медициналық кешенге 2023–2024 жылдары Ұлттық қор мен республикалық бюджеттен 1 239 млн теңге бөлініп, игерілді. 2025 жылға Ұлттық қор есебінен 251,6 млн теңге қарастырылған.

№3 блокта котлован қазу кезін­де жерасты суының шығуына байланысты жобаға түзету енгізілді. Сараптама қорытындысы өткен жылдың желтоқсан айының соңын­да алынған. Облыстық ко­мис­сияның ақпан айындағы оты­ры­сында бюджетті нақтылау ба­ры­сында жобалық-сметалық құ­жаттамаға түзетулер енгізіліп, қосым­ша 476,1 млн теңге бөлінген. Құры­лысты аяқтауға қажетті жалпы қаржы 1 539,3 млн теңгені құрайды. Жауапты мамандар құрылыс жұмыстарын жылдың соңына дейін толық аяқтауға уәде беріп отыр.

Сонымен қатар 2025–2026 жыл­­дарға жоспарланған ғима­рат­тардың құрылысы жалғасып келеді. Жезқазған қаласында кур­сант­тарға арналған павильоны бар автоматтандырылған автодром құрылысы аяқталу сатысында. Жоба бойынша мердігер ұйым анықталып, қажетті арнайы техника мен жабдықтар жұмылдырылған.

Жақында облыс орталығында «Шабыт» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы ашылды. Жаңа нысан құрылысының барлық шығынын Болат Өтемұра­тов қоры өз мойнына алды. Жобаға жалпы 4 млрд теңге инвестиция салынған. Кешен аумағы 1,6 гек­тарды құрайды. Мұнда арт-сту­дия, қыш шеберханасы (күйдіру бөлмесімен), ерте дамыту орталығы, жекпе-жек және хореография залдары, физика, математика, жаратылыстану, роботтехника кабинеттері орналасқан STEM-аймақ, цифрлық өнер және графикалық дизайн студиясы, фотостудия, музыка сыныптары, шахмат кабинеті мен кең акт залы қарастырылған. Ғимарат бір мезетте 250 балаға дейін қабылдауға лайықталған. Нысан салалық басқарманың балансына берілді.

Сәтбаев қаласындағы индус­триялық парктің инженер­лік-коммуникациялық инфрақұры­лымының құрылысы биыл аяқта­лмақ. Жобаның шарттық құны – 822,4 млн теңге. Су желілерінің құрылыс жұмыстары толық аяқталған.

«Биыл Ұлытау облысында тағы үш жаңа жоба басталды. Атап айтқанда, Жаңаарқа ауданында 100 орындық инклюзияны қолдау орталығының құрылысы қолға алынды. Жобаның шарттық құны – 187,2 млн теңге, құрылыс мерзімі – 4 ай. Сәтбаев қаласындағы №7 БМ КММ спорт залының құрылысы да басталды. Оның құны – 447,0 млн теңге, құрылыс мерзімі – 6 ай. Сонымен қатар Ақселеу Сейдімбек атындағы орта мектеп ғимаратына спорт залын қосу жобасы жүзеге асырылуда. Құны – 381,4 млн теңге, құрылыс мерзімі – 8 ай. Қазір бұл кешендерде жұмылдыру жұ­мыстары жүргізіліп жатыр», дейді Ұлы­тау облысының құрылыс, сәу­лет және қала құрылысы бас­қар­­масының басшысы Ринат Оразалыұлы.

Жыл соңына дейін пайдалануға берілетін әлеуметтік нысандар ел игілігіне қызмет етеді.

Ұлытау облысы

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:203
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Маусым 2026 10:08
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see139

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see139

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see137

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see137

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see136

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see135

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see135

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see134

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see133

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see130

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see128

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see128

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see127

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see120

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see120

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see117

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see117

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see116

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see116

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары