Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Суретшіге шабыт емес, әрекет керек жас суретшімен сұхбат

Суретшіге шабыт емес, әрекет керек жас суретшімен сұхбат

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

- Данияр, өнерге қалай келдіңіз?

- Сурет салумен сегіз жасымнан бастап айналысамын. Балалық қызығушылығым уақыт өте келе саналы таңдауыма, кәсіби мамандығыма айналды. Өнерге алғашқы қадамым өнер мектебінен басталды. Онда алты жыл бойы бейнелеу өнерінің негіздерін меңгердім. Кейін Ақтау қаласындағы өнер колледжінің кескіндеме мамандығына оқуға түсіп, кәсіби қалыптасу кезеңіне аяқ бастым. Колледж қабырғасында суретші Болат Әділұлының сыныбында білім алып, негізгі арнайы пәндерді осы ұстазымнан үйрендім.

Фото: Данияр Жаниязовтың жеке мұрағатынан

- Алғашқы үлкен шығармашылық еңбегіңіз жайлы айтып өтсеңіз?

- Колледжді төрт жылдан кейін тәмамдап, «Бәйге» сюжетінде дипломдық жұмыс жаздым. Сол еңбектен кейін өзімді нағыз суретші ретінде сезіндім. Бұл жұмысқа үш ай уақытымды арнадым. Осы кезеңде Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейіне барып, көркем мұраларды зерттедім. Әбден ізденіп, толғанып жазған алғашқы ауқымды жұмысым осы болды. Дәл осы шығармашылық кезеңнен кейін сурет салуға деген ниетім біржола қалыптасып, бұл саланы өмірлік бағыт ретінде таңдадым.

- Өнер жолын таңдауда қандай ішкі толғаныстар мен қиындықтарды бастан өткердіңіз?

- «Нақты суретші боламын ба?» деген сұрақ көп мазалады. Өйткені суретшінің жолы - қиын жол. «Өмір бойы сурет салып күн көре аласың ба, тапсырыс берушілер табыла ма, адамдарға жұмыстарың ұнай ма?» деген ойлар болды. Болашағыма қарасам, белгісіздік көп еді.

Фото: Данияр Жаниязовтың жеке мұрағатынан

Соған қарамастан, колледжде оқып жүрген кездің өзінде кәсіби ортаға бейімделе бастадым. Екінші курстан бастап тапсырысқа сурет салып, портреттер жаздым. Теориялық білімімді тәжірибе жүзінде сынадым. Бұл маған көп көмектесті. Уақыт өте келе қабырғаға роспись, муралдар салумен айналыса бастадым. Қала ішінде танымал болдым, тұрақты клиенттік базам қалыптасты. Бұл колледжді бітірген соң немен айналысатынымды нақты түсінуге жол ашты.

- Жоғары оқу орнына түсу жоспарыңыз болды ма?

- Оқуды аяқтағаннан кейін Алматыдағы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы барып көрдім. Бірақ ол уақытта толыққанды оқуға дайын емес екенімді сезіп, «Әлі ойланамын» деп шештім. 2023 жылдан бері еңбек етіп, кәсіби тұрғыда дамып келемін.

Фото: Данияр Жаниязовтың жеке мұрағатынан

Бірақ Ресейде білім алуды жоспарлап жүрмін. Атап айтқанда, С.Г. Строганов атындағы Ресей мемлекеттік көркем-өнеркәсіп университеті немесе Илья Репин атындағы Санкт-Петербург көркемөнер академиясы – мақсаттарымның бірі. Егер бұл жоспарлар орындалмаса, Еуропаға немесе АҚШ-қа барып жұмыс істеп, кәсіби деңгейімді көтергім келеді.

- Өнерге бейімділік отбасыңыздан дарыды ма?

- Иә, нағашы жұртымнан. Анам – дизайнер, киім тігумен айналысады. Нағашыларым да қолөнерге жақын, шебер жандар. Өзім бала күнімнен балға мен шегені серік етіп өстім. Ал сурет салуға қызығушылығым сегіз жасымда оянды. Компьютерлік «Mortal Kombat» ойынын ойнап отырып, кейіпкерлерін салғым келді. Адам анатомиясы мен эстетикасы қатты қызықтырды. Портрет салудан шабыт алатынмын.

Мен көпбалалы отбасының тұңғышымын. Ата-анам бастапқыда алаңдады. «Нақты осы саланы қалайсың ба?» деп жиі сұрайтын. Өзімде де сенімсіздік болды. Бірақ оларды бәрі жақсы болатынына сендірдім. Студент кезімнен жұмыс істеп, болашағымды өз қолыммен қалыптастыруға тырыстым. Бүгінде ата-анам толық қолдайды.

Фото: Данияр Жаниязовтың жеке мұрағатынан

- Қазіргі жұмыстарыңыз туралы айтып өтсеңіз?

- Қазір сурет салумен қатар қабырғаға роспись, муралдар жасаймын. Мейрамханаларға, компьютерлік клубтарға, бизнес орталықтар мен кеңселерге, ғимарат қасбеттеріне сурет салдым. Қанша цифрландыруға өтсек те, қолөнер мен сурет салу өзектілігін жоғалтпайды. Қабырғаға тұсқағаз жапсырғаннан гөрі, сурет салу интерьерге ерекше атмосфера сыйлайды.

Менің жұмыстарымды облыстық Әбіш Кекілбайұлы атындағы музейдің «Табиғат» залынан көруге болады. Бұл залды командамен үш ай бойы жасақтадық. «Қызыл кітапқа» енген жан-жануарлардың мүсіндерін жасап, қабырғаларды безендірдік.

- Бір туындыны орындауға қанша уақыт кетеді?

- Майлы бояумен бір картинаны салуға 15 сағаттан астам уақыт жұмсаймын. Қабырға суреттері көлемі мен күрделілігіне қарай бір-екі аптада аяқталады. Үлкен жобалар бір айдан аса уақыт алуы мүмкін.

Көпшілік «шабытты қайдан аласың?» деп сұрайды. Осы кезде ұстазым Тынышбек ағамның сөзі еске түседі: суретшіге шабыт керек емес, алдымен жұмысты бастау керек. Шабыт жұмыс барысында келеді. Күтіп отыра алмайсың.

Фото: Данияр Жаниязовтың жеке мұрағатынан

Бұдан қоса, режиссураға қызығамын. Бұрын мультфильм салатын мультипликатор болуды армандадым. Анимация ерекше шабыт береді. Режиссер де - суретші. Бұл сала да терең білімді талап етеді. Кітап оқығанды жақсы көремін, кейіпкерлерді талдап, детальдерді елестеткенді ұнатамын.

- Шығармашылық сапарларыңыз туралы айтып берсеңіз?

- Арт-экспедициялар кәсіби өсуіме үлкен әсер етті. Өзбекстанның бірнеше қаласында, Қырғызстанда жеті күн этюд жаздым. Кейін Алматыда көрме ұйымдастырдым. Қайтар жолда Қазақстанның барлық өңірін аралап, этюдтер салдым. Былтыр Түркияға барып, Ресей арқылы Кавказға өтіп, Грузияның Батуми мен Тбилиси қалаларын ақ кенепке түсірдім. Түркияның жиырмадан астам қаласын араладым.

Өзбекстанда 12-ге жуық, Түркияда 14-тен астам, Грузияда төрт этюд жаздым. Бұл сапарлар этюдтің шынайы мәнін түсінуге көмектесті.

Фото: Данияр Жаниязовтың жеке мұрағатынан

- Қазір қандай картиналарға сұраныс жоғары?

- Қазір үй интерьеріне арналған картиналарға тапсырыс көп түседі. Сондай-ақ Маңғыстаудың көрікті жерлері - Бозжыра, Шерқала, киелі Бекет ата мешіті бейнеленген туындыларым сұранысқа ие. Картина - есте қалатын, креативті әрі премиум деңгейдегі сыйлық қой.

Болашақта әлемдік деңгейде көрмелер өткізіп, халықаралық суретшілермен коллаборациялар жасағым келеді. Алдағы уақытта Ақтауда жеке көрме ұйымдастыруды жоспарлаймын.

Бұған дейін, Ақтауда қыста теңізге шомылатын тұрғындар көбейгені туралы жазған болатынбыз.

Фото: Данияр Жаниязовтың жеке мұрағатынан
Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:146
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Наурыз 2026 17:50
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see167

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see163

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see159

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see143

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see140

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see130

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see124

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see123

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see120

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see118

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see117

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see108

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see107

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see105

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see104

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see104

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see104

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары