Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еуроодақ 13 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануын шектеуді жоспарлап отыр

Үкімет Астанаға 16 миллиардтан астам қаражат бөлді олар неге жұмсалады

Аптаның ең әсерлі фотосуреттері: Reuters ұсынған 6 үздік кадр

Ұшақта турбуленттілік дерлік сезілмейтін қатар аталды

Бәрін қазып тастады Астана циркінің маңында не болып жатыр

Алматы тауларында 4 турист жолдан адасып кетті

Экология министрі Теңізді тексерді: Шығарындылар бойынша жағдай қалай?

Таразда адвокаттың көлігіне оқ атылды: полиция не дейді

Белгілі ақын, журналист Ахметжан Срапилов өмірден өтті

Air Astana Дубайға рейстерді уақытша тоқтатады

Атырауда азық түлік бағасын өсірген кәсіпкерлерге айыппұл салынды

Жетісуда ондаған жүргізуші медициналық қарсы көрсетілімдерге байланысты куәлігінен айырылуы мүмкін

Алматы Арбатындағы Майкл Джексон шетелдіктерді таңғалдырды

“Толық тұрақтандыру туралы айту ерте“ Ұлттық банк басшысы Қазақстандағы инфляция туралы

Министр сауда көлемі ең көп өскен төрт өңірді атады

Абыройы асқақтаған аудан

Қазақстан Президенті Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті

Махаббатым саған қанат болсын : актриса Жанаргүл Жаныаманова ұлына жантебірентер жазба арнады (видео)

Асфальт үшінші рет төселіп жатыр әкімдік Үлкен Алматы өзені бойындағы жөндеу жұмыстарын түсіндірді

Қазақстандықтардың табысы азаюын тоқтатты Жұманғарин

Инфляция: Қатаңдық емес, икемділік керек

Инфляция: Қатаңдық емес, икемділік керек

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қазір жаһандық қаржы жүйесі жаңа сынақ кезеңі­не қадам басты. Әлем елдерінің орталық банк­тері экономика мен сая­саттағы құбылмалы ахуалға сай ақша-несие саясатын қайта қарауға кірісті. Бұл үдерістен біз де шет қалған жоқпыз. Елде инфляцияны тежеу бағытында жүйелі шаралар қабылданып, нарықтық тетіктерді сақтай отырып, баға тұ­рақ­тылығын қамтамасыз етуге басымдық берілді.

Коллажды жасаған – Алмас МАНАП, «EQ»

Биыл 1 мамырға дейін елі­мізде халықтың табысын арт­тырудың 2026-2029 жылдар­ға арналған бағдарламасын бекіту жоспарланып отыр.  Бұл жолы да инфляциямен күрес бұрынғыдай Ұлттық банктің қатаң ақша-кредит саясаты мен Үкіметтің фискалдық шаралары­ның үйлесіміне негізделген.

2026 жылдың тәуекелдері салмақты. Реформалар күрделі. Елдің бұл кезеңнен қанша­лық­ты тұрақты өтетіні таяу айларда белгілі болады. Билік қатаң монетарлық саясат пен әкімші­лік шектеулердің үйлесімі баға­ның өсуін баяулатуға мүмкіндік береді деп есептейді. Ал сарапшылар ақша-кредит саясатын қатаңдатудың әсері уақытша құбылыс екенін айтады.

Еліміз 10 жылдан бері инфляциялық таргеттеу режімінде өмір сүріп келеді. Бірақ осы уақыт ішінде инфляция Ұлттық банктің мақсатты бағдарына әлі жақындаған жоқ. Таргеттеу саясатына сәл ғана өзгерістер енгізудің өзі тәуекел екенін сеземіз. Себебі біздің жағ­дайымызда теңгенің, бағаның жағ­да­йын экономикалық ресурстар емес, ішкі және сыртқы факторлардың беталысы анықтайды. Өздерін реформаға жауаптымыз деп санайтындар үйре­ніп қалған бағытқа өзгерістер енгізудің тәуекелінен қорқады.

Halyk Finance сарапшылары инфля­циялық таргеттеу режімі 2015 жылы теңгенің белгіленген бағамынан бас тартқаннан кейін енгізілгенін айтады. Ұлттық банк құбылмалы бағамға көшті және базалық мөлшерлемені бағаның өсуімен күресетін басты құрал етті. Реттеуші инфляция бойынша мақсаттарды жариялап, бағалық қысымға жауап ретінде мөлшерлемені түзетті. «Алайда 2015–2025 жылдар аралығында инфляция жоғары және тұрақсыз болып қалды. Базалық мөлшерлеменің көтерілуіне қарамастан Ұлттық банк мақсатты деңгейге жете алмады. Халық пен бизнестің инфляциялық күтулері төмен деңгейде орныға қойған жоқ», дейді сарапшылар.

Инфляцияның осы жылдың со­ңы­на қарай бір мәнді деңгейге дейін төмендейтіні әзірге белгісіз. Эконо­мис­тердің болжамынша, бағаның өсуі шы­нымен де баяулайды, бірақ жылдам нәтижеге сенудің қажеті жоқ. Ұлт­тық банктің қатаң саясаты баға өсімін баяу­латуға жағдай жасайды. Бірақ им­порттық тәуелділікті, тарифтік қы­сым мен фискалдық тәуекелдерді төмен­детпей, инфляцияны бір мәнді деңгейге тез қайтару қиын болады. Бұл міндет бір жылдың емес, бірнеше жылдың мәселесі болып қалуы мүмкін.

Үкіметтің кейінгі жарты жылдағы сая­­саты осы бағытқа ден қойғанын көріп жүрміз. Ұлттық банк қаңтар айында­ база­­лық мөлшерлемені жылдық 18% дең­­­гейінде сақтап қалды және осы жыл­дың бірінші жартыжылдығында ақша-кредит саясатын жұмсартуы мүмкін еке­нін жасырып қалған жоқ. Ұлттық банк өткен жылдың қорытындысы бойынша инфляция реттеушінің болжамына сәйкес келетінін айтса да инфляциялық тәуекелдер жоғары күйінде қалып отыр.

Былтыр жылдың аяғында инфляция біршама баяулады. Соған қарамастан сарапшылар тұрақты дезинфекциялық тренд әлі қалыптаспағанын алға тартады. Қаңтар айының қорытындысы бо­йынша жылдық инфляция 8,9%-ды құрады, бұл желтоқсанға қарағанда 0,3 пайыздық тармақта (п.т) жоғары. Бағаның айлық өсуі 1,1%-ды құрап, өткен аймен салыстырғанда 0,2 п.т. төмендеді. Бірақ екі айдан бері қосымша күш жинап алған теңге бағаға әсер ете алмай жатыр. Ұлттық валютамыз қазіргі бағамды 5-6 ай ұстап тұрса, жыл аяғына дейін баға еңсерілуі мүмкін деген үміт бар. Қымбат теңгенің инфляцияға әсері – әзірге толыққанды зерттелмеген тақырып.

«Финам» инвестициялық компа­ниясының макроэкономикалық талдау бөлімінің басшысы Ольга Беленькаяның айтуынша, кейінгі айларда елдегі инфляция қатаң ақша-кредит саясатымен, теңгенің нығаюымен әрі Үкіметтің бағаны ұстап тұру жөніндегі уақытша шараларымен баяулады. «Жылдың алғашқы тоқсанында инфляция өседі. Жыл соңына қарай біртіндеп 10-11%-ға дейін баяулайды», дейді сарапшы.

Қазақстан қаржыгерлер қауымдас­тығы талдаушыларының пікірі де осымен үндес. Олардың сөзінше, инфляцияға қарсы қысым, соның ішінде импорт­қа тәуелділік пен әлсіз бәсекелестік на­рықтағы жағдайға кері әсер етеді. Ел экономикасы бойынша болжамдар оң, бірақ инфляциялық тәуекелдер бар. Билік жағдайды қатаң ақша-несие саясаты мен әкімшілік шаралар есебінен ұстап тұрамыз деп үміттенеді. Бірақ фискалдық реформаның басқа да эле­менттері тауарлар мен қызметтердің өзіндік құнына енгізіліп жатыр. Егер салық факторы уақытша шектеулердің әсерін тоқтатса, көктемде ел баға өсуінің жаңа толқынына тап болуы ықтимал. Бағаны уақытша ұстап тұрудың әлеуеті сарқылды. Үкіметтің ендігі шешімі бұдан да қатал болуы мүмкін.

Қаржыгер Әнуар Үшбаевтің айтуын­ша, Ұлттық банк таңдау айрығында тұр. Үш жыл ішінде инфляцияны тө­мендету үшін сарапшылар қатаң мо­не­тарлық саясатты фискалдық шара­лар­мен үйлестіруді ұсынады. Олар мем­лекеттік шығыстарды қысқарту керек­тігін айтып жатыр. Бюджетті теңгерімдеу мен импортты алмастыру үшін отандық өндірісті дамыту керек. Артық өтімділіктен арылу үшін Ұлттық банк пен Үкіметтің іс-қимылын үйлестіру қажет.

Қаржыгер елдегі инфляцияның се­бебі импорттық тауарлар бағасының өсуі мен теңге бағамының әлсіреуі екенін айтады. Сондай-ақ инфляция­ға азық-түлік тауарлары құнының өсуі, соның ішінде көкөністер бағасы­­ның маусымдық қымбаттауы елеулі үлес қосқан. Инфляцияны тежеу үшін ақша массасын бақылау саясатын ұстанып, экономикалық шындыққа бейімделу қажет.

Ал сарапшы Арман Бейсембаев­тың айтуынша, монетарлық саясат жалпы стратегиялық бағыттың бір бөлігіне айналуға тиіс. Елдегі инфляция құры­­лым­дық теңгерімсіздіктерден, тиімсіз мо­нет­арлық саясаттан туындады. Сон­дық­тан қазір елге фискалдық қатаңдық емес, ақылға қонымды икемділік керек. Инфляцияны мөлшерлеменің дең­гейі­­мен емес, өндірістік өсумен, өнеркә­сіп­ті да­мытумен жеңуге болады. Бізге бір рет ­инфляцияны қалаған деңгей­ге, мысалы, 8%-ға түсіріп, артын­ша те­рең дағ­дарысқа кеткеннен жыл сайын 3-4%-ға өсіріп, тұрақты дамығанымыз жақ­сы. Сарапшының айтуынша, қазір­гі экономикалық саясат та осы бағыт­қа бейімделіп келе жатыр. Бірінші жар­тыжылдықтың соңына қарай жағдай тұрақ­талуға тиіс. Үкімет нарыққа жаңа жағдайға бейімделуге мүмкіндік берді. Енді бізге нарықтық модельге қарай жылжудан өзге жол жоқ. Қазір атаулы жалақы өскенмен, сатып алу қабілеті төмендеп жатыр. «Үкімет алдағы жартыжылдықта экономикадағы өсімнің кері жылжуына көнеді. Министрлер кабинеті экономиканы сауықтыру үшін өсімді құрбандық етуі керек. Сол кезде экономика санда бар, сапада жоқ бизнес нысандарынан тазарады. Біз тұрақты өсу траектория­сына төмен мөлшерлемемен және инфля­циямен шыға аламыз. Қазір Ұлттық банк сұранысты тежеп, мөлшерлемені көтеріп, экономиканы теңестіруге шешім қабылдады», дейді А.Бейсембаев.

АЛМАТЫ 

Соңғы жаңалықтар

«Көктем-2026»: Шымкентте су тасқынының алдын алу шаралары күшейтілді

Аймақтар • Бүгін, 13:03

«Kia Qazaqstan» зауытының ұжымы Конституция жобасына қолдау білдірді

Ата заң • Бүгін, 12:48

«Ақылды» камералар құрығы: 12 наурыздан бастап айыппұлдар автоматты түрде жазылады

Қоғам • Бүгін, 12:42

Намаз оқымаса, ораза қабыл бола ма?

Дін • Бүгін, 12:34

Ұшу-қону жолағы жөнделеді: Елордалық жолаушыларды қандай өзгерістер күтіп тұр?

Қоғам • Бүгін, 12:18

Спортшылар ел азаматтарын референдумды қолдауға шақырды

Ата заң • Бүгін, 12:09

Ораза кезінде екпе салдыруға бола ма?

Қоғам • Бүгін, 11:58

Әскери қызметшілерге арналған ақпараттық портал әзірленді

Қоғам • Бүгін, 11:50

Ораза және бала денсаулығы: Ата-ана нені ескеруі керек?

Балалар • Бүгін, 11:43

Софиядағы шаршы алаңда еліміздің төрт боксшысы өзара жұдырықтасты

Бокс • Бүгін, 11:38

Атырауда 15 жастағы қыз жоғалып кетті

Аймақтар • Бүгін, 11:22

Маңғыстау мұнайшылары жаңа Конституцияны қолдайды

Ата заң • Бүгін, 11:12

«Реал» Мбаппесіз ойнады: «Бенфикаға» қарсы матч қалай өтті?

Футбол • Бүгін, 11:07

Сарапшы: Президенттің АҚШ-қа ресми сапары Қазақстанның инвестициялық саясатының жаңа кезеңін айқындады

Саясат • Бүгін, 10:58

Қазақстан Ресейден электр энергиясын сатып алудан бас тарта ма?

Қазақстан • Бүгін, 10:43

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:96
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Ақпан 2026 13:33
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еуроодақ 13 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануын шектеуді жоспарлап отыр

13 Шілде 2026 23:32see124

Үкімет Астанаға 16 миллиардтан астам қаражат бөлді олар неге жұмсалады

13 Шілде 2026 09:14see120

Аптаның ең әсерлі фотосуреттері: Reuters ұсынған 6 үздік кадр

12 Шілде 2026 22:09see117

Ұшақта турбуленттілік дерлік сезілмейтін қатар аталды

13 Шілде 2026 12:23see116

Бәрін қазып тастады Астана циркінің маңында не болып жатыр

13 Шілде 2026 09:02see116

Алматы тауларында 4 турист жолдан адасып кетті

13 Шілде 2026 11:47see115

Экология министрі Теңізді тексерді: Шығарындылар бойынша жағдай қалай?

13 Шілде 2026 21:44see115

Таразда адвокаттың көлігіне оқ атылды: полиция не дейді

13 Шілде 2026 12:30see113

Белгілі ақын, журналист Ахметжан Срапилов өмірден өтті

13 Шілде 2026 16:39see113

Air Astana Дубайға рейстерді уақытша тоқтатады

12 Шілде 2026 20:32see113

Атырауда азық түлік бағасын өсірген кәсіпкерлерге айыппұл салынды

13 Шілде 2026 21:44see112

Жетісуда ондаған жүргізуші медициналық қарсы көрсетілімдерге байланысты куәлігінен айырылуы мүмкін

13 Шілде 2026 17:34see111

Алматы Арбатындағы Майкл Джексон шетелдіктерді таңғалдырды

13 Шілде 2026 17:21see111

“Толық тұрақтандыру туралы айту ерте“ Ұлттық банк басшысы Қазақстандағы инфляция туралы

14 Шілде 2026 12:02see110

Министр сауда көлемі ең көп өскен төрт өңірді атады

14 Шілде 2026 12:11see110

Абыройы асқақтаған аудан

14 Шілде 2026 05:01see108

Қазақстан Президенті Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті

13 Шілде 2026 23:42see108

Махаббатым саған қанат болсын : актриса Жанаргүл Жаныаманова ұлына жантебірентер жазба арнады (видео)

14 Шілде 2026 00:28see107

Асфальт үшінші рет төселіп жатыр әкімдік Үлкен Алматы өзені бойындағы жөндеу жұмыстарын түсіндірді

14 Шілде 2026 10:26see107

Қазақстандықтардың табысы азаюын тоқтатты Жұманғарин

14 Шілде 2026 10:47see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары