Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Смартфон бала күтуші емес : Қазақстанда цифрлық тәуелділікпен қалай күресу керек?

Смартфон бала күтуші емес : Қазақстанда цифрлық тәуелділікпен қалай күресу керек?

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Бүгінде смартфон – ойыншық қана емес, оқу құралы, байланыс құралы әрі әлеуметтену алаңы. Бірақ сол құрылғының бақылаусыз қолданылуы балалар мен жасөспірімдердің дамуына елеулі қауіп төндіріп отыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Асхат Аймағамбетов Қазақстанда бұл мәселеге ерекше назар аудару қажет екенін мәселе қылып Мәжіліс мінберінде көтерді. Тіпті жауапты мемлекеттік органдарға сауалын да қойды. Оның айтуынша, бүгінде елімізде 5-6 жастағы бала ата-анасының рұқсатынсыз-ақ TikTok пен Instagram желілеріне тіркеле алады. Мұндай тіркелу кезінде ешқандай жас тексеру немесе верификация жүйесі қарастырылмаған.

«Бала тіркелген соң, ол кез келген контентке еш шектеусіз қол жеткізеді. Ал көптеген елде мұндай жағдай заңмен реттелген. Мысалы, Дания мен Австралияда әлеуметтік желіге тіркелу жасы – 15-16 жас. АҚШ, Ұлыбритания және Ирландияда ата-анасының расталған келісімі болмаса, тіркелу мүмкін емес. Англия, Нидерланд және әлемнің 40%-дан астам елдерінде мектептерде смартфон қолдануға ресми тыйым салынған», – деді депутат.

Қазақстанда Назарбаев Зияткерлік мектептері (NIS), «БИЛ» лицейі мен «Дарын» мектептері сабақ уақытында смартфон қолдануға шектеу қойған.

А. Аймағамбетовтің айтуынша, бұл өзгеріс оқушылардың белсенділігін арттырып, сабақтағы алаңдаушылықты азайтқан. Бірақ елдегі көптеген мектепте жағдай мүлдем басқаша. Мұғалімдер ата-аналармен дауласудан қорқып, смартфон қолдануға тыйым салуға бата алмайды. Соның салдарынан оқушылар үзіліс пен сабақ арасында TikTok-та сағаттап отырады.

Жаһандық деңгейде де бұл мәселеге ерекше көңіл бөлініп отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) 2024 жылғы баяндамасына сәйкес, Еуропа елдерінде 11% жасөспірім әлеуметтік желілерді проблемалық деңгейде қолданады. Бұл – 2018 жылмен салыстырғанда айтарлықтай өсім. Ғылыми зерттеулер балалар мен жасөспірімдерге смартфонның ықпалын тек оның қолдану уақытымен ғана емес, мазмұнымен және қолдану тәсілімен өлшеу керек екенін айтады. Жаңа мета-талдауларға сәйкес, 6-14 жас аралығындағы балалардың орташа экран уақыты күніне 2,7 сағатты құрайды. Бұл көрсеткіштен артық қолдану ұйқының бұзылуына, мазасыздықтың көбеюіне, физикалық белсенділіктің төмендеуіне және әлеуметтік оқшаулануға алып келеді.

Әсіресе TikTok сияқыт қысқа форматтағы видеолар баланың назарын тұрақсыз етіп, шыдамсыздық пен жылдам нәтиже күту секілді психологиялық бейімділіктерді күшейтеді. Швецияда жүргізілген жаңа зерттеу әртүрлі медиа түрлерінің (ойын, фильм, оқу, әлеуметтік желі) жасөспірімдердің ұйқысы мен эмоционалдық жағдайына тікелей ықпал ететінін көрсетті. Бұл мәселеде отбасы мен мектептің үйлесімді әрекеті ерекше маңызды. Психологтар балаға тыйым салудан бұрын онымен ашық диалог жүргізуді, қызығушылығын түсініп, құрылғыны мақсатты қолдануға үйретуді ұсынады. Цифрлық сауаттылық – тек құрылғыны қолдану қабілеті емес, сонымен қатар өз эмоцияларын тану, уақытты тиімді жоспарлау, жеке шекараны сақтау сияқты дағдылардың жиынтығы.

Педагог-психолог Гүлшат Қыдыршегеқызының пікірінше, цифрлық гаджеттер жасөспірімге білім алу мен өзін-өзі дамыту үшін таптырмас құрал.

Дегенмен ол артық экран уақытының зиянын да атап өтеді:

«Түнгі уақытта телефон пайдалану ұйқының бұзылуына, зейіннің төмендеуіне, өмірден алшақтауға әкеледі. Достармен қарым-қатынас азайып, әлеуметтік желі ‘жақын досқа’ айналады», – дейді ол.

Сондықтан шығар, жалпы осы саладағы сарапшылардың айтуынша, цифрлық құралдардан толық бас тарту – тиімсіз әрі шындықтан алшақ тәсіл. Мақсат – баланы гаджетпен өмір сүруге бейімдеу, бірақ оны саналы және қауіпсіз түрде қолдануға бағыттау.

Жалпы ғылымда «цифрлық абстиненция» дейтін ұғым бар. Бұл – адамның құрылғыдан уақытша айырылғанда туындайтын мазасыздық пен күйзеліс. Аталмыш құбылыс – баланың виртуалды әлемге тәуелділігінің көрінісі. Психологтар эмоциялық тұрақсыздық, зейіннің төмендеуі, шынайы қарым-қатынас тапшылығы секілді белгілерді жиі байқайды. Бұған ата-ананың рөлі мен сол кездегі жағдайға тікелей қатысу деңгейі де ықпал етеді.

«Баланы бақылаусыз қалдыру немесе тым қатты қадағалау – екеуі де шектен шығу. Сол үшін де тепе-теңдік керек. Баланың қызығушылығын түсініп, не көріп жүргенін бірге талқылау, үйірмелерге, спортқа тарту – цифрлық тәуелділікті жеңілдетудің жолы», – дейді маман.

Бірақ мектеп деңгейінде сабақ уақытында смартфонды шектеу әлем елдерінде оң нәтиже берген. Қазақстандағы тәжірибе де бұл тәсілдің тиімділігін дәлелдей бастады. Мұны білім саласында қажырлы еңбек еткен қазіргі депутат, бұрынғы министр Асхат Аймағамбетовтің сөзінен-ақ бағамдауға болады. Десе де бұны ұлттық ауқымда жүйелі түрде енгізу қажет.

Қорытындылай келе айтпағымыз, жалпы қазіргі күн тәртібіндегі маңызды мәселені шешу үшін саясаткерлер мен білім беру ұйымдары заңнамалық және әдістемелік тұрғыдан бірлесіп жұмыс істеуге тиіс. Өйткені қазіргі таңда әлеуметтік желілерге тіркелу жасы бойынша нақты регламенттің жоқтығы – Қазақстанның үлкен кемшілігі. Бұл ретте халықаралық тәжірибені басшылыққа алып, контентке қолжетімділікке қатысты нақты талаптар енгізу маңызды. Бүгінгі күні баланың психологиялық саулығын сақтау – тек ата-ананың ғана емес, барша қоғамның жауапкершілігі. Цифрлық әлемде тепе-теңдік сақтау – жаңа дәуірдің басты талабы. Психолог айтқандай, ең бастысы – экран уақыты емес, баланың ішкі әлеміне көңіл бөлу.

Балнұр Тұрғұнбай, AITU университетінің студенті

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:157
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Қараша 2025 04:00
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары