Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Бірнеше жол апатын жасаған: Қазақстан азаматы шетелде полициядан қашты

Қару жарақ, миллиондар және шекарадағы кептеліс: ҰҚК Түркістан облысындағы ҰҚТ ның жолын кесті

Астана салқындайды, Алматыны аптап ыстық басады 23 25 маусымға арналған болжам

Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы күрт өзгереді: шаңды дауыл мен аптап ыстық күтіледі

Басқа көлікке ауыстырып тиейді: полиция логистика саласындағы алаяқтық туралы ескертті

Қазақстандықтар шекті деңгей көтерілгеннен кейін зейнетақы жинақтарын алудың жолын тапты

Дастан Сәтпаев Қазақстанның ең қымбат футболшысы атанды

Қазақстанда ішкі сауда бойынша Алматы мен Астана көш бастап тұр

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында дала өртеніп жатыр

Астанада тұрғын үй кешеніндегі өрт сөндіріліп жатыр

Әлеуметтік желілердегі арандатушылық үшін қатаң жаза бар бас прокуратура үндеуі

Атырау облысында​ ТЖМ ұшағы жолға қонады: қозғалыс уақытша тоқтайды

ЕАЭО дан тыс елдерден қызанақ әкелуге уақытша тыйым енгізілді

Ұлыбритания премьер министрі Кир Стармер отставкаға кетті

Атырау облысында қонатын жер іздеген швейцариялық байкерлер қызық жағдайға тап болды

Еуропалық комиссия басшысы қазақстандықтар үшін жақсы жаңалықты хабарлады

​Катардағы алып газ кешенінде жарылыс болды: ондаған жаралы, із‑түзсіз кеткендер бар

Бұрын Өзбекстанға қараған екі ауыл ресми түрде Қырғызстан құрамына енді

Алматыда шетелге шыққан екі адам безгекпен ауырып жатыр

Қазақстанда алғаш рет мәнерлеп сырғанаудан төрт құрлықтың чемпионаты өтеді

Күлкі терапиясы: күйзеліспен күресу үшін себепсіз күлуге адам үйренуі керек

Күлкі терапиясы: күйзеліспен күресу үшін себепсіз күлуге адам үйренуі керек

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

— Күлкі терапиясы деген не? Бұл салаға қалай келдіңіз?

— Күлкі терапиясы немесе гелотология деп те атайды, АҚШ-та, Үндістанда, Кореяда, Жапонияда бұл бағыт жақсы дамыған. Көрші Ресейде де қарқын алып келеді. Мен осы ресейлік мамандардың курстарынан ақылы түрде өттім. Іздендім, ақпарат жинадым. Адамдар қашанда емделу үшін, жағдайын жақсарту үшін жеңіл, әрі тиімді әдіс іздейді ғой. Алдымен өзіме қолдандым. Бойымдағы стрессті шығардым. Кейін әріптестерімнің арасында өткіздім. Біздің облысқа күлкі терапиясы енді келіп жатыр. Көпшілік білмейді. Бірақ өз ортамда, ұстаздар, құрбыларым арасында қызығушылық бар.

Негізгі мамандығым — химик-биолог. 20 жылдық еңбек өтілім бар. Ал бұл саланы танып бастағаныма 4-5 жыл болды. Бір қызығы, әріптестерімнен байқағаным, күле алмайтындар, күлуге қиналатындар бар болып шықты. Күн ұзаққа күлмей жүре беретін ұстаздар да бар болып шықты.

Фото: Жазира Ыбраеваның жеке архивінен

Эмоция — ол энергия. Егер ол сыртқа шықпаса, психосоматикалық мәселелер пайда бола бастайды. Адам эмоциясын сыртқа шығармай, ішіне жинай берсе, ағзада стресс гормоны — кортизол көбейіп, ол дистресске әкеледі. Ал кортизолды төмендететін негізгі құралдың бірі — эндорфин.

Қайғы мен ашу мүлде болмау керек деген сөз емес. Әңгіме — тепе-теңдік жайында. Өкінішке қарай, көп адамда дәл осы эмоциялық баланс жетіспейді. Соның салдарынан адам өзін шаршаңқы сезініп, күйзеліске ұрынады.

Фото: Жазира Ыбраеваның жеке архивінен

Сондықтан эмоцияны уақытында шығару, күлу, қозғалу, жағымды әсер алу — психикалық әрі физикалық саулықтың маңызды бөлігі.

Екіншіден, қазіргі уақытта әлеуметтік желі арқылы көп негатив аламыз. Адам шаршайды, күйзеліске ұшырайды. Салдарынан мотивациясы төмендеп, күш-қуаты кемиді. Көңіл-күйі бұзылады. Күлкі терапиясы мұның бәрін шешеді екен. Бірақ бізде мұнымен айналысатын маман жоқ. Сол себепті неге үйренбеске, неге әріптестеріме көмектеспеске деген ой келді.

Фото: Жазира Ыбраеваның жеке архивінен

— Адам өмірінде күлкінің алатын орны қандай?

— Негізгі мамандығым химик-биолог болғаннан кейін білемін, адам бойында химиялық процесс жүріп, гормондар бөлінеді. «Бақыт гормоны» деген бар, ол төртеу — «эндорфин», «серотонин», «дофамин» және «окситоцин». Мысалы, эндорфиндерді «қуаныш гормондары» дейді. Олар ауырсынуды, қорқынышты азайтады. Біздің ашуланып, күйзеліске түсуіміз ағзаға қауіпті. Эндорфин осы жағымсыз әсерді азайтады. Әдетте эндорфин белсенді түрде бөлінуі үшін физикалық жаттығулар жасау керек.

Серотонин көбіне «көңіл күй гормоны» деп аталады. Ол адамның өзін тыныш, жақсы сезінуіне көмектеседі және антидепрессант ретінде маңызды рөл атқарады. Серотонин қан айналымына қатысады, аллергия мен қабыну процестеріне әсер етеді, сондай-ақ асқазан-ішек жолдарының жұмысын реттейді. Бұл гормонды көбейту үшін күн сәулесінде жүру, қозғалу, дене жаттығуларын жасау, терең тыныс алу, позитивті ойлау және пайдалы тағамдар тұтыну ұсынылады.

Фото: Жазира Ыбраеваның жеке архивінен

Дофамин — «сыйақы гормоны». Адам бір мақсатқа жеткенде немесе жақсы іс атқарғанда дофамин бөлініп, қуаныш пен қанағат сезімін тудырады. Ол қан қысымын реттеп, жүрек соғысын жеделдетеді, ағзадағы қан айналымды жақсартады. Дофаминнің бөлінуіне жақсы көңіл күй, махаббат, белсенді өмір салты, игі істер мен түрлі іс-шараларға қатысу оң әсер етеді.

Окситоцин — сүйіспеншілік пен жақындық гормоны. Ол көбіне ана мен бала арасындағы байланыста, сондай-ақ адамдар бір-біріне қамқорлық көрсеткенде бөлінеді. Окситоцин мазасыздықты азайтады. Сонымен қатар бұлшықеттің қалпына келуіне көмектесіп, зиянды әдеттерден арылуға оң ықпал етуі мүмкін. Бұл гормонды арттыру үшін жақын адамдармен жиі араласып, сезіміңізді бөлісіп, құшақтасып, үй жануарларына қамқорлық жасаған жөн.

Күлкі терапиясы осы гормондардың түзілуіне әсер етеді. Ұйқыны реттейді, күйзелістен арылтады, қанайналым жүйесін реттеп, имунитетті көтереді.

Фото: Жазира Ыбраеваның жеке архивінен

— Күлкі терапиясы кімдерге керек?

— Көбіне, әрине, күйзелісте жүрген жандарға керек. Медицинада, психологияда кеңінен қолданады. Біз ұстаз болғаннан кейін, баламен жұмыс істегендіктен эмоционалды тұрақты болуымыз қажет. Жалпы әр адам таңертең 10-15 минут уақыт бөліп, осы терапиямен айналысып, жаттығулар жасаса тиімді болады. Арнайы жаттығулар бар. Мысалы, «айнаға қарап күлу» жаттығуы бар, «өзіңді қабылдау», «баланың күлкісі», «тыныспен күлу» сияқты жаттығулар бар. Алдымен жасанды күлкіні шақыру керек. Кейін ол шынайы күлкіге айналады. Сол кезде адамда энергия пайда болады, эмоция өзгереді.

Фото: Жазира Ыбраеваның жеке архивінен

— Көңіл күйді жақсартатын бір жаттығумен бөлісіңізші.

— Денсаулық үшін қарапайым, бірақ тиімді әдістің бірі, ол үшін ішіңізбен терең дем алып, кейін дем шығара отырып, күліңіз. 10-15 минут бойы осы жаттығуды жасаған кезде терапиялық әсерді байқайсыз.

Фото: Жазира Ыбраеваның жеке архивінен

Ағзаға оттегімен қанығады, иммундық жүйе жақсарып, иммуноглобулин бөлінеді. Жүрек-қан тамырлары жүйесінің белсенділігі артады. Ішекке массаж жасалғандай әсер беріп, ас қорытуды жақсартады. Жалпы, 80 бұлшықет тобының жұмысы белсендіріледі. Осындай қарапайым күлу жаттығуы тек көңіл-күйді көтеріп қана қоймай, денсаулыққа да орасан пайда әкеледі.

— Күлкі терапиясын қолдануға болмайтын жағдайлар бар ма?

— Адамға еріксіз қолдануға болмайды. Сондай-ақ отадан кейін және психологиялық ауытқуы бар жандарға қолдануға рұқсат жоқ.

Фото: Жазира Ыбраеваның жеке архивінен

— Әріптестеріңіздің арасында терапияның бұл түріне күмәнмен қарағандар болған шығар?

— Ия, әрине. Бірақ кейін көзқарастары өзгеріп жатады. Жалпы, маманның шеберлігі, шығармашылығы да көп роль атқарады. Соның ішінде аудиторияны өзіне қаратып, жинақы ұстау да бар.

Стэнфорд университетінің зерттеулеріне сүйенсек, қазір ересек адам орта есеппен күніне небәрі 10-12 рет қана күледі. Ал, 6 жасқа дейінгі балалар күніне шамамен 400 рет күледі екен. Неліктен есейе келе күлуді азайтамыз деген заңды сұрақ туындайды. Күлген кезде беттің 150 бұлшықеті қатысады. Бұл адамның жасаруына да себебін тигізеді. Сондықтан әрқашан күліп жүріңіздер!

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:77
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Ақпан 2026 13:43
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Бірнеше жол апатын жасаған: Қазақстан азаматы шетелде полициядан қашты

22 Маусым 2026 15:57see121

Қару жарақ, миллиондар және шекарадағы кептеліс: ҰҚК Түркістан облысындағы ҰҚТ ның жолын кесті

22 Маусым 2026 13:35see118

Астана салқындайды, Алматыны аптап ыстық басады 23 25 маусымға арналған болжам

22 Маусым 2026 14:37see118

Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы күрт өзгереді: шаңды дауыл мен аптап ыстық күтіледі

22 Маусым 2026 16:05see117

Басқа көлікке ауыстырып тиейді: полиция логистика саласындағы алаяқтық туралы ескертті

23 Маусым 2026 12:03see116

Қазақстандықтар шекті деңгей көтерілгеннен кейін зейнетақы жинақтарын алудың жолын тапты

23 Маусым 2026 11:27see115

Дастан Сәтпаев Қазақстанның ең қымбат футболшысы атанды

23 Маусым 2026 18:05see115

Қазақстанда ішкі сауда бойынша Алматы мен Астана көш бастап тұр

23 Маусым 2026 12:03see114

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында дала өртеніп жатыр

22 Маусым 2026 18:49see113

Астанада тұрғын үй кешеніндегі өрт сөндіріліп жатыр

23 Маусым 2026 12:23see113

Әлеуметтік желілердегі арандатушылық үшін қатаң жаза бар бас прокуратура үндеуі

23 Маусым 2026 12:04see113

Атырау облысында​ ТЖМ ұшағы жолға қонады: қозғалыс уақытша тоқтайды

22 Маусым 2026 15:06see113

ЕАЭО дан тыс елдерден қызанақ әкелуге уақытша тыйым енгізілді

23 Маусым 2026 11:37see113

Ұлыбритания премьер министрі Кир Стармер отставкаға кетті

22 Маусым 2026 16:37see113

Атырау облысында қонатын жер іздеген швейцариялық байкерлер қызық жағдайға тап болды

22 Маусым 2026 13:35see112

Еуропалық комиссия басшысы қазақстандықтар үшін жақсы жаңалықты хабарлады

23 Маусым 2026 20:05see111

​Катардағы алып газ кешенінде жарылыс болды: ондаған жаралы, із‑түзсіз кеткендер бар

22 Маусым 2026 15:06see111

Бұрын Өзбекстанға қараған екі ауыл ресми түрде Қырғызстан құрамына енді

23 Маусым 2026 18:05see109

Алматыда шетелге шыққан екі адам безгекпен ауырып жатыр

23 Маусым 2026 17:40see108

Қазақстанда алғаш рет мәнерлеп сырғанаудан төрт құрлықтың чемпионаты өтеді

23 Маусым 2026 16:23see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары