Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Күлкі көшін бастағандар

Күлкі көшін бастағандар

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Бағдарламаның әр шығарылымы миллионға жуық қаралым жинап, қазақтілді ойын-сауық контентінің арасында өзіндік орнын қалыптастырып келеді. Жобаның ерекшелігі – қалыптасқан викторина үлгісін еркін импровизациямен, заманауи әзілмен және көрерменге жақын мәдени ишаралармен ұштастыруында.

Бұл қандай шоу?

«О, сұрақ!» – әзіл мен тап­қыр­лықты ұштастырған интел­лек­туал­ды викторина. Бағдарламада қатысушылар жүргізуші қойған сауалдарға дұрыс жауап берумен ғана шектелмей, тосын ой айтып, қалжыңмен қағысып, тапқыр­лы­ғын танытуға тырысады. Шоуды ко­мик Тұрсынбек Слямбеков жүр­гізеді, ал оған Аңсаған Садир­ха­нов серік болады. Әр шы­ғары­лым­ға отандық комедияның жаңа буын өкілдерімен қатар та­нымал блогерлер мен актерлер шақырылады. 

Бағдарламаның сыртқы фор­­масы дәстүрлі вик­то­ри­­на­ға ұқсайды: жүргізуші сұрақ қоя­ды, қатысушылар жауап із­дей­ді. Алайда «О, сұрақ!» үшін дұ­рыс жауаптың өзі түпкі мақсат емес. Кейде қате болжамның өзі күт­пеген қалжыңға ұласып, әң­гі­ме­нің көрігін қыздырады. Қа­тысу­шылар бірінің сөзін бірі іліп әке­тіп, әзілді одан әрі дамытады. Со­ның арқасында бағдарлама құр­ғақ сұрақ-жауап форматынан шы­ғып, еркін әңгіме мен имп­ровизацияға негізделген көңілді шоу­ға айналады. Жобаның ерек­ше­лігі де осында. Мұнда логика мен абсурд, білім мен юмор қатар жүреді. Сұрақтарға әлемнің әр түк­піріндегі қызықты деректер, қа­зақ­тың салт-дәстүрі, аңыздары, күн­делікті өмірдегі таныс құбы­лыс­тар арқау болады. Бірақ қан­дай тақырып қозғалғанына қа­ра­мас­тан, қатысушылар әңгімені күт­пеген арнаға бұрып әкетуге әр­дайым дайын. Осы еркіндік бағ­дарламаның өзіндік ырғағын қалыптастырған. Көрермен бір жағынан жауабын ойлап, ойынға ара­ласса екінші жағынан комик­тер­дің аяқ астынан туған қал­жыңы­на куә болады. Сондықтан «О, сұрақ!» интеллектуалды вик­тори­надан гөрі білім, әзіл және им­провизация тоғысқан заманауи ойын-сауық жобасына көбірек ұқсайды.

Жүйеге түскен хаос

«О, сұрақ!» басқа әзіл бағдар­ла­­маларынан құрылымы жа­ғы­нан ерекшеленеді. Мұнда әр қа­ты­сушы жеке тақырып ұсынып, әң­гімені соның төңірегінде өрбіт­пей­ді. Бағдарлама алдын ала әзір­­ленген сұрақтарға негізделеді. Алай­да бұл қатысушылардың ер­кін­дігіне кедергі келтірмейді. Ке­рісінше, дайын сұрақтар әңгі­ме­нің бағытын белгілеп қана, оның әрі қарай қалай өрбитінін қо­нақтардың тапқырлығы мен им­п­ровизациясы шешеді. Қа­тысу­шылар дұрыс жауапты алдын ала білмейді. Сондықтан олардың реак­циясы да, айтқан әзілі де кө­біне сол сәтте туады. Осы ерек­ше­лік шоуды бір жағынан табиғи, екін­ші жағынан жинақы етіп көр­сетеді. Яғни бағдарлама еркін әң­гімеге құрылғанымен, негізгі ар­насынан ауытқып кетпейді. Шоудың тартымдылығы көбіне жүргізуші мен қонақтардың өзара тіл табысуынан байқалады. Тұр­сынбек Слямбековтің әдейі сал­мақты, кейде пафосқа құрылған мәнері қатысушылардың еркін қал­жыңымен астасып, қызықты кон­траст тудырады. Әр шыға­ры­лым­ға жаңа қонақтар келген сайын бағдарламаның көңіл күйі де өзгеріп отырады. Бір шығары­лым­да сөз қағысы мен тапқыр жауап­тар басым болса, келе­сі­сін­де қисынсыз әзіл немесе белгілі бір ортаға ғана таныс интернет қал­жыңдары алға шығуы мүмкін. Сондықтан ережесі мен форматы тұ­рақты болғанымен, әр шыға­ры­лым­ның өз мінезі, өз ырғағы қа­лып­тасады.

Шоуды формат емес, мазмұн жасайды

Бұл баршаға бірдей ұнауға ты­­­рысатын жоба емес. Өйт­­­кені бағдарламадағы әзілдің бір бөлігі белгілі бір ортаға ғана тү­сі­нікті болуы мүмкін. Мұнда бү­гінде сирек еске алынатын қа­зақ­стандық мемдер, бұрынғы те­ле­бағдарламалар мен интернет мә­дениетіне қатысты ишаралар жиі кездеседі. Сол себепті кей кө­рер­мен үшін бұл жай ғана әзіл емес, өткен уақытты еске түсі­ре­тін таныс белгі іспетті. Мәселен, «Шан­шарға» жасалған сілтеме­лер, бір кездері телефоннан теле­фон­ға инфрақызыл порт арқылы жі­берілетін әуесқой рэп, «Ел Ар­на­дан» көрсетілген дорамалар не­месе қазақтілді Twitter ортасына ғана таныс қалжыңдар – мұ­ның бәрі бір буынның ортақ ес­те­лі­гін жаңғыртады. Осындай де­тальдар бағдарламаны көрер­мен­ге жақындатып, өзін бір орта­да­ғы әңгімеге араласқандай се­зін­діреді.

Шоудың тағы бір ерекше­лігі – оның ескі телеви­зия­лық ойындардың көңіл күйін еске салуында. Дұрыс жауаптан кейін ойналатын қысқа әуендер, жүр­гізушінің салмақты мәнері, сұ­рақ-жауаптың реті бала кезде көр­ген ойын-сауық бағдар­ла­ма­ла­рын еріксіз ойға түсіреді. Сон­дықтан «О, сұрақ!» тек әзілге құ­рыл­ған викторина ретінде емес, әр кезеңнен қалған таныс белгі­лер­ді бір жерге тоғыстырған жоба ре­тінде де қабылданады. Онда бір буын­ның өскен ортасы, көрген те­ле­хикаясы, тыңдаған әуені мен ин­тернеттегі алғашқы әзілдері қатар көрініс табады.

Соңғы жылдары қазақтілді комедияда жаңа форматқа ұмтылыс айқын байқалады. YouTube-та шетелде танымал болған жобалардың жергілікті нұсқалары көбейіп, стендап та дәстүрлі жеке концерттің аясынан шыға бастады. Комиктер импровизацияға, ойынға, викторинаға және түрлі аралас форматтарға бет бұрып, көрерменге әсер етудің жаңа жолдарын іздеп жүр. Осы ортада «О, сұрақ!» өзіндік бағыты бар жоба ретінде көрінеді. Құрылымы жа­ғынан ол ресейлік «Самый ум­ный комик» бағдарламасына ұқ­сас тұстарға ие. Мәселен, қа­тысу­шылардың жауап берер ал­дында өзіне тән белгі неме­се дыбыс ойлап табуы се­кіл­ді элементтер екі жобада да кездеседі. Дегенмен мұн­да басты мәселе фор­мат­тың қайдан алын­ға­нын­да емес. Маңыз­дысы – авторлардың сол үлгіні жергілікті мазмұнмен қалай толықтырғанын­да. Қазақы ортаға таныс әзіл, интернет мәдениеті, күн­делікті тіл мен жаңа буын­ға жақын ишаралар шоу­дың өзіндік реңкін қалып­тас­тырған. Соның арқасында бағ­дарлама бір жағынан таныс кө­рінсе, екінші жағынан жаңа әсер қалдырады. Көрерменге бө­тен емес, бірақ бұрын дәл осы қа­лып­та кездеспеген дүние ұсы­нылады.

«О, сұрақ!» уақыт өте келе қ­а­зақ­тілді комедиядағы тұрақты әрі танымал жобалардың біріне ай­на­­ла ма – оны әзірге уақыт көр­сете­ді. Алайда шоудың өз стилін табу­ға талпынысы, жергілікті мә­дени ортаға арқа сүйеуі және импровизацияға кең мүмкіндік беруі оның басты ерекшелігі болып отыр. Авторлар баршаға бір­дей түсінікті әзіл жасауға ұм­тыл­майды. Керісінше, белгілі бір ор­таға жақын мәдени белгілерді, ішкі қалжыңдарды және еркін им­провизацияны алға шығарады. Осы бағыт сақталса, «О, сұрақ!» қа­зақтілді ойын-сауық кон­тен­ті­нің жаңа тынысын танытатын жо­балардың бірі бола алады.

С.БЕГІМБАЙ

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:125
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Қыркүйек 2026 05:23
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see169

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see164

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see161

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see157

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see141

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see138

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see134

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see128

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see122

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see122

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see121

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see118

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see116

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see115

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see111

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see108

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see108

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see106

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары