Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Дубай әлемдегі ең лас қалалар көшін бастады

Дубай әлемдегі ең лас қалалар көшін бастады

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Дубай қараша айында әлемдегі ең лас қалалар көшін бастады. Әмірлік бұл тізімде алғашқы ондықта тұр. Қала экологиясының нашарлауына өндіріс ошақтарынан тарайтын зиянды қалдық пен кейінгі кезде жиілеген шаң-тозаң аралас дауылдың әсері көп болып отыр. Дерекке сай қараша айы басталғалы ауаның ластану деңгейі қалыпты мөлшерден 6-7 есе жоғарылаған.

Араб түбегін биыл бірнеше рет шаңды дауыл басты. Екпіндеп соққан жел зиянды қалдықтар мен қоқыстарды ауаға көтеріп, шаң-тозаң мөлшерін арттырды. Абу Даби, Дубай, Шарджа сынды мегаполистер мұндай жағдайға талай мәрте тап болып, мәселені экологиялық жолдармен шешуге күш салып әлек. Десек те билік кейде бұлттарды жасанды жолмен көшіріп, жауын жауғызады. Жалпы бұл шығанақ климатына тән табиғи құбылыс. Құмды дауыл соғып тұратын өлке тұрғындары мұндай өзгеріске үйренген. Алайда мамандар кейінгі жылдары желдің қуаты мен жиілігі артқанын айтады. Ресми дерекке сәйкес мегаполистердің қарқынды дамуы мен өндіріс орындарының көбеюі өңірді климаттық өзгерістерге душар етіп жатыр. Бұған қатысты экологтар пайымы бір: өсімдігі сирек аймақты жасыл-желекпен көмкеріп, экологиялық сын-қатерлерді еңсеру.

Симона Аззали, урбанистика және сәулет саласының маманы:

- Дубайда климатқа қатысты бірқатар проблема бар жасырын емес. Барлық жерде құрылыс жүріп жатыр. Ауа сапасы нашарлап, қоршаған орта мен табиғи тепе-теңдік бұзылған. Адамдар кері әсерін сезіп те жүр. Осы тұрғыда біз табиғатпен өзіндік үйлесім таба білуіміз керек. Оны ұмыт қалдыруға болмайды. Әмірлік Еуропа елдерінің мысалында төңіректі біршама жасылдандыруды жөн деп шешті. Бұл оң әсер ететін іс. Тіпті жаз айларында ауа температурасын төмендетуге де ықпалы бар.

Тал-терек отырғызу бастамасы ауаны тазартуға әрі өңірде тұрақты климат қалыптастыруға сеп болады деген сенім бар. Сондықтан қаржылық әлеуеті жоғары қалалар бұл істен әзірге тартынып жатқан жоқ. Тіпті миллиондаған тонна құнарлы топырақ импорттап, арнайы бау-бақша алаңдарын көбейтуге кірісіп кетті. Бұл іс табиғи тепе-теңдікті қалпына келтіруге әсер етуі мүмкін. Дегенмен қалада өндіріс ошақтары көп. Ал көмейі кең кей өндірушілер экологиялық міндеттемелерді орындамай, талап-ережені айналып өтуге асық.

Беназир Нұрмұхамад, сәулетші, қоршаған орта жобаларының кеңесшісі:

- Бір тәуірі, қаламыздың билігі климаттық өзгерістерге жылдам бейімделді. Таяу Шығыс төңірегінде мұндай құбылыстарға қарсы әрекет ететін нақты жоспары бар жалғыз ел. Мәселені біршама реттеуге инвестиция салынып-ақ жатыр. Біз ескеретін бір жайт, бұл өлке бұрын кәдімгі шөл дала болған. Кейін биік ғимараттар пайда болды. Мұндай урбанизация үдерісімен экологиялық мәселелер қатар жүретіні мәлім.

«IQAir» халықаралық экология ұйымы әмірлікті қараша айында әлемдегі ең лас 10 қала тізіміне қосты. Дубай секілді Абу Даби мен Шарджа осы антирейтингке енді. Мұндай жағдай ең әуелі араб түбегіне тән табиғи құбылыс, яки шаңды дауыл әсерінен болады. Десек те Дубайдың ең көп ластанған қалалар қатарына қосылуына тағы бір себеп бар. Әмірліктің бірқатар ауданында қазір тазалық сын көтермейді. Әсіресе еңбек мигранттары қоныстанған аудандарда мәселе тым күрделі.

Сондықтан жергілікті билік тазалыққа немқұрайлы қарайтындар үшін айыппұл мөлшерін ұлғайтты. Белгіленбеген жерге қоқыс тастағандар елде бұдан былай 500 дирхам немесе 70 мың теңге айыппұл төлейді.

Авторы: Рауан Мыңбай

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:187
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Қараша 2025 14:47
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see142

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see141

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see140

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see139

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see138

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see137

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see136

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see136

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see136

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see133

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see132

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see131

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see124

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see123

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see122

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see122

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see121

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see116

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары