Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Уәде емес, іс керек! Есбол тұрғындары әкімді сынға алды

Уәде емес, іс керек! Есбол тұрғындары әкімді сынға алды

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Есболдағы жиын әдеттегі ресми сөздерден тез арылып, ашық әңгімеге ұласты. Тұрғындар жоспар мен мерзімнің қайта-қайта кейінге шегерілуінен шаршағанын айтып, нақты әрекет күтетінін жеткізді. Олар жедел жәрдем қызметін жақсарту, апатты жағдайдағы мектеп мәселесін шешу және Бағырлай каналындағы ұзаққа созылған жұмыстарды аяқтау жөнінде талап қойды.

Жедел жәрдемді алып кету қаупі

2025 жылдың аяқталуына бір ай қалғанда Индер ауданының әкімі Серік Нсанбаев ауыл аралап, Есбол ауылындағы тұрғындармен кездесуге келді. Оның атқарылып жатқан жұмыстар жайлы егжей‑тегжейлі есебінен кейін ауыл тұрғындары бірден ең өзекті мәселеге көшті.

Ауыл тұрғындары жалғыз жедел жәрдем бригадасы басқа ауылға ауыстырылып кетеді деп алаңдап отыр. Ондай жағдайда Есбол, Өрлік және Көктоғай бір ғана жедел жәрдем бригадасының қарауына қалады. Алайда бұл үш ауылдың барлығы Атырау – Орал республикалық тасжолы бойында орналасқандықтан, жол-көлік апатынан зардап шеккендерді қабылдап келеді.

Зейнеткер Теңел Айтжанов Есболда шамамен 4 500 адам тұратынын, бұрын ауылда өз ауруханасы болғанын еске салды. Оның айтуынша, билік тағы да «оңтайландыру» жолына түсіп отыр.

«Бұл мәселенің аудан көлемінде шешілуін қалаймыз. Өйткені бұл ауыл ауданнан кейінгі халық көп шоғырланған жер. Бір ғана жедел жәрдем барлық жерге бірдей үлгере алмайды. "Жедел жәрдем" бригадасы барлық ауылға бір мезетте баруға үлгермейді, сол себептен оңтайландыруға қарсымыз. Есболға жеке бригада қызмет етуі керек, біз халық болып талап етеміз», – деді ол.

Мұны басқалар да қолдап, қол шапалақтап отырды. Аудан әкімі бұл жайы әлі де ойластыратынын айтқанымен нақты қандай шешімге келетіні белгісіз болып қалды.

Мектеп құрылысы төртінші жылға созылды

Ауылдағы мектеп жайы күрделі күйде. 90 жылдық (1936 жылы салынған) тарихы бар Қ. Есқалиев атындағы мектептің апатты деп танылғанына біраз болды. Санэпидстанса мектепке оқуға рұқсат бермегенімен барар жері, басар тауы қалмаған оқушылар ескі метепке оқуға мәжбүр болған.

2021 жылы 320 орындық мектеп "сақалды" құрылысқа айналған. 1 млрд 445 млн теңге тұратын мектеп құрылысын "Оңдасын Строй" ЖШС аяқтамай тастап кетті. 

2023 жылы облыс әкімі Серік Шәпкенов есболдықтармен кездесуде сол жылы мектеп пайдаланылуға беріледі деп уәде берген болатын. Одан бері бақандай екі жыл өтсе де мектеп құрылысы бітпей тұр. 

Жаңа мердігер "Сала" ЖШС мектеп құрылысын осы жылдың аяғында пайдаланылуға беріледі дегенмен кейін 2026 жылдың көктеміне ығысқан.

Учаске бастығы Нұржан Харифуллин  40-қа жуық жұмысшы еңбек етіп жатқанын, құрылыс материалдары жеткілікті екенін, ғимараттың іші мен сыртқы абаттандыру жұмысы жүріп жатқанын жеткізді.

Тұрғындар бұл сөздерді сақтықпен қабылдады. Олар ашық түрде сенімсіздіктерін білдіріп, бұрын орындалмаған уәделерді еске салды.

Бағырлай каналы мен бөгет мәселесі

Жиында Бағырлай каналын жөндеу жайы да көтерілді. Жоба бойынша сегіз көпір мен бірнеше су қоймасы салынуы тиіс еді, бірақ жұмыс тоқтап қалған. Бұл нысан ауыл шаруашылығымен айналысатын қожалықтар үшін аса маңызды.

«Неге екені белгісіз жұмыс тоқтап қалған, ал ауыл шаруашылығында еңбек етіп жатқан қожалықтар үшін бұл өте қажет еді»,- деді тұрғын.

«Канал жұмысына "Табиғат" мекемесі жауапты. Жобада қателік кеткен, түзету жұмыстары жүрді. Енді жұмысын қайта жалғастыратын болады», - деді аудан әкімі.

Зейнеткер Бағытжан Иманғалиев тағы бір күрделі мәселені көтерді. 2024 жылғы су тасқыны кезінде ауыл тұрғындары бөгетті өз қолымен күшейткен. Ал қазір оның топырағы мектеп құрылысына тасылып жатқанын айтты.

«Біз жоспарланып жатыр, ақшасы бөлініп жатыр, облыста қаралып жатыр деген уәдеден шаршадық. Сіз болатын, болмайтынын ашып айтыңыз. Бөгет соғуға ауылдың үлкен, кішісі күн, түн демей қатысты. Енді оның топырағын мектеп құрылысына тасып алуда. Оларға кім рұқсат берді. Көшешілік жолдардың кейбір жері түсіп кеткен, поштаның қоршауы құлап жатыр. Мұны иесіздік демей не дейміз»,-деді ашынған зейнеткер Бағытжан Иманғалиев.

Бұл сөздер залды айтарлықтай толқытты.

Тұрғындарды тағы не алаңдатады?

Бұдан бөлек тұрғындар көше жарығы, жол, т.б. мәселелерді айтып өтті. Жиында айтылғандар хаттамаға енгізіліп, алдағы жылдары орындалысы барысы жөнінде аудан әкімі тағы тұрғындарға есеп беретін болды.

Тұрғындар жолдың жағдайы, көше жарығы және мобильді байланыс сапасы туралы да айтты. Кейбір көшелер жарықсыз, ал байланыс кейбір ықшамаудандарда жиі үзіліп қалады.

Аудан әкімі барлық ұсыныстар хаттамаға енгізілетінін және жұмыс жалғасатынын мәлімдеді. Алдағы жылдары осы шешімдердің орындалуы жөнінде аудан әкімі тағы тұрғындарға есеп беретін болды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Бүгін, 12:17

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:162
embedДереккөз:https://azh.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Қараша 2025 12:21
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see139

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see139

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see137

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see137

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see136

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see135

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see135

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see134

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see133

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see130

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see128

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see128

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see127

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see120

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see120

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see117

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see117

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see116

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see116

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары