Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Үзіліс болмауы керек: Премьер энергетика жобаларын кейінге қалдыру тәжірибесін сынға алды

Үзіліс болмауы керек: Премьер энергетика жобаларын кейінге қалдыру тәжірибесін сынға алды

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Премьер-министр Олжас Бектенов электр энергетикасы саласын дамыту мәселелері бойынша жиын өткізді. Оған Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов, Премьер-министрдің орынбасары — Үкімет Аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаев, Премьер-министрдің орынбасары — ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, «Самұрық-Энерго» және «KEGOC» ұлттық энергетика компанияларының басшылары Қайрат Мақсұтов пен Нәби Айтжанов қатысты.

Фото: primeminister.kz

Жиында Энергетика министрлігі, «Самұрық-Энерго», KEGOC және энергия өндіруші ұйымдардың Президенттің «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттер шеңберінде жүргізіп жатқан ағымдағы инфрақұрылымды жаңғырту және жаңа қуаттарды генерациялау жөніндегі жұмыстарының қарқыны қаралды.

Энергетика министрлігі ауқымды инвестициялық жоспарды жүзеге асырудың практикалық кезеңіне көшуде. Бүгінгі таңда жалпы инвестиция көлемі 13 трлн теңгеден асатын және жалпы қуаты 15,3 ГВт болатын 81 жоба бойынша жұмыстар жүргізілуде. Іске қосылып жатқан жобалардың едәуір бөлігі электр қуаты нарығының тетігі арқылы жеке инвестицияларды тікелей тарту есебінен жүзеге асырылып жатыр.

Ерлан Ақкенженов алдағы үш жылда негізінен реттеу қуатының тапшылығын жабуға және Бірыңғай энергетикалық жүйенің икемділігін арттыруға бағытталған маневрлі генерация сегментін іске қосу жоспарланып отырғанын баяндады.

Фото: Үкімет

— Қазіргі жұмыс жүргізіліп жатқан нысандарды іске қосу 2027 жылдың бірінші тоқсанының соңына қарай экономиканың электр энергиясына деген қажеттілігін толығымен жабуға және Қазақстанды энергиядан тапшылық көріп отырған елдер қатарынан шығаруға мүмкіндік береді. 2029 жылға қарай электр энергиясының да, реттеу қуатының да тұрақты профицитіне қол жеткізілмек, бұл еліміздің экспорттық әлеуетін арттыруға жағдай туғызады, — деді энергетика министрі Ерлан Ақкенженов.

Жалпы, 2035 жылға дейін қосымша 26 ГВт-тан астам қуат өндіру көздері іске қосылатын болады.

Фото: Үкімет

Жиында «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов пен «KEGOC» АҚ басқарма төрағасы Нәби Айтжанов баяндама жасады.

Фото: Үкімет

Премьер-министр энергетикалық жобаларды жүзеге асыру кезінде мерзімдерін кейінге ысыру практикасын сынға алды.

— Президент энергетикада тиісті динамика жоқ екенін бірнеше мәрте айтып келеді. Сондықтан, барлықтарыңыз барынша күш жұмылдыруларыңыз керек. Барлық жоспарланған жобалар белгіленген мерзімде жүзеге асырылуы тиіс. Ешқандай үзілістер, ығысулар болмауы керек. Министр, «Самұрық-Энерго» және KEGOC басшылары, сіздер әрбір нысан үшін тікелей жауаптысыздар. Сіздердің жұмыс орындарыңыз — кабинеттерде емес, құрылыс алаңдарында, — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, 2025 жылы 124,6 млрд кВтсағ тұтыну деңгейінде электр энергиясын өндіру 123,1 млрд кВтсағ-қа жетті. Бір жыл ішінде жалпы белгіленген қуат 25,3 ГВт-тан 26,7 ГВт-қа дейін өсті. Генерацияның негізгі көздері бұрынғысынша көмір стансалары болып қала береді (51,4%), алайда газ генерациясының үлесі (25,6%) мен ЖЭК (13,5%) те өсіп келеді.

Соңғы екі жылда нарықты ырықтандыру нәтижесінде күрделі жөндеуге 902 млрд теңге тартылды, бұл технологиялық ереже бұзу санын 27%-ға төмендетуге және 9 ЖЭО-ны «қызыл» аймақтан шығаруға мүмкіндік берді. Бұл ретте компаниялардың иелеріне дивиденд төленген жоқ. Барлық қаражат тек қана станса жабдықтарын реконструкциялауға және жаңартуға кері инвестицияланып жатыр. Бұл активтерді жаңарту жобаларының пулын арттыруға және генерация секторына нақты капиталдың келуін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмалары шеңберінде таза көмір технологиялары негізінде көмір генерациясын дамыту перспективалары қаралды. Бүгінгі таңда мердігерлер анықталып, стратегиялық маңызды нысандарды жүзеге асыру басталды. Олардың қатарында Екібастұз ГРЭС-3 (2 640 МВт), Курчатов қаласындағы жаңа станса (700 МВт), сондай-ақ Көкшетау (240 МВт), Семей (360 МВт) және Өскемен (360 МВт) қалаларындағы жылу электр орталықтары бар.

Фото: Үкімет

Желілік инфрақұрылымды дамытуға қатысты «KEGOC» АҚ-ның Оңтүстік аймақ желісін күшейту бойынша жұмыстар жүргізілуде, яғни ұзындығы 475 шақырым «Шу — Жамбыл — Шымкент» (500 кВ) әуе электр тарату желісі тартылып жатыр. Сондай-ақ ұзындығы 604,3 шақырым болатын «Өлке — Қарабатан» (500 кВ) әуе желісін салуды көздейтін Батыс Қазақстан энергожүйесін ЕЭҚ елдерімен біріктіру жобасы жүзеге асырылуда. Екі жоба да кестеге сәйкес жүргізілуде, 2027 жылы аяқталады деп жоспарланып отыр.

Компания 2035 жылға дейінгі ұзақмерзімді перспективада 6 659 шақырым жаңа 220-500 кВ желісін іске қосуды және 10 591 шақырым желіні реконструкциялауды жоспарлап отыр. Бүгінгі таңда ұлттық электр желісіне 83 қосалқы станса мен жалпы ұзындығы 27,9 мың шақырым болатын 398 әуе желісі кіреді, трансформаторлардың жалпы қуаты — 38 893,6 МВА.

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның жобалар портфелінде 2035 жылға дейін жаңа қуаттарды іске қосу жоспары 7,4 ГВт-ты құрайды. Негізгі жобалардың қатарында 2026 жылдың қазан айында іске қосылатын Алматы ЖЭО-2-ны жаңғырту, сондай-ақ Екібастұз ГРЭС-2 стансасын 2028 жылдың қазан айында 3-ші блогын және 2030 жылдың қазан айында 4-ші блогын іске қоса отырып, кеңейту және реконструкциялау жұмыстары бар.

Бұдан бұрын Премьер-министр Олжас Бектенов Мәжіліс депутаттарының жер қойнауын пайдаланушыларға айыппұлдарды олар табыс табатын валютада есептеуге міндеттеуге қатысты сауалына жауап берді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:158
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қаңтар 2026 16:41
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see144

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

11 Қазан 2026 11:21see143

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

11 Қазан 2026 11:30see139

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see133

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see128

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see126

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

11 Қазан 2026 16:28see125

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

11 Қазан 2026 12:08see118

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see116

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see116

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see115

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see115

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see114

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see114

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see114

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

11 Қазан 2026 18:16see113

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see112

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see112

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see112

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары