Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

Тар ғимарат, кадр тұрақтамау: Павлодарлық музейде шешімін таппаған қандай мәселелер бар

Тар ғимарат, кадр тұрақтамау: Павлодарлық музейде шешімін таппаған қандай мәселелер бар

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Музей қызметкерлерінің архив қопарып, іл ішінде ұдайы ұйымдастыратын экспедицияларының нәтижесінде соңғы жылдары ұлттық тарихымыз бен әдебиетке қатысты 70-тен астам көне қолжазбалар, әйгілі әншілердің дауысы жазылған 30-ға тарта үнтаспа музей қорына алынған. Демеушілердің көмегімен 10-ға жуық қолжазба кітап күйінде жарыққа шыққан. Олардың ішінде Абайдың тұңғыш жыр жинағы, Ахмет Байтұрсынұлының ертеде шыққан «Қырық мысалы» жыр кітабы, Қошке Кемеңгерұлының «Қазақ тарихы» еңбегі, Иса Байзақовтың домбырасы, Қаныш Сәтбаевтің жазу машинасы және тағы да басқа құнды заттар бар.

Фото: Қасиет Мұхтаров

Қазіргі уақытта мекеме қорындағы жәдігерлер саны 60 мыңға жуықтаған. Ендігісін осы мол рухани қорды сақтау, келер ұрпаққа аманаттау міндеті тұр. Алайда музей орналасқан көне ғимарат бұған мүмкіндік бермей отыр. Сонау 19-ғасырдың соңында ағаштан салынған тарихи нысанның іші өте тар, қордағы материалдар сыймай жатқаны бір бөлек, көрмелер мен мәдени іс-шараларды толыққанды өткізуге мүмкіндік жоқ. Оның үстіне музейге келушілер саны соңғы үш жылда екі есеге, яғни 20 мыңнан 40 мың адамға артқан. Сондықтан ағаш үйдің жанынан музей үшін жаңадан заманға сай ғимарат салып берсе, дұрыс болар еді.

Фото: Ербол Қайыровтың жеке мұрағатынан

– Оған қажет жер телімі музей ауласында дайын тұр. Тек жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, құрылысқа қаражат бөлінсе болғаны. Ғимарат салынар болса, ол кемі 2 қабатты етіліп, көрме, мәжіліс, конференция залдары, қор бөлімі және қызметкерлер отыратын әкімшілік бөлім қарастырылуы керек. Себебі қазіргі уақытта музей қызметкерлері орын жетіспеушілігінен көпқабатты тұрғын үйдің бірінші қабатын паналап отыр. Жаңа ғимарат музейдің әлеуетін кеңейтіп, ондағы барлық жәдігерлерді бір сәтте келуші назарына ұсынуға, цифрлық технологиялар көмегімен «виртуалды музей» орындарын (оның жобасы да дайын тұр) құруға мүмкіндік беретін еді. Есесіне бір жарым ғасырға жуық уақыт бұрын салынған тарихи ғимаратқа түсетін жүктеме азайып, оны келер ұрпақ үшін қаз қалпында сақтау қалудың мүмкіндігі зор болмақшы, - дейді музей басшысы Ербол Қайыров.

Фото: Қасиет Мұхтаров

Жергілікті зиялы қауымның айтуынша, Бұқар жырау атындағы мәдениет және өнер музейінің қызметкерлері өз миссияларын орнықты атқарып, келушілерге тарих қойнауына саяхат жасауға толыққанды мүмкіндік беріп отыр. Мекеме ұжымы 2024-2025 жылдары Астана қаласына барып, бірнеше көшпелі көрме өткізген. Республикалық «Рухани қазына» байқауында екі мәрте топ жарған. 2023 жылы Ресейдің Мәскеу қаласына барып, Ертіс-Баян өңірінен шыққан Алаш ардақтыларының көрмесін ұйымдастырған. 

– Мемлекет басшысының «Цифрлық елге айналу» туралы мақсат-міндеті бізде қазірдің өзінде орындала бастағанын айтқымыз келеді. Тарихи тұлғалардың 3D бейнесін, жас ұрпаққа ұлттық тәрбиені сіңіретін шағын мультфильмдер жасау қолға алынып, оның алды келушілерге ұсынылуда. Дейтұрғанмен цифрлық мүмкіндіктердің барлығы орасан зор қаржыны қажет етеді. Соған орай музей ұжымының цифрландыруға қатысты кеңауқымды жоспарын әзірше іске асыру мүмкін емес, - дейді музей басшысы Ербол Қайыров.

Фото: Қасиет Мұхтаровтың жеке мұрағатынан

Музей қызметкерлерінің еңбекақы мөлшері аз. Мәселен, музей қараушысының айлығы 90 мың теңге болса, қатардағы жас мамандар небәрі 130 мың теңге алады. 

– Оқуды жаңа бітіріп келдім. Мұнда мобилограф әрі музейдің инстаграм-парақшасына түрлі роликтерді әзірлеуші маман болып жұмыс істеймін. Жұмысым өзіме ұнайды. Алайда алатын жалақым көңілімнен шықпайды, 120 мың теңгеден сәл асады. Мұндай аз ғана жалақыға қымбатшылық заманда жан бағу оңай емес, - деп қынжылады жас маман Қасиет Мұхтаров.

Фото: Қасиет Мұхтаров

Музейде ұзақ жыл еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі мамандардың да еңбекақысы мардымсыз, 200 мың теңгеден аспайды. Қор бөлімінде шаң-тозаңға көміліп, көне құжаттармен жұмыс істейтін маманға «жұмыс орнының зияндылығы үшін» ай сайынғы жалақысына небәрі 5 мың теңге үстеме қосылады екен. 

– Мекемедегі жалғыз «Газель» көлігі де ескірген. Өзге аудан-қалалардағы мәдени іс-шараларға сапарлағанда қажетті жабдықтарды сыйдыра алмай сарсаңға түсіп жүргеніміз. Сондықтан сыйымдылығы жоғары бір шағын автобус пен қызметкерлерді қала ішіндегі іс-шараларға күнделікті таситын жеңіл көлік қажет. Музей қызметкерлері күн сайын балабақшалар мен мектептерге, өзге де еңбек ұжымдарына барып, мәдени-рухани іс-шаралар, көрмелер ұйымдастырады. Тасымал мәселесі де сапалы түрде шешімдерді қажет етеді, - дейді музей қызметкері Дәулет Құрманов.

Фото: Қасиет Мұхтаров

Тағы бір мәселе – техникалық персонал, яғни көлік жүргізуші, аула сыпырушы, күзетші, электрик сияқты қызметкерлерге еңбек демалысына шыққанда материалдық көмек төленбейді. Себебі бұл заңда қарастырылмаған. «Осы мәселені де тиісті заңнамалық құжаттарға енгізсе» деп өтінеді ұжым өкілдері. 

Фото: El.kz

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Алтынбек Нұхұлы аталған мәселелерден хабардар екенін жеткізді. Ол Бұқар жырау музейі – Ертіс-Баян өңіріндегі іргелі мәдениет ұйымы деп бағалайды.

– Кейінгі жылдары еліміз бойынша озық істерімен танылып келе жатыр. Музей жәдігерлері аймақ деңгейінде ғана емес, республикада, тіпті шет мемлекеттерде тұрақты таныстырылып, мәдени мұрамыздың маңызы жарқырай түсті. Мұның барлығы ұжым қызметкерлерінің үнемі ізденісте жүріп, өз саласына адалдық танытуының нәтижесі деп ұғынған абзал болар. Халқымызда «Өткендерін ескерген, өскендіктің белгісі» деген жақсы сөз бар. Байқап отырмыз, музей қызметкерлерінің дені жастар. Жастардың өздерін еркін ұстап, ойларын нық жеткізетіні біз сияқты аға буынды қуантады. Мұндай жас кадрларды жоғалтып алмауымыз керек. Ал музейге ғимарат шын мәнінде қажет. Қызметкерлердің жалақысын барынша көтеру де өзекті. Бұл мәселелерді алдағы уақытта Парламентте көтеретін боламын, - дейді сенатор.

Фото: Қасиет Мұхтаров

Жалпы ғылым, білімсіз, мәдениетсіз мемлекеттің алға басуы неғайбыл. Кезінде Қаныш Сәтбаев құрып кеткен Қазақ ғылым академиясы тәуелсіздік жылдары құлдырап, ғылыммен айналысып келген 55 мың адамның 40 мыңы ғылым саласынан мүлде кетіп қалды. 

Қазір Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім мен ғылым саласына басымдық беріп, бұл салаларға триллиондаған теңге қаражат бөлгізіп жатыр. Оның нәтижелері қазірден-ақ байқалып отыр.  

Фото: Қасиет Мұхтаров Фото: Қасиет Мұхтаров Фото: Қасиет Мұхтаров

Ендігі ретте мәдениет саласын, соның ішінде музей ісін де қолға алатын уақыт жеткен болар.

Еске сала кетейік, бұған дейін Павлодарда әйгілі фотосуретшінің музей-үйінің қазіргі жағдайы туралы жаздық. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:181
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Қаңтар 2026 17:27
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see118

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see115

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see115

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see113

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see112

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see111

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see111

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see111

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see111

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see110

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see110

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see109

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see108

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see107

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see107

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see106

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see106

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see106

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see106

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

05 Қараша 2026 15:27see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары