Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Табыс артса, тұрмыс түзеле ме?

Табыс артса, тұрмыс түзеле ме?

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Коллажды жасаған – Зәуреш Смағұл, «ЕQ»

Инфляция – құр статистика емес. Ол әр отбасының дастарқанынан, ай соңындағы бюджет есебінен, болашаққа құрған жоспарынан көрінеді. Баға өскен сайын ақшаның сатып алу қабілеті әлсірейді. Кеше жеткілікті көрінген табыс бүгін сол қажеттілікті өтеуге әрең жетуі мүмкін. Қаржыгер Тұрар Әбди көпшілік инфляцияның шынайы әсерін толық бағалай бермейтінін айтады. Оның пікірінше, ең үлкен қателіктің бірі – ақшаны қозғалыссыз сақтау. Көп адам инфляцияны тек бағаның өсуі деп қабылдайды. Шын мәнінде ол – әлдеқайда күрделі құбылыс.

«Егер жинағыңыз жай ғана есепшотта жатса, оның нақты құны жыл ­са­йын азая береді. Яғни  бүгін 1 миллион теңгеге сатып алуға болатын дүниені бірнеше жылдан соң сол қаржыға ала алмауыңыз мүмкін. Сол себепті жинақты сақтаудың өзі жеткіліксіз, оны инфляциядан қорғай білу қажет. Тарихқа қарасақ, инфляция күшейген кезеңдерде кейбір активтер құнын сақтап қана қоймай, табыс әкелген. Мәселен, ірі компаниялардың акциялары, алтын мен күміс секілді бағалы металдар, табыстылығы жоғары депозиттер мен облигациялар, жылжымай­тын мүлік, сондай-ақ мұнай, газ, уран, мыс өндіретін компаниялардың баға­лы қағаздары. Мұндай құралдар капи­тал­дың құнсыздануын тежей алады. Ең бас­тысы – барлық қаражатты бір жерге жи­намау. Қаржылық сауат­тың не­гізгі қағи­да­ларының бірі – әрта­рап­тан­дыру. Сонда ғана инфляция жинақ­қа ауыр соққы жасай алмайды», дейді қаржыгер.

Сарапшы көтерген мәселе тек бізге ғана тән емес. Әлемнің көптеген елінде инфляция – азаматтардың әл-ауқатына әсер ететін басты факторлардың бірі. Оның ерекшелігі – зардабы бірден байқала бермейді. Банктегі қаражат өзгермегендей көрінеді. Бірақ сол ақшаға сатып алуға болатын тауар мен қызмет көлемі жыл өткен сайын азая береді. Кейінгі жылдары отандастарымыздың қаржы құралдарына қызығушылығы артты. Бұрын халықтың басым бөлігі депозитпен шектелсе, бүгінде бағалы қағаздар нарығына, инвестициялық қорларға, алтынға назар аударатындар кө­бейген. Бұл қаржылық мәдениеттің біртін­деп қалыптасып келе жатқанын аңғартады.

Дегенмен, инфляцияның ықпалы инвес­тиция тақырыбынан әлдеқайда кең. Оның шынайы салдары күнделікті тұрмыстан анық байқалады. Ұлттық экономикалық зерттеулер бюросының сарапшысы Тоқтасын Бақберген осы мәселеге ерекше назар аударады.

Коллажды жасаған – Гүлмәрия ӘШІМХАНҚЫЗЫ, «EQ»

«Айталық, бірнеше жыл бұрын азамат айына 200 мың теңге табыс тапты делік. Сол кезде күнделікті қажеттілікке 150 мың теңге жұмсап, қалған қаражатты жинақтауға немесе өз дамуына бағыттай алатын. Уақыт өте жалақысы 350 мың теңгеге жетті. Сырттай қарағанда табысы едәуір өскендей көрінеді. Бірақ бұрынғы шығындардың өзі бүгінде 300 мың теңгеден асып кетуі мүмкін. Нәтижесінде, еркін жұмсайтын қаражат көлемі қысқарады. Мұнда негізгі мәселе – жалақы мөлшері емес, сатып алу қабілеті. Экономикада мұны нақты табыс деп атайды. Егер табыс өссе, бірақ баға одан да жылдам көтерілсе, адам шын мәнінде байыған жоқ. Оның қолындағы теңге саны ғана көбейді. Инфляцияның қауіпті тұсы да осында. Ол тек әмиянға әсер етпейді. Адамның болашаққа құрған жоспарын өзгертеді. Біреу баспана алуды кейінге шегереді. Біреу қосымша білімнен бас тартады. Біреу демалысын қысқартады. Кей жағдайда отбасы құру немесе бала тәрбиесіне қатысты шешімдердің өзі кейінге қалады», дейді сарапшы.

Сол себепті базалық мөлшерлеме, теңге бағамы, мемлекеттік шығындар, халықтың несиелік жүктемесі секілді макро­экономикалық көрсеткіштер қарапайым азаматтан алыс дүниелер емес. Олар әр шаңырақтың тұрмысына тікелей ықпал етеді. Инфляция халықтан ақшаны ғана емес, ертеңге деген сенімді де тартып алады. Шынында, инфляция­ның ең ауыр зардабы кейде ақшамен өлшенбейді. Адам табысының басым бөлігін азық-түлікке, коммуналдық төлемге, дәрі-дәрмекке жұмсаған соң өзіне мүмкіндік сыйлайтын шығындарды қысқарта бастайды. Әуелі демалыстан бас тартады. Кейін тұрмыстық техника алуды кейінге қалдырады. Одан соң білім мен денсаулыққа бөлінетін қаржы азаяды. Экономистер мұны «тұтынушы­лық мүмкіндіктің тарылуы» деп атайды. Азаматтың таңдау еркіндігі қысқарады. Сол себепті халық инфляцияны ресми есептегі пайызбен емес, күнделікті өмірдегі өзгеріс арқылы сезінеді.

Осындай жағдайда тұрғындарды тағы бір сауал мазалайды: жинақты қай валю­тада сақтау тиімді? Әсіресе теңге баға­мы құбылған тұста бұл мәселе жиі көтеріледі. Экономист Руслан Сұлтанов әмбебап шешім іздеудің қажеті жоқ деп есептейді.

«Көпшілік доллар сатып алса, қаржы­сын толық қорғаймын деп ойлайды. Алай­да өмір бұдан күрделірек. Егер отбасы­ның негізгі шығыны теңгемен жасалса, барлық жинақты шетел валютасында сақтау әрдайым тиімді бола бермейді. Қазір банктердегі теңгелік депозиттердің сыйақысы жоғары. Сондықтан жақын уақытта қажет болуы мүмкін қаражатты теңгеде ұстаудың қисыны бар. Ал долларды тез пайда табатын құрал емес, ұзақмерзімді сақтандыру тетігі ретінде қарастырған жөн. Шетелде оқу, саяхатқа шығу немесе валютада ірі сатып алу жоспары болса, жинақтың белгілі бір бөлігін долларда сақтау орынды. Тағы бір маңызды мәселе бар. Қаржы нарығында эмоцияға ерген адам жиі ұты­лады. Бір күні жаппай доллар сатып алуға асығады, келесі күні бар қаражатын жұмсап жіберуге тырысады. Мұндай әрекет отбасы бюджетіне көбірек зиян келтіреді. Тиімді стратегия көбіне қарапайым болады: қаражаттың бір бөлігі теңгеде, бір бөлігі валютада сақталады. Ең бастысы – сезімге емес, есепке сүйену», дейді экономист.

Бұл пікір қаржы әлеміндегі маңызды шындықтың бірін айқындап береді. Инфляциямен күрес инвестиция жасаумен немесе валюта айырбастаумен ғана шектелмейді. Мұнда тәртіп, ұзақмерзімді ойлау, тәуекелді бағалай білу секілді дағдылар шешуші мәнге ие. Экономикалық әдебиетте «инфляциялық шиыршық» деген ұғым бар. Баға өседі, халық жоғары жалақы талап етеді, кәсіпорын шығынын өнім құнына қосады, кейін баға тағы қымбаттайды. Осылайша, инфляция өзін өзі күшейтетін үдеріске айналады.

Инфляцияның салдары туралы әлем­дік зерттеулер де осыны көрсетеді. Мәселен, америкалық экономист, Нобель сыйлығының лауреаты Milton Friedman инфляцияны «баршаға бірдей салынатын көрінбейтін салық» деп атаған. Оның пайымынша, бағаның тұрақты өсуі ең алдымен табысы төмен және жинағы аз азаматтарға соққы береді. Ал «International Monetary Fund пен World Bank» сарапшылары жүргізген зерттеулер жоғары инфляция кезеңінде халықтың тұтыну мүмкіндігі тарылып қана қой­май, ұзақмерзімді қаржылық жоспарлау қабілеті әлсірейтінін көрсетеді. Адам­дар жинақ құрудан гөрі күнделікті қажетті­лікті жабуға көбірек көңіл бөле бастайды.

Экономика ғылымында «ақша иллю­зия­сы» деген ұғым бар. Бұл тұжырым­дамаға сәйкес, адамдар көбіне жалақының нақты емес, атаулы өсіміне назар аударады. Яғни айлығы 250 мың теңгеден 350 мың теңгеге көтерілгеніне қуанады. Алайда сол аралықта баға одан да жылдам өссе, оның нақты сатып алу қабілеті өзгермеуі, тіпті төмендеуі ықтимал. Гарвард, Чикаго және Лондон экономика мектебінің ғалымдары жүргізген зерттеулер де азаматтардың көпшілігі инфляцияның ұзақмерзімді ықпалын бағалауда қателесетінін көрсеткен.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:181
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Маусым 2026 11:10
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары