Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Таза қала : Сәтпаевта қандай түйткілді мәселелер анықталды

Таза қала : Сәтпаевта қандай түйткілді мәселелер анықталды

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Киноға билет — ерекше мотивация

Тазалық мәдениетіне келер болсақ, қалада тұрақты түрде сенбіліктер өтетініне көз жеткіздік.

Фото: Видеодан скрин

Сәтпаевта бұл шараларға ең белсенді қатысатындардың бірі — балалар. Мысалы, Ясмин мен Медина бірлесіп қоқыс жинап жүр. Әрқайсысы бір қап қоқыс толтырса, киноға тегін билет алады. Бұл акция үлкенді де, кішіні де ынталандырып, бос уақытын пайдалы іспен өткізуге мүмкіндік береді.

Фото: Видеодан скрин

Сәтпаевта велошерулер де тазалық пен экология тақырыбымен тығыз байланысты ұйымдастырылады. Мұнда тұрақты түрде экологиялық іс-шаралар өтіп, тұрғындардың табиғатқа деген қамқорлығын арттыруға бағытталған жұмыстар жүйелі жүргізіледі. Мысалы, әр маусымда қала аумағына ағаш отырғызылады, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары белсенді жүреді.

– Шараны әкімдік ұйымдастырады. Бұл — жастарды еңбекке дәріптеу, тазалық мәдениетін дамытуға бағытталған бастама, – дейді Жастар ресурстық орталығы директорының орынбасары Жұлдызай Сыздықбаева.

Ағаштар цифрландырылған

Ең қызығы, Сәтпаевта ағаштар цифрландырылған. Бұл — тарихта тұңғыш рет қолға алынған жоба. Мамандар қалада барлығы 51 200 жасыл желекті арнайы белгілеп, цифрлық жүйеге енгізген. Бүгінде тағы жүздеген жаңа ағаш отырғызуға дайындық жүріп жатыр.

Сонымен қатар «Таза қала» алаңын көркейтуге кеншілер де белсене қатысып, ағаш отырғызу шарасына атсалысты. Мамандар шаһар тазалығына, абаттандыру мен көркейту жұмыстарына тұрақты түрде үлес қосып отырады екен.

Фото: Видеодан скрин

Әсіресе, «Таза бейсенбі» деп аталатын экологиялық акцияларда олардың белсенділігі айрықша байқалады. Бұл іс-шараларды ұйымдастыруда Тұрсынбек Шамбылұлы ерекше көзге түседі. Отыз бес жылдық тәжірибесі бар маманның айтуынша, кеншілер Сәтпаевты көркейтуде аянып қалған емес.

— Қоршаған ортаны, туған өлкені көркейту — баршамызға ортақ міндет, — дейді ол.

Фото: Видеодан скрин

Кәсіпкерлер ерекше челлендж бастады

Жинақталған мәселелерді шешу бағытында шаһар тұрғындары белсенділік танытып келеді. Мысалы, бірқатар кәсіпкер балаларға арналған ойын алаңын салған. Әлеуметтік жауапкершілікті терең сезінген кәсіпкерлер осылайша қалада жаңа челлендж бастаған, алдағы уақытта ол жалғасады деген сенім зор.

Фото: Видеодан скрин

— Қалалық мәслихатқа депутат болып түскен кездеқарамағымда осы округ болды. Балабақша аумағында ойын алаңының жоқ екенін байқадым. Сол кезде балалар көбінесе орындықта отырып, ата-аналарын күтіп отыратын. Жағдайды өзгерту мақсатында ойын алаңын салдық, — дейді кәсіпкер Толқын Қайсарова.

Әсемдікке ұмтылған тұрғындар

Қалада жан жағы жайқалған, ерекше мүсіндермен көмкерілген аулалар көптеп кездеседі. Солардың бірі — 1988 жылы пайдалануға берілген үйдің ауласы.

Фото: Видеодан скрин

— Төрт жыл бұрын көршілер бірігіп, аулаға көрік беруді қолға алдық. Жұбайым гүл егумен айналысады, ал мен абаттандыру жұмыстарын жасаймын. Ағаштарды ойып, әртүрлі ерекше композициялар құрамын, — дейді қала тұрғыны Манат Тәкешұлы.

Фото: Видеодан скрин

Ауладағы жануарлар мен құстардың мүсіндері ерекше әсер қалдырады. Олар ағаштан ойып жасалған.

Фото: Видеодан скрин

Бұл тек бір үйдің ғана жетістігі емес. Жақын маңда қажет қаражатты жинап, аула мен тұрғын үй кіреберісін толық жөндеуден өткізген тұрғындар бар. Сондықтан да бұл аула қалада үздік атанып жүр.

Фото: Видеодан скрин

— Біз тұрғын үйдің техникалық жағдайына алаңдадық. Сол себепті тұрғын үй кеңесін құрып, ақауларды тізіп, ретке келтіру үшін бірлесе жұмылдық. Қаржыны жүйелеп, барлығын жөндеп, әдемілеп қойдық, — дейді мүлік иелері бірлестігінің төрағасы Ирина Авальян.

Қордаланған «қоқыс жәшіктері» мәселесі

Қаладағы экологиялық бастамаларға қарамастан, шешімін күткен өткір мәселелер бар. Солардың ең өзектісі — қоқыс жәшіктерінің жағдайы. Бұл санитарлық талаптарға қайшы келіп қана қоймай, тұрғындардың тұрмыс сапасын төмендетіп отыр.

Фото: Видеодан скрин

— Бұл мәселе көтерілгелі бірнеше жылдың жүзі болды. Қала тұрғындары әбден шаршаған. Әкімдікке күн сайын шағым айтып отырмыз, бірақ нәтиже жоқ. Жәшіктер толып, айналасына қоқыс шашылып жатады, — дейді наразы тұрғындардың бірі.

Әкімдік апатты деп танымаған тұрғын үйлер

Сәтпаев қаласында тозығы жетіп, құлаудың сәл-ақ алдында тұрған тұрғын үйлер де аз емес.

Фото: Видеодан скрин

Кейбірінің сиқы мүлде кетіп, апатты жағдайда тұрғандай көрінгенімен, ресми түрде мұндай мәртебе берілмеген. Ең сорақысы, бұл үйлердегі басты мәселе тек сыртқы көрініс емес.

— Бұрын осы үйде екі пәтер өртенді, екі отбасы көшіп кетті. Қыста жылу дұрыс берілмейді. Қабырғамыз түсіп жатыр, сылағы жоқ. Жертөлеге кіру мүмкін емес. Ал жөндеу жұмыстарын бастау үшін тұрғын саны жеткіліксіз, — дейді үй тұрғындарының бірі.

Фото: Видеодан скрин

Бір қызығы, дәл іргесінде орналасқан үйдің жағдайы әлдеқайда жақсы. Себебі онда тұрғындар саны көп.

Байқағанымыздай, Наурыз көшесінде орналасқан ескі үйдің де қабырғасы қаусап тұр. Қабырғаларда жарықтар бар, жертөлесін жағымсыз иіс жайлаған. Бірақ әкімдік бұл үйді апатты деп танымаған. 

Фото: Видеодан скрин

— Бұл үй не толықтай жөндеуді, не толығымен сүріп тастауды қажет етеді. Біз әкімдікке бірнеше рет бардық, бірақ мәселе сол күйі қозғалған жоқ, — дейді тұрғын.

Бұл үйдің бір бөлігіндегі тұрғындар бұдан жиырма жыл бұрын көшіп кеткен. Қазір бос қалған пәтерлер мен шіріген қабырғалар үйдің жалпы жағдайын одан әрі ушықтырып отыр. Кез келген сәтте құлап кетуі мүмкін деген үрей тұрғындардың жанын жегідей жейді.

Фото: Видеодан скрин

Тағы бір үй бар. Сырты қираңқы, ішкі жағдайы тіпті мүшкіл. Есіктері дұрыс ашылып-жабылмайды, терезелерінен жел өтеді. Бұл жағдай тұрғындардың мазасын қашырған.

Фото: Видеодан скрин

Бұл — жалғыз мәселе емес. Тұрғындардың айтуынша, үйдің өзі қиғаш тұр.

— Іргетасы жылжып, бір жағына қарай қисайған. Бұл — жай ғана ыңғайсыздық емес, нақты қауіптің белгісі, — дейді тұрғындар.

Жолдың жайы қандай?

Қаланың ішкі көшелеріндегі жолдардың жағдайы сын көтермейді. Шұрық-тесік жолдар, жиі кездесетін шұңқырлар жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер үшін күнделікті қиындыққа айналған.

— Қаланың дәл орталығында екі үлкен мейрамхана бар. Мұнда еліміздің түкпір-түкпірінен қонақтар келеді. Ал олар ең алдымен жолға қарап, қаланың жай-күйін топшылайды. Бірақ өкінішке қарай, көрініс көңіл көншітпейді. Әкімдік бұл мәселеге қатысты жақ ашпайды. Жөндеу қашан басталатыны белгісіз, — дейді қала тұрғыны.

Фото: Видеодан скрин

Әкімдік барлығынан хабардар

Сәтпаев қаласының әкімі Мұрат Бөрібаев тұрғындарды толғандырған түйткілдердің барлығынан хабардар екенін мәлімдеді. Әсіресе, көп жылдан бері қордаланған екіқабатты ескі үйлер мәселесіне нақты тоқталды.

— Бұл үйлерге мемлекет тарапынан нақты көмек қарастырылмаған. Сондықтан олар толығымен сүріледі. Тұрғындарға қолдау көрсетіледі. Биыл шілде айына дейін инвестор табылмай келді, жақында табылды. Қазір Сәтпаева 80А және Гурбы көшесіндегі екі жер телімі аукцион арқылы сатып алынды. Келесі жылы осы орындарға 5 немесе 7 қабатты жаңа тұрғын үйлер салынады, — деді қала әкімі.

Әкімнің айтуынша, былтыр екі апатты үйдің тұрғындарына өтемақы беріліп, жаңа баспана алуға көмек көрсетілген. Ал биыл қаржы тапшылығы кедергі болғанымен, жағдай рет-ретімен шешіледі.

Қала басшысы жол сапасына қатысты шағымдарға да жауап берді. Оның айтуынша, жол жөндеу жұмыстары газ тарту процесінен кейін, яғни 2027 жылы басталады.

— Келесі жылы қалаға газ келеді. Бұл — үлкен әрі күрделі инженерлік жұмыс. Одан кейін барып, толыққанды жол жөндеуге кірісеміз. Бәрі кезең-кезеңімен жүзеге асады, — деді Мұрат Бөрібаев.

Сарапшылардың бағасы қандай?

«Таза қала» бағдарламасының дәстүріне сай, түсірілім тобы ұсынған материалдар негізінде әділқазылар сол өңірдің экологиялық ахуалына, тазалық деңгейіне және тұрғындар мәдениетіне кәсіби баға береді. Бұл жолы Сәтпаев қаласындағы жағдай сарапшылар тарапынан бірқатар сынға ұшырады.

Фото: Видеодан скрин

— Қалдықтарды шығарумен айналысатын компаниялардың жұмысы мардымсыз. Тұрғындар шағымының жиілеуі бекер емес. Әкімдік тарапынан конкурс өткізу кезінде талаптардың толық сақталмағаны байқалады, — деді Тәжірибешіл экологтар қауымдастығының төрағасы Лаура Маликова.

— Ұлытау — еліміздегі бюджеті ең аз облыс. Бұл мәселені әкімнің өзі де мойындады. Бірақ қаражат тапшылығына қарамастан, бастамаларды жүйелі түрде жүргізуге болар еді, — деді Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев.

Фото: Видеодан скрин

— Тазалық деңгейі көңіл көншітпейді. Жасыл желек отырғызылғанымен, оның сапасы төмен. Жердің құнарлылығын алдын ала зерттеу қажет. Сонымен қатар қала эстетикасына да назар аудару керек, — деді қала құрылысын жоспарлау бөлімінің бас маманы Гүлдана Әбіш.

Фото: Видеодан скрин

Осылайша, сараптамалық бағалау нәтижелері бойынша Сәтпаев қаласы 20 ұпай еншіледі.

Моноқалалар арасындағы рейтинг төмендегідей:

Ақсу — 27 балл; Екібастұз — 26 балл; Абай — 24 балл; Алтай — 24 балл; Кентау — 23 балл; Теміртау және Хромтау — 22 баллдан; Балқаш — 21 балл; Сәтпаев — 20 балл; Рудный — 20 балл; Лисаковск — 19 балл; Риддер — 19 балл; Ақсай және Шахтинск — 18 баллдан

Рейтингінің ең төменгі сатысында тұрған қалалар:

Степногорск пен Жітіқара — 16 баллдан; Құлсары — 14 балл; Жаңаөзен — 10 балл; Курчатов — 8 балл;

Айта кетейік, бұған дейін Jibek Joly» телеарнасының «Таза қала» бағдарламасы Риддер қаласын аралаған болатын.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:226
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қазан 2025 20:00
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see161

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see145

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see140

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see134

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see131

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see130

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see129

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see128

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see128

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see126

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see126

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see126

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see125

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see124

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see121

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see120

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see115

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see115

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see111

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары