Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Боранды мен Орал вокзалдары жаңартылды

Respublica партиясы әйел еңбегі бағаланған өндіріс орнына барды

Арқа спортының адымы

Ақмола облысында 20 жастағы жігіт суға секіремін деп көз жұмды

Перзентхананың аумағында той тойлауға рұқсат бермесе екен... : Жазира Байырбекова өтінішін жеткізді

Алматыда заманауи онкологиялық орталық салу жоспарланып отыр

Басылымда бас қосқан жастар

150 ден астам компания қатысуда: Батыс Қазақстанда AGROFEST 2026 өтіп жатыр

Астана әуежайы арқылы Гонконг әуе компаниясының тұрақты жүк рейстері іске қосылды

Семей тұрғыны бұрынғы стадион аумағынан адам сүйектерін тауып алды

Мәскеудегі мейрамханадағы жарылыс теракт деп танылды

Бывший аким отдал 4 миллиона мошеннице за нужный ему приговор

Теңіздің тылсым бояуы

Жағажай футболы: Қазақстан құрамасы Еуролигада Бельгияны жеңді

Қапшағайдағы Формула 1 дүбірі

ФИФА әлем чемпионатының құқығын сатудан бас тартты

Олимпиада 2028: World Boxing іріктеу турнирлерін өткізетін мемлекеттерді жариялады

Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту: аптап ыстық, найзағай және өрт қаупі күшейді

Үкіметте Ұлытау облысын дамыту жөніндегі инвестициялық жобалар қаралды

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болатыны белгілі болды

Таза қала : Қойнауы кенге толы Қаражалда қандай өзгеріс бар

Таза қала : Қойнауы кенге толы Қаражалда қандай өзгеріс бар

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Соңғы жылдары қалада оң өзгерістер анық сезіледі. Тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуі үшін мәдени және спорттық нысандар бой көтеріп жатыр. Жаңартылған футбол алаңы ел игілігіне берілсе, енді көптен күткен хоккей модулі салыну үстінде. Бұл бастамалар қаланың келбетін айтарлықтай жаңартты. Әсіресе, жол мәселесі толықтай жүйеленген деуге негіз бар. Ұзындығы 73 шақырымды құрайтын жолдың 90 пайызы асфальтталған. Тек соңғы бес жылдың ішінде 44 шақырым жол жөндеуден өтіпті. Түзу, тегіс көшелермен жүйткіген түсірілім тобы шаһардың шынайы серпінін байқады.

Фото: Видеодан скрин

Шыршаға сүйіспеншілік: он жылдық күтім

Қала тұрғындары көгалдандыруға ерекше көңіл бөледі. Мысалы, Станционный шағын ауданында тұратын Совет Камалұлы он жылдан бері өз ауласында шырша ағашын баптап жүр. Ол ағашты отырғызып, жазда суарып, көктемде астын қопсытып, күзде жапырақтарын жинайды. Мұндай жауапкершілік пен махаббат қала тазалығын сақтауға, жасыл желекті арттыруға үлес қосады.

Фото: Видеодан скрин

— Өсімдік атаулыға тұрақты күтім керек. Еккен ағаштарыма он жыл бойы қамқорлық көрсетіп келемін. Бұл –табиғатпен үйлесімді өмір сүрудің жолы, — дейді Совет Камалұлы.

Фото: Видеодан скрин

Бассейн маңындағы белсенділік: жаттығу, демалыс, серуен

Қаражал қаласында жаңа тұрғын үйлермен қатар, әлеуметтік нысандар да бой көтеріп, ел игілігіне берілуде. Солардың бірі — орталықта орналасқан жабық жүзу бассейні.

Фото: видеодан скрин

Нысанның айналасы толықтай абаттандырылып, демалысқа қолайлы аумаққа айналған. Жаңа маусымда мұнда жасыл желек те отырғызылыпты. Бұл — ең алдымен, күнделікті күтім жасап жүрген қызметкерлердің адал еңбегінің нәтижесі.

Фото: Видеодан скрин

— Бұл — жасалған жағдайдың көрінісі. Біз жанға жайлы, тұрғындардың денсаулығына көңіл бөлуге мүмкіндік беретін орта қалыптастырамыз, — дейді бассейн директоры Артем Ким.

Бүгінде спорт кешенінің маңы шағын саябаққа айналған. Мұнда балаларға арналған ойын алаңдары, гүлзарлар, жаттығу құрылғылары орнатылған. Ашылғанына небәрі бес ай болса да, нысан тұрғындардың сүйікті орнына айналып үлгерді. Таңертеңгілік жаттығуға келушілердің қарасы қалың.

Фото: Видеодан скрин

— Зейнеттеміз. Бос уақытымызды осында өткіземіз. Бұл салауатты өмір салтына жасалған қадам деп білеміз, — дейді жаттығуға келген тұрғын. 

Таза қала, таза ниет

Аз ғана халқы бар Қаражалда сенбілік ерекше серпінмен өтеді. Үлкендер үлгі көрсетіп, жастар жалғап жатқан бұл дәстүр қалыпты дүниеге айналған.

Фото: Видеодан скрин

— «Таза Қазақстан» акциясы аясында қалада 17 рет сенбілік өткіздік. Сонымен қатар апта сайын «Таза бейсенбі» шарасын ұйымдастырамыз. Тұрғындардың белсенділігі қуантады, — дейді Қаражал қаласы әкімінің орынбасары Аманғазы Наукенов. 

Фото: Видеодан скрин

Сенбілікке шыққандардың арасында өндіріс орындарының қызметкерлері көп. Кеншілер, механиктер, техникалық қызметкерлер күрек пен қапты қолға алып, тазалыққа жұмылды.

Фото: Видеодан скрин

— Сенбілікке тұрақты қатысамыз. Бұл — өз қаламызға, өзімізге деген құрмет, — дейді кенші Асхат Ғабдулла. 

Фото: Видеодан скрин

«Екі дәуір» игілікте бас қосады

Қалада еріктілер қозғалысының жұмысы қарқынды дамып келеді. Олар жалғызбасты, көмекке мұқтаж қарттар мен тұрғындарға үнемі қол ұшын созады. Волонтерлар ауладағы түрлі жұмыстарды өздері атқарады: отын бұтайды, шөп орады, қоқыс жинайды.

Фото: Видеодан скрин

Бұл бұрынғы «Тимур қозғалысы» іспеттес.

— Шақырған жерден ешқашан қалмаймыз. Біздің мақсатымыз — көмектесу, үлкендердің ақ батасын алу, — дейді ерікті Темірлан.

Фото: Видеодан скрин

Қарттар да қолдан келгенше қолдау көрсетіп, өз өмірлік тәжірибесін бөліседі. Көпті көрген үлкендер жастарға ақыл айтып, дұрыс бағыт-бағдар береді. Осындай өзара сыйластықтың арқасында «екі дәуір» игілікте бас қосады.

Фото: Видеодан скрин

— Еріктілердің еңбегі ерекше бағалануы тиіс. Олар үлкендердің қамын ойлап, қоғамға үлкен үлес қосып жатыр. Мұндай игі бастамалар жас ұрпақтың бойында қайырымдылық пен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырады, — дейді қала тұрғыны Мешітбай Омаров.

Мектептен басталған экосана

Қаладағы оқушылардың басым бөлігі табиғатты қорғауға ерекше мән береді. Олар қалдықтарды қайта өңдеп, әсем бұйымдар жасап шығарады.

Фото: Видеодан скрин

— Жастар өте белсенді және жауапкершілігі мол. Олар табиғатқа деген сүйіспеншілікті іс жүзінде көрсетуде, жақында құстарға арнап ұя жасады, — дейді оқытушы Елена Ким.

Фото: Видеодан скрин

Балалар өз қолымен жасаған ұяны ағашқа ілгенде көптің көңілі жібіп сала берді. Бұл — қоршаған ортаға қамқорылықтың көрінісі.

Фото: Видеодан скрин

Көршілері тату аула

Қаражалда ауласы жайқалып тұрған көрікті үйлер аз емес. 12 орамдағы № 33 үйдің тұрғындары гүл егумен шектелмей, тазалық пен тәртіпке ерекше көңіл бөледі. Тұрғындар ауласын таза, көрші арасындағы қарым-қатынасты берік ұстануға тырысады.

Фото: Видеодан скрин

— Бәрі бір-біріне көмектесуге дайын. Тек тазалық емес, бірлік те сезіледі. Мұндай ортада өскен баланың болашағы жарқын болады деп сенемін, — дейді тұрғынҚаламқас Сейтенова.

Жөндеуді қажет ететін тұрғын үйлер бар

Фото: Видеодан скрин

Қаражалда оң өзгерістер байқалса да, әлі де шешімін таппаған мәселелер бар. Орталықта алыстан көзге түсетін, терезесінен жел сығалаған, қараусыз қалған үйлер бар. Қалада жалпы есеп бойынша 56 тұрғын үй тіркелген екен, оның 7-еуі толық бос тұр. Тұрғыны бар үйлердің өзінде де жағдай мәз емес. Мысалы, мына бес қабатты үйлердің бірі тек екі-үш отбасыға ғана пана болып отыр.

Фото: Видеодан скрин

— Қалада көркейтуге бағытталған жұмыстар көп жүргізілуде. Бірақ кейбір үйлердің қараусыз қалуы қала эстетикасына теріс әсер етеді. Мысалы, біз тұрып жатқан үйге жөндеу жүргізіледі деген, бірақ оның қашан басталатынын ешкім білмейді, — дейді қала тұрғыны Серік Қазиев.

Қоқыс контейнерге неге жетпейді?

Кейбір тұрғындар қоқысты арнайы орнатылған контейнерлерге апармай, оны далаға шашып тастауды әдетке айналдырған.

Фото: Видеодан скрин

Тиісті мекемелер тазалықты тұрақты түрде қамтамасыз етіп жатса да, тазалық мәдениеті ақсап тұр.

Қыстың суығы мен жылу мәселесі

Қалада ыстық су жүйесінің болмауы бес қабатты тұрғын үйлердің тұрғындары үшін үлкен қиындық тудырады. Әсіресе, қыс айларында бұл мәселе өзекті. Аталған үйде оннан астам отбасы тұрады, алайда орталықтандырылған жылу жүйесінің жоқтығынан олар от жағып, жылынуға мәжбүр.

Фото: Видеодан скрин

Бұл жағдай қосымша қаржылық және тұрмыстық ауыртпалық әкеледі. Қыстың суығы қатты сезілгенде кейбір отбасы мүшелері жылырақ үй жалдап, уақытша көшуге мәжбүр. Бірі көмір алу үшін қаражат таба алмай қиналса, енді бірі суықтан қорқып, бала-шағасының денсаулығына алаңдайды.

Фото: Видеодан скрин

— Қыста тоңамыз, бірақ амал жоқ. Өзіміз жылытуға мәжбүрміз, — дейді тұрғындардың бірі.

Тоқ жүйесі 90 пайыз тозған

Қалада жарық жиі сөнеді. Бағаналар да қауіпті, қасына жақындасаң құлап қалатын түрі бар.

Фото: Видеодан скрин

Өңірде вандализмнің белгілері де байқалады. Тұрғындардың айтуынша, жастар қоршаусыз терезелері шағып кетеді. Ал бейнекамералардың жоқтығынан кінәліні табу әсте қиын.

Фото: Видеодан скрин

Әкім не дейді?

Әкіммен өткен кездесуде бірнеше маңызды мәселе көтерілді. Алдымен, бос қалған үйлердің тағдыры қозғалды.

Фото: Видеодан скрин

Қала басшысы Айқын Елеусізовтің айтуынша, есік-терезесі жоқ үйлердің ресми иелері әлі тіркелген.

— Олардың келісімін алған соң ғана іске кірісеміз. Сараптама жүргізіліп, үйлер коммуналдық меншікке өтеді. Құжаттық рәсімдер толық реттелу керек. Процесс шамамен екі жылға созылады, — дейді әкім.

Қала басшысы тазалық жұмыстарын жүргізуге қажетті техника санының жеткіліксіз екенін де атап өтті. Ал қалған мәселелер күн тәртібінде екенін, олардың кезең-кезеңімен шешілетінін алға тартты.

Сарапшылардың пікірі

«Таза қала» бағдарламасының дәстүрін сақтай отырып, әділқазылар Қаражалдың жай-күйіне сараптамалық баға берді.

Фото: Видеодан скрин

— Қалдықтарды шығару жұмыстары жүйесіз, контейнерлерге маркировка жасалмаған. Алайда, көркі жағынан Қаражал көз тартады, — деді Тәжірибешіл экологтер қауымдастығының төрағасы Лаура Маликова.

Фото: Видеодан скрин

— Қалада халық саны аз, бюджет те қомақты емес. Десе де, кішігірім қалада серпіліс бар. Қаланы жандандыруға тырысу керек, — деді Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев.

Фото: Видеодан скрин

— Қалада абаттандыру жұмыстарын жандандыру қажет, — деді қала құрылысын жоспарлау бөлімінің бас маманы Гүлдана Әбіш.

Осылайша, сараптамалық бағалау нәтижелері бойынша Қаражал қаласы 18 ұпай еншіледі.

Айта кету керек, «Jibek Joly» телеарнасының «Таза қала» бағдарламасы 20 моноқала мен 3 мегаполисті толық қамтып, олардың тазалығы мен экологиялық жағдайын жан-жақты зерттеді. Алдағы күндері қорытынды бағдарлама жарияланатын болады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:115
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Қазан 2025 20:07
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Боранды мен Орал вокзалдары жаңартылды

01 Тамыз 2026 14:24see156

Respublica партиясы әйел еңбегі бағаланған өндіріс орнына барды

31 Шілде 2026 22:50see119

Арқа спортының адымы

01 Тамыз 2026 08:53see119

Ақмола облысында 20 жастағы жігіт суға секіремін деп көз жұмды

31 Шілде 2026 22:22see118

Перзентхананың аумағында той тойлауға рұқсат бермесе екен... : Жазира Байырбекова өтінішін жеткізді

31 Шілде 2026 22:34see116

Алматыда заманауи онкологиялық орталық салу жоспарланып отыр

01 Тамыз 2026 11:30see116

Басылымда бас қосқан жастар

01 Тамыз 2026 08:53see115

150 ден астам компания қатысуда: Батыс Қазақстанда AGROFEST 2026 өтіп жатыр

31 Шілде 2026 22:33see114

Астана әуежайы арқылы Гонконг әуе компаниясының тұрақты жүк рейстері іске қосылды

01 Тамыз 2026 19:11see113

Семей тұрғыны бұрынғы стадион аумағынан адам сүйектерін тауып алды

01 Тамыз 2026 09:45see113

Мәскеудегі мейрамханадағы жарылыс теракт деп танылды

02 Тамыз 2026 08:51see108

Бывший аким отдал 4 миллиона мошеннице за нужный ему приговор

02 Тамыз 2026 11:42see106

Теңіздің тылсым бояуы

01 Тамыз 2026 03:34see105

Жағажай футболы: Қазақстан құрамасы Еуролигада Бельгияны жеңді

01 Тамыз 2026 14:43see105

Қапшағайдағы Формула 1 дүбірі

01 Тамыз 2026 03:54see104

ФИФА әлем чемпионатының құқығын сатудан бас тартты

01 Тамыз 2026 14:43see104

Олимпиада 2028: World Boxing іріктеу турнирлерін өткізетін мемлекеттерді жариялады

01 Тамыз 2026 01:27see103

Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту: аптап ыстық, найзағай және өрт қаупі күшейді

02 Тамыз 2026 09:50see103

Үкіметте Ұлытау облысын дамыту жөніндегі инвестициялық жобалар қаралды

01 Тамыз 2026 20:27see103

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болатыны белгілі болды

31 Шілде 2026 23:25see102
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары